|
Блімдер Сауат ашу Таырыбы Сздерді буына блу Масаты
Күні:
Білім беру салалары: Коммуникация
Бөлімдер: Сауат ашу
Тақырыбы: Сөздерді буынға бөлу
Мақсаты: сөз, буын, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру. Сөздің дыбыстардан құралатынын, сөзді бірнеше бөлікке бөлуге болатынын, ол бөлік «буын» деп аталатынын ұғындыру. Буын ұғымын меңгерту. Сөз әр уақытта бір нәрсе жайында айтылатын ойды білдіретінін түсіндіру.
Білімділік: Сөздердің бір буыннан, көп буыннан тұратынын түсіндіру. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру.
Дамытылушылық: Баланың ойлау және өз пікірін айту қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу .
Жаңа сөздер:сөз,буын
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, практикалық, ойын
Қолданатын көрнекіліктер: суреттер, жұмбақтар, буындар, ойыншықтар, суреттер, текшелер, плакаттар, т.б.
Әрекеттің кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті
| Балалардың әрекеті
| Мотивациялық-қозғалушы
Ұйымдастыру, ізденісжүргізу
| Шаттықшеңбері:
Отбасыммыналар
Еңжақынадамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін
-Жарайсыңдар балалар,
-Балалар өткенді қайталап еске түсірейікші
-Дауысты дыбыстарды атап,созып айтамыз. – А – Адесе, оны ұзық айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Ал «Т» дыбысынң айтылуы қысқа. Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейік.
-Айырмашылығы бар ма?
-Т дыбысы созылып айтылмайды, дауыссыз дыбыс. Осы дыбыстар-дан сөз құрайық. А дыбысы мен Т дыбысын қосып айтсақ АТ шығады. Демек, АТ деген сөз пайда болады. Сөз дыбыстардан құрала-ды. Сөз-адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралады. Сөзді ойлап шығаратын адамдар.
-Балалар мен қазір бір дыбыс айтамын, сендер сол дыбысқа басқа бір дыбыс қосып, сөз шығарамыз.
- «До» деген дыбыс айттым
-Енді «До»-ға «п» дыбысын қоссақ, «доп» деген сөз шығады.
-Міне, осылай сөз шығады.
-Енді тақтадағы суреттерге назар аударайық. Осы суреттер бойын-ша әңгіме құрастырамыз. Ойыншықтарды атаймыз. Ойыншықтармен ойнап жүрген балаларға ат қоямыз. Сөздерді буынға бөлеміз.
-Мысалы: Жанар.
-Енді осы Жанар деген қыз баланың есімі неше буыннан тұрады?
-Иә, дұрыс айтасыңдар екі буыннан тұрады, себебі сөзде екі дауысты дбыс бар. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Дауысты дыбыстар жеке өзі ғана бір буын құрай алады, мысалы: а-ша, а-ра, а-па, а-на, т.б.
-Енді Жанар сөзін текшелермен белгілейік.
-Өздерің ойыншықтарыңның атын атап, буынға бөліңдер.
-Ма-ши-на, бар-би , қон-жық
-Тәрбиеші балалармен бірге орындайды
Сергітужаттығуы: Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
-Осындағы АЮ сөзін буынға бөлейік.
| -Балалар шаттық шеңберге тұрадыОтбасым мыналар
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін
-Балалар дауысты дыбыстарды созып айтады,ал дауыссыз дыбыстардың қысқа ғана айтылатынын түсінеді
-бар
-А, Т әріптерін қосып сөз құрайды
-АТ
-Балалар тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды
-доп
-Балалар назарын тақтаға аударады
-Машина, барби, қонжық, т.б
-Жанар , екі буыннан тұрады.
-Бірінші буын «Жа», екінші бу-ын «нар».
-Балалар шапалақтау арқылы буынға бөліп үйренеді
-Ма-ши-на, бар-би, қон-жық т.б.
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
- Балаллар АЮ сөзін буынға бөледі
| Рефлексия- түзету жұмыстары (коррекция)
| «Қайда бардым, не көрдім?»дидактикалық ойынын ойнатып, сөз ойлату, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасату.
| Балалар дидактикалық ойындарды ойнайды.
| Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар сөзерді , буынды, сөйлем құруды біледі.
Түсінігі : Балалардың сөйлем мен буын жайында
Орындай алады: Балалар сөздерді буынға бөлуді орындай алады, дыбыстардан сөз құрауды орындай алады.
Технологиялық картаны жазған тәрбиеші: Утемисова Тогжан
Әдіскер: Нұрғалиева З.Қ. |
|
|