Главная страница
Навигация по странице:

  • Горизонталь бұрышты өлшеу

  • Вертикаль бұрыштарды өлшеу

  • Лекция+11+Т+текс+түзету+бұр+өлш+Верт+б. Брышты лшеулер. Горизонталь брыштарды жне вертикаль брыштарды лшеуді маыздылыы. Брыш лшейтін аспаптар трлері. Теодолиттер трі, оларды жіктелуі. Теодолиттерді тексеру. Горизонталь жне вертикаль брыштарды лшеу дістері


    Скачать 1.13 Mb.
    НазваниеБрышты лшеулер. Горизонталь брыштарды жне вертикаль брыштарды лшеуді маыздылыы. Брыш лшейтін аспаптар трлері. Теодолиттер трі, оларды жіктелуі. Теодолиттерді тексеру. Горизонталь жне вертикаль брыштарды лшеу дістері
    Дата26.05.2022
    Размер1.13 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЛекция+11+Т+текс+түзету+бұр+өлш+Верт+б.doc
    ТипДокументы
    #550416

    Дәріс 11
    Бұрыштық өлшеулер.

    Горизонталь бұрыштарды және вертикаль бұрыштарды өлшеудің маңыздылығы. Бұрыш өлшейтін аспаптар түрлері. Теодолиттер түрі, олардың жіктелуі. Теодолиттерді тексеру. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу әдістері
    Өлшеу алдында теодолитті мұқият тексеру керек.

    1) Горизонталь дөңгелекте орналасқан цилиндрлік деңгейдің осі теодолиттің айналу осіне перпендикуляр болуы керек, яғни ZZ1 перпендикуляр UU1- ға болады.

    Тексеру үшін теодолитті штативке бекітіп, цилиндрлік деңгейдің осін екі көтергіш винттеріне параллель бағытта орнатып, содан кейін сол екі винтті қарама-қарсы бағытта бұраумен деңгейдің үлбіреуігін ортасына келтіреміз.



    Сурет 11.1 – Деңгейдің тексеру сұлбасы
    Бұдан кейін келесі тексеруді бастамай тұрып, мұқият түрде теодолиттің айналу осін түзетілген деңгей бойынша тік бағытқа келтіру керек. Бұл жұмысты теодолитті жазық жағдайға келтіру деп атайды.

    Ол үшін деңгей екі көтергіш винтке параллель бағытта орнатылып, оның үлбіреуігі ноль-пунктке келтіріледі. Содан кейін алидаданы 900 бұрып, үшінші көтергіш винтпен үлбіреуікті тағы ортасына келтіреді. Бұл әрекет бірнеше рет қайталанғаннан кейін алидаданы өз бетімен айналдырғанда, деңгей үлбіреуігі ноль-пунктте қалса, аспаптың жазық бағытқа келгені.

    2) Дүрбінің көздеу осі - VV1 оның айналу осіне - НН1-ге перпендикуляр болуы керек.

    Бұл шарттың орындалмауы коллимациялық қатеге (С) әкеліп соқтырады. Коллимациялық қатені табу үшін теодоиттің айналу осін тік бағытқа келтіріп, дүрбіні алыс тұрған бір нүктеге көздейміз. Алдымен дүрбіні вертикаль дөңгелек оң жақта - ОД тұрған жағдайда көздейміз, микроскоптан есеп - а1 аламыз. Содан кейін дүрбіні зенит арқылы айналдырып, яғни вертикаль дөңгелек сол жақта - СД болғанда көзделеді де есеп - а2 алынады. Коллимациялық қате С былай анықталады:
    (11.1)


    Горизонталь бұрыштың қатесіз дәл мәнін алу үшін оны екі рет өлшеп, арифметикалық ортасын алу керек. Бірінші рет вертикаль дөңгелек дүрбінің оң жағында орналасқан жағдайда, екінші рет сол жақта болғанда алынады.

    Коллимациялық қате – С теодолиттің бұрыш өлшеу дәлдігінен аспауы керек. Егер қате мөлшерден асып кетсе, онда дүрбінің көздеу осі түзетіледі.

