Главная страница
Навигация по странице:

  • «Бір сәт бақыт сыйла»-қолөнер жасау ақциясы.

  • «Салауатты тамақтану» әңгімесі. Жауапты сынып жетекшілер: Ащербаканова Р.Т.Сейпиева Ж.Н.Рыспай А.Ж.«Салауатты тамақтану»

  • «Өлкеміздің табиғаты» суреттер байқауы.

  • «Эко - әлем» Экологиялық сынып сағаты.

  • Өрнек ауылының бастауыш мектебінде КММ қаңтар айының өткізілген тәрбие жұмысы бойынша есеп.

  • Ақпан тәрбие. Бір ст баыт сыйлаолнер жасау ациясы. Жауапты сынып жетекшілер Ащербаканова Р. Т. Сейпиева Ж. Н. Рыспай А. Ж. Бір ст баыт сыйла


    Скачать 2.57 Mb.
    НазваниеБір ст баыт сыйлаолнер жасау ациясы. Жауапты сынып жетекшілер Ащербаканова Р. Т. Сейпиева Ж. Н. Рыспай А. Ж. Бір ст баыт сыйла
    Дата26.03.2023
    Размер2.57 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАқпан тәрбие.docx
    ТипДокументы
    #1015853

    «Өрнек ауылының бастауыш мектебі»КММ.

    «Бір сәт бақыт сыйла»-қолөнер жасау ақциясы.

    Жауапты сынып жетекшілер: Ащербаканова Р.Т.

    Сейпиева Ж.Н.

    Рыспай А.Ж.

    «Бір сәт бақыт сыйла»-қолөнер жасау ақциясы.
    «Бір сәт бақыт сыйла» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.

    Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

    Сыйластық, сыйлық қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.



    «Өрнек ауылының бастауыш мектебі»КММ.

    «Салауатты тамақтану» әңгімесі.

    Жауапты сынып жетекшілер: Ащербаканова Р.Т.

    Сейпиева Ж.Н.

    Рыспай А.Ж.


    «Салауатты тамақтану»
    Оқушыларға дұрыс тамақтану мәдениеті мен тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор екенін түсіндіру.

    Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру мен тамақтану гигиенасы жайында білімдерін арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

    Салауатты тамақтану - халық денсаулығын, балалардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін, физикалық және ақыл – ойдың дұрыс дамуын, жұмысқа қабілеттілікті нығайтатын, алиментарлық аурулардың алдын алу, әлеуметтік – экономикалық дамуды, ұлттық қауіпсіздігін анықтайтын бірден - бір және басты факторлары болып табылады.

    Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:

    1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (белок, май, көмірсу);

    2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлементтер);

    3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;

    4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;

    5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.
    Біздің ағзамызға тағаммен бірге көп мөлшерде мынадай заттектер түсіп отыру қажет: белок, май, көмірсу, дәрумендер, микроэлементтер, минералды заттектер. Ол өз кезегінде ағзамыздағы тіндер мен жасушалардың үнемі жаңарып, дамуын қамтамасыз етеді және де энергия көзі болып табылады. Адамның тұтынатын тамағы, яғни ішетін асы оның жұмсайтын энергиясымен сәйкесу керек.

    Дұрыс тамақтанудың негізгі ұсыныстары

    1. Бір ғана азық - түлік ағзаның қажеттілігін өтей алмайды, сондықтан да тағамның әртүрлілігі өте маңызды. Тамақ әр түрлі болуы үшін азық - түліктің түрін көбейтіп қана қоймай, сондай - ақ олардан түрліше тағамдар дайындау қажет;

    2. Бір рет қабылдаған ас мөлшері 300 - 500 гр жеткілікті, ал бір күндік тағамның калориясы 1600 - 1800 ккал - ны құрауы керек ( ал ауыр жұмыс істейтіндер үшін 2400 - 2800 ккал);

    3. Міндетті түрде тағам рационынан тез дайындалатын тағамдарды (фаст - фуд), қойытылған сүт (сгущенка), қант, шұжық, және т. б әртүрлі қытырлақтарды алып тастау керек;

    4. Көкөністер мен жемістерді тәулігіне бірнеше рет тұтыну керек (400 гр - нан көп). Көкөністер мен жемістер – антиоксиданттардың, фолий қышқылының, темір, дәрумен және минералды заттектердің көзі және де жоғарғы қан қысымының, атеросклероз және т. б жүрек - қан тамыр ауруларының даму қауіпін төмендетеді;

    5. Орта есеппен күнделікті 1, 5 - 2 литр таза, фильтрлеген, газдалмаған су ішу ұсынылады. Судың жеткіліксіздігінен қан тамырларында өзгерістер болады, олар тарылады да артериялық қысымның жоғарылауына әкеледі. Ал егер су жеткілікті мөлшерде түссе, онда қан тамырлары кеңейіп, қысым орнына келеді және де ағзаны жасартады. Суды қабылдау арқылы, ми қызметінің, ақыл - ой мен есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер етеді. Сондықтан, судың тапшылығы бас миының белсенділігін төмендетеді.

