Главная страница
Навигация по странице:

  • Негізгі бөлім 1. Тыныс алу жүйесінің тексеру әдістері.

  • 2. Тыныс алу жүйесі.

  • 3. Тыныс алу жүйесі аурулары

  • Тыныс алу жолдарының аурулары.

  • Сақтандыру шаралары

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • fbca39c3-0e7f-11e8-8177-60752b77d4c3Надира клин диаг. Бж таырыбы Тыныс алу жйесіні аурулары. Орындаан


    Скачать 0.99 Mb.
    НазваниеБж таырыбы Тыныс алу жйесіні аурулары. Орындаан
    Дата12.06.2022
    Размер0.99 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаfbca39c3-0e7f-11e8-8177-60752b77d4c3Надира клин диаг.docx
    ТипДокументы
    #586516


    Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

    Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

    БӨЖ

    Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің аурулары.

    Орындаған: Дауыл Н.

    Тексерген: Билялов Е.Е.

    Тобы: ВМ – 501.

    Семей, 2018 ж.

    Жоспары:

    Кіріспе

    Негізгі бөлім

    1. Тыныс алу жүйесінің тексеру әдістері.

    2. Тыныс алу жүйесі.

    3. Тыныс алу жүйесінің аурулары.

    Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

    Кіріспе

    Тыныс алу — организмнің сыртқы ортадан өзіне оттегін сіңіріп, ол ортаға көмірқышқыл газы мен суды бөліп шығаратын, үздіксіз жүретін, күрделі биохимиялық процесс. Жан-жануарлар өз өмірін сақтау үшін сыртқы ортадан отгегі организм ағзаларына, ұлпалары мен торшаларына үздіксіз жеткізіліп отырылуы қажет. Мәселен, жылқы малы тыныш тұрған жағдайда минутына 4-6 л, қой малы 350-400 мл оттегін қажет етеді. Адам жұмыс істемегеңде минутына 500-1000 мл-ге дейін, ал жеңіл жұмыста 1,5 л, ауыр жүмыста 5 л-ге дейін оттегін қажет етеді. Малдарда кездесетін барлық аурулардың 95 %— дан аса мөлшері жүқпайтын аурулар болып келетін болса, оньщ 25-30 %—ы тыныс алу жүйесінің ауруларына жатады. Олардың 25-75 % —ы өлім-жітімге ұшырайды, сойылады. Семей облысы бойынша 1990 жылғы статистикалық деректерге қарағаңда, маддардың барлық түрлерінің ауруларының ішіңде, тыныс алу жүйесінің ауруларына 38-62 %-ы келеді екен. Оның 28-47 %—ы өледі. Өз деректеріміз бойынша сау мал деп етке өткізуге Семейдің ет комбинатына өкелінген малдардың 35 %-ы өкпе ауруларының әртүрімен дерттенгендігі анықталды. 1985-86 жыддары Семейдің зоотехникалық-малдерігерлік институтының төжірибе шаруашылығында алынған барлық қозыларды (8 500 бас) флюорография арқылы тексергеңде, олардың 24-75 %-ына дейіні өкпе ауруларымен ауыратыны анықталды. Ауырған малдың өнімділігінің азаятынын және емдеуге кететін; күтімге, күтетін кісілерге төленетін шығыңдарды еске алсақ, оңда тыныс алу жүйесінің ауруларынан шаруашылықтарға келетін экономикалық шығынның көп болатынын байқаймыз. Жоғарғы сатыдагы көп клеткалы жануарлардың газ алмасу процесіне міндетті ағзалардың көбі сыртқы ортамен тиіспейді. Сондықтан олардың организміндегі газ алмасу процесі, қан арқылы жүреді де, ол ішкі дем алу процесі деп аталады. Ал қанға сыртқы ортадан оттегінің келуі, организмнен көмірқышқыл газының шығуы тыныс алу жүйееінің ағзалары арқылы іске асады. Ол сыртқы дем алу процесі деп аталады.

    Негізгі бөлім

    1. Тыныс алу жүйесінің тексеру әдістері.

    а) мұрын ақпасының және шығарылатын ауаның түрін анықтау;

    б) мұрын қуысының кілегей қабатын тексеру;

    в) жылқы ауақабының маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының шекарасын анықтау;

    г) қосалқы қуыстарды көру, сипалау, нұқу арқылы тексеру:

    д) жылқы ауақабын тексеру:

    е) көмекей мен кеңірдекті көру, сипалау және риноскоп, ларингоскоп құралдары арқылы тексеру;

    ж) жөтел мен қақырықты тексеру;

    з) қалқанша безін (орнын, көлемінің, тығыздығының, қозғалғыштығының өзгерісін) тексеру.

