Бөлім:
| Отбасылық тәрбие
| Машықтанушының Т.А.Ә.
| Кәрімбердиева Ш.М.
| Күні:
| 23.11.2022
| Сынып: 11 «Б»
| Қатысушылар саны: 18
| Қатыспағандар саны
| Сабақтың тақырыбы
| «Отбасындағы ұлттық құндылықтарды қалай түсінесің?»
| Сабақтың мақсаты
| отбасындағы ұлттық құндылықтарды дәріптеу; отбасы мүшелері арасындағы құндылықтарды қалыптастыру; отбасы мен достарына деген адалдық; сезім құндылықтары – сүйіспеншілік, адалдық, достық, ата-аналарды тәрбиелеу; Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата-анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
| Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңі
/уақыт
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының
әркеті
| Ресурстар
| Сабақтың басы
5 минут
| Оқушыларға сабақ тақырыбын айтып, отбасы жайлы ойларын сұрау.
Оқушыларды «Пішіндер» әдісімен 2 топқа бөлу.
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөз бар. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы зор. Отбасы ата-ана мен баланың, келін мен ененің және басқа отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасындағы өзара қарым-қатынас сыйластыққа, құрметке, қайырымдылыққа құрылуы тиіс.
| Тақтаға зер салады
| Интерактивті тақта
| Сабақтың ортасы
15 минут
5 минут
15 минут
3 минут
| «Есім сыры» әдісі.
Оқушылардан есімдерінің мағынасын және кім қойғанын сұрау.
Оқушылардың есімдерінің дайындалған мағыналарымен таныстыру. Слайдпен жұмыс.
Оқушыларды отбасылық құндылықтармен таныстыру. «Отбасылық құндылық» ағашын әр топқа беру.
Нұсқау: Әр топқа ақ парақтар таратылады. Бұл параққа отбасылық құндылық ағашыңыздың суретін саласыз. Отбасылық құндылықтар жазатын карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. «Сыңарын тап» ойыны
Интерактивті тақтада отбасыға байланысты мақал-мәтелдердің бастапқы бөлігі беріледі. Оқушылар жалғасын табуы керек.
| Есімдерінің қойылу тарихымен бөліседі
Берілген құндылықтарды өз таңдауларымен отбасылық құндылық ағашына деңгей бойынша жабыстырады. Өз ойларын айтып, түсіндіреді.
| Интерактивті тақта
Таратпалар
| Сабақтың аяғы
2 минут
| Кері байланыс.
«Қандай ой түйдім?» деген сұраққа жауап жаздыру
|
|
| |