Тексерілді:
Бөлімі:
| Сауат ашу
| Педагогтің Т.А.Ә
|
| Күні:
|
| Тобы/сыныбы:
| Мектепалды даярлық сыныбы
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Оқу қызметінің тақырыбы:
| Біз көне заттар музейіндеміз. З дыбысы мен əрпі.
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
| Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
| Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:
| Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым- қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану. Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.
| ҰОҚ тінің барысы
| ҰОҚ- тінің
кезеңдері/уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Ресурстар
| ҰОҚ басталуы
3 – 5 минут
| Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырады.
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Амандасу үлкенмен,
Тəрбиенің мəні ғой.
Алдыменен, халайық,
Амандасып алайық.
Педагог балалардың зергердің суретін көрсетіп, зергердің атқаратын міндеті туралы əңгімелейді.
Балаларға сұрақ қояды.
– Сендердің үйлеріңде əшекей бұйымдар бар ма?
– Мұражайға барып көрдіңдер ме?
| Өлең жолдарын қайталайды.
Балалар сұраққа жауап беріп өз ойларын айтады.
| Зергердің,
зергерлік
бұйымдар-дың
суреттері немесе
слайдтар.
Қолөнер
музейінің суреті.
| Негізгі бөлім 15-20 мин
| Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма
Педагог балаларға қару-жарақтар, музыкалық аспаптар мен қазанның суреттерін көрсетеді.
Суреттегі заттарды ататып, сызықпен қосып топтастырып, сұрақтарға жауап беру.
Сен қандай музейде болдың?
Артық зат қайсысы? (Қазан).
Суретте берілген заттардың аттарынан З дыбысын табу.
З дыбысының орнын анықта.
З дыбысы нешінші буында екенін айт.
2-тапсырма
Педагог балаларға моншақтар мен түсті қағаздардан З əрпін құрастыруды ұсынады.
3-тапсырма.
Қай зат үстінде тұр? Сол заттың суретін боя. Берілген тапсырмада сызғыштағы 8 санын тігінен екіге бөлгенде оң жағы З əрпі жəне 3 цифры болады.
Жауабы болған жағын бояңдар. Сергіту сəті.
Ұзын қанат инелік,
Инелікке тимелік,
Ұшақты біз жасадық,
Инеліктен үйреніп.
Зу-зу, зу-зу, зу-зу.
4-тапсырма
Педагог балаларға «З» дыбысы туралы əңгіме оқып береді жəне З дыбысының дұрыс айтылуын қайталайды. З дыбысын айтқанда дыбыс кедергіге ұшырайды, тістердің арасынан шығады.
Өзеннен З əрпі өзінің бейнесін көріп, танымай үш саны екен деп таңданып қалады. Төбесінде заузақоңызы «З-з-з!» деп ұшып жүреді.
«З» дыбысы судан нені көрді?
3 цифры мен «З» əрпін салыстырыңдаршы.
| Балалар заттардың аттарын атайды: қобыз, семсер, садақ, қазан, найза, домбыра, сыбызғы. Балалар кеңістікті бағдарлайды.
Жауабы болған жағын бояйды.
Сергіту сәтін көңілді орындайды.
Қимылмен қайталайды.
| Əліппе-дəптер.
3 цифры мен З
əрпі жазылған
плакат,
моншақтар.
8 цифры
жазылған плакат
| Рефлексия.
Қорытынды бөлім
5 минут
| Педагог балалардың үлгерім деңгейін талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.
Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды
| Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды
| Смайлик
|
Тексерілді:
Бөлімі:
| Сауат ашу
| Педагогтің Т.А.Ә
|
| Күні:
|
| Тобы/сыныбы:
| Мектепалды даярлық сыныбы
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Оқу қызметінің тақырыбы:
| Анамыздың əлдиі. Ə дыбысы мен əрпі
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
| Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау. Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.
| Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:
| Сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу. Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.
| ҰОҚ тінің барысы
| ҰОҚ- тінің
кезеңдері/уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Ресурстар
| ҰОҚ басталуы
3 – 5 минут
| Педагог балаларды ортаға шаттық шеңберін құруға
шақырады.