    Сау малдарда мұрын ақпасы білінбейді (немесе сірлі, сірлі-кілегейлі ағынды түрінде аздап ағады).

    Ринит, бронхит, пневмония, қосалқы қуыстардың қабынуы, өкпе ісінуі, ларинго-фарингит кезінде мұрын ақпасы үнемі немесе кезеңмен сірлі, сірлі-іріңді немесе шірікті ағынды түрінде бөлінеді.

    Шығарылатын ауаны тексергенде оның күшін, температурасын, иісін ( өкпе гангренасында жағымсыз иіс, кетоз кезінде ацетон иісі, уремия кезінде аммиак иісі) анықтайды.

    Мұрын қуысының кілегей қабатын көру арқылы немесе рефлектор көмегімен тексереді. Жылқыларда ол көкшіл-қызғылт, ірі қара малда- қызғылт болады. Ауру кезінде қызаруы, көгеруі, бозаруы, сарғаюы, ісінуі мүмкін. Кейде кілегей қабатының бүтіндігінің бұзылуы-жара, күлдіреуік, тыртық, бөртпе кездеседі.

    Жылқылардың маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының топографиялық шекаралары: маңдай қуысының алдыңғы шекарасы-бет қырларының ортасына дейін, артқы шекарасы- жақ буынына дейін, бүйір шекарасы- сыртқы маңдай қырына дейін жетеді. Үстіңгі жақ қуысының жоғарғы шекарасы-көздің ішкі бұрышынан жақ бұрышына дейін, төменгісі – бет қыры деңгейінде, алдыңғысы- орбита ортасының деңгейінде болады.



    Ірі қара малда маңдай қуысының алдыңғы шекарасы- орбиталардың алдыңғы шеттерін қосатын сызық бойымен, артқысы-мүйіз аралық қырмен, бүйір шекарасы-маңдай сүйегінің сыртқы қырымен өтеді. Үстіңгі қуысының жоғарғы шекарасы- орбитаның ішкі қырынан бірінші премолярдың алдыңғы қырына дейінгі сызық бойынша, алдыңғысы- көзасты тесігінің деңгейінде, артқысы- орбита ортасының деңгейінде, төменгісі- бет төмпегінен мұрынға паралелль жүргізілген сызық бойымен өтеді.

    Тақ тұяқтылардың ауа қаптары құлақ қалқанынан төменірек, атлант каналы мен төменгі жақ бұтағының артқы қырының арасында орналасқан. Ауа қабын көру, сипалау, нұқу әдістерімен және қажет болған жағдайда ренгеноскопия, рентгенографияны қолданып тексереді.

    Өңеш пен кеңірдекті көру, сипалау және тыңдау әдістерімен тексереді. Бірқатар аурулар (сақау, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катары, ларингит және т.б.) кезінде ауырсыну, қабынулар, жергілікті температураның жоғарылауы байқалады.

    Жөтелді зерттегенде оның күшіне,жиілілігіне, ұзақтығына және жөтелдің табиғатына (бронхит, трахеит кезінде- жаңғырған, пневмония кезінде –глухой, плеврит, өңеш қабынуы, бронхит және плевропневмония кезінде ауырсынудың байқалуы).

    Тыныс алу қозғалыстарын зерттеуді көкірек қуысын көру арқылы тексеруден бастайды. Мұнда көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады. Көкірек қуысының пішінін, көлемін, қозғалғыштығын бүйірінен және артынан қарау арқылы анықтайды.

    Тыныс алу түрін кеуде және құрсақ бұлшықеттерінің қозғалысы бойынша анықтайды. Ауылшаруашылық малдарында тыныс алудың кеуде-құрсақтық (косто-абдалинальдық),иттер мен терісі бағалы аңдарда – кеуделік тыныс алу. Ауылшаруашылық малдарында кеуделік тыныс алу- перитонит, қарынның жіті үлкеюінде, ішектердің метеоризмінде, мес қарынның тимпаниясында т.б. кездеседі. Ал, құрсақтық тыныс алу-плевритте, өкпе эмфиземасында, пневмонияда байқалады.



    Тыныс алу жиілілігін көкірек қуысының, құрсақ қабырғасының, жылқыда мұрын қанаттарының қозғалысы бойынша, шығарылатын ауа ағындары бойынша, өкпе немесе кеңірдекті тыңдау арқылы анықтайды.

    Ауруларда тыныс алудың жиілілеуі (палипноэ) және тыныс алудың сиреуі (олигопноэ) байқалады.

    Полипноэ – өкпе ауруларында, плевра ауруларында, жүрек жетіспеушілігінде, анемияда, көптеген лихорадкалық ауруларда кездеседі.