    6. Майлылығы аз сүт өнімдерін күнделікті қолдану керек (кефир, ірімшік, сүзбе, йогурт және т. б). Сүт өнімдері сүйектер мен тістерді нығайту үшін кальцийдің негізгі көзі болып табылады;

    7. Майлы еттерді майсыз еттерге алмастыру. Балықты аптасына 2 рет қолдану керек. Балық құрамында жүрек - қан тамыр жүйесіне пайдалы қанықпаған май қышқылдары және дәрумендер бар. Сондай - ақ белоктың көзі ретінде ас бұршақтарын қолдану;

    8. Нан, консервіленген және басқа да азық - түліктер құрамындағы тұзды қоса есептегенде тәулігіне тұздың мөлшері 6 гр-нан аспауы керек. Консервілер, тұзды, тұзға кептірілген азық - түліктерді күн сайын қолдануға болмайды. Тағамдарды аз тұздау керек және йодталған тұзды қолдану қажет;





    «Өрнек ауылының бастауыш мектебі»КММ.

    «Өлкеміздің табиғаты» суреттер байқауы.

    Жауапты сынып жетекшілер: Ащербаканова Р.Т.

    Сейпиева Ж.Н.

    Рыспай А.Ж.

    1-4 сынып оқушыларымен туған өлке,оның байлығын қорғай білуге,оны аялауға тәрбиелеу мақсатында "Өлкеміздің табиғаты" атты сурет байқауы өткізілді.





    «Өрнек ауылының бастауыш мектебі»КММ.


    «Эко - әлем» Экологиялық сынып сағаты.

    Жауапты сынып жетекшілер: Ащербаканова Р.Т.

    Сейпиева Ж.Н.

    Рыспай А.Ж.

    "Эко-Әлем" бағыты - біз адамдар арасында экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаға саналы түрде қарауды, материалдық құндылықтарды қорғауды, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды және табиғатты құрметтеуге бағытталғамыз. Жас Ұлан мүшесі табиғатпен үйлесімді өмір сүреді, табиғатты сүйеді және қорғайды, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланады.

    Біздің "Эко-Әлем" бағыты қоршаған ортаны қорғайды.Және де біз тек бір рет қолданатын заттардың мөлшерін азайтуға тырысамыз.Жалпы айтқанда эко сауаттылықты өсіп келе жатқан ұрпаққа үйретумен айналысамыз.Ең біріншіден, біздің "эко-элем" бағыты адамдарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру арқылы қоршаған ортаны қорғауға шақырады. Біз бірдей полиэтилен пакеттерін таңдауда абай болуды, өзімізге жақсы әдеттерді үйренуді, гүлдерді жиі суаруды және тағы басқаларды үйрендік. Жаңадан бастаушылар өздері үшін жаңа нәрсе үйреніп, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте алатынына сенімдіміз.




    Өрнек ауылының бастауыш мектебінде КММ қаңтар айының өткізілген тәрбие жұмысы бойынша есеп.

    «Бір сәт бақыт сыйла» атты 1-4 сыныптар арасында қолөнер жасау акциясы.

    Оқушылар бір - біріне сыйлық сыйлап, қуантты.


    Оқушыларға дұрыс тамақтану мәдениеті мен тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор екенін түсіндіру.

    Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру мен тамақтану гигиенасы жайында білімдерін арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

    Салауатты тамақтану - халық денсаулығын, балалардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін, физикалық және ақыл – ойдың дұрыс дамуын, жұмысқа қабілеттілікті нығайтатын, алиментарлық аурулардың алдын алу, әлеуметтік – экономикалық дамуды, ұлттық қауіпсіздігін анықтайтын бірден - бір және басты факторлары болып табылады.



    1-4 сынып оқушыларымен туған өлке,оның байлығын қорғай білуге,оны аялауға тәрбиелеу мақсатында "Өлкеміздің табиғаты" атты сурет байқауы өткізілді.






    написать администратору сайта