Главная страница

кітап. Жабайы алма. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын


Скачать 0.92 Mb.
НазваниеБірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Анкоркітап
Дата22.11.2022
Размер0.92 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖабайы алма.docx
ТипДокументы
#806741
страница16 из 35
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35

      • Бәрің де барасыңдар! — деді ақырып.- Сендер

немене, тәртіпті ұмытқансыңдар ма? Мұны мен әскери бұйрық деп тұрмын ғой. Кәне, осыдан біреуің бас тартып қиқалақтап көріңдерші, әкелеріңді де, шеше- леріңді де танытып жіберейін. Әне, бас қолбасшы Ырысекеңнің өзі тұр ғой!

Біз, балалар, жым болдық. Дәл қазір Әжібек анадай тұрған Ырысбекті арқаланып, қайсымызды болса да қарсылық етсек, итше тепкілеп жіберетіні анық еді.

    • Ал барыңдар, үйлеріңнен кетпендеріңді және отын буатын екі жіптен алып шығыңдар!

    • Екі жіп неге керек?

    • Неге керек екенін барған соң көресің. Отынды шабамыз да буып-буып таудан домалатамыз да жібере- міз, ешқайсыңның жаның қиналмайды, көксоққандар! Егер осыдан біреуің бармай қалып көр, мына жұдырық соның төбесінде өтеді,- деп, күс-күс арық жұдырығын көрсетті.

Үйге кеп, барлық балалар боп таудың күнгейінен тобылғы шабатынымызды айтып, белімізге жіптерімізді буынып, қолымызға кетпендерімізді ұстап, сәлден кейін көше ортасына топырлай жиналдық. Дәу кетпенді әзер деп көтеріп үйден шығып бара жатқанымда, әжем:

    • Құлыным-ау, шамаң келмейді ғой,- деген.

    • Келеді. Балалардың бәрі де бара жатыр,- дедім. Шынын айтқанда, көбімізге мына қыста тауға шығып отын шабу — ең қызық ойын сияқты көрінді. Үлкендер болса балалардың аяқ асты мына қылығына қапелімде не дерлерін білмегендей, не қоштап мақтап кете алмай, не қойыңдар деп тыйып тастай алмай аң-таң. Әрине, қыс ішінде бір уыс отынның өзін үнем көріп отырғанда, баласының «отын шауып әкелем» деп өз тарапынан суырылып шыққан тірлігі кімді де қуантатыны сөзсіз, тек бірдеңеге ұрынып қалмай, қайырымен болсын дейді де…

Әжібек бастап, ауылдың жоғары жағына қарай шұбырып жүріп кеттік. Алып алма ағаштың тұсына жеткенбіз, бұтақтары сойдиып-сойдиып жалаңаштанып тұр екен. Ұшар басындағы бұтақтарында бүрісіп-бүрісіп қатып-семіп қалған қоңырқай алмалары көрінеді, төменгі бұтақтарында байланған шүберектер жалбы- райды. Бізге мына қыста сол қатып-семген алмала- рының өзі уылжып тұрғандай, аузымыздан сілекейіміз ағып қызыға қарағанбыз.

      • Бұтақтарына шығып сілкиік, бәлкім, анау алмалары түсер,- деді балалардың бірі. Осы сөз қамшы болды ма, Әжібек жолымыздан сәл қиғаштау болса да бұрылып алып, алма ағашқа қарай тартты.

Алып алма ағашқа жақындай бергенбіз, төңірегі ойқастаған қалың із екен, шашылған құстың қауыр- сыны, жүн-жұрқа.

      • Биыл түлкі қалың ғой, түлкінің іздері шығар? — деген Бәтен.

      • Мүмкін, алма ағаштың түбіндегі үңгірге түлкі жатып жүрген шығар. Қазір ұстап алсақ қандай қызық болар еді,- деген Қайрат.

      • Жо, бұл із түлкінікі емес,- деді ізге үңіле қараған Санат.- Түлкі қарға бүйтіп батпайды.

      • Онда қасқырдың ізі шығар?

      • Жо, қасқыр да емес. Бұл — иттің ізі.

      • Қазір не болса да көреміз енді,- деді алда келе жатқан Әжібек.- Әне, үңгірден қарайып бірдеңенің басы қылтияды. Кетпендеріңді оңтайлап ұстаңдар!