    Олигопноэ - көмекей мен ірі бронхиттардың диаметрінің кішіреюі, бас қысымының жоғарылауы, гастрит, кетоз т.б. ауруларда болады.

    Тыныс алу мүшелерін тексергенде тыныс алу ырғағына назар аударады. Тыныс алу ырғағы дегеніміз- дем алу және дем шығару фазаларының дұрыс кезектесуі.

    Тыныс алу аритмияларына келесілер жатады:

    Саккадирлі немесе үздікті тыныс алу. Плеврит, микобронхит, өкпе эмфиземасы, менингит, кетоз, уремия ауруларында байқалады.

    Кусемаульдің үлкен тыныс алуы. Минутына тыныс алу санының азаюымен және тыныс алу фазаларының ұзаруымен сипатталады. Бұзау сальмонеллезі жылқы ИЭМ, кала кезінде байқалады.

    Биоттік тыныс алу. Бірдей тыныс алу қозғалыстарынан кейін ұзақ үзілістің пайда болуымен сипатталады. Энцефалит, менингит, ми қабынуларында, миға қан құйылғанда байқалады.

    Чейн-Стокс тыныс алуы. Ұзақ үзілістен кейін бірте-бірте күшейе беретін тыныс алу қозғалыстарының пайда болып, содан кейін қайтадан тыныс алу қозғалыстары әлсізденіп, үзіліске ауысуымен сипатталады. Миға қан құйылғанда, шаншуда, миокардитте, улануда байқалады.

    Грокктың дислоцирленген тыныс алуы. Тыныс алу координациясының бұзылуы, тыныс алудың көкірек қуысының бұлшықеттерінің жұмысына сәйкес болмауымен сипатталады. Аутоинтоксикация және жылқы ПЭМ кезінде болады.

    Ентігу (диспноэ)- тыныс алудың түрінің, ырғағының, тереңдігінің және жиілілігінің өзгеруі. Ентігу инсператорлық, эксператорлық және аралас болып бөлінеді.

    Инсператорлық ентігу – дем алудың күшеюі мен ұзаруы салдарынан қиындауы. Ол жоғарғы тыныс алу жолдарының тарылуы нәтижесінде пайда болады. Мұрын кілегей қабығының қабынуында, сақау кезінде, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катарінде және т.б. ауруларда болады.

    Экспираторлық ентігу. Дем шығарудың қиындауы, шап соғуын түзеді. өкпенің альбеолалық эмфиземасында байқалады.

    Аралас ентігу дем алу мен дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Пневмония, пневмоторакс, плеврит, жүрек жетіспеушілігі, лейкоз, энцефалит, анемия ауруларымен ауыратын жануарларда кездеседі.

    Көкірек қуысын сипалау арқылы оның сезімталдығын, температурасының өзгеруін, терісінің зақымдалуының бар-жоғын, ісіктер, эмфизема және т.б. өзгерістерді анықтайды.

    Ірі қара малға құрал арқылы нұқу, ал ұсақ малдарға дигитальді нұқу жүргізеді. Көкірек қуысын нұқуды қабырға аралықтарын жоғарыдан төмен қарай жүргізеді. Сау жануарлардың перкуссиялық дыбысы анық, ұзақ, атимпаникалық болу керек. Оны өкпенің анық перкуссиялық дыбысы деп атайды.

    Нұқу арқылы өкпе шекарасын анық өкпелік дыбыстың топас немесе тимпаникалық дыбысқа ауысуынан анықтайды.

    Өкпенің артқы перкуссиялық шекарасынның маңызды клиникалық мәні бар. Ол үш горизонтальді сызықпен анықталады: а) мықын сызығы: б) шонданай төмпегінің сызығы; в) иық буынының сызығы.

    Сау малдарда перкуссиялық дыбыс анық өкпелік, атимпаникалық болу керек. Бірақ, перкуссиялық дыбыстардың өзгерістері де болуы мүмкін.

    1. Топастау (тері асты ісіктер, фиброзды плеврит, пневмония).

    2. Топас дыбыс (экссудатты плеврит, крупозды пневмония, контагиозды плевропневмония).

    3. Тимпаникалық дыбыс (беткі орналасқан ауалық қуыстар- каверна, бронхоэктази, пневмоторкас).

    4. Металлдық дыбыс (каверна) диафрагма жарығы).

    5. Шытынаған құмыра дыбысы (каверна, ашық пневмотораксте).

    Күйіс қайыратын жануарларда мықын сызығы мен шонданай төмпешігінің сызығы сәйкес келеді, сондықтан нұқуды екі сызық бойынша жүргізеді: 1) мықын сызығы: 2) иық буынының сызығы.

