Главная страница

пвпк. Біздің Қазақстандағы элитаға келсек. Бізді азастандаы элитаа келсек, еліміз егемендігін аланымен билеуші топ онша згере койан жо


Скачать 12.86 Kb.
НазваниеБізді азастандаы элитаа келсек, еліміз егемендігін аланымен билеуші топ онша згере койан жо
Дата13.10.2021
Размер12.86 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаБіздің Қазақстандағы элитаға келсек.docx
ТипДиплом
#246498

Біздің Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере койған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде қызмет атқарып, коммунистік партия ыдырағаннан кейін Президент, Үкімет әкімшілігіне қызметке көшті.

Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек, оған Президент, оның әкімшілігінің бастығы, орынбасарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері), Парламент, министрліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялык элита кіреді.

Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады. Билеуші элитаға тарту, оларды жаңғырту мәселесіне келсек, жоғары басшыларға берілген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса, келесі лауазымды орынға отырады. Соның салдарында ол “сырттан келетін” адамдарға жабық элитаға айналды. Шынайы көп партиялық болмаған соң, саяси билікке олардың ықпалы шамалы. Сыбайлас жемқорлықтың саны көбеюде. Билік басындағылардың көбі өз күнін күйттеп, жалпы халықтың жағдайы төмендеп, жұмыссыздық белең алуда.

Мұндай жағдайды болдырмай, тығырықтан шығу, саяси элитаның саны мен сапасын көтеру үшін оларды ашық, жариялылық жағдайында, зерделі, білімді, білікті, еліне, халқына шынайы жаны ашып, қызмет ететін азаматгардан тандаған жөн.


написать администратору сайта