Осы кезде алып алма ағаштың түбіндегі үңгірден Қарақаншық атып шықты, көздері қып-қызыл боп қанталап, тістерін сақылдата ырылдап, айбат шегіп бізге қарсы жүрген. Аппақ қардың үстінде өзі қап-қара боп, ештеңеден тайынбайтын керемет қорқынышты еді. Жолбасшымыз Әжібек болып, біз бір-бірімізді баса-

жанша кейін қаштық. Қорыққандарынан бір-екі баланың ойбайлап жіберген дауыстары да шығып кетті. Омбы қарда сүріне-қабына едәуір қашып барып кейін бұры- лғанбыз, Қарақаншық соңымыздан қумапты, үңгірдің аузына қайта барып, жер иіскелеп қаңсылады да, ұлып- ұлып жіберді.

    • Әй, мынаның іші қабысып, емшектері салақтап тұр ғой, күшіктегеннен сау ма? деген балалардың бірі.

    • Расында да, түрі күшіктеген сияқты.

    • Иә, үңгірге маңайлатпауы тегін емес.

    • Қыста күшіктеген қаншықты көргенім осы.

    • Қайбір жақсылық дейсің,- десіп алып, алма ағаштың басындағы қатып-семген алмалардан күдер үзген балалар енді тауға қарай өз жолымызға түстік. Таудың етек жағындағы жел үрлеп нығарлап тастаған қалың қарды кетпенмен қадау-қадау ойып, баспалдақтап жол салып, жоғары қарай шұбыра өрлеп келеміз. Сөзіміз Қарақаншық төңірегінде: әлдеқашан жоғалдыға санап жүргенімізде, күтпеген жерден алып алма ағаштың түбіндегі үңгірден шыға келуі бізді қатты таңырқатқан еді; оның үстіне қыс ішінде күшіктегенін қарасаңшы; күшіктері қалай тоңбайды екен; ауылға жоламай, мына жырақта жүріп өзі немен қоректенеді? Осы тәріздес толып жатқан сұрақтарға жауап таба алмай, дал боламыз.

    • Қарақаншық киелі ит қой,- дейді ішіміздегі ең білгі- шіміз Санат.- Бұл ауылға не жақсылық, не жамандық әкеледі.

    • Жақсылығын қайдам, жамандығын көріп жүрміз ғой,- деді Бәтен.

    • Сен Бүбітайдың жынданып кеткенін айтасың ба?

    • Иә.

    • Оған Бүбітайдың өзі кінәлі. Қарақаншықтың күшік- терін тірідей көміп өлтірді емес пе?

    • Қарақаншық олардың бір қазан сүтін ішіп кетті ғой.

      • Бір қазан сүтке бола күшіктерін өлтірмеу керек еді.

      • Сонда ауылға ұры иттер қаптап кетсін дейсің бе?

      • Түк те қаптамайды. Қарақаншықтың бұрынғы күшіктерінің қайсысы ұры болып еді?! Ауылдағы көп үйдің иттері соның күшіктері ғой.

      • Сен өйтіп Қарақаншықты жақтамай-ақ қой, бәрібір иттің аты ит те, ал Бүбітай адам.

      • Иттің де обалы бар, жазықсыз тиіссең, сол обалы жібермейді.

Мына екеуінің таласына шыдай алмай кеткен болу керек, осы сәт алда бара жатқан Әжібек кілт кейін бұрылды да:

      • Әй, екі кемеңгер, тоқтатыңдар бос былшылды! деді ыза болып.- Немене, Қарақаншық пен Бүбітайдың күйігі сен екеуіңе батып келе ме, сонша керілдесіп. Дабай, қойыңдар енді!

Санат пен Бәтен жым болды. Бәріміз үйіріле тоқтай тұрып, сәл тыныс алдық. Өрге қарай жүреміз деп едәуір алқынып қаппыз, өңдеріміз қызара тершіп, кейін қарай көз салғанбыз. Түу, шіркін, сұлулық деп осыны айт! Өзіміз дәл бір жердің кіндік үстінде тұрғандаймыз да, төңірек төрт бұрыш тегіс шыр айналып кеп біздің таба- нымыздың астына түскендей, көз жететін дүниенің бәрі де төменде жатыр. Жазда бірінің үсті көк-жасылданған егінжай, бірінің үсті көк жусан мен боз бетеге, енді бірі айдалған қара пар боп жататын бел-белестер мен дөңдер қазір мақталы қалың ақ көрпенің астында тарс бүркеніп алған, біркелкі боп қымтанып жатыр. Сол тұтасқан жалпақ дүние бұлдырап барып қысқы сұрғылт аспанмен астасқан жерге дейін аппақ боп күнге шағылысып, көзді қарықтырады.