    Төменде жануарлар өкпесінің артқы шекарасының мәліметтері көрсетілген:

    Жануар түрі

    Мықын сызығы бойынша қабырға аралықтары

    Шонданай төмпегі сызығы бойынша қабырға аралықтары

    Иық буыны сызығы бойынша қабырға аралықтары

    Жылқы

    16, 17

    14, 15

    10, 11

    Ірі қара мал, қой, ешкі

    11

    -

    8

    Шошқа

    11

    9

    7

    Түйе

    10

    Сегіз көз төмпегінің сызығы бойынша 12-ші қабырға аралығында

    8






    Өкпенің артқы шекарасының үлкеюі эмфизема, пневмония, өкпе эхинококкозы кезінде болады, ал кішіреюі мес қарын типманиясы, ішектердің метеоризмі, бауыр церрозы кезінде байқалады.

    Негізгі тыныс алу шулары.

    1. Везикулярлық тыныс алу-дем алу және дем шығару кезінде альвеола қабырғаларының тербелуі нәтижесінде түзіледі. Везикулярлық тыныс алудың күшеюі және әлсізденуі мүмкін.

    Везикулярлық тыныс алудың күшеюі ентігу, постгеморрагиялық анемия, интоксикация, инфекция кезінде пайда болады. Катаральді немесе іріңді пневмония, гангрена, өкпе ісінуі, өкпе туберкулезі кезінде везикулярлық тыныс алудың жергілікті күшеюі болуы мүмкін.

    Везикулярлық тыныс алудың әлсіреуі өкпенің альвеолалық эмфиземасында, обтурациялық ателектазда, ошақтық пневмонияда, экссудаттық плевритте, гидротораксте, өңештің ісінуінде болады.

    1. Қалыпты бронхтық тыныс алу. Альвеолалардың қызметі кезінде пайда болған дыбыстар мен шулардың тыныс алу жолдарынан өтуі кезінде түзіледі.

    2. Қосалқы тыныс алу шулары: бронхиалдық және амфорикалық болады. Патологиялық бронхиалдық тыныс алу өкпенң инфильтрациясы кезінде түзіледі, өйтені, тығыздалған өкпе ұлпасы ларинготрахеялық шуларды жақсы өткізеді. Патологиялық бронхиальды тыныс алуды қалыптыдан ажырату үшін, басқа өкпенің дәл сол бөлігіне салыстырмалы тыңдау жүргізу қажет.

    3. Амфорикалық тыныс алу. Өкпе сырылдары құрғақ және ылғалды (ұсақ көпіршікті, орташа көпіршікті, ірі көпіршекті) болады. Сонымен қатар плевраның үйкелу шуын, плеврадағы плеск шуын және өкпелік фистула шуын анықтайды. Ол өкпе кавернасының плевра қуысына ашылған кезде, дем алумен сәйкес келетін шу.


    2. Тыныс алу жүйесі.

    Сүтқоректілерде тыныс алу жүйесі екіге бөлінеді: жоғарғы тыныс алу жолдары (танау, көмей, кеңірдек, ірі бронхылар); өкпелер.

    Газдың алмасуы өкпе альвеоллаларыңда жүреді.

    Малдарда дем алу процесін үш кезеңге бөлуге болады:

    1. Газдың организм мен сыртқы ортада алмасуы (сыртқы дем алу процесі);

    2. Оттегінің қан арқылы тыныс алу ағзаларынан ұлпаларға жеткізіліп, олардан көмірқышқыл газының тыныс алу ағзаларына әкелінуі;

    3. Ұлпалардың оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын түзу процесі (ішкі, үлпалардағы дем алу процесі).

    Осыңдай дем алу процесі негізгі үш механизмнің арқасында іске асады:

    1. Өкпелерді желдету механизмі;

    2. Газдардың қанға сіңу механизмі (диффузия);

    3. Өкпе альвеоллаларында оттегінің ағзаларға таратылып, көмірқышқыл газының бөлініп шығарылу механизмі (перфузия).



    Осыған байланысты дем алу процесінің үш түрлі бұзылуы байқалады:

    1. Өкпелерді желдетудің бұзылуы, ондағы оттегінің аздығы;

    2. Газ диффузиясының бұзылуы;

    3. Газдың қанмен айналысының, немесе перфузияның бұзылуы.

