Главная страница
Навигация по странице:

  • Неге ер адам қыздың қылығына үндемеді

  • Тоқаш туралы айтылған əңгімеде бойжеткен мен ер адам əңгіме аяқталғаннан соң, бірнеше минуттан кейін қайтадан кездесті делік. Ер адам бойжеткенге

  • не айтатын еді

  • 3.Тоқаш туралы айтылған əңгімеде бойжеткен мен ер адам əңгіме аяқталғаннан соң, бірнеше минуттан кейін қайтадан кездесті делік. Бойжеткен ер адамға не айтатын еді

  • 1 курс тест без ответа (1). Блум таксономиясы бойынша тест тапсырмалары 1дегей білу жне тсіну (бір жауабы бар тест тапсырмасы), (125 сра)


    Скачать 242.66 Kb.
    НазваниеБлум таксономиясы бойынша тест тапсырмалары 1дегей білу жне тсіну (бір жауабы бар тест тапсырмасы), (125 сра)
    Дата14.12.2022
    Размер242.66 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 курс тест без ответа (1).docx
    ТипДокументы
    #845001
    страница9 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    Сұрақ №11

    V1

    Қазақ халқы ауа райын қалай болжаған?

    Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен келер күннің болуы мүмкін ауа райын сол табиғат құбылыстары мен жан-жануарлардың тыныс-тіршілігіне қарап болжағаны белгілі. Олар ерте кезден ауа райын алдын ала бақылап, мал-жанның түрлі орын алуы ықтимал апаттардан аман сақтау үшін ерте қамданып отырған. Ауа райын болжаушылар табиғат құбылыстарын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстаған. Оны атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған. Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап, болуы ықтимал қатермен бірге, өз кезегінде мал-жанға қолайлы жаңа өріс, ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген. Көшпелі қазақ халқы ауа райын ертеден адамнан бастап, жан-жануар, өсімдік, табиғат құбылыстары және тағы басқалар арқылы бақылаған. Болжам жасаушыларды әр ауыл, әр тайпа адамдары жиі іздеп барып, одан сол жылғы табиғатта қандай өзгерістер болатынын және жауын-шашынның, ыстық-суықтың қай деңгейде болатындығын сұрап біліп, соған сәйкес мал-жандардың жағдайларын ерте бастан жасап, болуы ықтимал түрлі апаттардан сақтанып отырған.Ал ертедегі қазақ халқы ауа райын қалай болжаған? Академик-ғалым Ақселеу Сейдімбек «Қазақ әлемі» ғылыми-зерттеу еңбегінде осы ауа райы болжамдарын да жазып кеткен. Ендеше, назарларыңызға ата-бабаларымыздың ауа райы жайындағы жорамалдары мен ырымдарын ұсынып көрмекпіз:

    • Құр мен шіл қар астын қорғаласа, кешікпей-ақ боран болады.

    • Бозторғай ұясын ойпаңға салса, жаз қуаң болады. Бозторғай ұясын қырға салса, жаз жауынды болады.

    • Дуадақ қыстап қалса, қыс жайлы болады.

    • Қамыс торғайы ұясын биікке салса, жаз жаңбырлы болып, су көтеріледі.

    • Қызыл қаз саздан соғатын ұясының іргесін биік етсе, жаз жаңбырлы болып, су көтеріледі.

    • Жыл құстары топтасып ұшса, жылы күз созыла түседі. Жыл құстары қайтқанда төмен ұшса, қыс қатты болады.

    • Саңырау құр бұтаққа қонақтаса, тұман түседі.

    • Қарға топтасып қарқылдаса, ауа райы бұзылады.

    • Көк жасыл шегіртке молайса, жазда құрғақшылық болады.

    • Суыр ініне ерте жатса, қыс қатты болады. Суыр інінің аузын қораласа, көктемде су тасқыны болады. Суыр інінен ерте шықса, кешікпей күн жылынады. Суыр мезгілсіз жайылса, ауа райы бұзылады.

    1.Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен қандай әрекеттер жасаған?

    1. атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған

    2. келер күннің ауа райын табиғат құбылыстары мен жан-жануарлардың тыныс-тіршілігіне қарап болжаған

    3. ауа райы болжамдарын да жазып кеткен

    4. күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстаған.

