Главная страница

1 курс тест без ответа (1). Блум таксономиясы бойынша тест тапсырмалары 1дегей білу жне тсіну (бір жауабы бар тест тапсырмасы), (125 сра)


Скачать 242.66 Kb.
НазваниеБлум таксономиясы бойынша тест тапсырмалары 1дегей білу жне тсіну (бір жауабы бар тест тапсырмасы), (125 сра)
Дата14.12.2022
Размер242.66 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла1 курс тест без ответа (1).docx
ТипДокументы
#845001
страница8 из 9
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3-деңгей – қолдану, талдау, жинақтау, бағалау (контекстік тест тапсырмалары), (25 сұрақ)

Сұрақ 1

V1

«Ұрпақтар қақтығысы» деп аталатын ұрпақ арасындағы қарым-қатынас мәселесі тамыр жайып, көптеген ғасырлар бойы өмір сүріп келеді. Бұл әлеуметтік өмірде де, әр отбасында да туындайды. Бұл ақсақалдар мен кәмелетке толмағандардың арасындағы белгілі бір қайшылық.

Біздің ата-бабаларымыз құндылықтарымыздың негізі. Қоғамда белгілі бір уақытта болған қағидалар адам өзінің ата-анасынан оны тұлға ретінде құрған кезде толық бейнелейді және сіңіреді. Мұны құндылықтардың негізі деп атауға болады. Жастардың мүдделері қазіргі қоғамның оларға әсер етуі арқылы қалыптасады; аға ұрпақтың мүдделері өз заманындағы қоғамның аясында қалыптасты. Қоғамның мүдделері мен қажеттіліктері тез өзгеретінін, оларды қадағалап отыру қиынға соғатынын, одан да кейін оларға бейімделу керектігін бәрі жақсы біледі. «Бүгінгі» адам үшін қалыпты нәрсе ата-әжелерге оғаш немесе дөрекі болып көрінуі мүмкін.

Ұрпақтар арасындағы қақтығыстар қоғамда бұрыннан бар болғандықтан және оларды толықтай жою мүмкін емес, сондықтан сіздің өміріңізден осындай қақтығыстарға себеп болатын түрлі факторларды алып тастау өте маңызды. Ұрпақтар проблемасының себептерін жоюға, сондай-ақ басымдықтарды дұрыс орналастыруға негізделген көзқарас жағдайында жанжалдар отбасын айналып өтсе, әлемдегі ең қымбат адамдарымызбен қарым-қатынасты сақтап қалар едік .
1.Мәтінге тақырып қой

A.Тура жол

B. Еңбек ету

C. Қоғам

D. Ұрпақтар қақтығысы

E. Отбасын

2.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз

......... құндылықтарымыздың негізі.

A. Жастардың мүдделері

B. Ұрпақтар проблема

C. Біздің ата-бабаларымыз

D. Еңбек ету

E. Қоғамның мүдделері

3. Мәтінде көтерілген мәселені белгілеңіз.

А. Белгілі бір қайшылық.

В. Балалықты еске алу

С. Достардың қамын ойлау

Д. Бос уақыт өткізу

Е.Ұрпақ арасындағы қарым-қатынас

4. Сөйлемді толықтыру: .... ..... ..... деп атауға болады.

A Ұрпақтық қақтығыстар

B. Мұны құндылықтардың негізі

C. Бұл әлеуметтік өмір

D. Жастардың мүдделері

E. Мұны құндылықтар

5. Берілген сөйлемнен шартты рай жұрнағы бар сөздерді табыңыз.

Жанжалдар отбасын айналып өтсе, әлемдегі ең қымбат адамдарымызбен қарым-қатынасты сақтап қалар едік .

A. өтсе

B. айналып

C. қалар

D. әлемдегі

E. жанжалдар

0

1-B, 2-C, 3-D, 4-А, 5-Е

0

1-С, 2-А, 3-С, 4-В, 5-Е

0

1-A, 2-C, 3-D, 4-Е, 5-В

0

1-Д, 2-С, 3-Е, 4-В, 5-А

0

1-В, 2- Д, 3-E, 4-В, 5-В


Сұрақ №2

V1

Мамандық

Мамандық таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне де қарай таңдап алады. Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Оның бірі – халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Екіншісі – адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Тағы бірі – шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу.

Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Өзін табу үшін әр адам өмірде ең қажетті он кітап оқуы тиіс екен. Сол арқылы түрлі мамандықта еңбек етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады.

Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Мың рет құласаң да, қайта тұрып, өз жолыңды тапқан жөн.

Бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол балалық шақтан басталады.
1. Мәтіндегі негізгі ой

A. Тура жол

B. Мамандық

C. Әнші болу

D. Ұстаз болу.

E. Еңбек ету

2. Мақалды жалғастырыңыз: «Армансыз адам ...»

A. қарай таңдап алады

B. жолыңды тапқан жөн.

C. арманы болады.

D. қанатсыз құспен тең

E. еңбек ету керек

3. Өмірде маңызды дүниелердің бірі

А. Болашақпен өмір сүру

В. Балалықты еске алу

С. Достардың қамын ойлау

Д. Бос уақыт өткізу

Е. Мамандық таңдау

4. Сөйлемді толықтыру: .... ..... ..... қайта тұрып, өз жолыңды тапқан жөн.

A. Армансыз адам

B. Болашаққа апаратын тура жол

C. Мың рет құласаң да,

D. Өзін табу үшін

E. Жақсы маман болу үшін

5. Берілген сөйлемнен есімше жұрнағы бар сөздерді табыңыз.

Тағы бірі – шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу.

A. жетелейтін

B. шәкірттерді

C. білімге

D. ұстаз

E. тағы

0

1-B, 2-C, 3-D, 4-А, 5-Е

0

1-С, 2-А, 3-С, 4-В, 5-Е

0

1-A, 2-C, 3-D, 4-Е, 5-В

0

1-Д, 2-С, 3-Е, 4-В, 5-С

0

1-В, 2- Д, 3-E, 4-С, 5-А


Сұрақ №3

V1

Ұлттық валюта- теңге

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. Ұлттық теңге тәуелсіз ел болғанымыздың белгісі. Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Алғашқы шығарылымында теңгенің бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынды.Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды.

«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.
1.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісін көрсетіңіз

  1. Ұлттық валюта

  2. Ұлттық университеті

  3. Ұлттық ұғымдар

  4. Ұлттық таным

  5. Ұлттық менталитет

2. Алғашқы шығарылымында теңгенің бірінші бетінде не көрсетілгенін табыңыз

  1. Ою-өрнектер

  2. Әйгілі ұлы тұлғалардың бейнелері

  3. Еліміздің көрікті жерлері

  4. Ту мен елтаңба

  5. Табиғат көріністері

3. Ұлттық теңгенің қандай айрықша белгісі бар екенін көрсетіңіз

  1. Англияда басылды

  2. Әйгілі ұлы тұлғалардың бейнелері бар

  3. 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар

  4. Жетекшісі Тимур Сүлейменов

  5. Арнаулы шеберханаларда жасаған

4. Алғашқы шығарылымында теңгенің екінші бетінде не көрсетілгенін табыңыз

  1. Ою-өрнектер, табиғат көріністері

  2. Әйгілі ұлы тұлғалардың бейнелері

  3. Еліміздің көрікті жерлері

  4. Ту мен елтаңба

  5. Қоғам қайраткерлері

5. Ерте замандарда теңгелерді қайда жасалғанын табыңыз

  1. Англияда жасаған

  2. Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған

  3. Төлем құралы ретінде қолданған

  4. Табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынды

  5. қазақтың ою-өрнектермен безендірілген.