Қайырлы таң, балалар,
Арайлап таң атты,
Алтын сəуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы таң, достарым!
Педагог балаларға бесік көрсетеді. Бесік туралы əңгімелейді. «Бесік жырын» тыңдайды.
| Балалардың ең алғашқы тыңдаған əндерін «Бесік жыры» деп атайтынын түсіндіреді. Бесік туралы балалар өз ойларын айтады.
| Бесік суреті
немесе слайд.
«Бесік жыры»
жазылған
үнтаспа.
| Негізгі бөлім 15-20 мин
| Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма
Педагог балаларға «Бесік жырын» айтып береді.
Əлди-əлди, бөпешім,
Əлпештейтін көкешім.
Тербетейін жата ғой,
Тəтті ұйқыға бата ғой.
– Балалардан өлең жолдарынан Ə дыбысы бар қандай сөздерді естідіңдер?
– Ə – жіңішке дауысты дыбыс. Екі езу сəл кері тартылып, жымиып күлген кісінің кейпін көрсетеді, үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а дыбысын айтқандағыдан гөрі жақынырақ қашықтықта сақталады, дауыс шымылдығы жабық болады, жұмсақ таңдай көтеріледі де мұрын ауа жолымен жабылып тұрады;
Дауысты дыбыстар қызылмен белгіленеді.
2-тапсырма.
Педагог балаларға қазақ халқының бесікке салу, тұсау кесу сияқты дəстүрлері туралы айтып береді.
Бесікте ұйықтап жатқан жəне баланың тұсауын кесу рəсімінің суреттерін көрсетеді.
– «Тəй-тəй!», «Əлди-əлди!», «Қаз-қаз!» деген сөздерді кімге арналып айтылады?
Сергіту сəті.
Қаз-қаз, балам, қаз балам
Қадам бассаң, мəз болам
Тұсауыңды кесейін
Күрмеуіңді шешейін,
Қаз, қаз, балам, қаз балам.
3-тапсырма. «Сəби ұйықтады» деген сөйлемін əртүрлі дауыс мəнерімен айтқызу. 1-сөйлемде хабарлы сөйлемнің мəнерімен, ал 2-сөйлемде лепті сөйлемнің дауыс мəнерімен айтқызады. Дəптерде
берілген екі сөйлемнің соңына тыныс белгілерін қойдырту.
4-тапсырма
Педагог қысқа өлең шумақтарын оқып береді.
Тербеткен əже сəбиді,
Естіледі əлди-əлдиі.
Педагог баланың арбасының сыртқы пішіні неге ұқсайтынын сұрайды. Ə əрпінің баспа түрін көрсетеді. Балалар салыстырады.
Ауада Ə əрпін жазып көрсетеді. Сəбидің арбасын Ə əрпіне ұқсатып салады жəне боятады
5-тапсырма. Педагог балаларға сылдырмақ ойыншығын көрсетеді. Баланың ең алғашқы ойыншығы, онымен жаңа туған нəрестені сылдырлаған дыбысы арқылы тыныштандыруға болатынын түсіндіреді.
Педагог балаларға сылдырмақ жасау тəсілін көрсетеді. Балалар сəбиге арнап жіңішке дауысты дыбыстардан əдемі сылдырмақ құрастырады.
Балалар жазу жолына Ə əрпінің баспа түрін жазады.
|
Ə дыбыс бар сөздерді айтып береді.
Сəби ұйықтағанда айтылатын «Тыныш, шулама!» деген сөзді ым-ишарамен көрсетеді.
«Сəби ұйықтады» деген сөйлемді əртүрлі дауыс мəнерімен айтады. 1-сөйлемде хабарлы сөйлемнің мəнерімен, ал 2-сөйлемде лепті сөйлемнің дауыс мəнерімен айтады.
Балалар салыстырады.
Ауада Ə əрпін жазып көрсетеді. Сəбидің арбасын Ə əрпіне ұқсатып салады жəне бояйды. Балалар сылдырмақ туралы білгендерін айтады
| Əліппе-дəптер.
