Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
| (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
| ДК экраны
|
Жаңа сабаққа кіріспе
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
| 1. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі қалай жүйеленеді?
2. Өсімдіктердің жүйеленуі дегеніміз не?
3.Жауарлардың жүйеленуі дегеніміз не?
| Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
| Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
| Тақырып бойынша дайындалған жаңа сабақтың материалын оқуға тапсырма беріледі
| Материалмен танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
| Дескриптор:
Жалпы- 3 балл
1. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жүйеленімі жайлы мағлұмат береді
| Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру
|
| 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
| 1.Сөйлемді толықтырып жазады:
Түрлер...біріктіріледі, туыстар... біріктіріледі, тұқымдастар... біріктіріледі, отрядтар...біріктіріледі, кластар... біріктіріледі, типтер... біріктіріледі.
2. Жануарлардың заманауи жіктелу сұлбасын сызады.
| Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Тапсырманы орындайды
| ДК экраны
Таратпа материал
|
| 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
| 1.Тірі организимдерді жіктейді:
2.Жабайы шомыр мен жүгері өсімдіктерінің жүйелік орнын көрсетеді.
3. Неміс овчаркасынынң, қазақтың ақбасты ірі қара мал тұқымының жүйелік орнын анықтайды.
| Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Кестені толтырады
2. Талдау жасап айырмашылықтарын анықтайды.
| ДК экраны
Презентация
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
| «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
| Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
| Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|