0

1-B, 2-C, 3-D, 4-А, 5-Е

0

1-С, 2-А, 3-С, 4-В, 5-Е

0

1-A, 2-C, 3-D, 4-Е, 5-В

0

1-Д, 2-С, 3-Е, 4-В, 5-С

0

1-А, 2-В, 3-С, 4-А, 5-В


Сұрақ №3

V1

Еңбек өнімділігі- сапалы жұмыс

Қарасай ауылында еңбек өнімділігін арттыру үшін баспанасыз жүрген қызметкерлерге арналып тұрғын үй салынды.Өйткені сапалы еңбек ететін жастардың көбі үйсіз жерген болатын. Қаншама үйге мұқтаж адам ел қатарына қосылып, бүгінде бәрі де өсіп-өніп, үлкен бір әулетке айналды. Деректерге көз жүгіртсек, ауылда 60-тан астам соғыс ардагері бар. Шағын кәсіпкерлікті дамыту арқы­лы ардагерлерге қолдау көрсетілді. Кәсіпкерлер ауылға шағын диір­мен салғызды, ауылдағы жігіттер жұмыспен қамтамасыз етілді. Мал бағатын орындар ашылды. Ет, сүт өнімдері өзімізде өндіріле бастады. Еңбегіміз де жанды, тұрғын­дардың алғысын да алдық. Еңбектің көзін таба біл­­сеңіз, қоғамға да, елге де қадірлі болаты­ныңыз ақиқат.Келешек ұрпаққа:- «Біз сендерді адал еңбек, маңдай термен тапқан табысқа жетуге үйретеміз. Сендер де жетістікке еңбек­пен жетуге болатынын ұғыныңдар», деп айтып отырамын. Еңбек адамды тәрбиелейді, жақсы­лыққа бағыттайды. Еңбек әр адамды болашаққа бастайтын жол десек, қателеспейміз. Еңбекқор адам бастамашыл келеді.

1.Кәсіпкерлер ауылға қандай жақсылық жасады?

  1. Шағын диірмен салғызды, ауылдағы жігіттерді жұмыспен қамтамасыз етті

  2. Ет, сүт өнімдерін өндірді

  3. Ешқандай өзгеріс болмады

  4. «Еңбек адамды тәрбиелейді» деді

  5. Үлкен бір әулетке айналды.

2. Еңбектің көзін таба білсеңіз......................

  1. әр адамды болашаққа бастайтын жол

  2. қоғамға да, елге де қадірлі болатыныңыз ақиқат

  3. еңбекқор адам бастамашыл келеді

  4. үлкен бір әулетке айналады

  5. жұмыспен қамтамасыз етілді

3. Еңбектің адамға қандай қатысы бар?

  1. Еңбек адамды тәрбиелейді, жақсылыққа бағыттайды.

  2. Еңбекқор адам бастамашыл келеді.

  3. Үлкен бір әулетке айналады.

  4. Ешқандай өзгеріс болмайды

  5. Үлкен бір әулетке айналды.

4. Қарасай ауылында еңбек өнімділігін арттыру үшін не жасалды?

  1. Зауыт салынды.

  2. Баспанасыз жүрген қызметкерлерге арналып тұрғын үй салынды.

  3. Ет, сүт өнімдерін өндірді

  4. Халықты табыс табуға үйретті

  5. Ешқандай жұмыс жасалған жоқ

5. Деректерге көз жүгіртсек, ауылда кімдер бар?

  1. Сапалы еңбек ететін жастар бар

  2. 60-тан астам соғыс ардагері бар

  3. Кәсіпкерлер бар

  4. Баспанасыз жүрген қызметкерлер бар

  5. Еңбекке құштар адамдар бар

0

1-B, 2-C, 3-D, 4-А, 5-Е

0

1-С, 2-А, 3-С, 4-В, 5-Е

0

1-A, 2-C, 3-D, 4-Е, 5-В

0

1-Д, 2-С, 3-Е, 4-В, 5-С

0

1-А, 2-В, 3-А, 4-В, 5-В


Сұрақ №4

V1

Еңбек – бәрін жеңбек

«Еңбек етпеген адам ішім-жемге жарымайды, еңбектенген адам ішім-жемнен тарылмайды», — дейді халық даналығы. Елбасымыз дәл осындай сөздердің мәнін одан әрі тереңдетіп, саналы адамдарға сәуле түсірердей етіп тұжырым жасап берді. Ол: «Әлемнің әміршісі – еңбек. Адамзат баласы жаралғаннан бері еңбек етіп, тер төгудің арқасында өсіп-өркендеп келеді. Тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек», — деп, тәуелсіздіктің тұтқасын еңбекпен ғана ұстап тұруға болатынын айтты.

Адам күш-қуатын салып еңбектенуге ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық адамның өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең, мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың, өмірің жарқын болады. Сондықтан еңбектің адам өміріндегі алатын орны ерекше.

1. Елбасының еңбек туралы тұжырымын табыңыз?

А) «Еңбек етпеген адам ішім-жемге жарымайды, еңбектенген адам ішім-жемнен тарылмайды»

В) Адамзат баласы жаралғаннан бері еңбек етіп, тер төгудің арқасында өсіп-өркендеп келеді

С) Еңбек дегеніміз- бойымыздағы энергия мен күшіміз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек

Д) Адам күш-қуатын салып еңбектенуге ерінбеуі керек

Е) Тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек

2. Ерінбей еңбек етсең арман-мақсатыңа ...

