Главная страница
Навигация по странице:

  • Күні: 31.03 Мұғалімнің аты-жөні

  • Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Бағалау критерийлері

  • Сабақ барысы Сабақтың кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті

  • Сыныппен жұмыс. Қайталау Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі дегеніміз не Жауап

  • Жауап: 3. Қосымша 1,Қосымша 2 Топтық жұмыс

  • Тақырыпты бекіту. Оқулықтан тақырып бойынша есептер шығаруға болады немесе «Қосымша 3» жұмысын орындауға болады.Қосымша 3 Тапсырма 1.

  • Тапсырма 2

  • Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз

  • Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • 31.03 Жазықтықтағы координаталар әдісі. Сабақ жоспары. Нұсқа 2. Блім Жазытытаы тікбрышты координаталар жйесі


    Скачать 49.62 Kb.
    НазваниеБлім Жазытытаы тікбрышты координаталар жйесі
    Дата06.04.2022
    Размер49.62 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла31.03 Жазықтықтағы координаталар әдісі. Сабақ жоспары. Нұсқа 2. .docx
    ТипДокументы
    #448765

    Бөлім: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі

    Мектеп:№38 қазақ орта мектебі

    Күні: 31.03

    Мұғалімнің аты-жөні: Есекен Ақторғын Қуанышқызы

    Сынып: 8 Б

    Қатысқандар саны:

    Қатыспағандар саны:

    Сабақ тақырыбы

    Жазықтықтағы координаталар әдісі

    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

    8.3.3.13 жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептейді;

    Сабақ мақсаттары

    Оқушылар:

    біледі:

    • жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы табуды;

    Бағалау критерийлері

    Оқушылар

    біледі:

    • басы мен орта нүктесінің координаттары бойынша ұшының координаттарын табуды;

    • координаттарымен берілген екі нүктенің арақашықтығын табуды.

    қолдана алады:

    • жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептеуді;

    • екі нүктенің арақашықтығын басқа да есептер шығаруда;

    кесіндінің ортасын есептер шығаруда.

    Сабақ барысы

    Сабақтың кезеңдері

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    0-5 мин

    Сабақты белсендендіру.

    Оқушыларды түгендеу

    Сабақ мақсаттары және бағалау критерилерімен таныстыру.

    Амандасады.

    Сабақтың мақсаты мен тақырыбымен танысады.




    Презентация 1

    № 1-4 слайдтар


    Сабақтың ортасы
    9- 20 мин

    21 - 28 мин

    Сыныппен жұмыс. Қайталау

    1. Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі дегеніміз не?

    Жауап: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі деп ортақ координаталарының бас нүктесі бар өзара перпендикуляр түзулердің жұбын айтамыз.

    1. Қандай жазықтық координаталық жазықтық деп аталады?

    Жауап: Тікбұрышты координаталар системасымен берілген жазықтықты координаталық жазықтық деп атаймыз.

    1. Координаталық жазықтықтағы координаталық түзулер қалай белгіленеді және қалай аталады?

    Жауап: Координаталық түзулер Ох, Оу сәйкесінше абцисса, ордината осьтері.


    1. Абсцисса осіне параллель екі нүкте алынған. Олардың біреуінің ординатасы 2. Екінші нүктенің ординатасы нешеге тең?

    Жауап: 2.

    1. Абсцисса осіне перпендикуляр түзудің бойынан екі нүкте алынған. Олардың біреуінің абсциссасы 3-ке тең. Екінші нүктенің абсциссасы нешеге тең?

    Жауап: 3.


    Қосымша 1,

    Қосымша 2


    Топтық жұмыс

    Екі нүктенің арақашықтығы формулаларын өздері қорытып шығару үшін оқушыларды шағын топтарға бөлу, себебі олар берілген тапсырманы бірге талқылай, талдай келе формулаларды қорытып шығу керек. Талдау барысында оқушылар математикалық ойлауларын сыни тұрғыда жетілдіріп, математикалық ғылыми тілдерін жаттықтырады және топпен, адамдармен жұмыс жасау дағдыларын шыңдайды.

    Тапсырма 2.

    Екі нүктенің арқашықтығын табу үшін төмендегі суретті, Пифагор теоремасын және санның модулі анықтамасын қолданыңыздар.



    Оқушылар суретт бойынша зерттеу жасап, қорытынды нәтижелерін дәптерлеріне жазады.

    Зерттеу нәтижесін топта талқылайды. Бір бірлеріңіздің жұмыстарыңызды мұқият қараңыздар, қажет болса толықтырыңыздар, түзетіңіздер. Уақыт аяқталғаннан соң, әр топ өз жұмыстарын қорғайды.


    Қосымша 3


    Сабақтың ортасы

    29 - 37 мин

    Кітаппен жұмыс

    Оқушыларға теориялық материалмен танысуға уақыт беріңіз. Оқушылар өз ойқорытындыларын оқулықтағы материалмен салыстырады, қажет жерлерін түзетеді.

    Тақырыпты бекіту.

    Оқулықтан тақырып бойынша есептер шығаруға болады немесе «Қосымша 3» жұмысын орындауға болады.

    Қосымша 3

    Тапсырма 1. C – нүктесі АВ кесіндісінің ортасы. Кестенің бос орындарын толтырыңыз.

    A

    (2;-3)




    (0;1)

    (0;0)

    (c;d)

    (3;5)

    (3t+5;7)

    B

    (-3;1)

    (4;7)




    (-3;7)




    (3;8)

    (t+7;-7)

    C




    (-3;-2)

    (3;-5)




    (a;b)






























    Тапсырма 2. ABCD параллелограмының төртінші төбесінің координатын табыңыздар А(2;6), В(4; 7), С(8; 10) болса.

    Қорытынды:

    • Егер сізге A және B нүктелері берілсе, онда АВ-ның арақашықтығын



    формуласымен анықталады.



    Сабақтың соңы

    38-40 минут

    Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

    • Нені білдім, нені үйрендім?

    • Нені толық түсінбедім?

    • Немен жұмысты жалғастыру қажет?

    • Бұған дейінгі білімімде түсінбеген тұстар бар ма, ол осы тақырыпты түсінуге қалай әсер етті?

    Үй тапсырмасы








    Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

    Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

    Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуы мүмкін.

    Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

    Оқушылар жұптарын және жеке жұмыста өздерін өздері бағалайды. Сонымен қатар өтілген және бұрынан белгілі білім негізінде есептер шығару.

    Денсаулық сақтау технологиялары.

    Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

    Түзу әрі тік отыруларын қадағалау.


    написать администратору сайта