    5. саңырау құр бұтаққа қонақтаса, тұман түседі деген

    2.Ауа райын болжаушылар..............

    1. табиғат құбылыстарын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстаған.

    2. ауа райы жайындағы жорамалдары мен ырымдарын ұстанған.

    3. ғылыми-зерттеу еңбек жазған.

    4. ауа райы болжамдарын да жазып кеткен.

    5. табиғат құбылыстарын тамашалап жүрген.

    3.Академик-ғалым Ақселеу Сейдімбек «Қазақ әлемі» ғылыми-зерттеу еңбегінде не жазған?

    1. Ырымдар мен тыйымдарды жазған.

    2. Жауан-шашын туралы жазған

    3. Ауа райы болжамдарын жазып кеткен.

    4. Күн есептеудің дәстүрлі әдістерін жазған.

    5. Ғылыми еңбек жазған.

    4. Жыл құстары қайтқанда төмен ұшса не болады?

    1. қыс жылы болады.

    2. қыс боранды, жаңбырлы болады.

    3. қыс қатты болады.

    4. Тұман түседі.

    5. Ауа-райы бұзылады.

    5. Көк жасыл шегіртке молайса, не болады?

    1. Тұман түседі.

    2. Жазда жауын-шашын көп болады.

    3. жазда құрғақшылық болады.

    4. жазда су-тасқыны болады.

    5. Ауа-райы бұзылады.

    0

    1-B, 2-C, 3-D, 4-А, 5-Е

    0

    1-В, 2-А, 3-С, 4-С, 5-С

    0

    1-A, 2-C, 3-D, 4-Е, 5-В

    0

    1-A, 2-B, 3-С, 4-D, 5-Е

    0

    1-D, 2- C, 3-E, 4-А, 5-В

    Сұрақ №12

    V1

    Тәсіл

    Ағаш кесуден жарыс болыпты. Ақтық сынға канадалық пен норвегиялық шығыпты. Оларға таңнан кешке дейін ағаш кесу тапсырылыпты. Кім көп кессе, сол жеңімпаз. Жарыс басталып, екі жақ та ағаш кесуге кірісіп кеткен. Біраз уақыттан соң канадалық норвегиялықтың тоқтап, 10 минут демалғанын біледі. Өзіне берілген мүмкіндікті қалт жібермей канадалық қарқынын үдетеді екен. Әр сағат өткен сайын норвегиялық 10 минут жұмысын тоқтатып отырады. Ақыры кеш болып, жеңімпаздың кім екенін білерде канадалық өзіне сенімді болыпты. Сонда қазылар алқасы норвегиялықтың көп ағаш кескенін жария етеді. Аң-таң күйде канадалық қарсыласының сағат сайын 10 минут тоқтағанын, ал өзінің үзбестен ағаш шапқанын айтып шамданады. Сонда норвегиялық әр сағат өткен сайын өзінің балтасын қайрауға 10 минут жұмсағанын айтыпты.

    1. Норвегиялық қалай жеңіске жетті?

    1. Өзіне сенімді болғандықтан

    2. Тез қимылдап шапшаң әрекет жасағандықтан

    3. Белгілі бір уақытта өз балтасын қайрап отырғандықтан

    4. Уақытын тиімді пайдаланғандықтан

    5. Өзіне берілген мүмкіндікті қалт жібермегендіктен

    1. Канадалықтың жеңіліске ұшырауына қандай жағдай себепші болды?

    1. Еңбек сапасының төмендігі және балтасына мұқият қарамауы

    2. Мүмкіндікті қалт жібермей қарқынын үдеткендігі

    3. Әр 10 минут сайын тоқтап балтасын қайрағаны

    4. Тоқтаусыз ағаш кескендігі

    5. Кеш болғанша жұмыссыз отырғандығы

    1. Қазылардың жарысқа қойған талабы қандай?