А) жетпейсің

В) жетесің

С)шығасың

Д) жақындамайсың

Е) барасың

3. Еңбек сөзі қандай сұраққа жауап береді?

А)кім

В) неге

С) кімнің

Д) не

Е) қандай

4. Еңбектің адам өміріндегі орны қандай?

А) екінші

В)үшінші

С)орын жоқ

Д) ерекше

Е) ең соңғы

5. Еңбекке қарсы ұғымды табыңыз?

А) сенімсіздік

В) әлсіздік

С)еңбекқорлық

Д) еріншектік

Е) мазасыздық

0

1-B, 2-C, 3-D, 4-А, 5-Е

0

1-С, 2-В, 3-D, 4-D, 5-D

0

1-A, 2-C, 3-D, 4-Е, 5-В

0

1-A, 2-B, 3-С, 4-D, 5-Е

0

1-D, 2- C, 3-E, 4-А, 5-В


Сұрақ №5

V1

Қазақстан – әлемдік кеңістікте

Тәуелсіз Қазақстанда 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көп векторлық жол. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүниежүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шетелдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. Жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы), ЮНЕСКО сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп отыр.

1. Шетелдерде 40-тан астам не ашылды?

А) спорт өкілдігі

В) өнер өкілдігі

С) дипломатиялық өкілдік

Д) туристік өкілдік

Е) білім беру өкілдігі

2. Қазақстанды неше мемлекет таныды?

А) 160

В) 180

С)40

Д) 120

Е) 50

3. Неше мемлекетпен дипломатиялық қатынас жасаймыз?

А) 120

В) 60

С) 140

Д) 70

Е) 40

4. Шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ... өкілдігі жұмыс істейді.

А) ұлтаралық ұйым

В)нәсіларалық ұйым

С)халықаралық ұйым

Д) ұлттық ұйым

Е) мемлекетаралық ұйым

5. Еліміздің бүгінгі халықаралық дәрежеде танылуы?

А) жаңа биік деңгейіне көтеріліп отыр

В)жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп отыр

С)жаңа бағыттағы деңгейіне көтеріліп отыр

Д) жаңа мазмұнды деңгейіне көтеріліп отыр

Е) жаңа сипаттағы деңгейіне көтеріліп отыр

0

1-B, 2-C, 3-D, 4-А, 5-Е

0

1-С, 2-В, 3-А, 4-А, 5-В

0

1-A, 2-C, 3-D, 4-Е, 5-В

0

1-A, 2-B, 3-С, 4-D, 5-Е

0

1-D, 2- C, 3-E, 4-А, 5-В


Сұрақ №6

V1

Бәсеке

Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұтымды нәтижеге қол жеткізуге бағытталған экономикалық жарыс, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің арасындағы күрес. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану саласындағы ара қатынастары.

Қорыта келгенде бәсеке – бұл қандай да бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топтар немесе қоғам арасындағы күрес. Мәселен, ақша, билік, статус, махаббат және т.б құндылықтар үшін сайыс. Бәсеке теориясы классикалық мектеп өкілдерінің еңбектерінде де кеңінен қарастырылды. Ағылшын ғалымы А.Смит алғаш рет бәсекенің пайда нормасын теңестіретінін, капитал мен еңбекті ұтымды бөлуге алып келетінін дәлелдеп көрсетті.

1. Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз

А)Бәсеке – бұл қандай да бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топтар немесе қоғам арасындағы күрес

В) Бәсеке- нарықтық қатынастарды алға сүйрейтін локомотив

С) А.Смит бәсекенің капитал мен еңбекті ұтымды бөлуге алып келетінін дәлелдеп көрсетті

Д) Бәсеке- пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің арасындағы күрес

Е) Бәсеке теориясы классикалық мектеп өкілдерінің еңбектерінде де кеңінен қарастырылды

2.Бәсеке сөзінің екінші мағынасын табыңыз.

А) іс-әрекет

В) қозғалыс

С)жарыс

Д) сыйластық

Е) достық

3. Бәсеке-пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің арасындағы күрес.

А) көп

В) аз

С)алыс

Д)жақын

Е)өте

4. А.Смиттің шыққан елін көрсетіңіз.

