Бөлім 3: Робототехника
| Мектеп: №74 мектеп-гимназия
|
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Күшай Гүлжанат
|
Сынып: 5
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
| Гироскопиялық датчик
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
|
Сабақ мақсаты
| Гироскопиялық датчиктің мүмкіндіктерін, қызметтерін үйрену, Гироскопиялық датчиктің жұмыс істеу принципімен танысу, LEGO MINDSTROMS Education EV3 программасында гироскопиялық датчикті программалауды үйренеді.
|
Бағалау критерийлері
| Гироскопиялық датчиктің мүмкіндіктері мен қызметтерін айта алады, Гироскопиялық датчиктің жұмыс істеу принципін пайдаланып, программа құра алады.
|
Тілдік мақсаттар
| Глоссарий:
Гироскопиялық датчик, өлшеу, салыстыру
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
5 мин
| Өткен сабақты еске түсіретін сұрақтар қою, жауабын айтқан, чатқа жазған оқушыны бағалау
| Өткен сабақта алған біілімін есіне түсіріп, сұрақтардың арасынан өзінің білетін сұрағына жауап береді.
| Әр дұрыс жауап
1 ұпай беру арқылы бағаланады
| 1-2 слайд
|
Сабақ-тың ортасы
| 13 мин
| Жаңа ақпаратты қосымша мәліметтер беру арқылы өзектендіру
Берілген видеосабақты қосып, жаңа тақырып туралы білім алуға мүмкіндік береді. Видео сабақ көрсету барысында сұрақтар қойып, оқушылардың назарын сабаққа аударып отырады.
| Видеосабақты берілген ақпаратпен толықтай танысып, программаның интерфейсін есте сақтап, қажетті мәліметті дәптерге белгілеп алу, оқулықпен салыстырып, сұрақтар дайындап отыру.
| Видеосабақ барысында мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап берген оқушыларға 1 ұпай беріледі.
| Видеосабақ,
Сұрақ
картичкалары
|
2 мин
| Оқулықта берілген 1-тапсырманы LEGO MINDSTROMS Education EV3 программасында жасап көрсету
| Мұғалімнің жұмыс барысын бақылап, сұрақтарын дайындап отырады. Түсінбеген жерін сұрап алады.
| Сұрақ қойған оқушыларға 1 ұпай беріледі.
| LEGO MINDSTROMS Education EV3 программасы
|
Сабақ соңы
| 3 мин
| Сабақты барысын және оқушылардың алған білімін қорытындылау мақсатында презентациядағы тапсырмаларды орындату, ұпайлары бойынша бағалайды.
| Сабақ мақсатына жетті ме?
Өзін-өзі бағалайды, баллдық бағалау бойынша өз ұпайын есептейді.
| Формативті бағалау бойынша сабақ барысындағы ұпайлар есептелінеді.
| 13-15 слайд
https://kundelik.kz электронды журналына бағалар қойылады.
|
2 мин
| Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында өз бетімен үйге тапсырма беру
| 16-слайдтағы берілген үй тапсырмасын белгілеп алу.
|
|
|