    1. Таңнан кешке дейін уақыт берілді және кім көп ағаш кессе сол жеңімпаз

    2. Таңнан кешке дейін уақыт берілді және кім жылдам ағаш кессе сол жеңімпаз

    3. Таңнан кешке дейін уақыт берілді және кім 10 мин. тоқтап ағаш кессе сол жеңімпаз

    4. Таңнан кешке дейін уақыт берілді және кім үлкен ағаш кессе сол жеңімпаз

    5. Таңнан кешке дейін уақыт берілді және кім салмағы ауыр ағаш кессе сол жеңімпаз.

    1. Қазылар алқасы қандай ақпаратты жария етті?

    1. Канадалықтың көп ағаш кескенін жария етеді

    2. Норвегиялықтың көп ағаш кескенін жария етеді.

    3. 10 минут сайын тоқтап балтасын қайрағанын жария етеді.

    4. Демалып отырғанын жария етеді.

    5. Екі жеңімпазды жария етеді.

    0

    1-B, 2-C, 3-D, 4-А

    0

    1-С, 2-А, 3-А, 4-В

    0

    1-A, 2-C, 3-D, 4-Е

    0

    1-A, 2-B, 3-С, 4-D

    0

    1-D, 2- C, 3-E, 4-А


    Сұрақ №13

    V1

    Тоқаш

    Бір бойжеткен Орталық вокзалда поезд күтті. Ол уақытты қысқарту үшін, кітап сатып алуды шешті. Кітаппен бірге ол бір бума тоқаш сатып алды. Сонан соң ол күту залынан өзіне, бұрыштан, онда тыныш отырып, кітап оқуға болатын бос орын тауып алды. Қасында бір ер адам газет оқып отырды.Тоқаш бумасы олардың арасындағы орындықта тұрды. Ол бір тоқаш алғанда, ер адам да бір тоқаш алды. Ол қатты таң қалды, бірақ ештеңе демей, кітабын оқи берді. Ішінен ол былай деп ойлады «Сене алмаймын! Мен батылдау болсам, міндетті түрде бірдеңе дейтін едім». Ол тоқаш алған сайын, ер адам да соны жасады. Бумада бір-ақ тоқаш қалғанша, бұл осылай жалғаса берді. Қыз ер адам не жасайтынын көргісі келіп, күтуді шешті. Ал ер адам соңғы тоқашты алды да, оны тең бөліп, жартысын оған берді. Қайран қалған ол, кітапты сөмкесіне лақтыра салып, аулақ ұмтылды. Ол ашуын басу үшін, залдың басқа бұрышына барып отырды. Ашуы басылған соң, ол сөмкесінен кітап алмақшы болды. Ол сонда ғана өзінің ашылмаған тоқаш бумасы сөмкесінің түбінде жатқанын көрді.

    1. Неге ер адам қыздың қылығына үндемеді?

    1. Ер адам өте әдепті және тәрбиелі адам болды

    2. Ер адамға бәрібір сияқты

    3. Ол мұндай болмайды деп ойлады

    4. Оның енді тоқашы жоқ.

    5. Ол біреу осылай жасай алатынына сене алмады

    1. Тоқаш туралы айтылған əңгімеде бойжеткен мен ер адам əңгіме аяқталғаннан соң, бірнеше минуттан кейін қайтадан кездесті делік.

    Ер адам бойжеткенге не айтатын еді?

    1. Сіз менің тоқашымды қалайша жеп қойдыңыз!

    2. Мен тоқашты жеп қойыппын ғой, ештене етпес сіз де жедіңіз ғой.

    3. Бұл тірлігімнен оғаш қылық байқамадым, қыз баласыз ғой,тоқашқа бола айыптамассыз.

    4. Тағы да тоқаш жегім кеп тұр, қалғанын берерсіз.

    5. Ештеңе етпес, Сіздей қызбен танысқаныма қуаныштымын. Тоқашта тұрған ештеңе жоқ. Босқа ыңғайсыздана бермеңіз.

    3.Тоқаш туралы айтылған əңгімеде бойжеткен мен ер адам əңгіме аяқталғаннан соң, бірнеше минуттан кейін қайтадан кездесті делік.

    Бойжеткен ер адамға не айтатын еді?

    1. Сіз менің тоқашымды қалайша жеп қойдыңыз!

    2. Мен тоқашты жеп қойыппын ғой, ештене етпес сіз де жедіңіз ғой.

