Документ Microsoft Word. Бизнес жне ы факультеті ытану кафедрасы
Скачать 32.62 Kb.
|
«Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КАҚ «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасы Пәні:Кәсіпкерлік Тақырыбы: «Менің бизнес идеям» Орындаған: ЮП20-3 студенті-Муханбетов Дархан Ақтау 2021 1. Гаджеттерді, ұялы телефондарды жөндеу орталығы Гаджеттерді, ұялы телефондарды жөндеу — ЖОО-да оқитын студенттер үшін таптырмас бизнес. Ол екі жолмен жүргізіледі: бір реттік қосымшалар мен бағдарламаларды орнату, клиенттерді құрылғылармен жұмыс істеуге үйрету; шағын жөндеу жұмыстары. Шеберхананы кез келген жерден ашуға болады. Жөндеу жұмыстарын жақсы меңгерген болсаңыз, ай сайын таза табысқа шығып отырасыз. 2. Курьерлік қызмет Студенттер үшін ақшасыз бастауға болатын бизнес қызықтыра ма? Онда достарыңызбен бірлесіп, курьерлік қызмет көрсететін істі бастап көріңіз. Серіктестер ретінде, әртүрлі мерзімде оқитын студенттерді таңдаңыз. Өйткені тапсырыстарды қабылдау және тапсырманы орындау жеңіл болады. Басында айтып өткеніміздей, істі бастау үшін ешқандай ақша салмайсыз. 3. Курстық жұмыс, реферат жазу Бұл бизнес нағыз студенттерге арналған жұмыс. Сіздің біліміңіз жеткілікті деңгейде болса, неге байқап көрмеске? Бір жағынан өзіңізге де пайдалы. Достарыңызға да көмегіңіз тиеді. Әрине, ақылы түрде. Белгілі бір пәндерге қатысты дәрістер жинағын, шпаргалкалар жасап сатуға болады. Ескертетін жағдай, дайындаған қызметіңіздің барлығын қағаз түрінде шығарып, өткізуіңізге тура келеді. Сол себепті тапсырма алған бойда қызметіңіздің жарты ақшасын алдын ала төлеуін сұраңыз. Бұдан өзге бұл бизнесте шығындар жоқ. Ал табыс көлемі әрбір семестр сайын артып отырады. 4. Сайт жасау Сайт құрастыру бойынша бизнесіңізді арнайы бағдарламалау тілін меңгермей-ақ ашуға болады. Қазіргі таңда студенттердің көпшілігі осы бизнес түрін меңгеруге бейім. Сайт құрудың бағдарламалары да түсінікті және қарапайым. Олардың ішдегі ең танымалдылары — Wix, Tilda, uKit, Nethouse. 5. Контент сату Ең қарапайым бизнес түрі. Алайда ерекше ақыл-ой мен шығармашылықты қажет етеді. Егер сіздің бойыңыздан осы қасиеттер табылса, қиындық тудырмасы анық. Мысалы, өзіңіз жазған мақаланы, салған суреттеріңізді, өзіңіз түсірген авторлық фотоларыңызды, жасаған логотиптеріңізді сатуға болады. Тапсырыстарға ақылы қол жеткізуді ұсынатын алаңдарға тіркелуді қоспағанда, бастапқыда ақша салудың қажеті жоқ. |