Главная страница
Навигация по странице:

  • 4. Зәр шығару жүйесі неден тұрады

  • 14. Көмей, кеңірдек, өкпе қандай жүйеге жатады

  • 15. Нейрон қандай жүйенің жасушасы

  • 16. Тірек-қимыл жүйесі қандай қызмет атқарады

  • тест. 8сын тест. Биология пні бойынша 8сынып 1блім. р дрыс жауапа 1 пайдан беріледі


    Скачать 14.74 Kb.
    НазваниеБиология пні бойынша 8сынып 1блім. р дрыс жауапа 1 пайдан беріледі
    Дата23.11.2021
    Размер14.74 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла8сын тест.docx
    ТипДокументы
    #279842

    Биология пәні бойынша 8-сынып
    1-бөлім. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

    1. «Оқушылардың денсаулығын сақтау» (1925ж), «Адамның тіршілік

    әрекеттері»(1927ж) еңбектерінің авторы:

    А) И.П. Павлов

    В) Уильям Гарвей

    С) И.И Мечников

    Д) И.И.Мечников

    Е) Х. Досмұхамедов

    2. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процессін ашқан ғалым:

    А) Н.И.Пирогов

    В) И.М.Сеченов

    С) Уильям Гарвей

    Д) Андреас Везалий

    Е) Әбу Әли ибн Сина

    3. Ядрода тұқым қуалау ақпараты

    А) ДНҚ-да

    В) РНҚ-да

    С) ядрошықта

    Д) ядро шырынында

    Е) рибосомада болады


    4. Зәр шығару жүйесі неден тұрады?

    А) бүйректен

    В) тек тамырлардан

    С) тамырлар мен жүректен

    Д) бүйрек, несепағар, қуықтан

    Е) аталық және аналық бездерден

    5. Организмнің құрылысы мен оның жеке мүшелерін және жүйелерін

    зерттейтін ғылым:

    А) адам анатомиясы

    В) адам биологиясы

    С) адам физиологиясы

    Д) адам морфологиясы

    Е) адам биологиясы және морфологиясы

    6. Қанайналым мен асқорыту саласындағы зерттеулері үшін Нобель

    сыйлығын алған алғашқы орыс ғалымы:

    А) И.П. Павлов

    В) И.М.Сеченов

    С) И.И Мечников

    Д) Уильям Гарвей

    Е) Х. Досмұхамедов

    7.Жасушада нәруызды синтездейді:

    А) ядро

    В) рибосома

    С) лизосома

    Д) митохондрия

    Е) Гольджи комплексі

    8. Митохондрияның қызметі:

    А) жасушаның бөлінуіне қатысу

    В) май қышқылдарын синтездеу

    С) жасушадағы нәруызды синтездеу

    Д) жасушаны энергиямен қамтамасыз ету

    Е) жасуша үшін өз маңызын жойған заттарды бұзып, ыдырату

    9. Адам ағзасында ұлпалардың неше типі болады:

    А) 4

    В) 5

    С) 3

    Д) 2

    Е) 6

    10. Бір мембраналы, шар тәрізді құрылымдар, жасуша үшін өз маңызын

    жойған заттарды бұзып, ыдыратады:

    А) ядро

    В) лизосома

    С) рибосома

    Д) митохондрия

    Е) эндоплазмалық тор

    11. Цитоплазмада бос күйінде,жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күінде болатын нәруызды дәнек тәрізді өте ұсақ органоид:

    А) лизосома

    В) рибосома

    С) митохондриялар

    Д) эндоплазмалық тор

    Е) Гольджи комплексі

    12..Адам организмінде нәруыздар, көмірсулар, майлар жай заттарға дейін

    ыдырайды, ал олардан қайтадан адам организміне тән күрделі органикалық

    қосылыстар түзіледі:

    А) тітіркену

    В) зат алмасу

    С) тітіргенгіштік

    Д) пластикалық алмасу

    Е) энергетикалық алмасу

    13. Шеміршек, сүйек, май, қан және лимфа, ұлпалардың қай типіне жатады:

    А) жүйке

    В) дәнекер

    С) эпителий

    Д) бұлшықет

    Е) эпителий және бұлшықет


    14. Көмей, кеңірдек, өкпе қандай жүйеге жатады?

    А) жүйке жүйесіне

    В) бұлшықет жүйесіне

    С) эндокриндік жүйеге

    Д) тыныс алу жүйесіне

    Е) жүрек-қан тамырлары жүйесіне


    15. Нейрон қандай жүйенің жасушасы?

    А) жүйке жүйесінің

    В) жыныс жүйесінің

    С) асқорыту жүйесінің

    Д) эндокриндік жүйенің

    Е) тыныс алу жүйесінің


    16. Тірек-қимыл жүйесі қандай қызмет атқарады?

    А) мүшелер жұмысының үйлесуін жүзеге асырады

    В) биологиялық белсенді заттарды өндіріп, қанға бөліп шығарады

    С) дене қимылын және оның кеңістікте орын ауыстыруын орындайды

    Д) адам денесіндегі мүшелер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді

    Е) барлық жүйелерді біріктіреді,олардың әрекетін реттейді және үйлестіреді

    17. Мүшелер жүйесін құрайтындар:

    А) ағза

    В) нейрон

    С) ұлпалар

    Д) мүшелер

    Е) жасушалар

    18.Биологиялық белсенді химиялық заттар:

    А) лимфалар

    В) гормондар

    С) ферменттер

    Д) пигменттер

    Е) көмірсулар

    19.Ішкі секреция бездеріне жатады:

    А) ұйқы безі

    В) тер бездері

    С) қалқанша без

    Д) жыныс бездері

    Е) сілекей бездері

    20. Қалқанша безден бөлінетін гормон:

    А) тимозин

    В) инсулин

    С) тироксин

    Д) адреналин

    Е) соматотропин


    написать администратору сайта