Саясаттану семинар 1,2. Бойынша семинара дайындалу талаптары мен шарттары
Скачать 15.9 Kb.
|
Аға оқытушы: Иманмолдаева Б.З. Саясаттану пәні бойынша семинарға дайындалу талаптары мен шарттары Саясаттану пәні бойынша бірнеше өзіндік жұмыстарды жазып өткізуі керек. Тақырыптар саны жеткілікті мөлшерде құрастырылған, сондықтан да бір топтағы екі студенттің бір тақырып бойынша жұмыс орындауына болмайды. Әрбір бөлімдегі тақырыптар теориялық немесе тарихи кезеңдерді қамтитындықтан тиісті деген әдебиеттердің тізімімен қамтамасыз етілген, дегенмен, соңғы уақыттарда баспадан шыққан жаңа кітаптар тақырыпты ашуға көмектессе, тізімде көрсетілмеген әдебиеттерді де пайдалануға болады. Студент тиісті кеңестер алуы қажет: 1. Таңдап алынған тақырыпты оқытушымен келісу, себебі көрсетілген тақырыптар шеңберінен шығуға студент мәжбүр болса жетекшімен ақылдасуы қажет. 2. Керек болған жағдайда ғылыми әдебиеттер, мақалалар туралы кеңес алу. Семинар сабақтарының жоспары 1. Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану. Негізгі қарастырылатын сұрақтар: 1.Саясаттану объектісі мен пәні 2.Саясаттану пән және ғылым ретіндегі арақатынасы 3.Саясаттанудың әдістері мен қызметтері 4.Саясаттанудың басқа әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдармен байланысы (философия, әлеуметтану, психология, құқық, экономика және т.б.) Өткізу формасы: Жауапты ізденуде өзіндік жұмыс жасау. Топта талқылау. Кроссворд құрастыру. Глоссарий. Әдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін студенттің оқу әдебиеттерімен, дәріс жазбаларымен өзіндік жұмыс істеуі, сонымен қатар оқыған материалдардан қорытынды шығара білуі, фактілерді салыстыра білулері қажет. Тапсырма мазмұны топта талқыланады. Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге, ЖК (жеке компьютермен теріп жазу) жазылады және ауызша қорғалады 2. Қазақстандағы саяи ойдың даму тарихы. Негізгі қарастырылатын сұрақтар: 1.Түркілік кезеңдегі және Қазақ хандығы кезеңіндегі саяси ой-тарихы 2.Қазақ ақын-жыраулары шығармашылығындағы саяси ойлар 3.Патшалық Ресей саясаты және қазақ даласындағы саяи ойдың даму тарихы 4.20 ғасырдың бас кезіндегі саяи ой тарихы 5.Кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы 6.Қазақстанның тәуелсіздік алуы және оның саяи ойдың дамуына тигізген әсері Өткізу формасы: Жұмыс топпен, дискуссия түрінде өткізіледі. Студенттер оқулықтарға сүйене отырып тақырыпты талдайды. Реферат. Глоссарий Әдістемелік ұсыныстар: Тақырыпты меңгеру үшін қойылған сұрақтарды тереңірек түсіну қажет. Пікірталас кезінде мәліметтерді дәлелдерге сүйене отырып талдайды. Реферат арнайы тәртіппен жазылу тиіс: 1) Кіріспе, 2) Негізгі бөлім, 3) Қорытынды. Реферат алғашқы беттен және әдебиеттер тізімінен тұрады. Реферат жазу үшін кем дегенде 10-15 беттен кем болмау керек. Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге, ЖК жазылады және ауызша қорғалады. |