Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
| Ұйымдастыру кезеңі.
оқушылармен амандасу; сабаққа дайындықтарын тексеру; оқу мақсаты мен бағалау критерийін таныстыру
Қызығушылықты ояту. «ПОПС» формуласы
«Қиял», «Ғылым», «Өнер» тірек сөздерін шығарма идеяларымен байланыстырып, «ПОПС» формуласы негізінде ойларын айтады.
Біздің ойымызша ....
Оны былай дәлелдейміз ....
Мынандай мысал келтіреміз ....
Мынандай қорытындыға келдік ....
Дескриптор:
өз ойларын айтады; дәлел келтіреді; мысал келтіреді; қорытынды жасайды.
Мағынаны тану. 1-тапсырма. Шеңбердегі сұрақтар»
1.Оқушылардың парталарын дөңгелетіп орналастыру
2.Оқушыларға тақырыптың мазмұны бойынша сұрақтар жазуға арналған ұсақ қағаз қиықтарын таратып беру
3.Оқушылар қағаздарына сұрақтар жазады, бұл жерде сұрақтың деңгейінің өте күрделі немесе өте жеңіл болып кетпеуін ескертеді. Мысалы:
Жазушы әңгімесіне арқау болған тақырып не? Автордың оқиғаны баяндау мәнері. Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген? Жоңғаров пен Созақовтың әрекетіне деген көзқарасы. Жазушы журналистің ғылымға және профессор Созақовқа деген көзқарасын қалай суреттеді? Автор профессор Созақовқа осындай қадам жасату арқылы ғылымдағы ғаламдық мәселені шешкізе алды ма?
4.Сұрақтарды шеңбердің ортаңғы аймағына лақтырады.
5.Барлығы орындарынан тұрып ортада жатқан сұрақтарды алады.Кезегімен немесе қалаулары бойынша сұрақтарға жауап береді.
6.Жазушының «Әңгімелерімнің негізгі тақырыбы – табиғаттың құпия сырын ашу, оны адам санасына бағындырып, адам баласының игілігі үшін қызмет еттіру»,- деген «Көшпелі алтын» кітабына жазған аннотациясына сүйене отырып, ғылыми-фантастикаға негізделген шағын әңгіме құрастырып айтады.
Дескриптор:
Шығарманың үзінділерімен жұмыс жүргізеді; Сұрақ-жауапта еркін ой алмасады; Зерттеу сұрақтарын құрастырып, топта талқылай алады; Әңгіме құрастыра алады.
ҚБ
2-тапсырма. ЖЖ. Әңгіме кестесі
Әңгіме тақырыбы
| Көшпелі алтын
| Әңгімедегі құндылықтар
|
| Тақырыпқа қандай сай ғылыми тұжырымдар келтіре аласыз?
|
| Адамзаттың жеткен жетістіктері
|
| Өз көзқарасыңыз. Әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
|
| Жұптық бағалау.
Дескриптор:
Шығарманың құндылықтарын анықтайды; Мәтіннен дәлелдемелер келтіреді; Өз қорытындыларын ұсынады.
ҚБ
3-тапсырма. Қиялгер әлемін зерттеу
Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі. Әр топ өз елінің ғылымын ілгерілетумен айналысқан тұлғаларды зерттейді: Ағжан Машани, Жүніс Сахиев, Талап Сұлтанбеков.
Аталған тұлғаның өмірі; Ол өмір сүрген кезең; Ол ғылымға деген сүйіспеншілігін қалай көрсетті?
Жеке жұмыс. Эссе тақырыбы: «Ғылыми-фантастика жанры ғылыми ашылулар қақпасының кілті бола ала ма? » (100 сөз).
Дескриптор:
Әр топ өз елінің ғылымын ілгерілетумен айналысқан тұлғаларды зерттейді: аталған тұлғаның өмірі, өмір сүрген кезең, ол ғылымға деген сүйіспеншілігін зерттейді; Берілген тақырыпта эссе жазады; Эссе құрылымын сақтайды. Сөз санын сақтайды.
ҚБ
«Автор орындығы». Үздік эсселер «Автор орындығында» оқылады.
| Оқушылар «ПОПС» формуласы
«Қиял», «Ғылым», «Өнер» тірек сөздерін шығарма идеяларымен байланыстырып, «ПОПС» формуласы негізінде ойларын айтады.
Оқушыларға тақырыптың мазмұны бойынша сұрақтар жазуға арналған ұсақ қағаз қиықтарын таратып береді.
Оқушылар қағаздарына сұрақтар жазады, бұл жерде сұрақтың деңгейінің өте күрделі немесе өте жеңіл болып кетпеуін ескертеді. Сұрақтарды шеңбердің ортаңғы аймағына лақтырады.
Барлығы орындарынан тұрып ортада жатқан сұрақтарды алады.Кезегімен немесе қалаулары бойынша сұрақтарға жауап береді. Шығарманың құндылықтарын анықтайды;
Мәтіннен дәлелдемелер келтіреді;
Өз қорытындыларын ұсынады.
Оқушылар өз елінің ғылымын ілгерілетумен айналысқан тұлғаларды зерттейді: аталған тұлғаның өмірі, өмір сүрген кезең, ол ғылымға деген сүйіспеншілігін зерттейді;
Берілген тақырыпта эссе жазады;
Эссе құрылымын сақтайды.
Сөз санын сақтайды.
|
ҚБ «Нысана»
Оқушы
лар стикер жапсыру арқылы бағалай
ҚБ «Нысана»
Оқушы
лар стикер жапсыру арқылы бағалай
ҚБ «Нысана»
ҚБ «Нысана»
| 10-сынып
Қазақ әдебиеті
қима қағаздар
Т. Сұлтанбеков «Көшпелі алтын»
|