Суреттер.
Əліппе-дəптер.
Сылдырмақ.
Сылдырмақ
құрастыруға
арналған заттар.
Əліппе-дəптер.
| Рефлексия.
Қорытынды бөлім
5 минут
| Педагог балалардың үлгерім деңгейін талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.
Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды
| Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды
| Смайлик
|
Тексерілді:
Бөлімі:
| Сауат ашу
| Педагогтің Т.А.Ә
|
| Күні:
|
| Тобы/сыныбы:
| Мектепалды даярлық сыныбы
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Оқу қызметінің тақырыбы:
| Жұмбақ айта білеміз. Ж дыбысы мен əрпі
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
| Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
| Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:
| Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу
| ҰОҚ тінің барысы
| ҰОҚ- тінің
кезеңдері/уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Ресурстар
| ҰОҚ басталуы
3 – 5 минут
| Оқу іс-əрекетіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера туғызады. Тəрбиеленушілер өлеңді қимылмен, жақсы көңіл күймен 2-3 рет қайталайды.
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті, міне, бойларың.
Иіліп сəлем береміз,
Əдепті боп өсеміз.
Жақсы сөздер айтамыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
| Өлең жолдарын қайталайды.
Балалар сұраққа жауап беріп өз ойларын айтады.
|
| Негізгі бөлім 15-20 мин
| Педагог «Əліппе пойызы» деген бейнетаспадан Ж дыбысы жайлы бөлігін көрсетеді.
– Фильм əріптер мен дыбыстар туралы.
– Дұрыс. Біз енді ұйымдастырылған оқу қызметінде Ж дыбысымен танысамыз.
Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма
Тыңда.
Педагог балаларға қысқаша жұмбақ туралы мəтінді оқып, оның қызықты болатыны туралы айтып береді.
Жұмбақ – адамның алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылысты тұспалдап сипаттайтын шағын тақпақ. Жұмбақ шешу өте қиында, қызықты. Балаларға жұмбақ шешу үшін, ойлану керектігін, жұмбақтың əр сөзінен ұқсастық жауапты табу керегін түсіндіреді.
2-тапсырма. Суреттерге назар сала отырып, педагогтің оқыған жұмбақтарын балалар шешеді. Жұмбақтардың шешулері: жұлдыз, көжек, жапырақ.
Жұмбақтың шешуі болған сөздерді дауыстап айтқызып, осы сөздерде кездесетін Ж дыбысын бірнеше рет қайталатады.
Ж – ұяң дауыссыз дыбыс. «Ж» созылып, əндетіліп айтылмайды, ауыз қуысында кедергіге ұшырайды. Көк түсті дөңгелекпен белгіленеді.
3-тапсырма. Суреттен Ж дыбысы бар сөздері іздеп табады. (Кемпірқосақ, жапырақ).
– Кемпірқосақтың түсі нешеу? (Балалар кемпірқосақтың түсінің санын айтады).
Түстерін атай отырып, Ж дыбысы естілетін түсті табады (жасыл).
Ж дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту. Балалар əр баланың айтқан сөзін буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды. Мысалы: жаң-ғақ. Ж дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс. Көк белгімен белгіленеді.
Сергіту сəті.
Көп отырып, шаршадық,
Қозғалуды аңсадық.
Билегіміз келеді,
Əдемілеп əн салып.
Тік тұр, қолыңды соз,
Оңға-солға бұрылыңыз.
Шымыр болсын денеміз,
Жаттығуды үйренеміз.
Педагог балаларды орындарынан тұрғызып сергіту сəтіне шақырады.
4-тапсырма. Ж əрпімен танысайық.
Сонымен қатар Ж əрпінің бейнесіне қарап, балалар өз ойларын айтады.
5-тапсырма
Сурет бойынша əңгіме құрастырады.
Педагог əңгімелеп беріп, сұрақ қояды.
Жапырақтары жайылған шөптер мен гүлдер өсіп тұрады. Көбелек ұшып келеді. Шөптердің арасынан жылан жылжып барады.
Балалар суреттегі көбелекті бояуға кіріседі.
