Главная страница
Навигация по странице:

  • 3.2. Шығарылатын өнімнің бәсекелестік артықшылығы, техникалық-экономикалық сипаттамаларды аналогтармен салыстыру (1- кесте).

  • Көрсеткіштің атауы

  • 3.4. Өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы.

  • 4. ЖОБАНЫҢ ҚҰРАМЫ : 4.1.

  • Лауазым Қызметкерлердің саны Оклад

  • 4.2. Бағдарламаларға қатысу тәжірибесі, жобалардағы рөлі, алынған нәтижелері мен кәсіпорынның даму көрсеткіштері.

  • Алибеков Қазбек Алтынбекұлы және Егізов Ғали Ақжанұлы

  • Жұмысқа қабылданатын қызметкерлерге қойылатын талаптар

  • Лауазымы

  • 5. ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ: 5.1. Тәуекелдердің ықтимал типтері мен көздері, оларды азайту бойынша шаралар.

  • Жобаны іске асыру кезеңінің атауы Кезең мерзімі Кезең құны

  • газоблок. Газоблок өндірісі. Бизнесжоспарды рылымы жалпы деректер жоба


    Скачать 1.37 Mb.
    НазваниеБизнесжоспарды рылымы жалпы деректер жоба
    Анкоргазоблок
    Дата09.05.2023
    Размер1.37 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГазоблок өндірісі .docx
    ТипДокументы
    #1117060
    страница3 из 4
    1   2   3   4



    3. КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ:

    3.1. Өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын талдау, бизнесті кеңейту перспективалары.

    Төмендегі диаграммадан көріп отырғанымыздай Батыс-Қазақстан облысында құрылыс жұмыстарының ауқымы жылдан жылға ұлғайып келеді.



    Ақпарат көзі: https://stat.gov.kz/region/253160/dynamic


    Ақпарат көзі: https://stat.gov.kz/region/253160/dynamic
    Ресми ақпараттарға сүйенсек 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы бойынша 591 мың шаршы метр көлеміндегі тұрғын үй пайдалануға берілді. Бюджет қаражаты есебінен 82,5 мың шаршы метр тұрғын үйлер, халықтың қаражаты есебінен
    276,4 мың шаршы метр тұрғын үйлер, кәсіпорынның меншіктік қаражат есебінен 228,5 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

    Оралдағы жеке үй құрылысының стандартты мөлшері 10*12 м (120 ш.м.). Терезелерді/ойықтарды/бөлімдерді есептемегенде 3 метр биіктікте 1 үй салу үшін шамамен 47,2 куб газды бетон блогы қажет. Батыс-Қазақстан облысында жылына шамамен 591 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылса, оның шамамен 46,7% жеке үй құрлысына келеді, яғни 276 мың шаршы метр. Үй соққанда оның қабырғасын көтеруге қажетті құрылыс материалдарының 30% газды бетон блоктарына келеді деп жоспарлағанның өзінде (эксперттік баға), газды бетон блоктарының әлеуетті нарық сиымдылығы 32 мың кубке бағаланады.

    Батыс Қазақстан облысы бойынша газоблок сатушыларды ОЛХ электронды хабарландыру тақтасы арқылы көруге болады, бар-жоғы 10 хабарландыру бар, ал нақыты газоблок өндірушілердің саны жоқтың қасы. Осы кәсіпорындарда жасалатын газоблоктардың көлемі нарықтағы сұранысты қанағаттандыруға жеткіліксіз. Сондықтан Батыс Қазақстан облысына көршілес облыстардан және шетелден газоблоктар импортталады.

    Бизнес идеямызды тестілеу масқсатында ОЛХ сайты арқылы жарнама бердік. Күніне орта есеппен 10 адам хабарласты. Бұл Орал қаласының нарығында газоблоктаға сұраныстың бар екендігін көрсетті.

    3.2. Шығарылатын өнімнің бәсекелестік артықшылығы, техникалық-экономикалық сипаттамаларды аналогтармен салыстыру (1- кесте).