    3. Бұл тірлігімнен оғаш қылық байқамадым, ер азаматсыз ғой, тоқашқа бола айыптамассыз.

    4. Тағы да тоқаш жегім кеп тұр, қалғанын берерсіз.

    5. Сіз мені аздап оғаштау деп санайтын шығарсыз. Бұл сіздің тоқашыңыз екенін білгем жоқ. Өзімді ақымақ деп сезінемін. Кешіріңізші... Тоқашыңыз үшін рахмет!

    0

    1-B, 2-C, 3-D

    0

    1-А, 2-Е, 3-Е

    0

    1-A, 2-C, 3-D

    0

    1-A, 2-B, 3-С

    0

    1-D, 2- C, 3-E


    Сұрақ 14

    V1

    Девиантты мінез - құлқы балаларға тәртіпсіздік, әлеуметтік тәрбиеге қарсы, заңға қарама - қайшы, теріс іс - әрекеттерді бойына сіңірген балаларды жатқызуға болады. Олар мұндай мінезге өмірдің ащысын көп көрген, отбасы жылуы болмауынан ұшырасады. Бұл балалардың дамуында кідіріс болады, тіпті физикалық және психикалық аурулар симптомының пайда болуына әкеліп соқтырады. Соның салдары денсаулықтың төмендеуіне себеп болады, сондықтан да оларды тек педагогтар емес, дәрігерлер де бақылау керек.

    1. Девианты мінез құлық-қоғамда ...

    A. заңға және нормаларға сәйкес келмейтін мінез-құлық

    B. өз кемшілігін мойындату

    C. бірлескен іс-әрекетке ұйымдастыру

    D. оқыту процестерінің кезеңдерін құрастыру

    E. теорияны тәжірибеде пайдалана білу
    2. Кейбір балалардың мінез құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері және қалыпты нормадан ауытқуы, заң бұзушылық арқылы көңіл аударту, алынған ақыл мен міндеттерді орындамау, қоғам мен мектеп, сол сияқты мектептегі талаптарды тыңдамау салдарынан туындайтын іс - әрекеттерді

    A. «рефлексия»деп айтамыз

    B. «девиант»деп айтамыз

    C. « бұзақылық»деп айтамыз

    D. « процесс»деп айтамыз

    E. « бақылау»деп айтамыз
    3. Девианттық мінез-құлықтың көрініс табуы

    A. нашақорлық

    B. белсенділік

    C. ішкілікке салыну

    D. жалқаулық

    E. агрессия


    0

    1-A, 2-C, 3-D

    0

    1-B, 2-D, 3-E

    0

    1-C, 2-E, 3-A

    0

    1-А, 2-B, 3-E

    0

    1-E, 2-B, 3-C


    Сұрақ №15

    V1

    Түркістан

    Ғалымдардың айтуынша, ежелгі қазақ жерінде алғашқы қалалар осыдан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған. Бірақ ол қалалардың көбі қазір жоқ. Бірен-саран қалалар ғана сақталған. Көбі түрлі себептермен қирап, үлкен үйінділер мен төбелерге айналған. Археологтар сол қалалардың орындарын тауып, түрлі қазба-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі – Түркістан. ІV-Х ғасырларда бұл қаланың орнында Шабғар деп аталған үлкен қала болыпты. ІХ-Х ғасырларда Шабғар шаһары көрікті қалалардың бірі болған екен. Сол кездерден бастап, ол Йасы (Яcсы) деп атала бастаған көрінеді. Ал ХV ғасырдан бастап, бұл көне қала Түркістан деген атпен белгілі болған. «Түркістан» сөзі «түріктер елі, мекені» деген мағынаны білдіреді. ХVІІ ғасырдан бастап, Түркістан шаһары мен оның төңірегі қазақ хандығының билігінде болды. Қазақ хандығының құрылтай жиыны, билер кеңесі, ру-тайпа мəслихаты осы қалада өткізіліпті. Түркістан қаласында атақты Ахмет Яссауи кесенесі бар. Бұл кесене ұлы Əмір Темірдің жарлығымен тұрғызылған көрінеді.