Әжібек тымағын алып жеңімен маңдайының терін сүртті, тісінің арасынан сәнімен сыздықтата түкіріп қойды да, Санат пен Бәтенге кезек қарап алып:

    • Меніңше, бар ғой, сендердің анау Бүбітайларыңның адам аяр қылығы жоқ болатын,-деді.- Сау кезінің өзінде жындының ісін істейтін еді ғой. Осыдан екі жыл бұрын, апам өлген жылы жазда, бір рет қарным қатты ашқан соң, осы Бүбітайдың үйіне кіргем. Сонда маған бір тостаған айран құйып берудің орнына, менің көзімді бақырайтып қойып тұрып, жарты шелек айранды қаз- үйректеріне апарып төкті ғой. Сонысы құдай сүйер қылық па?! Сонда мен іштей: «Әй, кесір атар мына қатынды»,- дегем. Айтқаным айдай келді, атты ғой әне, ақыры! Аш жүрген маған бермей, айранды қаз-үйрекке төкті деген не деген сұмдық! -өне бойын ыза керне- гендей сөзін тістене кіжініп аяқтаған Әжібек қайтадан алға түсіп, өрге қарай қатты-қатты адымдай жүрген, біз тіпті ілесе алмай қалдық. Біраз озып кеткен ол сәлден кейін бізге қайырыла тұрып:- Сендердің анау Қарақан- шықтарың да қаншықтығын жасап қасқырмен әмпей боп жүрмесе не қылсын,- деді мысқылдай күліп.-Қыста күшіктеуі тегін емес…

    • Ол да мүмкін,- деді Қайрат іле қоштап.

    • Мүмкін емес, дәл солай. Осы жолы бұл қасқырмен лықты. Жаңағы бізге анадайдан айбат шегуі тегін емес. Қасқыр күшіктерін қызғанғаны ғой,- деді Әжібек төндіре сөйлеп.-Обшым, осы жолғы бір күшігін мен алам.

    • Шынында да, қасқырдан туған күшік нағыз арлан болатын шығар. Мен де біреуін алам,-деді Қайрат.

    • Онда мен де біреуін алам.

    • Мен де…

    • Мен де…- деп балалар жан-жақтан шулай бастады.

    • Бәріңе Қарақаншықтың күшігі жетпейді,- деді Әжібек оларды тоқтатып.- Көп болғанда бес-алты күшік шығар. Сондықтан ертең күшіктерді алуға келгенде,

Қарақаншыққа беруге нанды кім көп әкелсе, күшікті сол алады.

Осылайша бәтуаға келіп, тауға қайта өрледік. Жоғары көтерілген сайын, қар мүлде жұқарып, біртіндеп қары жоқ қарайған жерге де аяғымыз жетті. Қатты жел үрлеп жалаңаштап кеткен тау күнгейі жайма- шуақ көктем лебін еске түсіріп, бусанып жатыр. Арқа- мыздан күннің жылуы өтіп маңдайымыздан бір жылы леп сипайды. Әр-әр жерде топ-топ боп өскен қызыл балақ тобылғы, қара күрең қараған, ұйыса жабысқан қалың бөргез, ақ сирақ үшқат қаптай бастады.

Осы тұста бастаушымыз Әжібек тағы бір бел босата тұрып, барлығымызға барлай қарап шықты да:

      • Ал, көксоққандар! деді өктем үнмен.- Енді, дабай, тобылғы шабуға кірісеміз. Жарлық былай: ең әуелі, әрқайсың үлкен-үлкен үш түптен Ырысбекке деп арнап тобылғы шабасыңдар. Соны үйден алып шыққан екі жіптеріңнің біріне буып төмен домалатамыз, бұл сендерге салынған салық. Тек сонан кейін өз үйлеріңе шабасыңдар.

Біз бірден келістік. Тау үстіндегі ен-тегін тобы- лғының ортасында тұрғанда, үш түп деген де сөз болып па.

      • Ақ үшқат пен бөргезден шабуға бола ма? — деп сұраған балалардың бірі.

      • Өз үйіңе шауып алсаң, пажалыста, ал Ырысбекке тек тобылғы ғана шабыңдар! деді Әжібек қатал ескер- тіп.- Тобылғының қызуы мол болады және қолға кіретін тікені болмайды.