Жазу жолдарына Ж əрпінің баспа түрін жазады. Алдымен ауада жазып көрсетеді.
| Әріптер мен дыбыстар туралы фильм тамашалайды.
Балалар жұмбақ шешу үшін, ойлану керектігін, жұмбақтың əр сөзінен ұқсастық жауапты табу керегін түсінеді.
Жұмбақтың шешуі болған сөздерді дауыстап айтқызып, осы сөздерде кездесетін Ж дыбысын бірнеше рет қайталатады.
Суреттен Ж дыбысы бар сөздері іздеп табады. Балалар кемпірқосақтың түсінің санын айтады. Балалар əр баланың айтқан сөзін буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды. Мысалы: жаң-ғақ. Ж дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс. Көк белгімен белгіленеді.
Ж əрпінің бейнесіне қарап, балалар өз ойларын айтады. Сурет бойынша əңгіме құрастырады.
Балалар суреттегі көбелекті бояуға кіріседі.
Жазу жолдарына Ж əрпінің баспа түрін жазады. Алдымен ауада жазып көрсетеді.
| Бейнетаспа
Əліппе-дəптер.
Суреттер.
Суреттер.
Қызыл, көк дөңгелекшелер.
Баспа түрі жазылған плакат.
| Рефлексия.
Қорытынды бөлім
5 минут
| Педагог балалардың үлгерім деңгейін талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.
Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды
| Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды
| Смайлик
|
Тексерілді:
Бөлімі:
| Сауат ашу
| Педагогтің Т.А.Ә
|
| Күні:
|
| Тобы/сыныбы:
| Мектепалды даярлық сыныбы
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Оқу қызметінің тақырыбы:
| Қонақ күту салтымыз. П дыбысы мен əрпі
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
| Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
| Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:
| Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы) . Сөз, сөйлем сызбасын құру жəне оқу. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
| ҰОҚ тінің барысы
| ҰОҚ- тінің
кезеңдері/уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Ресурстар
| ҰОҚ басталуы
3 – 5 минут
| Оқу қызметіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера құру үшін балаларды шеңберге тұрғызады.
Балалар бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.
Педагог балалармен «Біз қонақтамыз!» деген тақырыпта əңгіме құрады.
Балалар қонаққа бару сендерге ұнай ма?
Ендеше бүгін біз өзімізді топқа келген қонақ ретінде сезінейік. Қонақта біз сыпайы, мəдениетті болуымыз керек. Алдымен амандасудан бастайық.
| «Біз қонақтамыз!» деген тақырыпта əңгіме құрады.
Алдымен амандасудан бастайды.
|
| Негізгі бөлім 15-20 мин
| Əліппе-дəптермен жұмыс 1-тапсырма Балалар «Үйге қонақ келетінін қалай болжауға болады?»
Педагог балаларға сұрақ қойып, бөлмеден П дыбысы бар затттарды тапқызады. Екі суреттегі үй ішіндегі заттардың орналасуына мəн береді. Сөредегі кітапқа назар аударады. 2-тапсырма. Портрет сөзін буынға бөледі. Дыбыстық талдау жасайды. П дыбысы естілген буынды қайталап, санын анықтайды. Көрпе сөзінің мағынасын түсінеді. Көрпе сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды. Доп сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Балалар П дыбысының дұрыс айтады. П дыбыс кездесетін сөз ойлап айтады.
–Қонақ келгенде сенің көңіл күйің қандай болады? Балалар көңіл күйлерін ым-ишарамен көрсетеді. Кейбір балалар ортадағы əртүрлі көңіл күйдегі смайликтарді өз көңіл күйіне қарай таңдап көрсетеді. П – қатаң дауыссыз дыбыс. 3-тапсырма бойынша берілген сөйлемдерді дауыс мəнеріне келтіріп оқиды, балалар бұл сөздерді қай кезде айтатындарын болжап айтады. Мысалы: Сау болыңыз! – қоштасқан кезде айтылады. Жолыңыз болсын! – жол жүріп бара жатқан адамға айтылатын сөз. Қош келдіңіз! – келген қонақтарға айтылады. Жоғары шығыңыз! – келген қонақтарға айтылады. Төрлетіңіз! – келген қонақтарға, жасы үлкен кісілерге айтылады.
