Главная страница

кітап. Жабайы алма. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын


Скачать 0.92 Mb.
НазваниеБірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Анкоркітап
Дата22.11.2022
Размер0.92 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖабайы алма.docx
ТипДокументы
#806741
страница15 из 35
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35

      • Солидолды киізге жағуға бола ма?

      • Неге болмайды?! Вот ақымақ. Сен әуелі жағып көрсеңші. Міне, мен етігімді майлап алып ем, су дегенің сынапша сырғып, ішіне түк өтпейді. Қазір мына Бәтен мен Қайратқа да жаққызам.- Әжібек тағы да тісінің арасынан сыздықтата шырт түкіріп қойды.

      • Пажалыста, күнде жағып тұрам десең де сенен аямаймын. Ал енді бар үйіңе, бәлденбей әлгі суретті бүгін-ертең әкеп беретін бол.

      • Мақұл.

Шынында да, үлкейтемін деп Ырысбектің өзі сұратып отырса, одан неге бәлденіп, тартыншақтауым керек. Ауылдағы талай үйдің төрінен Ырысбек үлкейтіп берген суреттерді көріп қатты қызығатынмын. «Шіркін, көкем мен апамның суретін өстіп үлкейтіп төрге іліп қойса»,- деп армандайтынмын. Сөйтіп, келесі күні-ақ Нәзира әпкемнің альбомындағы көкем мен апамның суретін алып, Әжібекке ілесіп Ырысбекке өз қолымнан апарып бердім.

Ырысбек шертіп отырған домбырасын тастай бере, суретті бір жақындатып, бір алыстатып, одан терезенің жарығына қарай теріс қаратып ұстап қарап шықты да:

      • Үлкейтуге қолайлы, жақсы екен,- деді. Осы сезін естіп мен қуанып қалдым.

Ырысбек енді маған қарады да, одан қайта суретке қарады:

      • Қанат, тоқташы,- деді. Сөйтті де суретке бір, маған бір тағы да кезек-кезек қарай отырып:

      • О, көкесінен айнымай қалған жарығым, тіпті аузынан түскендей ұқсауын қарашы,- деп, мені құшағына алып қысып-қысып қойды. Әлгі мені ұстап алған жерде төбемнен қарға шаншып қорлық көрсететін мінезінен із

жоқ, аяқ асты мен дегенде ет жүрегі езіле қапты. Оған деген шексіз ыза-өкпеден бе, әлде оның мүсіркей қалға- нына қорланғаным ба, әйтеу, екі бетім дуылдап, көзім жасаурап, үндей алмай булығып шығып кеттім.

    • Әй, Қанат, тоқта!

Әжібек соңымнан ілесе шыққан екен. Қуып жетіп, желкелігімнен тартып тоқтатты да:

    • Сен суретті жоғалады екен деп қорықпа. Ырысбек, ол сөздің адамы, айтса болды, орындайды,- деді мені жұбата сөйлеп. Онан соң менімен қатарласа жүріп, өз үйінің тұсына жеткенде: — Жүр біздікіне, мына шары- ғыңды майлап ал,- деді.

Шынында да, май су өткізбейді ғой, майласам майлап алайыншы деген ой келді маған да, Әжібектің үйі ауыз үй, түп үйден тұратын аласа ғана ескі кірпіш там. Әжібек жалғыз өзі ғана тұрады. Тұрады деген тек аты ғана, әйтпесе Әжібек ауыл үй арасы ағайын-туғандарын аралап, әркімдікіне бір қонып жүреді. Соңғы кезде көбіне Ырысбектің үйінен шықпайтын. Шешесі өлген екі жылдан бері үйдің күйі мүлде кетіп-ақ қалған. Көктем, күз төбесінен су өтіп, іші үнемі сыз тартып, көгерген иіс тұсынан өткен адамның жүрегін айнытады. Алайда Әжібек мұның бәрін уақытша дейді. Әке-шеше- сінен қалған азын-аулақ дүние-мүліктерін анда-санда далаға шығарып қағып-сілкіп, онан соң қайтадан буып- түйіп қояды. Балаларды ұйымдастырып үй ішін сыпыр- тып, жинастырып, қыс кезінде күніне бір уақыт от жағады. Өзі: «Әлі он сегізге толып, үйленетін кезімде бәрі керек болады ғой»,-дейді. Дәл қашан және кімге үйленетінін әзірге өзі де білмейді. Осы күні бұрынғыдай:

«Зибашқа үйленем»,- дегенін қойған. «Жас қыздардың біреуі ер жетер оған дейін»,- дейді.

