Бөтелкедегі қозы әдістемесі. Бтелкедегі озы жобалау дістемесі
Скачать 22.47 Kb.
|
«Бөтелкедегі қозы» жобалау әдістемесі Осы әдіспен отбасындағы психологиялық атмосфераны болжауға болады. Аталған техника балалар мен ересектерге қатар қолдануға арналған. Әдістеме проективті және арттерапиялық болып екіге бөлінеді. Әдістеменің мақсаты: адамның отбасында өзін психологиялық сезінуін диагностикалау. Диагностикалық құралдар: сурет, әңгімелесу. Бұл техника 6-7 жастағы балалар, жасөспірімдер, ересектермен жұмыс жасауға көмектеседі. Оны жарты жылда бір рет өткізу ұсынылады. Қатысушылар саны 1-15 адам аралығында. Әдісті жүргізу уақыты — жеке. 20 - 40 минут. Қажетті құралдар: А4 көлеміндегі 2 бет парақ, түрлі - түсті қалам немесе 1 жай қалам. Нұсқау: Бөтелкедегі қозының суретін салыңыз. Қатысушы суретті салып болғаннан кейін екінші параққа келесі сұрақтарға жауап жазуы сұралады: 1) Қозы өзін қалай сезінеді? 2) Бөтелкенің сезімі қалай? 3) Қозы нені армандайды? 4) Бөтелке нені армандайды? 5) Қозыны қандай мәселе алаңдатады? 6) Бөтелкені не алаңдатуы мүмкін? Сурет салуға 5-7 минут, сұрақтарға жауап беруге 5-7 минут беріледі. Сосын жұмыстар жиналып психолог өзі талдайды немесе сыналушымен жеке әңгімелесе отырып талданады. Қозы – жұмыс авторын бейнелейді. Қозы қаншалықты ашық, анық, жұмсақ салынса онда адамның үйінде өзін соншалықты жеңіл, позитивті, жақсы сезінетінін түсінуге болады және керісінше. Жақсы суреттелген мүйіз бен аяқтар – қырсықтық, күрес, өз пікірін қорғау белгісі, ата-анаға қатысты баланың қарсылығының бар болу мүмкіндігі. Мүйіз бен тұяқты бейнелеу отбасынан психологиялық және эмоционалдық бөліну процесі кезінде жасөспірімдерде жиі байқалады. Егер, автор қозыны негативті түрде суреттесе, онда ол өзін қабылдамайды дегенді білдіреді. Бөтелке – ата-ана, отбасы белгісі. Бөтелке сипатының өз түсіндірмесі бар. Бөтелкенің жұмсақ, тегіс, дөңгелек формалары автордың анасымен жақындығын білдіруі мүмкін. Оның назары, қамқорлығы, бағалауы қажет екенінің көрінісі. Өткір, бұрыштары бар бөтелке формасы жұмыс авторының мінезіндегі әкелік бастаудың белгілері басым екендігін көрсетеді. Бөтелкедегі қозының орналасуына да мән беріледі. Егер қозы бөтелке түбінде аяғында нық тұрса, жұмыс авторы тұрақты, берік отбасында тұрып жатқандығын білдіреді. Бөтелке тік және көлденең күйде суреттелуі мүмкін. Қозының бөтелке аузына қарай бағытталуы бөтелкеден шығып, отбасыдан бөлек кеткісі келетін баланың тілегін білдіруі мүмкін. Тағы мынадай да нұсқа болуы ғажап емес. Егер қозы қарсы бағытта, яғни бөтелкенің аузына арқасын беріп тұрса, онда бақыланушының ата - анасын тастап кеткісі келмейтіндігін, еркіндікке қатысты қандай да қорқынышының бар екенін түсінуге болады. Бөтелкенің аузына да мән беру керек, қозының мөлшерімен сәйкес келе ме? Қозының өлшемі бөтелке аузының мөлшерімен сай ма? Қозы қалаған кезде бөтелкеден шығып кете ала ма? Қозы бөтелкенің аузынан үлкен бе? Оның бөтелкеден шығып кете аламын дегені тек ой ма? Жалпы қозы бөтелкеден шыққысы келе ме? Бөтелкенің аузы тығынмен жабылған жұмыстар да кездеседі. Бұл гиперқамқорлық көрінісі, жұмыс авторы өзін толық ата-ана қамқорлығында сезінеді, барлық шешімдер ол үшін басқалар тарапынан қабылданады және жеке өмірге, отбасынан бөлек кетуге әлі дайын емес. Бөтелкенің ішкі кеңістігі интерьер элементтерімен суреттелсе, тұйық жылы микроклимат жасалады. Бұл ата-ана қамқорлығының шектен тыс көрінісі және автор мұндай қамқорлықты оң қабылдайтынын білдіреді. Ата - ана баланы барлық қажетті нәрсемен қамтамасыз етіп, сол арқылы баланың отбасыдан тыс өмірде жеке шешім қабылдау, өмір сүру мүмкіндігін шектейді. Мұндай әрекет тұлғаның өзіне сенімсіздігін арттырып, баланың әлеуметтік қорқақ болуына себеп болуы мүмкін. Егер бөтелке жарылған немесе сынған болса, бұл баланың отбасында психологиялық жарақаттарды бастан кешіргендігін білдіреді. Кейде жасөспірімдер бөтелкеге алкогольді ішімдіктің атауын жазып қояды. Бұл оның спирттік ішімдіктерге қызығатынын немесе алкогольге байланысты өз қатынасын орнатып жүргендігін білдіруі мүмкін. Педагогтар мен психологтар осы сәтті өткізіп алмауы керек. Дәл уақытынды тәрбиелік, түзету шараларын қолданған дұрыс. Бөтелкедегі қозы 1) Қозы өзін қалай сезінеді? ................................................................................................................................................ 2) Бөтелкенің сезімі қалай? ................................................................................................................................................ 3) Қозы нені армандайды? ................................................................................................................................................ 4) Бөтелке нені армандайды? ................................................................................................................................................ 5) Қозыны қандай мәселе алаңдатады? ................................................................................................................................................ 6) Бөтелкені не алаңдатуы мүмкін? ................................................................................................................................................ Бөтелкедегі қозы 1) Қозы өзін қалай сезінеді? ................................................................................................................................................ 2) Бөтелкенің сезімі қалай? ................................................................................................................................................ 3) Қозы нені армандайды? ................................................................................................................................................ 4) Бөтелке нені армандайды? ................................................................................................................................................ 5) Қозыны қандай мәселе алаңдатады? ................................................................................................................................................ 6) Бөтелкені не алаңдатуы мүмкін? ................................................................................................................................................ «Барашек в бутылке» 1.Как чувствует себя барашек? …………………………………………………………………………………………………… 2.Как чувствует себя бутылка? ……………………………………………………………………………………………… …… 3.О чем мечтает барашек? ……………………………………………………………………………………………… …… 4.О чем мечтает бутылка? …………………………………………………………………………………………………… 5.Чего тревожит барашка? …………………………………………………………………………………………………… 6.Что может тревожить бутылку? …………………………………………………………………………………………………… «Барашек в бутылке» 1.Как чувствует себя барашек? ……………………………………………………………………………………………… 2.Как чувствует себя бутылка? ……………………………………………………………………………………………… 3.О чем мечтает барашек? ……………………………………………………………………………………………… 4.О чем мечтает бутылка? ……………………………………………………………………………………………… 5.Чего тревожит барашка? ……………………………………………………………………………………………… 6.Что может тревожить бутылку? ……………………………………………………………………………………………… |