    1. Мәтіндегі негізгі ой

    A) Ахмет Яссауи кесенесі

    B) Түркістан қаласының тарихы

    C) көне шахарлар

    D) археологиялық қазбалар

    E) билер кеңесі
    2. «Түркістан» атауының мағынасы

    A) ру тайпа

    B) көне қала

    C) түріктер елі, мекені

    D) құрылтай өткізілетін жер

    E) билер кеңесі
    3.Қазақ хандығы кезінде Түркістан шаһарының атқарған рөлі

    A. кесене салынған

    B. қазба-зерттеу жүргізілген

    C. жарлықтар жазылған

    D. сауда жасалынған

    E. билер кеңесі өткізілген

    0

    1-A, 2-B, 3-C

    0

    1-B, 2-C, 3-E

    0

    1-E, 2-C, 3-A

    0

    1-С, 2-D, 3-B

    0

    1-B, 2-С, 3-E


    Сұрақ 16

    V1

    Экономика – бұл ежелгі грек сөзі және аударғанда «үй шаруашылығын жүргізе білу қабілеті» дегенді білдіреді. 2 мың жылдан астам уақыт бұрын ежелгі гректер шаруашылықты үй тәсілімен жүргізген. Әр үй, ауланы өмірге қажеттің бәрімен қамтамасыз етуге тырысқан. Ондай шаруашылықты тарихшылар «натуралды» деп атайды. Сол алыс жылдары да базар болған, адамдар тауар сатып алып, сатқан, ол жерде айырбас жүргізілген. Бірақ ең алдымен көптеген бірінші қажеттілік заттары өз үй шаруашылығында жасалған. Үй шаруашылығы аясында көп жыл бойы жұмыс атқаруы кезінде адамдар шаруашылық ережелерін жасап алған. Міне, осы ережелер алдымен үнемдеу, кейіннен экономика деп аталған. Қазір экономика деген сөз кең мағынада шаруашылық дегенді білдіреді. Үй шаруашылығы, фирма шаруашылығы, тіпті бүкіл мемлекет шаруашылығы-бұның барлығы экономика. Экономикаға өндіріс, көлік, сауда, халыққа қызмет көрсету кіреді.

    1. Мәтіндегі негізгі ой

    A) экономика

    B) сауда

    C) тауар

    D) археология

    E) билік
    2. Экономика – бұл.......

    A) ағылшын сөзі

    B) орыс сөзі

    C) бұл ежелгі грек сөзі

    D) неміс сөзі

    E) славян сөзі
    3. Қазір экономика деген сөздің мағынасы

    A. салық салу дегенді білдіреді.

    B. кең мағынада шаруашылық дегенді білдіреді.

    C. сұраныс дегенді білдіреді.

    D. сауда жасау дегенді білдіреді.

    E. заңды тұлға дегенді білдіреді.

    0

    1-A, 2-С, 3-В

    0

    1-B, 2-C, 3-E

    0

    1-E, 2-C, 3-A

    0

    1-С, 2-D, 3-B

    0

    1-B, 2-С, 3-E


    Сұрақ 17

    V1

    Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы,т.б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған.

    Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын труппалар құрып,ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек » трагедиясы тұңғыш рет қойылды.

    Театр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды. 1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н.Бекежанов атындағы облыстық театр ғимараты тұр.

    1. «Еңлік-Кебек» трагедиясы тұңғыш рет нешінші жылы қойылды?

    А) 1918

    B) 1917

    C) 1920

    D) 1916

    E) 1921
    2. Театр өнерінің алғашқы көріністері?

    A) ежелден келе жатқан салт-дәстүрлеріміз

    B) Еуропаның көрінестері

    C) М. Әузовтың «Еңлік-Кебек»

    D) драма жанры

    E) музыкалық пьеса


    0

    1-D, 2-A

    0

    1-B, 2-C

    0

    1-В, 2-А

    0

    1-C, 2-E

    0

    1-E, 2-D


    Сұрақ 18

    V1

    «Жаужүрек мың бала» Ақан Сатаевтың көркем драмалық фильмі. Фильмнің тұсауы Қазақстанда 2012 жылы 3 мамырда кесілді. Фильм қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлікпен күрескен XVIII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Сол кезде қазақ жасақтары бірігіп, басқыншыларға тойтарыс беріп, майданда шешуші жеңістерге жеткен еді.

