6 тақырып Қазыбаева Жансая. Бухгалтерлік есеп шоттарыны жоспары
Скачать 17.04 Kb.
|
Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары Қазақстан Республикасы банктерінде бухгалтерлік есепті жүргізудің негізі – синтетикалық есеп шоттардың біріңғай жүйесі, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарын Шот жоспары төрт санды кодты шоттар тізімі болып табылады. Бұл құжат кәсіпорынның қаржылық- шаруашылық қызметінің бухгалтерлік шот жүйесінен ерекше. Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі банктер үшін біріңғай есеп нысаны болуы банктің және оның фирмаларының қызметіне талдау жасауға мүмкіндік береді. Шоттар жоспарының барлық шоттары 7 класқа бөлінеді: 1 класс – Активтер 2 класс – міндеттемелер 3 класс – Меншікті капитал 4 класс – Табыстар 5 класс – Шығындар 6 класс – Шартты және мүмкін талаптар мен міндеттемелер 7 класс – Банк балансына меморандум шоттары. Бухгалтерлік шоттар баланстық және баланстан тыс шоттар болып бөлінеді. Баланстық шоттарға бірінші кластан бесінші класқа дейінгілер кіреді — активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, табыстар, шығындар, ал алтыншы және жетінші класс шоттары баланстан тыс шоттарға жатады. Баланстық шоттар өз кезегінде екіге бөлінеді: актив және пассив. Актив шоттарға бірінші және бесінші класс шоттары жатады, пассивке – екінші, үшінші және төртінші класс шоттары жатады. Актив бойынша шотта дебет бойынша түсімдер, кредит бойынша – шығындар ескеріледі. Пассив шотта керісінше. 2. Есеп процедуралары және есептік цикл кезеңдері Шаруашылық операцияларын талдаудан қаржылық есептілікті құру және шоттарды жабуға дейінгі есептік процесс кезеңдерінің бірізділігі есептік цикл деп аталады. Есептік цикл келесідей кезеңдерден тұрады: Алғашқы құжаттардың негізінде операцияларды талдау; Бас журналға операцияларды тіркеу; Бас кітапқа жазбаларды көшіру; Трансформациялық кестені құру көмегімен есепті кезеңнің соңында шоттарғады түзету жасау (трансформациялау); Есепті кезеңнің соңында шоттарды жабу; Трансформациялық кестенің негізінде қаржылық есептілікті құру. |