щддод. шнгнг. Бл класты кілдері ішінен адам паразиті болып тек балантидий саналады
Скачать 15.62 Kb.
|
Инфузориялар күрделі қарапайымдылар болып табылады. Дене пішіні әртүрлі, 30-40 мкм-ден 1000-2000 мкм дейін. Қозғалу органоиды - кірпікшелері. Кейбіреулерінің корғаныстық қызмет атқаратын ерекше кұрылымдары — трихоцисталары болады. Оларда қарапайым ауыз куысы (цистостом), жасушалық жұтқыншақ (цитофаринкс) кездеседі. Қорытылмаған ас калдығы ерекше тесікше — қылаулатқыш арқылы сыртқа шығарылады. Инфузорияларда 2 ядро кездеседі: біреуі - үлкен макронуклеус, екіншісі — кіші микронуклеус. Макронуклеус зат алмасу, өсу т.б. вегетативтік қызметтер атқарады, ал микронуклеус — жыныстык көбеюге қатынасады. Көбеюі жыныссыз және жыныстық жолдармен жүреді. Жыныстық процесс конъюгация күйінде болады. Ол үшін 2 дара бір-бірімен жанасып аталық жыныс ядроларымен алмасады. Содан кейін аталық және аналық ядролар өзара қосылады, ал инфузория даралары бір-бірінен ажырасады. Бұл кластың өкілдері ішінен адам паразиті болып тек балантидий саналады. Балантидий (Ваlantidium соlі) - балантидиаз ауруын тудырады. һ |