|
Документ Microsoft Word. Білу жне тсіну Берілген мтіндерді балалар оып алады. арама арсы сратар. Оом бойынша оушылара сратар ою
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Қарама қарсы сұрақтар» . ООМ бойынша оқушыларға сұрақтар қою.
Материяның ажырамас қасиеті (қозғалыс) Жол дегеніміз не? (траектория ұзындығы) Траектория дегеніміз не? (дененің қозғалыс кезінде сызық түрінде қалдырған ізі) Жол қандай шама? (скаляр) Скаляр шамалар дегеніміз қандай шамалар? (тек сан мәнімен ғана өрнектелетін шамалар) Траектория түрлерін ата (түзу, қисық, сынық, шеңбер бойымен) Векторлық шамалар деп қандай шамаларды айтамыз? (сан мәнімен де, бағытымен де өрнектелетін шамалар) Жылдамдық дегеніміз не? (Белгілі бір уақыт ішінде дененің орын ауыстыруын сол уақытқа бөлу) Жылдамдықтың ХБЖ бірлігі (м/с) Жылдамдық қандай шама (векторлық шама) Бір қалыпты қозғалыс (дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүруі) Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз (тең уақыт аралығында ұзындығы әр түрлі жол жүруі) Бірқалыпты емес қозғалысты қандай жылдамдықпен анықтаймаз (орташа жылдамдық) Орын ауыстыру дегеніміз не? (дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді) Орын ауыстыру қандай шама (векторлық) Санақ жүйесі дегеніміз не? (Санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағат) Механикалық қозғалыс дегеніміз не? (дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғанда орнының өзгеруі) Уақыттың еселік бірліктері (с, мин, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр) Қозғалыс бағытын және шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама (жылдамдық) Жолдың берілген бөлігіндегі немесе уақыт аралығындағы қозғалыс жылдамдығы (орташа жылдамдық) Жүрілген жол мен орын ауыстырудың айырмашылығы (жол скаляр, орын ауыстыру векторлық шама)
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
| Қолдану
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.
Түсіндіру.
Топтық, жеке жұмыс жүргізу.
Дәптермен жұмыс.
Аудио материалдарды тыңдау.
Көрнекілік үшін қозғалысты график көмегімен сипаттауға болады.
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалысты график түрінде бейнелеу тәсілін қарастырайық. Бастапқы t0=0 болған мезетте дененің координатасы x0, ал кез келген t уақыт мезетіндегі координатасы х болсын. Сонда орын ауыстыру l =х-x0 болады. Ал бірқалыпты қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру l=v*t екені белгілі. Мұндағы жылдамдық тұрақты шама болғандықтан, бірқалыпты қозғалатын дененің орын ауыстыруы қозғалыс уақыта тура пропорционал. Осы екі өрнекті салыстыра отырып, былай жазуға болады: x – x0= vt Өрнектегі x0-ді теңдіктің оң жағына шығарып, былай өрнектей аламыз: x = x0 + vt Бұл өрнек бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің қозғалыс заңы деп аталады.
| |
|
|