Главная страница
Навигация по странице:

  • Мына пайымдау Спалланцани қабырғасында

  • Сипаты

  • 4-Тапсырма. Блімні наты оу масатын пайдаланып, сас тапсырманы руа тырысыыз. Тренерге кері байланыс жасау шін осы тапсырманы жктеіз


    Скачать 38.13 Kb.
    НазваниеБлімні наты оу масатын пайдаланып, сас тапсырманы руа тырысыыз. Тренерге кері байланыс жасау шін осы тапсырманы жктеіз
    Дата11.12.2022
    Размер38.13 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла4-Тапсырма.docx
    ТипДокументы
    #838233

    4-тапсырма. Бөлімнің нақты оқу мақсатын пайдаланып, ұқсас тапсырманы құруға тырысыңыз. Тренерге кері байланыс жасау үшін осы тапсырманы жүктеңіз.

    Тапсырма

    Лаззаро Спалланцани тамақ бұлшық еттің күш салуынан емес, ас қорыту сөлінің көмегімен қорытылатыны туралы пікірді 18 ғасырда айтты. Мұны көрсету үшін, ол іші қуыс ұзындығы 2 см жəне диаметрі 0,5 см ағаш түтікшені жұтты. Түтікшенің ішінде кішкене ет болды. Түтікшенің екі жағы да жабулы, ал қабырғаларында көп кішкене тесіктер жасалған еді. Екі күннен кейін ағаш түтікше оның бойынан шықты. Бұл кезде ағаш цилиндр бос болды. Өз экспериментінде Спалланцани қабырғаларында тесіктері бар ағаш цилиндрді қолданды. Ол мұны не үшін жасады? Әрбір пайымдау үшін «Иə» немесе «Жоқ» сөзін қоршаңыз.

    Мына пайымдау Спалланцани қабырғасында тесіктері бар ағаш цилиндрді не үшін қолданғанын түсіндіруінің бірі бола ала ма?

    Иә

    Немесе

    Жоқ?

    Ағаш цилиндр қатты болды, сондықтан ас қорыту жолы бұлшық еттерінің цилиндрдің ішіндегі етке əсер етуіне кедергі жасады.

    Иə / Жоқ

    Ағаш цилиндр тамақты қорытуға көмектесетін талшықтардан тұрды.

    Иə / Жоқ

    Ағаш цилиндрдегі тесіктер ас қорыту сөліне цилиндрдің ішіне кіріп, етке əсер тигізуіне мүмкіндік берді.

    Иə / Жоқ






    Сипаты:

    Мазмұны:

    Құзыреттілігі:

    Мәнмәтін (Контекст):

    Деңгейі:

    Тапсырманың түрі:

    Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық

    Қоректену

    ғылыми тұрғыдан түсіндіру

    денсаулық аспектісі: тұлғалық

    орташа деңгей

    ашық


    написать администратору сайта