Сергіту сəті. Біз қандаймыз, қандаймыз. Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжісуді білмейміз. 4-тапсырма. Тыйым сөздерді оқып, тəрбиелік мəнін түсіндіреді.
Есікті қатты жаппа. Табалдырықты баспа. Босағаны керме. Педагог табалдырықпен босағаны көрсетеді. Балалар есіктің П əрпіне ұқсайтын бөлігін көрсетеді. 5-тапсырма. П əрпімен таныс бол. П дыбысы еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан жасалатын шұғыл дауыссыз дыбыс. М.Əлімбаевтың өлеңін оқып береді. Балалар суреттегі үйдің қақпасына назар аударады. Педагог қақпаның суретін бастыра көрсетіп П əрпінің баспаша түрімен таныстырады. Балалар өз беттерінше П-ға ұқсас заттарды атайды. П əрпінің баспа түрін екі жолға бастырып жазады
| Сұрағына сурет бойынша жауап береді.
Балалар сұраққа жауап бере отырып, П дыбысы естілген сөздерді қайталап айтады. Суреттегі заттарды атайды. Екі суретті салыстырады Балалар кітап сөзін қайталап айтады. Сөзді буынға бөледі. П дыбысының қай буыннан естіліп тұрғанын табады. Балалар портрет туралы біледі. Балалар П дыбысының дұрыс айтады. П дыбыс кездесетін сөз ойлап айтады.
Балалар есіктің П əрпіне ұқсайтын бөлігін көрсетеді.
Балалар суреттегі үйдің қақпасына назар аударады. Педагог қақпаның суретін бастыра көрсетіп П əрпінің баспаша түрімен таныстырады. Балалар өз беттерінше П-ға ұқсас заттарды атайды. П əрпінің баспа түрін екі жолға бастырып жазады
| Əліппе-дəптер.
Суреттер.
Қызыл, көк дөңгелекшелер.
Əліппе-дəптер.
П əрпінің баспа түрі жазылған плакат.
Үнтаспа.
М.Əлімбаевтың өлеңдер жинағы.
Əліппе-дəптер.
Есік суреті.
Əліппе-дəптер.
| Рефлексия.
Қорытынды бөлім
5 минут
| Педагог балалардың үлгерім деңгейін талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.
Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды
| Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды
| Смайлик
|
Тексерілді:
Бөлімі:
| Сауат ашу
| Педагогтің Т.А.Ә
|
| Күні:
|
| Тобы/сыныбы:
| Мектепалды даярлық сыныбы
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Оқу қызметінің тақырыбы:
| Бауырсақ пен құрт. Б дыбысы мен əрпі
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
| Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
| Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:
| Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
| ҰОҚ тінің барысы
| ҰОҚ- тінің
кезеңдері/уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Ресурстар
| ҰОҚ басталуы
3 – 5 минут
| Оқу іс-əрекетіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера туғызады.
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті, міне, бойларың.
Иіліп сəлем береміз,
Əдепті боп өсеміз.
Жақсы сөздер айтамыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
| Тəрбиеленушілер өлеңді қимылмен, жақсы көңіл күймен 2-3 рет қайталайды.
|
| Негізгі бөлім 15-20 мин
| Педагог ортаға наубайшыны шақырады.
Наубайшы қолында табаққа салынған нан түрлері мен бауырсағын ала келеді?
Педагог: Наубайшы, сен ұннан неше түрлі тəтті тоқаш пен дəмді бауырсақтар пісіресің. Сол ұнның қайдан келетінін білесің бе?
Наубайшы: Жоқ, менде де осы ұнның қайдан келетінін білмеппін. Мүмкін балалар білер, солардан сұрап көрейікші. Педагог: Сұрасақ сұрайық! Балалар, ұнның неден жасалатынын білесіңдер ме?
Педагог слайд көрсете отырып, балалардың жауабын толықтырады.
