|
Блім Тыныс алу
Бөлім:
| Тыныс алу
|
| Педагогтің аты-жөні:
| Қаниева Ж
|
| Күні:
| 28.12.2022
|
| Сыныбы:7б
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
| Сабақтың тақырыбы:
| Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдары (өкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау).».
|
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 7.1.4.6 - тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдарын түсіндіру
|
| Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
| Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. Топ ережесін еске түсіру. Топтастыру.
| Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
| Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
| Фигуралар салынған конверт
| Жаңа сабаққа кіріспе
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
| 1.Вирус қандай аурудың себебі болуы мүмкін?
2.Бактериялар адам денсаулыгына қандай зиян келтіреді?
3.Аурулардың алдын алу бұл-...
4.Тыныс алу мүшелерінің қандай ауруларын білесіңдер?
| Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
| Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
| Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
| Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
| Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
| Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Шылым шегетін және шекпейтін адамның өкпелерін салыстырады.
| Видеоролик
|
| Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
| 1.Шыңықтыру жаттығуларымен айналысуды бастайды
| Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Жаттығуларды орындайды.
| ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
| Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
| «Тыныс алу мүшелерінің аурулары» көрсетілімін дайындайды.
| Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Көрсетілім көрсетеді
| ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
| Тапсырмалар айдарындағы 3-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
| «Шылым шегудің зияндығы туралы» плакат дайындап көреді
| Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Плакат дайындайды
| ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
| Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
| «Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
| Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.
| Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!
Жақсы!
Талпын! Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
| |
|
|