Қазір үйінің мұржасынан будақтап түтін шығып жатыр.

      • Үйде Қайрат пен Бәтен бар, деді.

Біз кіргенде, көгерген иіс пен түтін сасыған үйдің ішінде Қайрат пен Бәтен қарамай толы үлкен шелекті орталарына қойып, шарықтарын шылқытып майлап отыр екен. Кішкене қазанда сақылдап бірдеңе қайнап жатыр, оның да тәтті бір иісі білінеді, кәдімгі жас сорпаның иісі.

      • Маладестер! Енді сендердің шарықтарыңнан су өтіп көрсін! — деп мақтап қойды Әжібек.- Кәне, Қанат, сен де майлап ал шарығыңды.

Әлгі екеуінің қатарына отыра қап мен де шарығымды майлауға кірістім. Ал Әжібек болса қолына кәкпір алып, қазандағы қайнап жатқан жұдырықтай кесек етті шығарып пышақпен шетінен кесіп жеп көрді де, қайта салды. Біз үшеуміз шарықтарымызды қоя сала, сілекей- леріміз шұбырып оның аузына қарай қалған екенбіз.

      • Әлі піспепті,- деді аузындағысын малжаңдай тұрып.

Онан соң біздің телміре қалғанымызды ұнатпай:

      • Әй, көксоққандар, болыңдар енді,- деді әмірлі үнмен: — Бүгінше мына ет әбден піссін. Өзі кәрі малдың еті ме, немене, әлі тастай қатты. Ал сендер шарықтарыңды майлап алыңдар да, қайқайыңдар үйлеріңе. Ертең сендерге бір-бір жапырақ алып қоям. Үйлерің бар, аш емессіңдер ғой, ауыз тисеңдер де жетер.

Біз шарықтарымызды шылқыта майлап үйден шықтық. Ә деп табалдырықтан аттағаннан бастап-ақ үшеуміздің бірінен-бірі күлкілі аюдың табанындай іздеріміз ақ қардың бетінде аймандай боп баттиып- баттиып қалды. Біраз жүріп барып қайырылып қараған- быз, іздеріміз тура бір қора қой шұбырып өткендей қап- қара ала боп жосыла түсіпті. Қалай болар екен деп шары- қтарымызбен еріген қарды оңды-солды ойқастай кешіп көргенбіз, майдың аты май ғой, шіркін, бұрын шарығы-

мыздың ұлтарма тігістеріне жабыса кететін жентек қар енді тіпті жұғысар емес.

    • Қазір мына шарығымызбен су кешсек те өте қоймас.

    • Кешіп көрер ме еді өзі?!

    • Қай жерде су бар?

Ары-бері омбы қарды ойқастай кешіп іздестіріп көріп едік, бірақ қыстың күні су қайдан табылсын, шұңқырлар мен арықтар тегіс қалың қар астында қатып жатыр. Өстіп мәз боп келе жатқанымызда, тас қойма жақтан торы жорғамен құйғытып шыға келген Байдалы шал біздің ізімізді кесіп өте бере, кілт атының басын тартып қайырыла бұрылды, ақ қарға түскен ізімізге, онан біздің шарықтарымызға қарады да:

    • Әй, иттің күшіктері, мына қара майды қайдан алды- ңдар? Кәне, жандарыңның барында айтыңдар?! — деп, ақыра қамшы сілтеп, торы жорғамен үшеумізді де тапап өте жаздап төніп келгенде, есіміз шыққан біз зәре- құтымыз ұшып, бір-бірімізге тығыла ұйлығып тұрып қалыппыз.

