Главная страница

бизнес план 7. Бизнес жоспарды рылымы


Скачать 16.2 Kb.
НазваниеБизнес жоспарды рылымы
Дата25.11.2020
Размер16.2 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлабизнес план 7.docx
ТипДокументы
#153733

Жауаптары
Кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрі және бизнес – жоспарды жоспарлау әдетте жаңа ой, яғни жаңа идеямен басталады. Жақсы идеямен кәсіпкерлікті жүргізу мүмкін емес. Жалпы алағанда, осындай идеяларды жүзеге асыру арқылы табысты бизнеске жетуге болады. Кәсіпкерлік және басқа идеялар, ол адамның ішкі ойлары, яғни ішкі қоздырғыш күштер – армандар, қажеттіліктер, құндылықтар.
Мотивация, идеялардың жинақталуы кәсіпкердің өз бизнесі және нәтижелерін қанағаттандыру мақсатында пайда болады. Қажеттілік материалдық және рухани жетіспеушілік негізінде адамда идеялар пайда болады. Алдымен қажеттілік құштарлыққа (жетіспейтін затты іздеу), содан кейін ынтаға (қажет заттың образы) және мотивке (ішкі қоздырғыш күштер) айналады.
Бизнес – жоспар кешенді, жалпылай құжат болып табылады. Ол басты қасиеттер тұрғысынан алып жобаны бағалайды. Жоба – бір бірімен өзара байланысты, жаңа тауар мен қызметті құру үшін жасалады. Жаңашылдық уақыт өте келе өз құндылығын жоғалтады, себебі сыртқы орта, тұтынушылардың жаңа өнімге деген сұранысы азаяды. Жаңа жобаны құру үшін шектеулі ресурстар қажет: материалдық, қаржылық, еңбек, техникалық.
Егер жоба бәсекелестік ортада құрылса, онда оның бизнес – жоспарда көрінуі қажет.
Бизнес – жоспарды құрудан бұрын барлық қажетті ақпаратты жинау керек. Өндірілетін тауарға (қызмет) деген сұранысты анықтау қажет. Нені сатамын, калай сатамын және неліктен тұтынушылар сатып алады? Осындай сұрақтарға жауап алу керек. Тұтынушылар тауарды (қызмет) қана емес, олардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы белгілі бір артықшылықтарды сипаттап алатындығын есте ұстаған жөн. Бұл артықшылықтар өзіне төрт элементті (маркетинг мамандары олады маркетинг комплексі, кешені дейді) тауардың өз қасиетін, оның бағасын, бірелген тауарға сұранысын қанағаттандырады және оның жөнелту орнын қосады.
Бизнес –жоспардың құрылымы:
− Сыртқы беті;
− Резюме;
− Мақсаттар мен міндеттер;
− Қызмет, өнім түрін бейнелеу;
− Нарықты талдау;
− Маркетинг жоспары;
− Өндірістік жоспар;
− Басқару персоналы
− Қажетті құралдардың көздері және көлемі;
− Заңдық жоспар;
− Тәуекелді бағалау;
− Қаржылық жоспар.
Бизнес – жоспардың барлық бөлімдері бір бірімен өзара байланыста болуы керек. Бизнес – жоспардың әрбір бөлімін құру барысында, олар өзгеріске ұшырауы мүмкін. Сондықтан оның бірнеше нұсқасын жасайды. әрбір кәсіпкер бизнес – жоспарды өзінің қызмет ету саласына қарай арнайы түрде жасайды.
Сыртқы бет – бизнес жобаның түбіртегі, яғни алғаш көрген адамға ең бірінші пікірді көрсететін құжат. Ол бизнес –жобаның атауын ғана емес, осы жобаның дамытудың қысқаша мағлұматын береді. Бұл мағлұматқа – бизнес – жобаның авторы, ол жобаның салалық бағытталуы, жобаның басталуы және аяқталу уақытын көрсетеді. Жобаның қаржылық көрсеткіштерін (пайызбен берілуі мүмкін – жалпы соммасы, өзіндік капитал, қарыз капиталы, мемлекеттік көмек) сыртқы бетте көрсету дұрыс.
Резюме – бұл бөлімнің көлемі бірнеше беттен артық болмауы қажет. Оның мазмұны сол салаға мамандандырылған тұлғаға ғана емес, сонымен қатар қарапайым адамға да түсінікті болуы қажет. Бұл бөлім өте маңызды. Себебі, осы бөлімді оқи отырып, инвесторлардың қызығушылығы пайда болады.