    Осылардың ішіңдегі ең негізгісі - өкпелерді желдетудің бұзылуы. Әсіресе оттегі жеткіліксіз болғанда. Оның себептері әртүрлі болуы мүмкін:

    • дем алу орталығы қажығанда;

    • дем алу процесіне қатысатын еттерге тиісті импульстар бармағанда, олардың ауруларында;

    • әртүрлі себептермен кеуде қуысының жөне өкпелердін қозғалыстары шектелгенде;

    • тыныс алу жүйелерінің ауруларында;

    • дем алатын ауада оттсгі жеткіліксіз болғанда (гипоксия құбылысы).

    Организмде газ алмасу процесі дұрыс жүру үшін қажетті жағдайлар:өкпедегі ауаның үнемі алмасып отыруы. Ол үшін дем алу және дем шығару процестері дүрыс болуы керек. Дем алу үшін:

    1. диафрагма (көкірек көк еті) дұрыс жұмыс істеуі керек. Ол өкпелердің желдетілуінің 2/3 бөлігін қамтамасыз етеді;

    2. сыртқы қабырға аралық еттердің жұмысы дұрыс болу керек.

    Дем шығару үшін:

    1. өкпе ұлпасының серпімділігі;

    2. дем шығаруға қатысты етгердің жирылымдылығы;

    3. қабырғалардың салмагы мен құрылыстары дүрыс болуы керек.

    Дем алудың негізгі көрсеткіштері:

    1. дем алу жиілігі (ДЖ);

    2. дем алу ырғақтығы;

    3. 1 минуттағы дем алу мөлшері (МДМ);

    4. 1 демнің мөлшері - дем алу тереңдігі (МДМ:ДЖ).

    Дем алатын ауадағы оттегі мен көмірқышқыл газының мөлшері мен олардың парциальдық қысымы. Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері 0,03 %. Ал мал қораларында оның мөлшері 0,25 %-дан аспауы керек. Деммен кіретін ауаның 70 %-ы ғана өкпелерге жетеді. Ал 30 %-ы тыныс алу жолдарында қалады. Организмде газдардың алмасулары дұрыс жүру үшін дем алатын ауа мен дем алу жүйесінің әрбір бөлігіндегі газдардың парциалдық қысымының (Р) маңызы әте зор.

    Парциалды қысым көрсеткіпггері (мм сынап бағынасы бойынша)


    Газдар

    ауада

    альвеол.

    артерия.

    венада

    ұлпада

    Оттегі

    156

    105

    95

    40

    30

    СО-2

    0,39

    40

    40

    46

    50

    Су



    47

    47

    47

    47

    Азот

    594

    558

    558

    558

    558

    Жиыны

    750,39

    750

    740

    691

    685


    Оттегінің альвеолладағы ауадан капилляр қанына өтуі үшін қажетті жағдайлар:

    • Альвеолла мен капиллярдың арасындағы мембрананың. қалыңдығы. Қалыпты жағдайда ол 0,004 мкм-ге тең, ал капиллярдың диаметрі 7-8 микрон, одан эритроциттер бір-бірден өтеді.

    • Альвеолла мен капиллярдың газ алмасу процесіне қатысуға тиісті жалпы көлемі. Ол сау малдарда: жылқыда - 500 шаршы метр, қойда — 35-40 шаршы, метр (адамда — 50 шаршы метр)

    • Капиллярдағы қан ағысының жылдамдығы қалыпты жағдайда 0,5 мм/сек.

    Жалпы эршроцитгердің улпалармен тиісу уақыты гемоглобиннің өзіне оттегін сіңіріп, оны беру уақытынан әлдеқайда көп. Әрбір эритроцит ұлпалармен 0,1 секунд тиіседі. Ал гемоглобиннің отгегін сіңіру уақыты 0,006 секунд, беру уақыты - 0,076 секунд. Барлығы 0,082 секунд. Эритроциттің 0,1 - 0,082 = 0,018 секунд тиісу уақыты артық. Олай болса сау организмде оттегі мен көмірқышқыл газдарының дұрыс тасымалдануына толық мүмкіншілік бар.1 грамм гемоглобин 1,31 мл оттегімен байланыса алады. Дем алу процесіңде ауадағы оттегінің 5 %-ы сіңіп, дем арқылы 4,4 % көмірқышқыл газы организмнен шығарылады.

    Орталық жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі. Көмірқышқыл газының қалыптан тыс шоғырлануы рефлекс арқылы тыныс алу орталығына әсер етеді. Ол орталықтың қызметі бұзылғанда, немесе оған басқа ағзалардың аурулары әсер еткеңде организмде улы заттар шоғырланып, дем алу процесі бұзылады. Оның клиникалық белгілері ретінде тыныс алудьщ Чейн-Сток, Биота, Куссмауль түрлері пайда болады. Мүңдай жағдай организмді тұншығуға дейін апарып соғуы мүмкін. Организмнің осындай қолайсыз жағдайларға қарсы түратын, өзін қорғайтын мүмкіншіліктері бар. Оларға жататындар:

    1. танау кеңсірігі (дем алатын ауаны жылытып, не суыту үшін);

    2. кілегей қабық бездерінің секреттері (микроорганизмдерді өлтіреді);

    3. кірпікше-жыпылықтағыш эпителий торшалары;

    4. жүрек-қан айналу жүйесінің қызметінің үдеуі.