Сөйтіп, біріміз жоғары жағынан, біріміз төменгі жағы- нан, енді біреулеріміз қос бүйірінен дегендей қорым тастың жиегіндегі қалың өскен, кісі бойындай тобылғыны жан-жақтан шабуға кірістік. Бұрыннан үлкендерге ілесіп

тобылғы шауып жүргендер онша қиналмай-ақ бірден кірісіп кеткен, ауыр кетпенді салмақтай көтеріп, тобы- лғының түбін орай тасы жоқтау деген тұсын ала гүрс еткізіп қап, оп-оңай ғана тамырымен қопарып тастайды, ал тәжірибесіздері тобылғыны кез келген жерінен шауып аламыз деп кетпендерінің жүзін көк тасқа шақ-шұқ соғады.

«Гүрс-гүрс»… «Шақ-шұқ…» Ойнай жүріп, күн еңкейгенге дейін, әуелі, Ырысбекке деп дәу екі арқа тобылғы шауып, оларды жіппен буып төмен -ауылға қарай домалатып, енді әрқайсымыз өз үйлерімізге деп шабуға кіріскенбіз.

Бір кезде оқыстан шыққан айқай-шу, аттандаған дауыстар бәрімізді де елең еткізді. Тобылғы шапқаны- мызды доғарып жалт-жалт қарадық. Төменде жатқан ауылдың көшесінде әбігерге түскен кемпір-шал, бала- шаға біздерге қолдарын бұлғап, бірдеңе деп айқайлап, шуылдасып тұр. Екі-үш ересек адам бері тауға қарай емпелеңдесіп келеді. «Ай-оу-у, ат-тан!»» Ат-та-ан!.. Ой-ба- айй!.. Ой-байй!..» — деседі, басқа сөздері естілмейді.

    • Әй, мыналар неге шулап тұр? деді Әжібек.

    • Біздің жоғары жағымыздан бірдеңені нұсқайтын сияқты,- деді Санат. Бәріміз енді жоғары жаққа қараған- быз, қожыр-қожыр боп төбемізден төнген жартастардан өзге ештеңе көрінбейді.

    • Ай-о-оу-у!.. О не-е? Не деп тұрсыңдар? — деп Әжібек ауылдағыларға қарай айқайлаған. Осы сәтте ғана құлағымызға ауылдағылардың:

«…Ысқыр!.. Ысқыр!» — деген сөздері естілгендей болды.

    • Қасқыр дейді,- деді Санат.

    • Ойбай, қасқыр деп тұр ғой,- деді балалардың бірі үрейлене. Бәріміз де үрейленіп қалдық. Қайтадан ор жаққа, төңірегімізге қарағанбыз.

    • Әне!..- деді бір бала.- Қос көк тастың астында.

Енді біз де көрдік, алып алма ағаштың желке

тұсында, біздің теріскей жағымызда аумағы екі үйдің орнындай жалпақ екі көк тас болатын, солардың астыңғы жағында төрт-бес көк ит бұта-бұтаның арасында бірі шоқиып, бірі тұмсығын көтере ауаны иіскелеп, енді бірі біз жаққа сазара қарап тұр екен.

      • Ойбай-ай, апа-а! — деп шарылдай жөнелді бала- лардың бірі. Оған екінші, үшінші ойбай қосылды. Тау үстінде шулап кеттік.

      • Не істейміз? — деген Әжібек.

      • Тек қашпайық, бәріміз топтасып бірге тұрайық,- деді Санат.

      • Дұрыс. Кәне, кетпендеріңді алып менің қасыма жиналыңдар. Кетпеннің шүйдесімен тасты соғып, бәріміз бірдей аттандайық!

      • Ат-тан!.. Ат-тан!..

Шақ-шұқ тасты соғып, біріміз шыңғырып аттан сап, ойбайлап бердік. Кенет қасқырлардың шоқайып отырғаны темен қарай ырши секірген. Анық көрдік, үлкендігі тайыншадай, нағыз көкжал екен. Секірген күйі біздің көзімізден таса тұрған алып алма ағаштың тұсына батып көрінбей кетті. Төменгі ауыл жақтағылар бұры- нғыдан да қатты шуылдасып кетті.

      • Бәрің түгелсің бе? деді үрейленген Әжібек.

      • Түгелміз.

Көкжалдың соңын ала басқа қасқырлар да бізге көрінбей кеткен. Күз жақты жаңғырықтырып иттің жанұшыра үргені, одан қатты бір қаңқ еткені естілді. Ауыл жақтағылар әлі шулап тұр. Сәлден кейін алып алма ағаштың арғы жағындағы қарлы беткейді қиялап әлгін- дегі қасқырлар ұмар-жұмар орталарындағы қараңдаған бірдеңені кезек-кезек созғылап сүйрелеп бара жатты.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35


написать администратору сайта