А)Германия

В) США

С)Қытай

Д) Англия

Е) Франция

5. Бәсеке теориясының анықтамасын берген ғалымды белгілеңіз.

А) К. Маркс

В)Әл-Фараби

С)А.Смит

Д) Д. Мейнард Кейнс

Е) И.Кант

0

1-B, 2-C, 3-D, 4-А, 5-Е

0

1-В, 2-С, 3-В, 4-D, 5-C

0

1-A, 2-C, 3-D, 4-Е, 5-В

0

1-A, 2-B, 3-С, 4-D, 5-Е

0

1-D, 2- C, 3-E, 4-А, 5-В


Сұрақ №7

V1

Қазақстанның табиғи байлықтары

Қазақстан жер қойнауындағы басты байлық – түсті және қара металдар: мыс, мырыш, қорғасын, никель, вольфрам, молибден, темір және марганец рудалары, хромиттер. Республикада сондай-ақ, тас көмір мен қоңыр көмір, мұнай мен газ, фосфориттер, ас тұзы мен асбест көп. Қазақстанның жер қойнауында 90-нан астам пайдалы қазбалардың түрі бар. Менделеевтің периодтық кестесіндегі элементтердің республикада табылмағаны жоқ деуге болады. Қазба қорларының молдығымен және сан алуандығымен кенді Алтай, Қаратау, Мұғаджар таулары, Торғай жазығы мен Маңғыстау түбегі ерекше көзге түседі. Қазақстанның дәлелденген газ қоры 1,82 трлн м³, ол әлемдік қордың 1,7% -ын құрайды. Республика әлемдегі барланған уран кен орындарының қоры бойынша әлемде екінші орын алады.

Табиғатымыздың осыншама зор байлығы- еліміздің жарқын болашағының кепілі.

1. Мәтінге сәйкес келетін басқа атауды белгілеңіз.

А) Пайдалы қазбалар

В) Менделеев кестесі

С) Қазба қорлары

Д) Табылған элементтер

Е) Уран кен орны

2. Мәтіндегі «природные ресурсы» тіркесінің қазақша баламасын табыңыз.

А) жер байлықтары

В) әлем байлықтары

С)табиғи байлықтар

Д)ұлттық байлық

Е) қазба байлықтар

3. Мәтін бойынша сөйлемді аяқтаңыз.

Қазақстан жер қойнауындағы басты байлық – ... .

А)мұнай және газ

В) бидай және күріш

С) түсті және қара металл

Д) мақта және тұз

Е) алтын және күміс

4. Қазақстанның жер қойнауындағы пайдалы қазба түрінің санын көрсетіңіз.

А)50-ден аса

В) 60-тан аса

С) 120-дан аса

Д) 90-нан аса

Е) 125-тен аса

5. Қазақстанның уран кені бойынша әлемдегі алатын орны.

А)бірінші

В)екінші

С)үшінші

Д) төртінші

Е)бесінші

0

1-B, 2-C, 3-D, 4-А, 5-Е

0

1-A, 2-С, 3-C, 4-D, 5-B

0

1-A, 2-C, 3-D, 4-Е, 5-В

0

1-A, 2-B, 3-С, 4-D, 5-Е

0

1-D, 2- C, 3-E, 4-А, 5-В


Сұрақ №8

V1

Білімді ұрпақ – ел ертеңі

Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп, бала тәрбиесіне ерекше  көңіл бөлген.

Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын, бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін-  бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан қазіргі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті - рухани жағынан бай, дарынды, бойында ұлттық құндылықтары сақталған жеке  тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды әр баланың санасына сіңіріп, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, аяғынан тік тұрып кететініндей тәрбиелегенде ғана ұлт болашағынан, ұрпақтың ертеңінен үміт күтуге әбден болады.

1. Мәтін мазмұнын ашатын тақырыпты көрсетіңіз.

А)жас ұрпақ

В)еліміздің болашағы

С) ұлт болашағы-ұрпақ қолында

Д) салт-дәстүр

Е) шетелде оқу

2.Мәтін бойынша «Егеменді еліміздің тірегі ... .» сөйлемін аяқтаңыз.

А) білімді, тәрбиелі ұрпақ

В) мейірімді, шыдамды ұрпақ

С) мәдениетті, әділ ұрпақ

Д) білімсіз, тәрбиесіз ұрпақ

Е) келер ұрпақ

3.Мәтін бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін- ...

