Главная страница

Қоблашева Ж.ПБСД-13. Науқас пен медбикенің денесінің дұрыс биоме. Биомеханика


Скачать 27.52 Kb.
НазваниеБиомеханика
Дата14.10.2021
Размер27.52 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚоблашева Ж.ПБСД-13. Науқас пен медбикенің денесінің дұрыс биоме.docx
ТипДокументы
#247309

Бақылау сұрақтар

  1. 1. Биомеханика деген не? . Биомеханика (био... және механика) — адам мен жануарлар қозғалысының заңдылықтарын, сондай-ақ, организмге сыртқы ортаның әр түрлі механикалық факторларының (жылдамдық, үдеу, тартылыс күші, т.б.) әсерін зерттейтін биологияның бір саласы.

  2. Биомеханиканың негізгі ережелері. Ереже №1. Тепе – теңдік тұрақты болады, егер тірек аумағын көбейтсек. Өкшелердің арақашықтығы 30 см – ден кем болмауы керек.

Ереже №2. Тепе – теңдік тұрақты болады, егер ауырлықты тірек аумағына  түсірсек. Оны отыру арқылы жүзеге асыруға болады.

Ереже №3. Арқаны тік ұстау мейірбикенің омыртқа жотасын зақымдануынан сақтайды.

Ереже №4. Денемен толық бұрылу омыртқа жотасының таюының алдын алады реже №5. Отырған қалыпта биомеханика ережелерін сақтау: орындық арқалығына жауырындар тиіп тұратындай отыру, бел омыртқа тұсына міндетті түрде матадан жасалған валик бекіту, орындықтың биіктігін тізе буындарының деңгейіне сәйкестеп қою.

Ереже №6. Түрегеп тұрған қалыпта: арқаны тік ұстау, қандай жұмыс болсада кеудені және басты төмен ұстамау. Арқадағы ауырсынуды болдырмас үшін аяқ астына орындық қою.

Ереже №7. Жатқан калыпта: төсек үсті тегіс және жартылай жұмсақ болуы керек. Бел омыртқа тұсына оралған сүлгі қою. Егер бір қырындап жатса, тізе арасына жастықша қою.

Ереже №8. Ауыр көтеру кезіндегі ереже: алға қарай еңкеймеу. Ешқашан ауыр заттарды иықтан жоғары көтермеу. Ауыр заттарды тасымалдау және көтеру кезінде бұрылмау және еңкеймеу керек.
3. Эргономика деген не? Эргономика (гр. ergon – жұмыс + nomos – заң) – еңбек құралдары мен үдерістерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен адамды (адамдар тобын) және оның қазіргі заманғы өндірістің еңбек үдерістеріне қатысуын зерделейтін ғылыми пән

4. Эргономиалық құралдардың түрлері?Эргономиалық құралдардың түрлері

Қазіргі заманғы медициналық өндіріс құралдардың мынадай түрлерін шығаруда:

1. Пациенттерде көтеруге арналған эргономикалық құралдар

2. Физикалық мүмкіндіктері шектелген пациенттердің өз бетінше жүруіне арналған эргономикалық құралдар

Эргономикалық құралдарды пайдалану мейіргерге жұмыс барысында жүктемені азайтуға, омыртқаға салмақ түсуден қорғауға, остеохондроз даму қауіпін төмендетуге көмектеседі.

3. Пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға арналған технологияларды қолдану.

Тапсырма 1. Сызбаны толықтырыныз

Ауыр көтергендегі остеохондроздың алдын алу

1. Екі жақты сырғанағыш жайма MaxiSlide Шектен тыс күш түсуден қорғайды. Пациенттің төсектегі қалпын өзгертуде өте тиімді. 

2. Максислайд екі жақты сырғанағыш жайма. Минислайд кіші көлемді екі жақты сырғанағыш жайма.