    1. «Жаужүрек мың бала» кімнің көркем драмалық фильмі ?

    А) Ермек Тұрсынов

    B) Шәкен Айманов

    C) Ақан Сатаев

    D) Ермек Шынарбаев

    E) Тимур Бекмамбетов
    2. Фильм нешінші ғасырды қамтиды?

    A) 17

    B) 19

    C) 15

    D) 20

    E) 18


    0

    1-D, 2-A

    0

    1-B, 2-C

    0

    1-В, 2-А

    0

    1-C, 2-E

    0

    1-E, 2-D


    Сұрақ 19

    V1

    Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры - Алматыдағы ірі қазақ  театрларының  бірі.  Абай даңғылында  орналасқан. Қызылорда  қаласында 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды.1929 жылы театр труппасы Алматыға қоныс аударды.1930-жылдардың 1-жартысында қазақ жерінде кеңес өкіметі тұсындағы ұжымдастыру шараларын жүзеге асыру барысын бейнелейтін пьесалар қойылды.

    1.Алматыдағы ірі қазақ театрын белгілеңіз

    А) Мұхтар Әуезов атындағы театр

    B) Ғабит Мүсірепов атындағы театр

    C) М.Ю. Лермонтов атындағы театр

    D) Абай атындағы театр

    E) Ахтанов театры
    2. Нешенші жылы театр труппасы Алматыға айналғанын белгілеңіз

    A) 1930

    B) 1915

    C) 1929

    D) 1917

    E) 1918


    0

    1-D, 2-A

    0

    1-А, 2-C

    0

    1-В, 2-А

    0

    1-C, 2-E

    0

    1-E, 2-D


    Сұрақ №20

    V1

    М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасы алғашқы рет көркем көрініс түрінде 1917 жылы мамыр айында Абай ауылында, Әйгерімнің түптестіріп тіккен киіз үйінде қойылады. Қойылымға жүзге жуық көрермен жиналады. Бір қызығы - ойынға 50 тиыннан билет сатылып, барлығы 54 сом 50 тиын жиналыпты. Қаржы Құлжадағы ашаршылыққа ұшыраған қазақтардың пайдасына жөнелтіледі. Режиссерлік, суфлерлік міндеттердің бәрін автордың өзі атқарады. Ойнаушылар кейде суфлерді тыңдамай, оқиғаға беріліп сөйлеп кетеді. Осы орайда ойнаушылар аузынан шыққан орынды, ұтымды, шебер сөздер үлгісін кейін автор 1922 жылы жариялаған пьесасына енгізген.

    1. «Еңлік-Кебек» драмасы алғашқы рет қай жерде қойылғанын белгілеңіз

    А) Қарқаралы ауылында

    B) Алматы қаласында

    C) Семей облысында

    D) Абай ауылында

    E) Баянауыл ауылында
    2.Билет неше тиын тұрды?

    A) 50

    B) 55

    C) 60

    D) 59

    E) 56


    0

    1-D, 2-A

    0

    1-B, 2-C

    0

    1-В, 2-А

    0

    1-C, 2-E

    0

    1-E, 2-D


    Сұрақ №21

    V1




    «Қыз Жібек» лиро-эпостық жыры ойдан шығарылған оқиға емес, шынайы өмірде болғандығымен де қызықты шығар. Бұл махаббат хикаясының осыдан шамамен 500 жыл бұрын Ақтөбе облысының аумағында болғаны туралы нақты тарихи деректер бар. Демек халық аңыз-әфсанадан гөрі тарихи оқиғаны жоғары бағалайды.

    1.Суреттегі кейіпкердің аты жөнін көрсетіңіз

    А) Қамар сұлу

    B) Қыз Жібек және Төлеген

    C) Қозы Көрпеш -Баян сұлу

    D) Ақбілек

    E) Жамал
    2.Бұл махаббат хикаясының осыдан шамамен неше жыл бұрын болғанын табыңыз

    A) 500

    B) 510

    C) 300

    D) 550

    E) 545


    0

    1-D, 2-A

    0

    1-B, 2-C

    0

    1-В, 2-А

    0

    1-C, 2-E

    0

    1-E, 2-D


    Сұрақ №22

    V1

    Кино - грек тілінен шыққан сөз. Жылжу,қозғалыс, қимыл деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш киноны 1895 жылы ағайынды Люмьерлер ойлап тапты. 1930 жылы қазақ кино өнерінің негізі салынды. Қазақ киноөнерінің тұңғышы – «Түркісіб» деректі фильмі. Ал алғашқы көркем фильм – «Амангелді», 1938 жылы «Ленфильм» киностудиясының көмегімен жарыққа шықты.