    Техникалық және құндық сипаттамалары бар баламаларға салыстырмалы талдау жүргізіледі (техникалық деңгей, аналогтармен салыстырғанда өндіріс үшін ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің құны, ақпарат көздеріне сілтемелер):



    Көрсеткіштің атауы

    Көрсеткіштердің мәні

    Ұсынылатын үлгі

    1 аналог

    2 аналог

    ИП A1ibekov

    Жергілікті өндірушілер

    Шетелдік өндірушілер

    Сапасы, беріктік қасиеті

    +

    -

    +

    Клиентке қолайлы түрінің болуы

    +

    -

    +

    Бағасы

    +

    +

    -


    Сапасы жағынан біздің газоблоктар өзге өндірушілерге қарағанда жақсы, беріктік қасиеті жоғары, бірақ жергілікті өндірушілер түрлі формадағы пазл-гребень немесе тұтқасы бар газоблоктарды жасамайды. Ал шетелдік өндірушілердің газоблоктарының бағасы өте жоғары, ал сапасы біздің газоблоктардан артық емес.
    3.4. Өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы.

    Жергілікті халықтың экономикалық әл-ауқатының оң өсу қарқынына, халықтың ауылдардан қалаға қоныс аударуына (мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен) байланысты халықтың өз тұрғын үйін салуға, тұрғын үйдің аумағын ұлғайтуға және өндірістік үй-жайлар салуға қажеттілігі артып келеді. Кірпіш, бетон жабындары, саман сияқты құрылыс материалдарының орнына берік, жылу үнемдейтін, шірімейтін және қол жетімді материал – газды бетон блоктары тиімді болады.

    Газдалған бетон блоктары көбінесе 3 қабатқа дейінгі жеке үйлерді, технологиялық ғимараттар мен қызметтік үй-жайлар салу үшін қолданылады. Сонымен қатар газдалған бетон блоктары бөлмелер арасындағы қабырғаларды, монолиттен салынған үйлердің қабырғаларын тұрғызу үшін және ескі ғимараттардағы қабаттардың санын көбейту кезінде жиі қолданылады, себебі ол жеңіл және қолданыстағы іргетастар мен қабырғаларға көп күш түсірмейді.

    Эксперт мамандардың айтуы бойынша қазіргі күні барлық сатылған құрылыс материалдарының 40% жуығы осы газды бетон блоктарына келеді екен. Ресми статистиканың мәліметтеріне сүйенсек Батыс-Қазақстан облысы бойынша салынатын тұрғын үйдің көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді, 2020 жылы 837 мың шаршы метр көлемінде тұрғын үй іске қосылды. Бұл құрылыс материалдарына деген сұраныстың жылдан жылға ұлғайып келе жатқандығына дәлел.

    Сонымен қатар құрылыс материалдарын Батыс-Қазақстан облысына жақын орналасқан Атырау облысының, Маңғыстау облысының, Ақтөбе облысының елді-мекендеріне өткізуге болады.
    4. ЖОБАНЫҢ ҚҰРАМЫ:

    4.1. Қызметкерлердің саны, олардың қызметінің бағыты және біліктілігін растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар) қоса берілген біліктілігі.

    Кәсіпорынды жалпы басқаруды жеке кәсіпкердің өзі жүзеге асырады. Жоба бойынша жеке кәсіпкерден басқа бір бригадир және 4 жалдамалы жұмысшы жұмыс жасайды. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұма күніне дейін (5/2), сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Күніне жұмыс сағаттарының жалпы саны-8 сағат. Айына шамамен 25 күн жұмыс жасайды.

    Штаттық кесте

    Лауазым

    Қызметкерлердің саны

    Оклад

    Бір айдағы жалпы сома

    Жеке кәсіпкердің өзі

    1

    60 000

    60 000

    Бригадир

    1

    300 000

    300 000

    Жұмысшылар

    4

    200 000

    800 000

    Жиыны

    6




    1 160 000


    Жұмысшылардың жалақысы осылай қалыптасады: 1 жұмыс ауысымы үшін бригадирге 12 000 теңге, бір айда 25 жұмыс күні болғандықтан, бір айда 300 000 теңгені жалақы төленеді; бір жұмысшыға 1 жұмыс ауысымы үшін 8 000 теңге, ал айына 200 000 теңге төленеді.

