|
№ 9 Арманға сапар. Блім атауы иял лемі
Бөлім атауы: Қиял әлемі
| Мектеп:
| Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні:
| Сынып: 5-сынып
| Қатысқан оқушылар саны:
| Қатыспағандар:
| Сабақтың тақырыбы
| Арманға сапар
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.
| Сабақтың мақсаттары
| Барлық оқушылар:тақырыпқа байланысты эссе жазу;
Көптеген оқушылар: тақырыпқа байланысты эссені құрылымын сақтап жазу;
Кейбір оқушылар:эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.
| Бағалау критеийлері
| эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды; өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады.
| Сабақтың барысы:
| Сабақтыңкезеңі/ уақыт
| Педагогтіңәрекеті
| Оқушының
әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
| Сабақтың басы
| І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындық.
Жағымды ахуал қалыптастыру.
Сыныпта эмоционалды-позитивті көңіл-күй қалыптастыру мақсатында «Теңіз түбіне саяхат» жасаймыз. Қиялымызға ерік береміз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Теңіз толқындарына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті , сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. І.ЖАЗЫЛЫМ АЛДЫ.
Қызығушылықты ояту.
«Шындық-Жалған» әдісі бойынша жүргізіледі. Оқушылар берілген сөйлемдердегі ақпараттың шындық-жалған екенін ажыратады
Сабақтың мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.
| Оқушылар жағымды ахуал қалыптастырады.
Оқушылар берілген сөйлемдердегі ақпараттың шындық-жалған екенін ажыратады.
Сабақтың мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.
|
ҚБ
ҚБ
| 5-сынып
«Қазақтілі» оқулығы
|
| Сабақтың ортасы
| Мағынаны тану
ІІ. ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ
8-тапсырма.
Дескриптор:
тақырыпқа байланысты ой тұжырымдарын жинақтайды; 150 сөз көлемінде эссе жазады; Мәтінде синоним, омоним, антоним болатын зат есімдерді орынды қолданады..
ҚБ
ІІІ.ЖАЗЫЛЫМНАН КЕЙІН.
Дескриптор:
Тақырыпқа байланысты ойкөкпар өткізеді; Оқушылар жақтайтын дәлелді пікірлер айтады, аргументтер келтіреді; Оқушылар даттаушы дәлелді пікірлер айтады, аргументтер келтіреді.
ҚБ
|
Оқушылар тақырыпқа байланысты ой тұжырымдарын жинақтайды;
150 сөз көлемінде эссе жазады
Тақырыпқа байланысты ойкөкпар өткізеді.
| ҚБ
ҚБ
| 5-сынып қазақ тілі оқулығы.
|
| Сабақтың соңы Үй тапсырмасы:
|
Тақырыпқа байланысты шағын ойтолғау жазу.
|
|
| |
|
|