    1. Кино қай тілден шыққанын белгілеңіз

    А) латын тілінен

    B) орыс тілінен

    C) грек тілінен

    D) француз тілінен

    E) италия тілінен
    2. Казақ киноөнерінің тұнғыш деректі фильмін белгілеңіз

    A) Еңлік Кебек

    B) Қыз Жібек

    C) Ленфильм

    D) Амангелді

    E) Түрксіб


    0

    1-D, 2-Е

    0

    1-B, 2-C

    0

    1-С, 2-А

    0

    1-C, 2-E

    0

    1-E, 2-D


    Сұрақ №23

    V1

    Амангелді фильмі қазақ кино өнерінде алғашқы туынды. Ленфильм киностудиясының туындысы болып есептелінеді. Амангелді – Қазақстан тақырыбындағы алғаш дыбысты көркем фильм. Амангелді фильмі 1938 жылы экранға шықты. Фильм қазақтың батыры Амангелді мен сарбаздарының ерліктері жайлы баяндалады.Сценарий авторлары: Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Всеволод Иванов, қоюшы режиссеры: Мойсей Левин, операторы: Хечо Назарьянц. Фильмде қазақтың тұңғыш режиссеры Шәкен Айманов та оқиғада ойнаған .1936 жылы Ғабит Мүсірепов пен Бейімбет Майлин Амангелді деп аталатын пьесаға сценарий жазған. Қазір бұл картина Қазақ киносының Алтын қорына кіреді.

    1. Амангелді фильмі нешінші жылы экранға шыққанын белгілеңіз

    А) 1931

    B) 1933

    C) 1936

    D) 1938

    E) 1939
    2. Фильмде оқиғада өзі ойнаған қазақтың тұңғыш режиссерын белгілеңіз.

    A) Ғабит Мүсірепов

    B) Бейімбет Майлин

    C) Шәкен Айманов

    D) Мойсей Левин

    E) Всеволод Иванов


    0

    1-D, 2-A

    0

    1-D, 2-C

    0

    1-В, 2-А

    0

    1-C, 2-E

    0

    1-E, 2-D


    Сұрақ 24

    V1

    Ақылды жанның табысы», – деп Шәкәрім ақын жырлағандай, бәсеке – бүгінгі заманның тынысы. Замана көшінің алдыңғы легіндегі озық технологияны үйрену, нарықтың сұранысына сай білім алу – жастардың жасампаздық мүмкіндігі.

    Шын мәнінде, көз ілеспес шапшаңдықпен дамып, жедел өзгеріп отырған мына дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңісті болып қалған таптаурын қағидалардан арылып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет. Елбасы рухани жаңғыруымыздың басты құндылығы ретінде бәсекеге қабілеттілікті ұсынады. Бүгінгі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелестік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынына елбасы айрықша назар аударып отырғаны да бекер емес. Себебі, әлемдік бәсекеге қабілеттілік ұлтымыздың рухани әлемде де озық болуын қажет етеді.

    Бүгінгі күнде біз ерекше жылдамдықпен айналамызда өзгеріп жатқан уақыт, көзқарас, технологиялардың куәсі болып жүрміз. Дүниежүзілік деңгейде бәсекелестікке сай болу үшін білімнің салтанат құруы аса қажет.
    1. Мәтінде көтерілген мәселені белгілеңіз.