    • Қайдан алдыңдар деймін?!

Дойыр қамшы үшеумізді қоса-қабаттап бір осып өткен. Үшеуміз де шар-шар ете қалдық.

    • Қайдан алдыңдар?

Дойыр қамшы басымызға қайырыла төнген.

    • Әжібе-е-ек…- деді бақыра жылаған Бәтен.

    • Ә, шақша бас ит!..

Торы жорғаға борбайлата қамшыны басқан Байдалы шал енді бізді тастай бере Әжібектің үйіне қарай шапты. Енді байқадық, бұ кезде Әжібек те құстай ұшып Ырыс- бектің үйіне жетіп қапты. Байдалы шал қалың қарға аты омбылап жете алмай қалды. Жер сабалап, көшені басына көтере боқтануда. Атынан түсіп, Әжібектің есігінің алдынан әлгіндегі қара май толы шелекті көтеріп алды.

Сірә, Әжібек қашып бара жатып сыртқа, есігінің алдына шығарып тастап кетсе керек.

      • Ә, шақша бас ит, осыдан қолыма бір түсерсің. Сен итті көзіңе көк шыбынды үймелетіп тұрып айдатпасам ба, әлі!..

Соның арасында айқай-шуға жиналып қалған жұртқа:

      • Көктемде егіс кезінде құрал-сайман майлауға деп Мытыстан3 барып, бір тоқты беріп әзер деп сұрап әкел- генімді қайтейін. Әнеу бір күні аяқ асты ұшты-күйлі жоғалып кеткені. Апырмай, бұ қара май сонша кімге қажет болды екен деп таң қалып ем. Сөйтсем, мына шақша бастан келген екен ғой. Бұ неткен қаскүнем-ей, а?! Колхоздың қара майын ұрлап… Сотқа тартылғалы жүр ғой, ол ит…

Бір кезде көзі бізге түсіп кеткен: — Әжібекке ерсеңдер көгерерсіңдер, о, жетесіз немелер, үшеуіңді де сойып салайын ба осы! деп тап бергенде, үшеуміз үш жаққа безіп кеттік…

Баланың қорқынышы ұзаққа созылған ба?! Артынша- ақ қызу ойынға кірістік те, Әжібекті де, оның қара майын да, Байдалы шалды да мүлде естен шығарып, қыстың май тоңғысыз жайма-шуақ күні батқанша, жентектелген қардан аққала тұрғызып, одан екі жаққа бөлініп қармен атысып ойнап, әбден қызыққа баттық. Сөйтіп, үсті-басымыздың малмандай су болғанын да, шарықтарымыздан шылқып су өткенін де аңғармаппыз. Кешкісін үйге кеп шешінген кезімде, үсті-басымды ұстап көрген әжем:

      • Құлыным-ау, осынша су болғанша ойнағансың ба?

— деді ренжіп. Жұмыстан шаршап қайтқан Нәзира әпкем шай ішіп отыр екен, үндеген жоқ. Мен кән пештің ұзына үстіне киімдерімді жайып, шарығымды қызуы молдау ошақтың желке тұсына кептіруге қойдым. Әлден соң үйдің ішін қолқаны қапқан қоңырсық иіс алып кетті.

    • Бұ неғылған иіс? — деп, Нәзира әпкем ұшып тұрып барып ошақтың үстіңгі жағына үңілді. Дәл бір өлген мысықты ұстағандай менің әуелі бір шарығымды қоны- шынан шымши көтеріп шамның жарығына әкеп тыжы- рына тұрып қарады да, онан соң екінші шарығымды әкеп және қарады, екеуінің де сыртындағы сыланған қара май еріп, тамшылап тұр.

    • Әй Қамат, мынауың не?

Мен үндегем жоқ. Үйдің бұрышындағы ескі тонға орана түсіп, жантайып жата бердім.