Əліппе-дəптермен жұмыс 1-тапсырма. Педагог «Бауырсақ пен құрт» туралы шағын ертегіні оқып береді. «Нан – қадірлі ас» деген ұғымды түсінеді. Педагог балалардан ұлттық тағамдар жəне дəстүрлер туралы сұрайды. Педагог балалар жауабын толықтырады. 2-тапсырма. Суреттен Б дыбысы естілетін зат атауларын ата. Сурет бойынша əңгіме құрайды.
Қазаннан шыққан бу туралы балаларға педагог түсіндіреді. Сол сияқты жаңбыр туралы айтып өтеді. Заттардың атауларының астындағы дыбыстық сызбаға қарап, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды. Педагог балаларға сұрақ қойып, тапсырманы пысықтайды. Қазан бетінен аспанға ұшып жатқан не? Бауырсақ, бұзау, бота сөздеріне арналып сызылған төртбұрыштардың ішіне осы сөздерді дыбыстық белгілермен жазып көрсетеді. Тамақ сөзіндегі м дыбысының орнына б дыбысын қойып, табақ деген сөз шығатынын анықтайды. 3-тапсырма. Осы тапсырманы орындау арқылы бауырсақты неден жəне қалай пісіретіні туралы мəлімет алады.
Сергіту сəті. Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып, қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Өлеңді қимылмен 2-3 рет қайталап, есте сақтайды. 4-тапсырма. Б əрпімен танысайық. Б дыбысын айтқанда еріннің бір-біріне əуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болады.Педагог тақтаға Б əрпінің баспа түрін іліп қояды. Балалар Б əрпіне ұқсас заттарды атайды. Педагог атаған образдарды атайды. 5-тапсырма. Қай цифр Б-ға ұқсайды? Тақтаға 1-ден 6-ға дейінгі цифрларды іліп қояды.
6-тапсырма. Педагог балаларға таяқшалар беріп, б əрпін жасауды көрсетеді. Балалар қайталайды. Ермексаздан педагог Г жəне о əрпілерін бейнелейді. Енді осы əріптердің көмегімен Б əрпін құрастырады. Балалар берілген ермексаздан педагогтің көрсетуімен Б əрпін жасайды. Жазу дəптеріне Б əрпінің баспа түрін жазады. Алдымен ауада жазып көрсетеді
| Балалар өз ойларын айтады.
Балалар «Ас атасы – нан» мақалын естеріне сақтайды. Бауырсақ туралы ертегіні мазмұндайды. Бауырсақ сөзін буынға бөледі. Осы сөзді қатыстырып, сөйлем құрайды. Балалар суреттегі заттарды атайды. Бауырсақ, табақ, бота, бұзау.
Масақ, ұн, нан сөздеріне дыбыстық талдау жүргізіледі. Масақ сөзіне сөздік жұмыс жүргізіледі. Масақ – астық дақылдарының дəнді басы. Б – ұяң дауыссыз дыбыс.
Ауада Б əрпінің баспа түрін жазады. Балалар тура жəне кері санайды. 5-тен кейін қандай цифр тұратынын табады. Тақтадағы үзік сызықпен берілген 6 цифрын балалар бастырып салады.
| Əліппе-дəптер.
Суреттер.
Дыбыстық сызба жазылған плакат.
Бауырсақ суреті.
Масақтың суреті.
Б əрпінің баспа түрі жазылған плакат.
6 цифры жазылған плакат.
Таяқшалар.
Ермексаз
| Рефлексия.
Қорытынды бөлім
5 минут
| Педагог балалардың үлгерім деңгейін талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.
Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды
| Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды
| Смайлик
|
Тексерілді:
Бөлімі:
| Сауат ашу
| Педагогтің Т.А.Ә
|
| Күні:
|
| Тобы/сыныбы:
| Мектепалды даярлық сыныбы
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Оқу қызметінің тақырыбы:
| Қайшы неге ұқсайды? Х дыбысы мен əрпі.