    Организмнің осындай өзін қорғау мумкіншіліктері қажығанда, немесе жойылғанда тыныс алу жүйесінің қызметінің жеткіліксіздігі пайда болады.

    • Тыныс алу жүйесінің қызметінің жеткіліксіздігі дегеніміз тыныс алу процесіне жауапты агзалардың организмді қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етіл, оңда түзілген көмірқышқыл газын уақытында бөліп шығара алмау жағдайы.

    Бұл қандай жағдайда болуы мүмкін?:

    • дем алатын ауадағы оттегінің парциальдық қысымы төмендегенде;

    • өкпелердің жүмыстарының жеткіліксіздігіңде;

    • жүрек-қан тамырларының функцияларының жеткіліксіздігінде;

    • жүйке жүйесінің реттеушілік қызметі бұзылғанда.

    Негізгі клиникалық белгілері:

    • дем алу жиілеп, оның ырғақтығы бұзылады, ентігу пайда болады;

    • бір минуттағы демнің мөлшері мен дем алу тереңдіктерінің көрсеткіштері төмендейді;

    • көзге көрінетін кілегей қабықтардың көгергені байқалады;

    • жүректің өкпе артериясының қақпақшасының оның екінші сазының қатты естілетіні анықталады;

    • қан құрамында эритроциттер мен гемоглобиннің мөлшерлері көбейеді (компенсация);

    • қанда толық тотығып үлгермеген қосылыстардың шогырлануынан оның қышқылдыгы жоғарылайды;

    • организмде жалпы зат алмасу процесінің бұзылу белгілері байқалады.

    Тыныс алу жүйесінің жеткіліксіздігінің үш кезеңін анықтауға болады:

    1. Жасырын кезеңі - жеткіліксіздіктің белгілері ауру малды қатты қинағанда ғана білінеді.

    2. Жеңіл кезеңі - белгілері жеңіл жұмыста біліне бастайды.

    3. Ауыр өтетін кезеңі — белгілері тыныштықта тұрған малда білініп тұрады.

    Тыныс алу жүйесінің жсткіліксіздігі төлдерде жиі кездеседі. Себебі:

    • оларда дем алу процесі ірі малдарға қарағанда төмрнгі сатыда жүреді;

    • төл организмі отгегін өлдеқайда көп қажет етеді;

    • төл организмінің өртүрлі қоры аз болып келеді.

    ЕМДЕУ ҮЛГІСІ:

    • жалпы организмнің қорғаныс қабілеттілігін нығайту тәсілдерін қолдану;

    • аурудың даму сатысына байланысты емдеу әдістері;

    • аурудың белгілеріне қарсы күрес;

    • физиотерапияны ұтымды пайдалану (УКС, аэрозоль, оксигенозоль жене т.б.).

    3. Тыныс алу жүйесі аурулары

    Тыныс алу жүйесінің ауруларын үш топқа бөлуге болады:

    1. Тыныс алу жолдарының аурулары.

    2. Өкпелердің аурулары.

    3. Өкпе қабының ауруы.

    Тыныс алу жолдарының ауруларына жататындар:

    • танау қуысының қабынуы - риниттер;

    • көмекейдің қабынуы — ларингиттер;

    • қосалқы қуыстардың қабынулары (гайморит, фронтит жөне жылқылардың ауа қапшықтарының қабынуы);

    • кеңірдектің қабынуы — трахеит;

    • бронхылардың қабынулары — бронхиттер.

    Өкпелердің ауруларына жататындар:

    • өкпелердің қан кернеп ісінуі;

    • өкпе қабынулары (крупозды, ателектазды, гипостазды, метастазды, аспирациялық);

    • өкпе гангренасы;

    • бронхылар мен екпелердің қабаттаса қабынуы бронхопневмония;

    • өкпелердің эмфиземасы- альвеоллалық және интерстициалық.

    Бұл аурулардың тұтас және дақты, жіті және созылмалы түрлерін ажыратады. Өкпе қабының ауруы - оның қабынуы - плеврит. Сондай-ақ кеуде қуысының аурулары

    пневмоторакс және гидроторакс.

    Тыныс алу жолдарының аурулары.