3.Ұстап тұрғыш белдемше Бел аймағының көлеміне байланысты үлкен, орташа, кіші болып бөлінеді. Пациенттерді тасымалдап, қозғалту барысында мейіргерге күш түсірмеуге тиімді. 4 ұстағышпен жабдықталған эргономикалық құрал.

4. Эргономикалық зембілдер FLEXIMOVE Пациенттерді жедел жәрдем жағдайында тасымалдауда қолданлады. Эргономикалық зембілдер ауыр салмақтағы пациенттерді тасымалдада тиімді. 

5. Флекси –диск

6. Тасымалдауға арналған тақта ONLY SEBA 

7. Белдемше  (FLEXIGRIP) - пациентті төсектен тұрғызуға арналған.

8.КӨТЕРГІШ (ГАМАКПЕН) Пациентті гамак арқылы төсектен көтеріп алып, қажетті аймаққа тасымалдау.

9.  ЖҮРІС АРБАСЫ Пациенттердің өз бетінше қозғалуына мүмкіндік береді
Тапсырма 2. Медбикенің іс- әрекет алгоритмін жазыңыз.

-Науқастарды бөлімшеге зембілмен тасымалдау .Зеңбілмен тасымалдау

Зеңбілмен тасымалдауда зақымдалу аз кездеседі. Стандартты санитарлы зеңбіл 2 бөренеден, серіппелі құлыптан және аяқшалардан 2 болат кернегіштен, ауыспалы брезентті матадан және қайыстан тұрады. Зеңбілдің ұзындығы 2,1-2,2 м, ені 55-60 см, салмағы 9,5-10 кг. Қазіргі уақытта жеңілденген зеңбілдер түрі жасалған салмағы 7,5 кг. Зеңбілді келесі әдіспен жазады: екі тасымалдаушы қайысты тартып, ұстағыштан керіп тізесімен тіреп кернегіш шертпек шыққанша зеңбілді ашады да түзулеп жазады. Әрбір тасымалдаушы кернегіш құлыптарының дұрыс жабылғандығын тексереді: тасымалдаушылар бір сәтте құлыпты ашып, кернегішті өздеріне қарай тартып зеңбілді ашады, аяқтарын үсіне қаратып аударады.

Зеңбілге мүмкіндігінше төсемше немесе мықты жапқыш салған жөн, тек жапқыштың бір шеті (ұзындығына) зеңбілдің үстін жауып, ал келесі шеті қасында тұруы қажет. Науқасты зеңбілге жатқызғаннан кейін келесі жарты жапқышпен жабамыз. Науқасты зеңбілден түсірген кезде жапқыш шеттерінен ұстап түсіруге ыңғайлы. Жылдың суық мезгілінде науқасқа бас киім кигізіп, аяқтарын жылы жабу керек. Шок жағдайындағы науқасты қосымша жылытуды ұмытпаған жөн.

Зеңбілде ессіз жатқан, шок жағдайындағы, басми қанайналымы бұзылған, жедел миокард инфарктісімен науқастарды, сонымен қатар жүктілік асқыныстары бар жүкті әйелдерді (эклампсия, түсік қаупі бар болған сәтте және т..б.), сан сүйегінің жарақаты кезінде (сынықтар, кең көлемді жарақаттар), құрсақ қуысының ауыр хирургиялық немесе гинекологиялық аурулармен, бас-ми жарақаттарымен, омыртқа жарақат зақымдалуларымен тасымалдайды

 
-Науқастарды бөлімшеге каталкамен тасымалдау . Каталкада тасымалдау – ыңғайлы және аяу әдісі болып табылады. Науқасты каталкаға ыңғайлы қалыппен орналастырып, науқас қолдарын тасымалдау кезінде ығысып кетпеуі үшін кеудесіне немесе ішіне қойып тасымалдайды. Каталкадағы науқас қалпы дене бұлшықеттерінің толық босаңсуына әкеледі, науқастың күш жұмасауын талап етпейді. Артқы тасымалдаушы науқас жағдайын үздіксіз бақылауына алады.

Науқасты зеңбілден (каталкадан) төсекке ауыстыру

Науқасты зеңбілден (каталкадан) төсекке ауыстыру кезінде зеңбілді дұрыс қою қажет. Науқасты ауыстырушылар қысқа жолды таңдауы қажет. Бұл жағдайда палата көлемі және кереует қасындағы бос жер есепке алынады.

Ауыстыру кезінде ең бастысы – науқасты құлатып алмау, сондықтан физикалық күшті әйел адамдар немесе мүмкіндік болса ер адамдардың болғаны дұрыс. Осыған байланысты медициналық қызметкерлердің ауырлықты көтергенде дұрыс дене биомеханикасының шарттарын қолдануы қажет.

Жағдайы ауыр науқастарды ауыстыру әдістері:

· параллельді әдіс – кереуетке параллельді, зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына 2-3 метр аралықта орналастыру
-Науқастарды бөлімшеге кресло - каталкамен тасымалдау  Кіші мейірбике аяқ тұғырына аяғымен басып кресло-каталканы алдына еңкейтеді;

Науқасты аяқ тұғырына тұруға сұраңыз, содан соң науқасты сүйеп креслоға отырғызыңыз;

Кресло-каталканы негізгі орынына келтіріңіз;

Кресло-каталканың арқасының сыртындағы рамкалардың көмегімен науқасқа қажетті жағдайды (отыру немесе жартылай жату) орнату керек;

Тасымалдау кезінде науқастың қолының кресло-каталканың сыртына шығып кетпеуін қадағалаңыз;

Науқастың палатадағы төсекке отыруына көмектесіңіз;

Кресло-каталканы дезинфицирлеңіз.
-Пациентті қолмен ұстау.

Науқасты қолмен ұстау (Раутек) әдісі

Көрсетпе: көмек бере алатын науқасты артқа қарай қозғалту

1. Науқастың жағдайын, айналасын бағалаңыз (еденнің ылғалдылығы, бөтен заттардың болуы т.б.).

2. Науқасқа қажетті қимылдың мақсатын түсіндіріңіз.

3. Науқастан өз қолдарын шынтақтан бүгіп, біреуін білегінен денесіне қысып ұстап, бір қолымен екінші білегін ұстауды сұраңыз. Егер бір қолы әлсіз болса, оны екінші қолымен ұстау керек.

4. Медицина қызметкері науқастың артынан келіп, оның қолтықтарының арасынан қолдарын өткізіп, екі білегінен ұстайды.

5. Қажетті жеріне осы қалыпта ұстап, жеткізіп орналастырады.

6. Болғаннан соң медицина қызметкері қолын жуып, құрғатады.

 

«Қолтық астынан ұстау» әдісі

Көрсетпе: көмек бере алатын науқасты артқа қарай қозғалту.

1. Отырған науқастың бір жағына тұрыңыз.

2. Бір аяғыңызды қасыңызға, екіншісін науқастың аяғының алдына қойып, оның тізелерін бекітіңіз.

3. Бір қолыңызды науқастың қолтық астына жіберіп, екінші қолыңызды артынан және алдына қарай жіберіңіз (үлкен саусақ қолдың асты аймағы сыртында орналасады.

4.Ыңғайлы тұрғаныңызға, денеңіздің салмағын бір аяғыңыздан екіншісіне жеңіл қозғалту мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.

5.Науқасқа еңкеюін сұраңыз (оған көмек беріңіз), оның сізге жақын орналасқан иығы денеңізге тақалуы керек

 “Иықты көтеру” әдісімен науқасты кереуеттен орындыққа (кресло-каталкаға) отырғызу

Отырғызу 2 және одан көп мейірбике көмегімен орындалады.

Көрсетпе: науқас отыруы мүмкін, бірақ аяқтарымен өзі жүре алмайды.

Қарсы көрсетпе: иықтың жарақаттануы, көкіректің және дене арқасының ж
-Пациентті көтерілген шынтақпен ұстау.

Көрсеткіші: наукастың көмегімен, көмек көрсету

Дайындау:


  1. Науқасқа процедураның мақсатын түсіндіру және келісімін алу


  1. Науқастың жағдайын бағалау және көмек көрсету. Науқастың активтілігіне көмек көрсету


  1. Қоршаға ортаны бағалау
    Орындау:


1) Науқастың жанында тұру, столға отырғызу (төмен керует). Науқас және медбикенің қауіпсіздігін сақтау

2} Орындыққа бір аяқты жақын қою, өзіңіздің аяғыңызды науқастың тізесіне жақын қою. Науқасты ұстау үшін ыңғайлы әдіс таңдаңыз, дене массасын ыңғайлы және бір аяғыңыз жақсы қозғалу үшін. ыңғайлы тұру үшін


  1. Науқастың арт жағынан алға қарай еңкейю үшін және мықтап
    шынтағынан ұстау. Науқастың денесінен мықтап ұстау


  2. Сіздің иығыңыздан науқас қолың жақсылап ұстау керек, Тұлғаны
    жақсылап фиксациялау қажет, себебі қауіпсіздікті ескеру үшін. Науқастың бас және мойын қысымы болмайды.


Аяқталуы:




  1. Науқасқа кауіпсіз және қозғалуға ыңғайлы екенін хабарлау. Науқас өзін қауіпсіз екенін білу керек.


  1. Қолды жуып кептіру.(жұқпалы аурулардан қауіпсіздені үшін)
    Науқас қолтық астынан ұстау әдісі


Көрсеткіштері: Науқасты қолдау және тасымалдау Дайындау:




  1. Науқасқа мақсатын айтып түсіндіру және келісімін алу


  2. Науқастың жағдайын бағалау және оның жағыннан қолдау көрсету


  1. Қоршаған орта аялдамасы
    Орындау:


  1. Отырған науқас жаныннан түру


  1. Бір аяғын жақын қою, өкшесін бұрып тұру, науқастың аяғы алда болу тиіс. Тізесін ұстау. Тізесін фиксациялау науқастың қауіпсіздігін білдіреді, құлауын төмендетеді


  1. Қолмен науқастың қолтық астынан ұстау. Саусақты алдын артқа,
    алақанды жоғары, үлкен саусақпен қолтықастынан тыс болу тиіс.


  1. Науқастан алға қарай еңкейюін сұраймыз, оның иығы сізге жақын болу үшін, сіздің денеңізге мықтап тұру тиіс. Науқас сізге сенімді және тыныш болу керек.
    Аяқталуы:


1) Қолды жуып кептіру (жұқпалы аурулардан қауіпсіздену)
- Пациент жүрген кезде қолдау

(бір мейірбикемен орындалады).

Қолдануы: жарақатта, инсульттан кейін көмектесу және т. б.

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беріп, оның көмектесу қабілетін білу.

өз бетінше не істей алатынын;

қай жағынан қолдау керегін;

қосымша амалдардың керектігін (таяқ, балдақ, жүргіш)

3. Айналадағы ортаға баға беру (еденнің дымқылдығы, шәркелер, бөтен заттар, аппаратуралар, т. б.).

4. Пациенттің қасында тұру.

5. Үлкен саусақтармен пациенттің оң қолынан ұстау.

6. Екінші қолмен пациенттің беліңен немесе қолтығының астынан ұстау.

7. Пациентке жақынырақ таянып, оның тізесінтіреу үшін көмектесу.(рис.

8.Егер пациент өзінің шамасына сенбесе мейірбике қасында болуы тиіс
-Ауысып отыратын биіктігі бар керуетте иығымен көтеру әдісі  (австралиялық көтеру).


написать администратору сайта