    • Әй, мынауың не деймін? — деп ақырып жіберген Нәзира әпкем. Мен селк ете түстім.- О заман да, бұ заман киізге қара май жаққан деген не сұмдық?!

Шарықтарымды үстіме қарай лақтырып жіберді.

    • Өлтірейін бе осы, а?! Сендей ақымақтың барыңнан жоғың! — деп, маған қарай тап берген.

Әжем ұмтылып кеп арамызға тұра қалды.

    • Жә, жә…- деді сабырлы үнмен.

    • Әже-ау, бұл ақымақты неге қорғайсың?! Соп- сомадай боп істеп жүргені мынау?!

Нәзира әпкем күйініп барып отыра кетті.

    • Елдің мұндай баласы мынадай қиындықта бір жағына сүйеу боп жүр, ал бұл болса со күйі ми кеще, ақымақ… Әй, енді мынау киіз аяқ киімді қалай кептіресің?!

Мен әпкем қандай ауыр сөз айтса да, үнсіз мойындап жата бердім. Киізді майлап жүрген адам — кеще десе кеще, ақымақ десе ақымақ қой.


Қыс ортасында Мұқан ағайымыз әскерге алынып, мектебіміз жарты айдай жабылып қалған. «Бұл қиын болды ғой, балалар оқудан қол үзіп қалатын болды-ау?!

деп мазасызданған ата-аналар ауылдың бас көтерері деп Байдалы шалға барған екен. Нұғыман ауырғалы, колхоздың кеңсесіне талтақтап кіріп, қоқырайып барып төрдегі бастықтың орнына шірене отырып жүрген Байдалы шал әлгі келген ата-аналарға жат та кеп ұрсыпты: «Әй, өздерің қалай ойлайсыңдар осы?! Мына қақаған қыста мұғалім табуды ойыншық көресіңдер ме? Ол жаңа келетін мұғалімге үй керек емес пе? Отын-су керек емес пе? Ал оның бәрін мен қайдан табам?!. Жә, басты қатырмаңдар!» — деп, қуып шығыпты.

Осыны естігенде, төсек тартып жатқан Нұғыман қатты ренжіген көрінеді. Байдалыны үйіне шақыртқан екен, әншейінде Нұғыманның атын естігенде мөнтең қағатын шал бұл жолы тіпті пысқырмапты да, «қолым тимейді» деп бармай қойыпты. Байдалы шалдың мына қылығын естігенде, үлкендер жағасын ұстады: «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағына ойнақ салар» деген осы екен-ау,- десті. Нұғыман кім еді? Байдалы кім?.. Күні кеше колхоздастыру кезінде бүкіл бір болыстың елін аузына қаратып, соңына ерткен, орақ тілді, от ауызды, бетіне жан қаратпаған жігіттің сұлтаны еді ғой Нұғы- ман. Әттең, абайсызда тап жауларының қолына түсіп, мертігіп қор боп қалды. Ал Байдалы болса әркімнің шөре-шөресінде жүрген, қолға су құюдан аспаған сорлы жан еді. Енді, міне, бүгінде кісімсіп бұл да ел басқарып жүр. Мына қараң өшкір соғыстың кесапаты да. Әйтпесе ер-азамат түгел тұрса, Байдалыға қарап қалар күн туар ма еді, сірә да?!

Әжібек болса өзіне қарайлас біздерді — балаларды жиып алып, біз арқылы ата-аналарымызды табалап бір рақаттанып қалды.

− Ал Байдалыға бағынып бір жетістіңдер-ау, а! Еріңдер сол қақбастың соңынан, тұпа-тура социализ- мнің төрінен бір-ақ шығарсын,- деп кекетті барлығымы-

здың төбемізден қарай тұрып.- Талай айттым ғой осы, ол Байдалы деген байдың құйыршығы боп келген адам, одан басалқалық шықпайды деп. Әй, енді не дейін бұл елге, шын сөзімді қор қылады. Баласынады. Өзіміздің әлгі боқмұрын Әжібек емес пе, осыны қойшы, адам болмайды дейді. Ал сонда сенген Байдалысының түрі анау ма?! — Әжібек Байдалы шалға да, оған бағынып жүрген бүкіл ауылға да ызалы еді. Сол ызасын қазір біздердің көзімізді шұқығандай бетімізге басып айтып тұр. Біз болсақ үнсіз мойындап тұрмыз. Шынында да, Әжібектің ақылындай ақыл кейбір үлкендерде жоқ-ау дейміз.