    Танау қуысының қабынуы — Ринит, барлық малдарда, әсіресе төлдерде жиі кездеседі. Басалқы және қосалқы; жіті жөне созылмалы; катарльды, крупозды жөне фолликулярлы түрлерін ажыратады.

    Негізгі себептері:

    • малдарды күту жөне азықтандыру төртібінің бүзылуы, өсіресе рационда каротиннің жеткіліксіздігі;

    • организмге салқын ауаның, ылғалдылықтың жөне басқа да механикалық, химиялық факторлардың әсерлері;

    • малдардың шанды жерде дем алуы;

    • организмде болатын аллергиялық құбылыстар мен патогенді микроорганизмдердің әсерінен көбінесе аурудың крупозды, фолликулярлы түрлері пайда болады;

    • мал қораларының ластануы;

    • іңдетті, қүрт жене жұқпалы емес аурулардың асқынулары.

    ДАМУЫ. Аурудың себептер кілегей қабықты тітіркендіру арқылы қабыну процесін тудырады. Кілегей қабықтары ісінеді, онда эксудат жинақталады да ауаның өтуін қиындатады. Ары қарай тьныс алудың жеткіліксіздігі дамиды. Зат алмасу, бірінші кезекте газ алмасу, процесі бүзылады. Патогеңді микроорганизмдердің өсуі жылдамдайды. Осының салдарынан түзілген улы затгар қанға өтіп, дене қызуы көтеріледі. Ауру асқынғанда көршілес танау қуыстарына, жүтқыншақ, көмекейге жайылуы мүмкін.

    КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ. Аурудың жіті түрінде ауру мал аздап жабырқаған, дене қызуы көтеріңкі. Мал пысқырып, түшкіріп, кейде танауларын бөгде заттарға үйкелейді. Дем алысы пысылдап, кейде ысқырынып шығады. Дем алу мен дем шығару уақыттары ұзарады. Танау кілегей қабықтары қызарып, домбығып-ісінеді. Алғашқыда ұйымалы, артынан ұйымалы-сарысулы ақпа ағып, кейде мұрын жолдары қатып қалған жалқаяқтармен бітеліп қалады. Ауру қолайлы жағдайда өтсе, ауру мал 5-10 күннің ішінде толық айығып кетуі мүмкін.

    Созылмалы түрінде ауру мал арықтайды, жүмысқа қабілеттілгі нашарлайды, ауық-ауық асқынып тұрады. Танаудық кілегей қабықтары бозарып семеді, жалақтанады, кей жерлері жараланып, тыртықтанады. Ауру крупозды жөне фолликулярлы түрде жүргеңде мал қатты жабығады, азыққа тәбеті жоқ, қызуы көтеріледі, ентікпе пайда болады. Жақ асты лимфа бездері ісініп ауырсынады.

    Крупозды түріңде қан кернеледі, кілегей қабықтарына сұрғылт сары, немесе қызғылт сары түсті фибринді заттар жиналады, ісінеді. Олар сыдырылған кезде орнына қанталаған жалақ пайда болады.

    Фолликулярлы түріңде, әсіресе жылқыларда, танаудың кілегей қабықтарында ашық-қызыл, не бозғылт-сары түсті, бір-біріне жақын орналасқан көптеген дөңгелек түйіншіктер пайда болады. Кейіннен ол түйіншектер сарғылттанып, бір-бірімен- қосылып, тұтасып кетеді. Ол қабат сыдырылғанда орнында жалақ-жара анықталады.

    Аурудың себептерін жойып, - уақытында дұрыс ем қолданғанда ауру малдар 2-3 аптаның ішінде жазылып кетеді.

    Ауруды анықтауда ауру туралы жиналған мәліметтерге және клиникалық белгілеріне сүйенеді.

    Ауруларды саралауда кейбір індетті және қүрт аурулары танау кілегей қабығының зақымдануымен сипатталатынын еске алған жөн.

    ЕМІ төмендегідей үлгіде жүргізілгені дүрыс:

    • аурудың себептерін дұрыс анықтап, оны жою;

    • суықтықты, ыстықтық пен ылғалдылықты реттеу,

    • малдарды төсенішпен қамтамасыз етш, қора ауасындағы аммиактың, күкіртті сутегінің мөлшерін азайту шараларын жүргізу;

    • шаң аралас, өткір иісті азықтарды бермеу;

    • танау қуыстарын 0,25 % новкаин, 5 % натрийдің бикарбонат, 3% бор қышқылының, 2% цинк сульфатының, 2 % ментол ертінділерімен жуып-шаю;

    • жалқаяқтың кеуіп қалған қабыршықтарын тазалау;

    • танау қуыстарына майдаланған стрептоцид, норсульфазол, сльфадимезин, этазол, висмут нитрат үнтақтарын үрлеп еңгізу;

    • созылмалы түрінде 1 % күміс нитраты, немесе хлорлы цинк ертіндісімен күніне 1 рет бір апта бойы жуып- шайып отыру;

    • крупозды, фолликулярлы түрлерінде басқа емдермен қатар антибиотиктер мен сльфаниламид препаратгарын қолданған жөн.