    А) Білімсіздік

    В) Қазақстан мемлекеті

    С) Тілдің тарихы

    Д) Білім

    Е) Бәсекелестік

    2. Мәтіндегі тірек сөз

    А) Рухани жаңғыру

    В) Білімнің салтанат құруы

    С) Дамыған елдер

    Д) техниканың тілі

    Е) экономикалық дағдарыс

    3. Басты құндылық -

    А) бәсекеге қабілеттілік

    В) компьютердің тілі

    С) ақша табу

    Д) экономика, саясатты дамыту тілі

    Е) ерекше жылдамдық

    4. «Бәсеке» сөзінің мәнін табыңыз

    А) заманауилық

    В) заман тынысы

    С) білімсіздікке жол беру

    Д) озық елдер

    Е) рухани әлем

    5. Білімсіздің күні -

    А) ойлағаны келу

    В) жолы болар

    С) жаман

    Д) қаріп

    Е) қиын

    0

    1-B, 2-C, 3-D, 4-А, 5-Е

    0

    1-Е, 2-А, 3-В, 4-Д, 5-С

    0

    1-Д, 2-В, 3-А, 4-В, 5-Д

    0

    1-A, 2-Д, 3-С, 4-D, 5-Е

    0

    1-В, 2- Д, 3-E, 4-В, 5-В


    Сұрақ 25

    V1

    Білім беру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, ұрпақ келешегінің кемел болуы – мұғалімнің берген білімі мен тәрбиесіне байланысты. Заманауи білім беру саласында ақпараттық, желілік технологиялар саны көптеп пайда болды, оны білім үдерісінде белсенді түрде пайдалану керек. Білімнің салтанат құруы функционалды сауаттылықты, нақты құзыреттер мен мамандандыруды білдіреді. Мектеп оқушыларында сабақ жүктемесі жоғары болмауы, олардың назары жалпылай дамуға, яғни, өнер, спорт, тілдерді оқу, заманауи коммуникативті практикаларға бөлінуі мүмкін. Мұнда білімнің өзі емес, оның қолданылуы маңызды болып келеді.

    Бүгінгі жастар бір емес, бірнеше мамандықты игерсе көптік етпейді. Қазір уақыт жылдам. Тез білім алып, тез мамандықты игермесе, нарық бүгін игерген мамандығымызды ертең жойып жіберері анық. Таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысына жуығы жойылып кетуі әбден мүмкін. Қоғам да, нарық та, көзқарас та жаңарып тұратын мезгіл туды. Бір мамандық иесінен гөрі сан кәсіптің иесі болу күн тәртібінде тұр. Өмір бойы оқып, ізденетін сәт те келді. «Өмір сүру үшін өзгере білу керек» ,бір орнында тұрған артта қалады. Іс-әрекетсіз, жоспарсыз отырған адам әуелі қиыншылыққа, содан соң дағдарысқа ұшырайды. Таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысына жуығы жойылып кетуі әбден мүмкін. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, білімді адамдар ғана табысқа жетеді
    1. Мәтіндегі айтпақ ойды көрсетіңіз

    А) Болашаққа ұмтылу

    В) Өмір сүру

    С) Мамандық таңдау

    Д) Бос уақыт талдау

    Е) Достармен кездесу

    2. Мәтіндегі тірек сөз

    А) білім

    В) салтанат

    С) дағды

    Д) жүктеме

    Е) мектеп

    3.Қарамен берілген сөздің мағынасын көрсетіңіз

    А) қазіргі

    В) мәңгі

    С) озық

    Д)қисынды

    Е) жаңа

    4. Мақалды жалғастырыңыз: «Ізденген жетер...»

    А) бақытқа

    В) мұратқа

    С) деннің сулығы

    Д) білімге

    Е) арманға

    5. Сөйлемді аяқтаңыз: «Бүгінгі жастар ......... .»

    А) өз мақсатына жетуге ойлану керек.

    В) Өзгені сыйлап, құрметтеу керек.

    С) жетістік үшін күреспеу керек.

    Д) өз қалауларымен өмір сүру керек.

    Е) бірнеше мамандық иелері болуы керек.

    0

    1-B, 2-C, 3-D, 4-А, 5-Е

    0

    1-С, 2-А, 3-С, 4-В, 5-Е

    0

    1-A, 2-C, 3-D, 4-Е, 5-В

    0

    1-Д, 2-С, 3-Е, 4-В, 5-С

    0

    1-В, 2- Д, 3-E, 4-В, 5-В
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта