БЖЗ. Болжамды диагнозыыз Негіздеіз Бжз себебі мен сатысын анытаыз андай осымша зерттеу дістері ажет Емі
Скачать 25.91 Kb.
|
60 жастағы ер адам, артериалдық гипертензиядан ұзақ уақыт зардап шегеді. АҚҚ 240/150 мм с.б.б. дейін жоғарылауымен кезекті гипретониялық криз дамыды. Үйде дәрілер қабылдап 2 сағаттың ішінде АҚҚ 120/80 мм с.б.б. дейін түсірген, сол уақытта кенеттен айқын әлсіздік сезініп, басы айналып, жүрегі айнып, құсады, зәр мөлшері азайған. Госпитализациялау кезінде креатинин 1200 мкмоль/л болған. Ультрадыбыстық зерттеуде: екі бүйректің өлшемдері 11,0х4,5 см, зәр іркілуінің белгілері жоқ. Анамнезінен бұрын тексерілгенде креатинин деңгейі 100 ммоль/л болғаны анықтады. Болжамды диагнозыңыз? Негіздеңіз? БЖЗ себебі мен сатысын анықтаңыз? Қандай қосымша зерттеу әдістері қажет? Емі? 55 жастағы ер адам, кардиология бөлімінде жатыр. Коронароангиографиядан кейін диурезді азайған. Тексергенде: қан креатинині 250 мкмоль/л, несепнәрі 19 ммоль/л. Болжамды диагнозыңыз? Негіздеңіз? БЖЗ себебі мен сатысын анықтаңыз? Қандай қосымша зерттеу әдістері қажет? Емі? 50 жасар әйел, артериальді гипертензияға байланысты бақыланады, фозиноприл 20 мг/тәу қабылдайды. Терапия барысында АҚҚ 140/80 мм с.б.б. Кейінгі кездері тізе буындарында ауру сезімін, балтыр бұлшықеттерінің тартылуы мазалайды. Өз бетімен үйде ибуфен, аспаркам, магний препараттарын, витаминдер жиынтығын қабылдаған. Емін түзету үшін қаралған. Тексерілу кезінде биохимиялық анализінде креатинин 140 мкмоль/л дейін жоғарлауы анықталды. Осыдан 2 ай бұрын креатинин деңгейі 80 мкмоль/л болған. Болжамды диагнозыңыз? Негіздеңіз? БЖЗ себебі мен сатысын анықтаңыз? Қандай қосымша зерттеу әдістері қажет? Емі? Ер адам 56 жаста кардиохирургиялық бөлімшеге ота жасату үшін түсті. Отадан кейінгі кезеңде диурезі сиреп, улану белгілері үдеп жағдайы нашарлады. Анализдерінде: 3-ші күні креатининнің 60 тан 158 мкмоль/л, несепнәрінің 4,7 ден 15 ммоль/л жоғарылауы анықталды, натрий 142 ммоль/л, калий 6,0 ммоль/л, хлор 120 ммоль/л; рН 7,22, рСО2-19мм рт.ст, НСО3-13 ммоль/л. ЖҚА: Нв 110 г/л, тромбоциттер 220 мың., ЭТЖ 20 мм/сағ. Мейлінше дұрыс диагнозды көрсетіңіз? Болжамды диагнозыңыз? Негіздеңіз? БЖЗ себебі мен сатысын анықтаңыз? Қандай қосымша зерттеу әдістері қажет? Емі? 20 жасар бойжеткен, дене қызуының 39С дейін жоғарылуына, қайталамалы құсу, күніне 10 ретке дейін іш өту, зәр бөлудің сиреуіне шағымданады. Айтуынша, бұл шағымдар сапасыз тағам ішкеннен кейін 2 күн ішінде пайда болган. Зерттеуде: қан креатинині 500 мкмоль/л, несепнәрі 22 ммоль/л дейін жоғарылаған, натрий 140 ммоль/л, калий 4,7 ммоль/л, хлор 122 ммоль/л, рН 7,20, рСО2-19мм с.б.б., НСО3-14 ммоль/л. ЖЗА: нәруыз 0,099 г/л, Ле 4-6, Эр 8-10 к/а. Болжамды диагнозыңыз? Негіздеңіз? БЖЗ себебі мен сатысын анықтаңыз? Қандай қосымша зерттеу әдістері қажет? Емі? Гинекологиялық бөлімшеге 20 жасар әйел түсті. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік, ішінің ауыруы, қынаптан қанды бөлінді. Өзін жүктімін деп санайды. Жүктілік жоспарланбаған. Жүктілікті үзу үшін таблеткалар ішкен, 3 күн бұрын жатыр қуысына катетер енгізген. Объективті: жағдайы ауыр, есі анық, жігерсіз, сұрақтарға әрең жауап береді. Тері жабындысы жер-сұр тәрізді, петехиялы. t 39,2° С, ЖСЖ 140 рет мин, АҚҚ 100/60, 95/60 мм с.б.б. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші кепкен, жұмсақ, ауру сезімсіз. Зәрі күңгірт түсті, аз мөлшерде. Бөлінді аз мөлшерде, қанды, жағымсыз иісті. Лабораторлы зерттеулерде: ЖҚА: Нв-78г/л, Тр 100 мың, Ле 15,4х109/л, креатинин 920 мкмоль/л, несепнәрі 30 ммоль/л, К-7,1 ммоль/л. Бүйрек УДЗ – өлшемдері қалыпты, зәр іркілісі жоқ. Болжамды диагнозыңыз? Негіздеңіз? БЖЗ себебі мен сатысын анықтаңыз? Қандай қосымша зерттеу әдістері қажет? Емі? Қыз 20 жаста, дене қызуының 39˚С жоғарылауына, қайталамалы құсу, зәр бөлуінің сиреуіне шағымданады. Дене қазуы көтерілгеніне 3 күн болған, 3 күн бойы бірнеше рет қызуды түсіретін препараттар: парацетамол, ибупрофен қабылдаған. Қарағанда: барлық денесіне жайылған бөртепелер. Қан креатинині 150 мкмоль/л, несепнәрі 12,8 ммоль/л, натрий 140ммоль/л, калий 4,7ммоль/л, хлор 122ммоль/л, рН 7,20, рСО2-19мм с.б.б., НСО3-7ммоль/л. ЖЗА: нәруыз 0,099 г/л, Ле 4-6 к/а, Эр 8-10 к/а. Болжамды диагнозыңыз? Негіздеңіз? БЖЗ себебі мен сатысын анықтаңыз? Қандай қосымша зерттеу әдістері қажет? Емі? |