    Сақтандыру шаралары:

    • малдарды өсіру технологиясын, күтімі меназықтандыру ережелерін қатаң сақтау қажет;

    • танау кілегей қабықтарын тітіркендіретін себептерді болдырмауға тырысу керек.

    Гаймориттер, фронтиттер жөне ауа қапшықтарының қабынулары көбінесе қосалқы түріде кездесетін аурулар. Ауру малдың танауынан қоймалжың, ірінді, өткір жағымсыз иісті ақпалар ағады және малдың басын еңкейткенде ақпа үдей түседі. Ауырсыну, күңгірттенген дыбыс, сүйек пішіндерінің өзгергені байқалады.

    Жақсы ем ретінде хирургиялық ем қолданылады. Бас қуыстарының топографиясын пайдалана отырып ауырған жерін тесу арқылы 0,2 % этакридин ертіндісімен жуып-шаяды.

    Ларингиттер жіті жөне созылмалы, катаралды және крупозды (жылқыда) түрлерінде кездеседі. Негізгі клиникалық белгілері: құрғақ, күркіл жөтел, ауырсыну, ісіну, қақырықтың пайда болуы.

    Ауруды анықтау үшін арнайы аспап ларингоскопты қолданады.

    Емі. Қақырық түсіретін дәрілік заттар жақсы көмектеседі (ас содасы, мүсөтір - аммоний хлорйді, терпингидрат, ипекакуана, термопсис жөне т.б.). Аурудың созылмалы түрін аздап асқындырып барып жіті түрін емдегендей емдеген дұрыс (0,2 % күміс нитраты, 5 % протаргол, сыртынан скипидар жағу). Мал тұншыға бастаған жағдайда кеңірдекгі тесіп, тыныс алу түтігін (трахеотубус) орнату керек.

    Кеңірдектің қабынуы қосалқы ауру ретінде кездеседі. Кейде жылқыларда қамыттың соғуы, иттерде қарғыбаудың дұрыс болмауы да аурудың себептері болуы мүмкін. Бұл ауруда жиі байқалатын жағдай: малдың тынысы тарылып, организмде улы заттардың жиналуынан газ алмасу процесінің бұзылуы.

    Емдеу процесінде кеңірдектің тұсын қыздыру, электр лампаларын, диатермия, ультражоғары жиіліктегі токтарды пайдалану процедуралары жақсы нәтиже береді.
    Қорытынды
    Қорытындылай келе, тыныс алу түрін кеуде және құрсақ бұлшықеттерінің қозғалысы бойынша анықтайды. Ауылшаруашылық малдарында тыныс алудың кеуде-құрсақтық, иттер мен терісі бағалы аңдарда – кеуделік тыныс алу. Ауылшаруашылық малдарында кеуделік тыныс алу- перитонит, қарынның жіті үлкеюінде, ішектердің метеоризмінде, мес қарынның тимпаниясында т.б. кездеседі. Ал, құрсақтық тыныс алу-плевритте, өкпе эмфиземасында, пневмонияда байқалады. Көмірқышқыл газының қалыптан тыс шоғырлануы рефлекс арқылы тыныс алу орталығына әсер етеді. Ол орталықтың қызметі бұзылғанда, немесе оған басқа ағзалардың аурулары әсер еткеңде организмде улы заттар шоғырланып, дем алу процесі бұзылады. Оның клиникалық белгілері ретінде тыныс алудьщ Чейн-Сток, Биотовтық, Куссмауль түрлері пайда болады. Мүңдай жағдай организмді тұншығуға дейін апарып соғуы мүмкін. Сондықтан да тыныс алу жолдарын тексеру әдістерін жетік меңгеріп, тыныс алу жолдарының ауруларына дұрыс диагноз қойып, уақытында емдік шараларды жүргізіп отыру қажет.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. Кожанов К.Н. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары. –Семей, 2005 ж. 124-134 беттер.

    2. Тойкина Г.Н. Қолданбалы клиникалық диагностика. –Семей, 2009 ж. 23-30 беттер.

    3. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. Оқу құрал – Алматы, 2007

    4. А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

    5. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

    6. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных.

    7. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.


    написать администратору сайта