    Түзету үшін дүрбі сол белгілі нүктеге көзделіп, алидаданың жетекші винті арқылы микроскопқа дұрыс есептеу қойылады.
    а=(a1+ a2+1800)/2 (11.2)
    Сол уақытта жіптер торының қиылысқан жері – К көзделген нүктеден ығысады. Ол ығысуды жіптер торының түзеткіш винттері көмегімен К-ні бұрынғы орнына келтіру арқылы түзейді. Түзетіп болғаннан кейін теодолит қайтадан тексеріледі.

    3) Дүрбінің айналу осі – НН1 теодолиттің негізгі осіне – ZZ1 перпендикуляр болуы керек. Үй қабырғасынан 10-15 м қашықтықта теодолит орнатылып, жазық бағытқа келтіріледі. Қабырғада биік бір нүкте (М) белгіленіп, соған дүрбі оң жақта – ОД көзделінеді. Алидаданы бекітіп, дүрбі арқылы үй қабырғасына М нүктесінің m1 – проекциясы белгіленеді. Содан кейін, дүрбі зенит арқылы айналдырылып (СД) тағы да сол М нүктесіне бағытталады. Алидада бекітіліп, төменгі деңгейден m2 – проекциясы алынады.

    Егер екі проекция бір-біріне дәл келсе, онда жоғарыда аталған перпендикулярлық шарттың орындалғаны. Ал проекциялар дәл келмесе, онда бұл қате тек арнаулы сайманханаларда түзетіледі.

    4) Жіптер торын тексеру. Жіп торларының тік штрихы коллимациялық жазықтықта жатуы керек. Теодолит жазық бағытқа келтіріліп, дүрбі бір нүктеге көзделінеді. Содан кейін дүрбінің жетекші винті арқылы оны тік бағытқа ерсілі-қарсылы жылжыту керек. Егер белгіленген нүкте үнемі тік орналасқан қыл жіптің бойында қалса, онда шарттың орындалғаны. Керісінше болғанда, окуляр винттерін жауып тұрған қақпақты ашып, төрт винтін азырақ босатып, тік қыл жіп вертикаль бағытқа келгенше окулярды бұру керек. Түзетіп болғаннан кейін жіптер торы қайтадан тексеріледі.

    5) Нольдік орынды тексеру. Вертикаль дөңгелектің нольдік орны (НО) нольге тең не нольге жақын мән болу керек. Бұл шартты тексеру үшін өлшеу жұмыстарының алдында дүрбінің екі жайымен бірнеше рет НО-ды анықтайды. Егер НО-ның орта мәні санақ құрылғысының екі еселенген дәлдігінен аз немесе оған тең болса (НО 2t), онда НО тексерілмейді. Ондай болмаса, НО-ның нольге немесе жуық мәнге әкелу керек.
    Горизонталь бұрышты өлшеу
    Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу геодезиядағы ең жиі жүргізілетін жұмыстарға жатады. Бұрыштарды өлшейтін негізгі аспапты теодолит деп атайды.

    Горизонталь бұрыш деп қабырғасы берілген нүктеден тіктеуіш сызығы арқылы өтетін қос қырлы бұрыш. Горизонталь бұрышты өлшейтін аспаптың негізі - лимб деп аталатын градустық және ұсақ бөліктері бар горизонталь дөңгелектен жылжымалы визирлік вертикаль жазықтықтан тұрады. Егер дөңгелектегі бөлшек цифрлары сағат тілінің айналу бағытымен белгіленсе β бұрышы лимбтан алынған екі есептің айырмасына тең болады.


    Сурет 11.1
    Вертикаль бұрыш – вертикаль жазықтықтағы жататын бұрыш. Бұл бұрышты көлбеу бұрыш деп те атайды. Көлбеу бұрыштарды градустық шкалаларға бөлінген вертикаль дөңгелек арқылы өлшеуге болады.

    Бұрыштар мұқият тексерілген теодолиттермен өлшенеді. Өлшеудің алдында теодолитті өлшенетін бұрыштың төбесіне орнатып, оны жұмысқа әзірлейді.

    Горизонталь бұрышты өлшеуде аспаптың құрылғыларында, өлшеу шарты мен оған қойылатын талаптарға байланысты келесі әдістер қолданылады:

    Бір айналым әдісі (жеке бұрыш әдісі) – теодолит жүрістерін жүргізгенде, жобаны жерге шығарғанда және т.б. жеке бұрыштарды өлшеу қолданылады.