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
| Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау. Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы).
| Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:
| Сөз, сөйлем сызбасын құру жəне оқу. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
| ҰОҚ тінің барысы
| ҰОҚ- тінің
кезеңдері/уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Ресурстар
| ҰОҚ басталуы
3 – 5 минут
| Оқу қызметіне балалардың назарын тартып, педагог жағымды атмосфера құру үшін балаларды шеңберге тұрғызып, бір-бірлеріне жылы сөздер айтқызады.
Педагог балалардың назарын слайдтағы қазақтың дəстүрлері туралы суреттерге аударады.
Педагог балалардың əңгімесін толықтырады.
| Балалар өздеріне таныс дəстүрлер туралы əңгімелейді.
| Салт-дəстүрлер
бейнеленген
слайдтар.
| Негізгі бөлім 15-20 мин
| Əліппе-дəптермен жұмыс 1-тапсырма
Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?
Қандай дəстүрлерді көріп тұрсыңдар?
Педагог балаларға сюжетті суретті көрсетеді.
Тұсаукесер рəсімі туралы айтып береді.
Жаңа үй, жаңа жұмыс орнының ашылу салтанатында қызыл таспаны қию туралы дəстүрді де айтады.
2-тапсырма бойынша мəтінді оқиды. Қайшының қандай құрал екенін, оның қажеттілігін түсіндіреді.
Шаш кестіруге барғанда шаштараз шашты немен қияды?
Қайшы туралы сұраққа жауап береді. Педагог қайшыныңашық тұрғанда Х дыбысына ұқсас екенін түсіндіреді.
3-тапсырма. Достардың көңілді күлкілерін салу: «Хи-хи!»,«Хо-хо!», «Хи-хо-хи!» – деп күліп дыбыстайды.
4-тапсырма. «Қайшының əнін тыңдайды.
Педагог тақтадағы Х əрпінің бейнесіне ұқсас қайшының суретін іліп қояды.
Сергіту сəті.
Балалар орындарынан тұрып, тыныс алу жаттығуын жəне қол-аяққа арналған жаттығуларды Х əрпіне ұқсатып жасайды.
5-тапсырма. Хатқалтаның х-ға ұқсас бөлігін тапқызу. Хат, хатқалта сөздеріндегі х дыбысының орнын анықтату.
Хатқалтаның Х-ға ұқсас бөлігін сызғызу.
Хат сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
Хат алыстағы адамдардың қарым-қатынас құралы екенін, оны пошташы тасып жеткізетінін педагог əңгімелеп түсіндіреді.
Алдымен педагог балаларға хат салатын хатқалта туралы түсіндіреді.
Оның бірінші бетінде хат баратын жердің мекенжайы жазылатындығын айтады. Екінші бетінің айқастырылып желімделгенін көрсетеді.
Педагог хатқалта жасауға көмектесіп, бүктеу сызықтарын көрсетіп тұрады.
6-тапсырма. Таяқшалар мен қыстырғыштардан х əрпін бейнелеп жазады.
Жазу жолына Х əрпінің баспа түрін жазады.
| Жаңа үй, жаңа жұмыс орнының ашылу салтанатында қызыл таспаны қию туралы дəстүрді де айтады. Қайшы туралы сұраққа жауап береді. Балалар Х дыбысын дұрыс айтуға жаттығады.
Х – қатаң дауыссыз дыбыс жəне ауа кедергіге ұшырайды. Балалар орындарынан тұрып, тыныс алу жаттығуын жəне қол-аяққа арналған жаттығуларды Х əрпіне ұқсатып жасайды.
Балалар төртбұрыштап кесілген қағаздан хатқалта жасайды.
Хатқалта дайын болған соң Х-ға ұқсайтын екінші жағындағы бүктемесін үзік сызықтармен бастырады.
|
Əліппе-дəптер.
Тұсаукесер жібі,
таспа.
Қайшының суреті.
Х əрпіне ұқсас
салынған
қайшының суреті.
Музыка əуені.
Хатқалтаның
суреті.
Əліппе-дəптер
| Рефлексия.
Қорытынды бөлім
5 минут
| Педагог балалардың үлгерім деңгейін талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.
Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды
| Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды
| Смайлик
| |