Главная страница

Документ3. Блмені аынды жинастырудан ткізу масаты Санитарлы гигиеналы талапты сатау


Скачать 12.72 Kb.
НазваниеБлмені аынды жинастырудан ткізу масаты Санитарлы гигиеналы талапты сатау
Дата22.05.2021
Размер12.72 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДокумент3.docx
ТипДокументы
#208279

Бөлмені ағынды жинастырудан өткізу мақсаты:

Санитарлық гигиеналық талапты сақтау;

Аурухана ішілік жұқпаның алдын алу.

Емдеу сауықтыру мекемелерінде ағынды жинастыру күніне екі рет ылғалды әдіспен, кей жағдайда жиірек жүргізіледі. Жинастыру құралдарында (шелек, шара, шүберек, швабра) жинастырудың түрі мен бөлменің аты көрсетілуі тиіс және олар өз мақсатында қолданылуы қажет, қолданылуы бойынша бөлек сақталуы керек.

Қажетті заттар:

Шелек, швабра, шара, еден шүберек, таза шүберек, зарарсыздандыру ерітіндісі, халат, орамал, алжапқыш, резеңке биялай, өлшемі бар ыдыстар.

Іс- әрекеттер:

Орамалды тағып, халатты, алжапқышты, резеңке биялайды киіңіз.

Зарарсыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеңіз.

Бөлмеге ылғалды жинастыру жүргізіңіз: таза шүберекті ерітінділердің біріне малып жиһаздарды, терезе алдын сүртіңіз. Еденді мынадай тәртіппен жуу қажет: қабырғалардан ортаға, сонан соң төрден сыртқа қарай.

Ылғалды жинастырудан соң бактериоцидтік шамды 30 минутқа қосыңыз.

Жинастыру құралдарын зарарсыздандыру қажет: еден жуатын шүберек пен қабырға сүртетін шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісіне 1 сағатқа бөлек –бөлек салып, сонан соң оларды суда шайып, кептіру қажет.


написать администратору сайта