    Толық айналым әдісі – класты және одан төмен триангуляция торлары мен полигонометрияда бір нүктеден басталатын үш және одан көп бағыттардың арасындағы бұрыштарды өлшеу әдісі.

    Қайталау әдісі – бұрышты өлшеуде ақырғы нәтижелерінің дәлдігін арттыру үшін қолданылады.

    Горизонталь АВС бұрышын өлшеу үшін теодолит С пунктіне орнатылады. Теодолитті пунктке орнату центрлеу және жазықтыққа келтіруден басталады. Центрлеу деп теодолитті жіп не оптикалық тіктеуіш арқылы С нүктесінің дәл үстіне орнату, яғни өлшенетін бұрыштың төбесі арқылы өткізуді айтады. Ал, теодолит көтергіш винттер және деңгей арқылы жазық жағдайға келтіріледі. Көздеуге ыңғайлы болу үшін А және В нүктелеріне қадалар орнатылады. А нүктесі артқы, ал В нүктесі алдыңғы нүкте болып есептеледі.

    Лимбті бекітеді, алидаданың және көру дүрбісінің бекіткіш бұрандаларын босатады. Дүрбіні оң жақтағы 1-ші нүктеге көздейді. Микроскоп бойынша өлшемдер (есептер) алынады. Мысалы, ОД=21230,5. Бұл әрекеттер тік дөңгелек оң жақта – ОД орналасқанда орындалды.

    Содан кейін алидаданы бекітеді, дүрбіні сол жақтағы 3 нүктеге нысаналайды және жаңадан микроскоп бойынша өлшемдер алынады (ОД3=12828,5).

    Оң жақтағы нүктеден алынған есептен (артқы) сол жақтағы нүктеден алынған есебін (алдыңғы) алады да, бұрыштың мәнін шығарады (21230,5-12828,5=8402). Егер артқы нүктеден алынған есеп алдыңғы нүктеден алынған есептен аз болса (лимбтің нолі өлшенетін бұрыштың қабырғаларының арасында жатыр), онда оң жақтағы нүктеден алынған есепке 360 қосылады. Осымен бірінші жартылай тәсіл бітеді.

    Дүрбіні зенит арқылы ауыстырып тік дөңгелектің сол жағдайында жоғарыда айтылғандай тәртіппен барлық әрекеттер қайтадан жүргізіледі. Бұл әрекеттер екінші жартылай тәсілді құрайды (11632,5-3231,35=8401).

    Екі рет жартылай бұрыш өлшеу тәсілі толық тәсілді құрайды. Бақылау – бірінші және екінші жартылай бұрыштардың өлшеу нәтижелерінің айырмашылығы микроскоптың екі еселенген дәлдігінен артық болмауы керек. Бұл шарт орындалғанда бұрыштың орташа мәнін табады. Егер айырмашылығы артық болса, онда бұрышты қайтадан өлшейді.

    Лимб бекітіліп, алидаданың және дүрбінің жетекші винттері арқылы жіптер торының қиылысқан жерін А нүктесіне дәл нысаналайды да микроскоптан бірінші есеп - а1 алынады. Одан кейін алидаданы босатып, дүрбіні алдыңғы В нүктесіне нысаналайды. Дүрбі нысанаға дәл келгеннен кейін екінші есеп – а2 алынады. Бірінші есептен екінші есепті азайту керек. Сонда өлшенген бұрыш - β екі есептеудің айырмасына тең болады, яғни

    βоң= а12 . Бұл өлшенген бұрышты оң өлшенген бұрыш дейді.



    Сурет 11.2
    Кесте 4 – Бұрыштарды өлшеу журналы

    Атаулар

    Горизонталь дөңгелек бойынша есептер

    Горизонталь дөңгелек ОД, СД, орташа

    станцияның

    көздеу нүктесінің

    ОД

    СД

    2

    1

    21230,5

    12828,52

    11632,53

    3231,54

    84025

    84016

    8401,57

    Ескерту: жақшадағы сандар журналдың толтыру тәртібін көрсетеді

    Егер екінші есептен а2 -ден бірінші есепті а1 азайтсақ, онда бұрыш теодолиттік жүрістің сол жағындағы бұрыш болып есептеледі, яғни

    βсол= а21.

