Билет1. Цифрлы азастан
Скачать 15.54 Kb.
|
1. «Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мақсаттары орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады. Бағдарламаны іске асырудың бес негізгі бағыты: 1) "Экономика салаларын цифрландыру" - еңбек өнімділігін арттыруға және капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты. 2) "Цифрлық мемлекетке көшу" - қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты. 3) "Цифрлық Жібек жолын іске асыру" - ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты. 4) "Адами капиталды дамыту" - жаңа жағдайға - білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты. 5) "Инновациялық экожүйені құру" - бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді. 2. E-GOV: Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру Қызмет алушы электронды үкімет порталында тіркеуі және ЭЦҚ (электронды-цифрлық қолтаңбасы) болуы қажет. |