    • Ал, көксоққандар, оқудан қалған обалдарың бірінші Гитлерге де, екінші Байдалыға,-деді Әжібек сөзін түйін- деп.- Қайта бір есептен осы соғыс біткенше, бастарыңды қатырып оқымағандарың да дұрыс. «Зат есім» «Сын есім»… тағы қай есім еді, әлгі…

    • «Сан есім»…

    • Иә, иә, сол толып жатқан есімдермен бас қаты- рғанша, пайдалы бір тірлік істеу керек қой. Оқуды соғыс біткеннен кейін оқып алсақ та жетеді. Өзім соғыс біткен күннің ертеңіне-ақ станциядағы нағашымдікіне барып, тұп-тура милицияның оқуын оқимын. Көкелеріңді сонда танытамын әлі. Әй, сонда әсіресе мына Байдалы қақбасты алдыма салып, іші кепкен сиырдай ғып бір тырқыратармын-ау. Бүкіл елдің алдында табанымды жалайтын болады…

Осы кезде үйінен шыққан Ырысбек дауыстап Әжібекті шақырған.

    • А! Жолдас бас қолбасшы!

    • Бері кел деймін,- деді Ырысбек.

    • Қазір,- деп, Әжібек дедектей жөнелді. Кетіп бара жатып: Мына әскерлерді қайтем? -деп сұраған.

    • Күте тұрсын! — деді Ырысбек.

      • Әй, тырп етпей күте тұрыңдар! — деді Әжібек бізге қайырыла бұрылып.

Біз сол тобымызды жазбаған күйде күтіп тұрдық та, Әжібек Ырысбектің жарлығын тыңдап қайтып оралды. Келе бәрімізге одырая өктем қарап:

      • Ал, көксоққан әскерлер, бас қолбасшы біздерге ұрсып тұр,- деп бастады сөзін.- Соңғы кезде сендердің не оқыған оқуларың жоқ, не бітірген істерің жоқ, тағы да беттеріңмен кетіп бара жатырсыңдар. Серкесі жоқ мал құсап барасыңдар. Оларың жарамайды. Жаңа Ырысбек те соны айтты. Шүкіршілік, бастайтын серке- лерің бар. Ол — мына менмін,- осы тұста балалардың бірі шиқылдай күлген, Әжібек көзін аларта: — Кәне, о кім күліп тұрған? Көк желкеңді қиып жіберейін осы! деген түтіге жекіп. Күлкі сап тыйылды.- Жаңа бас қолбасшы екеуміз ақылдаса кеп, сендерді қыс кезіндегі еңбекке тәрбиелейтін болдық. Анда-санда таудан отын шабуға барып тұрамыз. Бұл бізге әскери тапсырма! деді сөзін шегелеп, онан соң тау жаққа көз сала тұрып: — Әне, Ешкіөлместің күнгейіндегі бұйралана ұйысып жатқан қалың тобылғы мен қарағанды көрдіңдер ғой, содан отын шабамыз. Мынадай қыста салпақтап құр ойнай бергенше, бір уақ отын шауып шешелеріңді қуантсаңдаршы. «Қарағым адам боп қапты»,- деп, төбесі көкке жетеді ғой,- деген.

      • Ой, біздің үйде отын көп, атам кеше бір шана ағаш отын түсірді.

      • Біздің үйдің отыны да қысқа жетеді.

      • Мен бармаймын.

      • Мен де бармаймын,- деп, балалар жан-жақтан дабырлай бастаған.

Әжібек дөрпиген көн етігімен жерді (қатты қарды) теуіп қалды.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35


написать администратору сайта