Поурочный план. Поурочный план по BOPPPS. Boppps дісі негізінде ралан саба жоспары Курс 3 Мерзімі Сабаты таырыбы ш фазалы асинхронды озалтышын монтаждау Bridge in
Скачать 0.52 Mb.
|
BOPPPS әдісі негізінде құралған сабақ жоспары
Сабақтың барысы мен мазмұны: 1. Bridge in Сабақтың бірінші кезегі (сәлемдесу, түгелдеу, білім алушылардың зейінін сабаққа аудару). Білім алушылардың назарын сабақтың тақырыбына аудару үшін бірнеше тәсілдер қолданылуы мүмкін. Олардың бірі видеоматериал көрсету. Видеомаериалда асинхронды үш фазалы өоз,алтқыштың құрылысы және жұмыс істеу принциптері көрсетілген. Видеоматериал көріп болған соң оқытушы білім алушыларға бірнеше сұрақ қоюы тиісті. Ол сұрақтар: Видеоматериалда не көрдік? Видеоматериалда не жайлы айтылған? Видеоматериалдан не түсіне алдық? Видеоматериалдарға білім алушылардың назарын максималды түрде ұстау үшін қойылатын бірнеше талаптар бар. Олар: Визуалды эффект. Видеоматериал максималды визуалды ақпаратқа толы болуы тиіс: сұлбалар, кескіндемелер, графиктер, видео үзінділер. Дыбыс эффекті. Видеоматериалда көрсетіліп жатқан көрініске байланысты дауысты ақпаратта берілуі мүмкін, немесе музыкалық сүйемелдеу болуы керек. Уақыт шектеулері. Edx порталымен откізілген зерттеулер арқасында білім алушының назары видеоматериалға деген максималды көрсеткішіне жету үшін видеоматериалдың уақыты 6-9 минуттан бастап 9-12 минутқа дейін жетеді. Осы уақыт аралығында болатын видеороликтер көрсету арқылы біз білім алушылардың көрсетілген материалдан максималды ақпарат алуына мүмкіншілік береміз. 2. Outcomes Бұл кезенде білім алушыларға оқытушы сабақ соңында қандай білім алып шығуын немесе қандай кәсіби дағдыларды қылыптастыратынын хабарлап өтуі тиіс. Өзіміздің дәстүрлі сабағымызда бұл кезен білім алушыларына хабарланбайды. Бірақта егерде білім алушылар сабақтың негізгі мақсаты қандай екенін біліп отырса сол мақсатқа жету үшін сабақ барысында максималды ақпарат жинауға тырысады. Соның арқасында сабақтың эфективтілігі өседі. "Сабақтың соңында сіздер асинхронды қозғалтқышын реверстеп қосу сұлбасын жинап көрсетесіздер" Бұл кезенде сабақтың мақсатын дұрыс қалыптастыру үшін SMART технологиясын қолданғанымыз дұрыс. 3. Pre-Assessment Бұл кезенде білім алушылардан үй жұмысы сұралады, немесе білім алушылар жаңа тақырыпқа байланысты қандай ақпараттар білетінін сұрап өтуіміз мүмкін. Графити қабырғасы әдісінде қабырғаға плакат ілінеді, оның ортасында бүгінгі сабаққа байланысты сұлба немесе кескіндеме орналасады. Сол кескіндемеге байланысты білім алушылар білетін термин сөздерін немесе басқада ақпараттарын қысқаша түрде жазып шығады. Сабақтың барысында немесе соңында графити қабырғасы жаңа ақпараттарымен толтырылады. Графити қабырғасында қысқа түйықталған роторлы асинхронды үш фазалы қозғалтқыштың кескіндемесі ілініп білім алушылар соған байланысты ақпаратпен және термин сөздерімен графити қабырғасын толтырады. 4. Participatory learning Активті оқыту кезені. Бұл кезенде жаңа білімдер қалыптасады. Бұл кезеннің максималды эфективті өтуі үшін оқытушы нұсқау беруші ретінде ал білім алушылар сол нұсқаулардын орындаушы ретінде болуы керек. 1) Тақтада 10 секундқа асинхронды қозғалтқышын реверстеп қосу сұлбасы көрсетіледі. Білім алушылар сол сұлбаны қысқа уақыт мерзімінде жаттап қалуы тиіс. Содан соң білім алушыларына 5 минут беріледі олар сол сұлбаны өздері сызып көрсетеді. Барлық білім алушылар сұлбаны сызып болған соң сұлба тақтада көрсетіліп білім алушыларға жіберген қателіктерін түзеуге мүмкіншілік беріледі. 2) Рольдік ойын. Білм алушылардың қатарынан екі электрмонтаждаушы және де бір мастер таңдалады. Мастердің нұсқаулықтарымен монтаждаушылар зертханалық стендінде сұлбаны жинай бастайды. Қазіргі заман талабына сай білімді жан жақты дамыған мамандарды дайындау мақсатында нұсқаулар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде берілуі мүмкін. Білім алушылардың миын жаттықтыру үшін нұсқаулықтардың беріліп жатқан тілі тез ауысып тұруы тиіс. Оқытушының бул кезенде міндеті нұсқаулықтардың дұрыс беріліп және орындалып жатқанын бақылаумен шектеледі. Яғни білім алушылар максималды өз бетінше жұмыс жасайды. 3) Рольдік ойын кезінде нұсқаулықтардын арасында кездескен сұлбаның элементтері тақтадан көрсетіліп, рольдік ойынға қатыспаған білім алушылап олардың атын және міндеттерін атап өтеді. 5. Post-Assessment 1) Бұл кезең бағалау кезені. Kahoot интерактивтілік ойыны қолданады. https://kahoot.com/ сайтының тест жасау мүмкіншілігін қолдану арқылы оқытушы алдын ала бүгін өтілген тақырып бойынша сұрақтар дайындалады. Тестті максималды қызықты және тиімді түрде өту мақсатында сұрақтар тек бүгінгі тақырыппен ғана емес, сонымен қатар оның алдында өтілген тақырыптар бойынша құрастырылған. Білім алушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сұрақтар үш тілде араластырған түрде келеді. 2) Графити қабырғасын жаңа ақпараттармен білім алушылармен толтырылады. 6. Summary Сабақтың тақырыбын қорытындылап, істелген жұмыс үшін білім алушыларға алғыс айтып, үй жұмысын беру |