Бөлім/бөлімше
|
| Педагогтің аты-жөні
| Каршагина Раушан Ермаганбетовна
| Күні:
| 22.04.2022ж
| Сыныбы:1Б
| Қатысушылар саны:25
Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы
| Табиғат құбылыстары. Заттың қимылын білдіретін сөздер
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.4.2.1 заттың атын, қимыл-әрекетін, білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу
| Сабақтың мақсаты
| Оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады.
Заттың қимылын білдіретін сөздерді сұрақ қою арқылы ажыратады, сөйлем құрайды.
Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
| Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңі
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
| Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Күндей күліп, Гүлдей жайнап, Біз үлкейіп өсеміз! Қанат қағып, Арман қуып, Біз мақсатқа жетеміз!
«Ыстық алақан»
Бір ,екі, үш деп күлімдеп,
Қолымды мен созайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын.
Балалар, көңіл күйлерің қалай?
Егер жақсы болса, қол шапалақтаймыз.
Сабаққа дайындығымыз қалай?
Егер сабаққа дайын болсақ,қолымызды көтереміз.
Топтық ережелерді еске түсіріп өтейік.
|
Орындарынан тұрып, бірге айтады
|
|
Суреттер
Бас бармақ
| Сабақтың ортасы
| Ой қозғау.
Дыбыс арқылы қандай табиғат құбылыстарын естіп тұрғандарын табады. /Аудиожазба/
Дескриптор:
-Дыбысты есту арқылы табиғат құбылыстарының атауын айтады:
Найзағай, жаңбыр, қар, бұршақ, жел.
Берілген сөздерді партаның үстінен алып, тақтадағы суреттің жанына іледі. Тақтадағы суреттерге жан бітіріп көрейікші.
Күн ....
Жаңбыр .....
Қар ......
Найзағай .....
Қандай сөздер арқылы жан бітірдік. Қане қайталап оқиық.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Табиғат құбылыстары. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Сабағымыздың мақсаты:оқу түрлерін қолдану,заттың қимылын білдіретін сөздерге сұрақ қою арқылы ажыртуды, сөйлем құрауды үйренетін боламыз.
Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланыстырып көркем жазамыз.
Ереже шығарып айту.
Бейнежазба /Заттық қимылын білдіретін сөздер/
Көктем мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар жиі болады?
Олай болса, оқушылар қатты жаңбыр жауған кезде не пайдаланамыз?
Сабақ барысында дұрыс жауап берген оқушылар ортадан қолшатыр алып отырады.
Оқулықпен жұмыс
Мұғалім оқушылардың назарын өзіне аударады.
Мәтінді оқып беремін.
2.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу. –Табиғатта қандай өзгерістер болады?
–Табиғат құбылыстарына нелер жатады?
Дескриптор:
-мәтінді тыңдайды
-мәтінді топпен оқиды
-мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауап береді.
/Бейнежазба табиғат құбылыстары/
Дәптермен жұмыс
Жазылым ерекшелігі: дұрыс отырғызу, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қаламды ұстай білуді қалыптастыру.
2-жаттығу
Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жазады. Жеке оқушылар тақтаға орындайды. Жазған сөйлемдерін оқиды.
Жазған сөздеріне сұрақ қояды. Ол сөздер нені білдіретінін айтады.
Дескриптор:
-Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, көшіріп жазады
-жазған сөздеріне сұрақ қояды
Сергіту сәті:
Жаңбыр басталды,
Жаңбыр сіркіреді,
Жаңбыр күшейді,
Нөсерлеп жауды
Күн күркіреді,
Нөсер басылды
Жаңбыр тоқтады.
ЖЖ:заттың қимылын білдіретін сөздерді тауып, көк түспен бояйды. /Қолшатырдың тапсырмасы/
ТЖ: «Жіп қыстырғыш»
Берілген кеспе қағаздардан сөйлем құрастырып айтады. Заттың қимылын білдіретін сөзге сұрақ қояды.
Бекіту:
Тест тапсырмасы:
1.Заттың қимылын білдіретін сөзді тап.
А)жел Б)ойнады В)доп
2. Жүгірді сөзіне қандай сұрақ қоямыз?
А)не? Б)кім? В)не істеді?
3. Сөйлемді толықтыр.
Айгүл далада ........
А)ойнады Б)күн В)доп
| Табиғат құбылыстарын
дыбысына қарап
ажыратып атын атайды.
Жел, жаңбыр, найзағай, судың сылдыры.
Жел, жаңбыр ... Мысал айтады
Жауап парағына жазады.
|
Үш шапалақ
|
Аудиожазба Найзағай, жаңбыр, қар, бұршақ суреттері
Қолшатыр
Ал енді оқушылар ереже шығарып көрейік.
Заттың қимылын білдіретін сөздерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады. Мысалы..... Дескриптор: - ереже шығарып айтады \мұғалімнің көмегімен\
| Сабақтың соңы
| Кері байланыс:
Қанша қолшатыр жинадық? Санау.
Сабақ соңындағы көңіл-күйлеріңізді көрсету.
|
Сабақ соңындағы көңіл – күйін суретті таңдап,
стикер жабыстыру арқылы көрсетеді.
|
| Күн, бұлтты күн, бұлт
|
Құстар-
біздің
досымыз |