    Бұрыш екі рет өлшенуі керек. Біріншіде тік дөңгелек оң жақта, екіншіде тік дөңгелек сол жақта орналасуы қажет.

    Екінші рет өлшеу алдында вертикаль дөңгелек зенит арқылы екінші жағдайға (СД) келтіріледі. Лимб 900 шамасына ығыстырылады да, қайтадан А және В нүктелерінен есептеулер алынады.

    Осылайша бұрышты екі рет өлшеу – толық есеп алу тәсілі деп аталады. Ал, әр екі өлшеулер (ОД жәнеСД) – жартылай есеп алу деп аталады.

    Екі жартылай есеп алудан шыққан нәтижелердің айырмашылығы теодолиттің қос есеп алу дәлдігінен (2t) аспауы қажет, яғни

    βоң - βсол ≤2t (11.3)
    Егер айырмашылық 2t-дан аспаса, өлшенген бұрыш екі нәтиженің арифметикалық орта шамасына тең болады, яғни
    β =(βоң + βсол)/2 (11.4)
    Кері болған жағдайда бұрыш қайта өлшенеді. Егер артқы нүктеден алынған есептеу алдыңғы нүктеден алынған есептен кем болса, онда оған 3600 қосылады.

    Әр өлшеудегі бұрыштар және олардың мәні есептелмейінше теодолитті тұрған станциядан қозғалтпау керек.
    Вертикаль бұрыштарды өлшеу
    Вертикаль дөңгелек және көлбеу бұрыштарды өлшеу. Теодолиттің тік дөңгелегі лимб пен алидададан тұрады. Лимб дүрбінің айналу осі бойынша дүрбімен бірге айналады. Оның нольдік диаметрі көздеу осіне параллель болып келеді. Ал, алидада қозғалмайды, оның осі үнемі горизонталь бағытта тұруы қажет. Алидаданың осы горизонталь бағытын бақылап тұру үшін тік дөңгелекте цилиндрлік деңгей орнатылған.

    Демек, тік дөңгелекте дүрбінің көздеу осі горизонталь бағытта және ондағы деңгей үлбіреуігі ноль пунктте тұрғанда, тік дөңгелектен алынған есеп 00 00/ 00// болуы керек. Шынына келгенде олай болуы мүмкін емес. Сондықтан тік дөңгелекте нольдің орны деген мағына бар. Нольдің орны деп көздеу осінің горизонталь бағытта және үлбіреуіктің ноль-пунктте тұрған кезіндегі тік дөңгелектен алынған есепті айтады.

    Көлбеу бұрыштар ( ) горизонт сызығына оң (+ жоғарылау бұрышы) және теріс (- төмендеу бұрышы) болады. Көлбеу бұрыштардың мәнін анықтау үшін вертикаль дөңгелектің нольдік орнын (НО) білу керек.

    Мұқият тексерілген аспаптың нольдік орнының мәні 00 жуық болады. Іс жүзінде НО-ның мәні нольдік санақтан біршама айырмашылықта болады. Сондықтан оны көлбеу бұрыштарды есептегенде ескеру керек. НО-ның таңбасы оң немесе теріс болуы мүмкін. НО және вертикаль бұрыштарды есептеу формулалары, әдетте, аспаптың паспортында көрсетіледі және олар вертикаль дөңгелектің санақ өрнегімен оның негізгі қалпына байланысты болады.

    Егер вертикаль дөңгелектің негізгі қалпы сол жақта (ДС) болып, сан өрнегі сағат тілінің қозғалысына қарсы өрнектелсе, онда есептеу формуласы келесі түрде болады:
    HO=(ДС+ДО) /2 ν=ДС-НО

    ν=(ДС-ДО)/2 ν= НО – ДО (11.5)
    Дөңгелек сол жақта болғанда есеп ДС=20 46/, ал оң жақтағы есеп ДО=357008/. ДО-ның мәнін былай көрсетейік: ДО=357008/-3600=-20 52/, сонда:


    Тексеру:


    написать администратору сайта