казак. № 1 Медеу Сәрсекенің шығармашылығы. Блім азаты анышы
Скачать 0.86 Mb.
|
Жазушы Медеу Сәрсеке бұрынғы Семей облысы Абыралы ауданының Қайнар кеңшарында 1936 жылдың 2 қаңтарында дүниеге келген. 1953 жылы Қайнар орта мектебін алтын медальмен бітіріп, қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетке бәсеке сынақсыз қабылданған. Техника ілімінің күрделі кілтипатын қиналмай игеріп, өз қатарының алдыңғы легінде оқыған. Инженер дипломын алып, арман еткен мамандығын жете меңгеру үшін ауыр өндірістің бірі- Семей цемент зауытында бес жыл бойы құрылыстың ділгір шикізатын күйдірумен шұғылданған. Бұл қызметте де өз қатарының соңғысы болмаған, техника бөлімінің аға инженері, білікті маман атанды. Өндіріс қазанында пісіп-қатып, өмір мектебінен өткен. Студенттік шағынан республикалық баспасөзде жиі көрінуі шәкірт үшін текке өтпеді. 1959 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы- «Ғажайып сәуле» жеке кітап болып жарық көрді. Инженер дипломына ие болған жас маман «Лениншіл жас» редакциясының шақыруынан бас тартпай, сол күнде аса беделді жастар газетінде еңбек жолын жалғастырады. Медеу Сәрсеке - қазақ әдебиетінде фантастика жанрының бастауында тұрған қалам иесі. Ғылыми- фантастика ғаламатындағы қалам қарымын танытатын тұңғыш туындысы «Ғажайып сәуле» хикаятында ол ғылым мен техниканың бүгінгі көкжиегі мен келешек мүмкіндігін өрнекті сөзбен кестелеп, қиялмен қиюластырады. Қазақ әдебиетіндегі ғылыми-фантастика жанрының алғашқы қарлығаштары атанған «Көрінбестің көлеңкесі», «От және атом», «Жетінші толқын» атты таңғажайып хикаяттарын ол Семей цемент зауытында жұмыс істеген жылдарында жазған. М.Сәрсеке өзі сүйіп оқитын А.Беляевтің «Человек-амфибия» романын «Қос мекенді адам» деген әсерлі де бейнелі атаумен қазақша аударған. Өзі де тың идеялар тауып, осы жанрға тұсаукесер болар Қазақ әдебиетіндегі ғылыми-фантастикалық жанрдың көш басында болып, оның өрістеуіне үлес қосқан қаламгердің «Көрінбестің көлеңкесі», «Жетінші толқын» қияли хикаяттары, техника кереметін қарапайымдап түсіндірген «От және атом» атты кітабы да ұлтымыздың оқырманы қолынан түсірмей, сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Медеу Сәрсекенің өндіріс тақырыбындағы романдары жазушылық шеберліктің және бір баспалдағына көтерілгендігін, әдеби өскендігін айғақтайды. Оның қаламы толғаған «Жарылыс» («Взрыв») және «Көмбе» («Клад») романдарын оқырман қауым кезінде өте жоғары бағалаған. Қаламгердің проза саласында қол жеткізген табыстары драматургия жанрында да жалғасын тапты. Оның ұшқыр қаламынан 1968 жылдан беріде 7 драма туған. Солардың төртеуі Семейдің, Арқалықтың, Жетісай, Талдықорған мен Алматы театрларында көп жылдар бойы табыспен жүрді. Драматургияның қатпарлы сырларын жан-жақты меңгерген жазушы көрермендеріне «Тендерге түскен келіншек» пьесасын ұсынды. «Алаш айнасы» газетіне (2011, 28 маусым) берген сұхбатында ол драмаға түрткі болған жайтты айқара ашып: «Тегінде мен пьеса жазуды кәсіп еткен қаламгер емеспін. Әлдебір оқиға ішіме сыймай, ұйқым бұзылған кезде ғана соны драмаға айналдырамын. Бірде өзім тұратын үйдің ауласында демалып отырғанымда қоқыс жәшігінен шөлмек жинап жүрген мосқал жастағы ер адамды қасыма шақырып, әңгімеге тарттым. Ол маған осы тірлікке қалайша душар болғанын егіле сөз етті. Қысқасы, сол күнгі әңгіме қалам тербеуге дәнекер болды...» - деген. Қаламгерді күллі Одаққа танытқан басты шығармасы – «Сәтбаев». Жас қаламгердің Қ. И. Сәтбаев» ғұмырнамасымен шұғылдануы да себепсіз емес, әдебиетке әуесқой инженерді академик Ә. Х. Марғұлан 1963 жылы Алматыға шақырып, осы тақырыппен түбегейлі айналысуына ой салған. 1980 жылы Мәскеудің «Молодая гвардия» баспасының әлемге әйгілі «Жайсаң адамдардың өмірі» сериясында («ЖЗЛ» атанған) тұңғыш шыққан айтулы ғұмырнамасының халықаралық жәрмеңкеде 5 мың данасы таратылыпты. Қазақтың Қанышын әлемге танымал еткен інісінің шығармашылығына тәнті болған Халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың сөзімен айтсақ: «Алыпты алып қана арқалай алады, Абайдай данышпанды Әуезов әлемге танытты. Сәтбаевтың ұлы тұлғасын М.Сәрсеке ұлықтады, ЮНЕСКО жариялаған дерекке қарағанда, оның «Сәтбаевы» әлемнің 112 еліне тарапты! Бұл – заңғар ғалымның есімін туған жұртында айтқызбай жүрген кешегі кереғар заманда Медеудің ерлігімен жүзеге асқан іс». Қаныш Сәтбаев, Ебіней Бөкетов, Ермұхан Бекмаханов. Үш алып қазақтың маңдайына біткен нар тұлға. |