    Төрт жұмысшы, бір бригадир және өзі үшін төленетін 1 айлық еңбек ақы қоры 1 160 000 теңгені құрайды. Өндіріс көлемі төмендеген кезде, сәйкесінше жұмыс ауысымы қысқарады, сондықтан еңбек ақы қоры да төмендейді.
    4.2. Бағдарламаларға қатысу тәжірибесі, жобалардағы рөлі, алынған нәтижелері мен кәсіпорынның даму көрсеткіштері.

    Осыған дейін жеке кәсіпкерлер Алибеков Қазбек Алтынбекұлы және Егізов Ғали Ақжанұлы ешқандай мемлекеттік бағдарламалардан жеңілдетілген несие алған емес
    4.3. Басқару құрылымы. Мамандарды тарту схемасы.

    Үш жыл ішінде жоспарланған көрсеткіштерге жеткен жағдайда жаңа қызметкерлерді тарту жоспарлануда (5 адам).
    Жұмысқа қабылданатын қызметкерлерге қойылатын талаптар

    Лауазымы

    Саны

    Сапа

    Білімі

    Тәжірибесі

    Бригадир

    1

    Өндіріс технологиясын білу, жұмысшыларды ұйымдастыру

    Сәйкес білімі, бар болса

    3 жылдан жоғары

    Жұмысшы

    4

    Жаман әдеттерсіз, физикалық төзімділік, адалдық

    Маңызды емес

    Маңызды емес


    5. ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ:

    5.1. Тәуекелдердің ықтимал типтері мен көздері, оларды азайту бойынша шаралар.

    1. Шикізатпен қамтамасыз етудің бұзылуы. Бұл тәуекелдерді алдын ала келісімшарттар жасау арқылы азайту қажет.

    2. Құрал-жабдықтардың бұзылуы және өндіріс мерзімдерінің созылуы. Бұл тәуекелдер шығыс материалдарын (расходный материалдарды) жүйелі түрде ауыстырып тұру арқылы, сондай-ақ құрал-жабдықтың өндірушісі берген кепілдік және кепілден кейінгі қызмет көрсету қызметі арқылы азайтылады.

    3. Дайын өнімді сатудың жеткіліксіздігі. Бұл тәуекелді азайтудың негізгі әдістерінің бірі әлеуетті сатып алушылармен алдын ала өнімді сату бойынша ниет келісімшарттарын жасау болып табылады.

    4. Қоршаған ортаға теріс әсер ету қаупі мен биліктің осы қызмет түріне теріс көзқарасының болуы мүмкін емес, өйткені экологиялық тазалыққа өндіріс технологиясын қатаң сақтауды ұстанады, жаңа жұмыс орындарын құрады және жергілікті бюджетке салық төлемдерін төлеп тұрады.
    5.2. Жобаны іске асыру жоспарында кезеңдер, нақты нәтижелер, уақыт аралықтары және қажетті қаражат көрсетілген (жоспар Жобаны қаржыландыру кезеңінде, сондай-ақ көрсетілген кезеңнің соңында жасалады) (2-кесте).

    2-кесте


    Жобаны іске асыру кезеңінің атауы

    Кезең мерзімі

    Кезең құны

    Сапалық және сандық нәтижелер

    Несие алу

    2023 жылдың сәуір айы







    Қосымша рұқсат құжаттарын алу

    2023 жылдың наурыз-сәуір айлары

    20 000 теңге




    Негізгі құралды сатып алу және әкелу

    2023 жылдың сәуір-мамыр айлары

    4 200 000 теңге




    Негізгі құралды монтаждау және іске қосу

    2023 жылдың мамыр айы







    Шикізат сатып алу

    2023 жылдың мамыр айы

    1 294 000 теңге




    Өнім өндіру (жобаны іске қосу кезеңі)

    2023 жылдың маусым айынан бастап







    Өнім өндіру (толыққанды көлемдегі өндіріс)

    2023 жылдың шілде айынан бастап






    1   2   3   4


    написать администратору сайта