Жалпы бұл бөлім инвесторларға және кредиторларға мынандай екі сұраққа жауап беруі қажет: Бұл жобаны нарыққа жағымды енгізетін болса, олар қандай артықшылық алады (пайда) және олардың ақша қаражатының жоғалту тәуекелі қандай?
Бұл бөлім бизнес – жоспарды құрудың ең соңғы кезегінде құрылуы қажет. Себебі, басқа бөлісмдерді зерттеу барысында басқа да сұрақтарға жауап алынады. Бұл бөлімде кәсіпорынның қай салаға бағытталғаны, оның жағдайын және кәсіпкерлік қызметін жазады.
Мақсаттар мен міндеттер – мұнда идеялардың талдауы жүргізілуі қажет. Идеяның пайда болу факторларын зерттеу қажет. Оның болашақта қалай дамитындығына жауап беру қажет.
Жоспар кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін ашуы қажет. SWOT –анализ жасалынуы қажет.
Strength – күшті жақтары;
Weakness — әлсіз жақтары;
Oportunities – мүмкіндіктер;
Treatments – қауіп-қатерлер.
Идеяның әлсіз және күшті жақтарын талдау кәсіпкермен бақылануы мүмкін. Олар әдетте осы уақытқа бағытталады.
Мұнда келесідей факторларды қарастыру керек:
− Ұйымдастырушылық (құқықтық нысан; өз ғимаратының немесе жалдамалы ғимараттың болуы);
− Маркетингтік (орналасу орны, маркетингтік кешен, нарық, оның сегменті, бәсекелестер: өнім (қызмет) бәсекелестер өнімінен қандай ерекшелігі бар);
− Техникалық (өндірістік қорлар: олардың жағдайы мен ресурстар);
− Қаржылық (өзіндік капиталдың бар болуы);
− Еңбек (арнайы мамандандырылған қызметкерлердің бар болуы).
− Тәуекелдер кәсіпкердің бақылануынан тыс болады. Мұнда келесідей факторларды ескеру қажет:
− Экономикалық орта (кіші бизнестің мемлекеттік қолдауы, салық кодексі);
− әлеуметтік – мәдени ортасы;
− технологиялық орта;
− демографиялық орта;
Өнім (қызмет) – осы жобаның негізі болып табылатындықтан, осы өнім немесе қызмет туралы ақпарат беріледі. Бұл бөлім – тұтынушы қандай қажеттілікті қанағаттандырады, оның ерекшеліктерін, патенттер мен авторлық куәліктердің болуы, өнім сапасы, одан алатын пайда және т.б. сұрақтарға жауап береді.
Нарықты талдау – бұл жаңа бизнестің ең қиындықты тудыратын кезеңі болып есептеледі. Нарықты талдау кезеңі әдетте – 4 кезеңді қамтиды.
− Қажетті көрсеткіштер типін анықтау;
− Мағлұматты іздеу,
− Мағлұматты талдау;
− Мағлұматты кәсіпорын қажетіне қолдану.
Маркетинг жоспары – бұл клиенттердің нақты клиентке айналуы үшін қажет.Бұл бөлім тұтынушылар не себепті осы өнімді сатып алатындағын көрсетеді.
Өндірістік жоспар – кәсіпорында бар барлық өндірістік процестерді ашып көрсетеді. Өндіріс ғимараты, еңбек күші туралы сұрақтар осы бөлімде ашылады.
Басқару персоналы – инвестициялар бизнес –жоспарға емес, белгілі бір адамдарға салынады. Басқарушы тұлғаны анықтап, оның жұмысын белгілеу қажет.
Қажетті құралдардың көздері және көлемі – бұл бөлімде құралдардың қаншалықты көлемін несиеге алуға болатындығын, олардың қажеттілігін көрсетеді.Мұнда қажетті құралдардың көлемі, оған деген қаражатты қайдан алатындығы, құралдарды қайтару уақыты ашылады.
Заңдық жоспар – бұл бөлім әсіресе жаңа кәсіпорындарға өте маңызды. Мұнда оның ұйымдық –құқықтық жақтары қаралады. Яғни оның серіктестік, не болмаса ашық қоғам ретінде туралы әңгіме болады.
Тәуекелді бағалау – мұнда пайданың қаншалықты болатындағы, оның шығынды өтейтіндігін, тәуекел деңгейін, оның алдын-алу жолдарын іздестіреді.
Қаржылық жоспар – мұнда қаржылық жағдайды бөліп қарастыру қажет. әдетте ол үш жылға жасалады. Ол мыналарды көрсету қажет:
− Сатылым көлемі;
− Пайда және табысты талдау;
− Ақшаның бір жылғы айналымы, содан кейін тоқсандық айналымы.


написать администратору сайта