А) тәрбиесіз ұрпақ

В) бүгінгі жас ұрпақ

С) ересек ұрпақ

Д) білімсіз ұрпақ

Е) сенімді жастар

4. Мәтіннің ішіндегі қос сөзді табыңыз.

А)салт-дәстүр

В)ата - ана

С) жан-жақты

Д) қарама –қарсы

Е) қыз-жігіттер

5. Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

А)Ұрпақ тәрбиесі-ұлттық мәселе

В)Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ

С)Бала – өмір жалғасы.

Д) Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық салт-дәстүрі

Е)Ұрпақтың ертеңінен үміт күтуге әбден болады

0

1-B, 2-C, 3-D, 4-А, 5-Е

0

1-C, 2-A, 3-B, 4-A, 5-A

0

1-A, 2-C, 3-D, 4-Е, 5-В

0

1-A, 2-B, 3-С, 4-D, 5-Е

0

1-D, 2- C, 3-E, 4-А, 5-В


Сұрақ №9

V1

Қазақстан экономикасы

Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. Өнеркәсіптіңжетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті. Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Еуропа елдерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушылары Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Әлемде Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады.

1. Мәтін бойынша Қазақстан өнеркәсібінің жетекші салаларын атаңыз.

А)жеңіл өнеркәсіп

В)машина жасау өнеркәсібі

С) түсті және қара металлургия

Д) аграрлық сектор

Е)мұнай өңдеу

2.Мәтін бойынша Қазақстан экономикасы дамуының негізгі көзін анықтаңыз.

А) алтын, күміс

В) шикізат әлеуеті

С) су ресурстары

Д) қазіргі заманғы технологиялар

Е) мал шаруашылығы

3.Мәтінге сәйкес көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Әлемде Қазақстан ірі ... өңір болып табылады.

А) Aуылшаруашылық

В) туристік

С) отын-энергетикалық

Д) ғарыштық

Е) шикізаттық

4. Мәтіннің ішінде кездескен біріккен сөзді табыңыз.

А) ұлтаралық

В)өнеркәсіп

С) ғаламшар

Д) кәсіпорын

Е) халықаралық

5. Мәтін бойынша Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушыларын атаңыз.

А)Қырғызстан, АҚШ, Сингапур

В)Швейцария, Италия, Германия, Польша

С)Польша, Украина, Түркия

Д) Мысыр, Қытай, Ресей, Испания

Е)Өзбекстан, Франция,Чехия

0

1-B, 2-C, 3-D, 4-А, 5-Е

0

1-C, 2-A, 3-C, 4-B, 5-B

0

1-A, 2-C, 3-D, 4-Е, 5-В

0

1-A, 2-B, 3-С, 4-D, 5-Е

0

1-D, 2- C, 3-E, 4-А, 5-В


Сұрақ №10

V1

Қазақ тілі

Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.

1. Әр адамның ана тілі болып қай тіл саналатынын табыңыз.

А)Қазақ тілі

В)Туған тілі

С) Анасының тілі

Д) Мемлекеттік тіл

Е)Орыс тілі

2.Тілге байланысты мақалды табыңыз.

А) Аш құлақтан тыныш құлақ

В) Сөз тапқанға қолқа жоқ

С) Басқа пәле тілден

Д) Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі

Е) Ақылды тіліңді алар

3.Тіл туралы Заң қай жылы қабылданғанын табыңыз.

А) 1989

В) 1991

С) 1988

Д) 1992

Е) 1997

4. Туған тілін «ана тілі» деп құрметтейтін ұлтты белгілеңіз

А) Ағылшын

В)Орыс

С) Ұйғыр

Д)Қазақ

Е)Неміс

5. Сөйлемдегі тырнақшаға алынған сөздің синонимін табыңыз.

Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз.

А)шаттық

В)береке

С)байлық

Д) қуаныш

Е) туған тіл

0

1-B, 2-C, 3-D, 4-А, 5-Е

0

1-В, 2-С, 3-А, 4- D, 5-B

0

1-A, 2-C, 3-D, 4-Е, 5-В

0

1-A, 2-B, 3-С, 4-D, 5-Е

0

1-D, 2- C, 3-E, 4-А, 5-В
1   2   3   4   5   6   7   8   9


написать администратору сайта