Главная страница
Навигация по странице:

  • 5-Сұрақ. A. акула B. қасқыр C. медуза D. бактерия E. құртЖауап: D6-Сұрақ.

  • 15-сұрақ.

  • АкБота 7-8 (Science) KZ. D. ш типке бліну осы рттарды дене пішініне байланысты болды


    Скачать 0.67 Mb.
    НазваниеD. ш типке бліну осы рттарды дене пішініне байланысты болды
    Дата14.03.2023
    Размер0.67 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАкБота 7-8 (Science) KZ.docx
    ТипДокументы
    #987133

    1-Сұрақ
    Бақтияр биологияны өте жақсы көреді, ал оның досы Ерболат ұнатпайды. Биология сабағында Бақтияр мен Ерболаттың сыныбы әр түрлі жануар топтарын үйренеді, солардың ішінде Жалпақ құрттар, Жұмыр құрттар және Буылтық құрттар типтері бар. Ерболат Бақтиярдан, неге құрттарды үш бөлек топқа бөлу керек болды, осы организмдердің барлығын бір типке - Құрттар типіне (жай ғана құрттар) қосуға болмай ма деп сұрады. Жауаптардың қайсысы дұрыс?

    A.Бұл топтардың әрқайсысын әр түрлі ғалымдар ашты, сондықтан олар топты атау құқығына ие болды;

    B. Осы үш топтың қасиеттері мен сипаттамалары негізінен ұқсас, бірақ сәл өзгеше, сондықтан олардың барлығы жеке типтерге бөлінді;

    C. Осы үш топтың қасиеттері мен сипаттамалары басқа типтерден қаншалықты ерекшеленсе, бір-бірінен де соншалықты ерекшеленеді;

    D. Үш типке бөліну осы құрттардың дене пішініне байланысты болды;

    Осы үш типке бөліну құрттардың паразит болуына немесе болмауына байланысты.
    Жауап: C


    2-Сұрақ
    Қылқан жапырақты өсімдіктердің бір түрінің үш өкілі бір уақытта бірдей биіктікте кесілді.



    Осы ағаштарға қатысты тұжырымдардың қайсысы дұрыс ЕМЕС?

    A. I және II ағаштар бір аумақта өссе, III ағаш олардан алысырақ жерде өсті

    B. III ағаш әр түрлі жылдары I ағашқа қарағанда климаттың қатты ауытқуына ұшыраған

    C. I және II ағаштар бір орманнан шыққан болуы мүмкін

    D. III ағаштың асимметриялық пішіні, шамамен 10 жыл бұрын басталған қатты желдің тұрақты әрекетін көрсетуі мүмкін

    E. әрбір жылдық сақина ағаштың бір жылдық өмірін көрсетеді

    Жауап: B


    3-Сұрақ
    Бұл графикте кейбір жануарлардың дене температурасының оларды қоршаған ортаның температурасына қалай тәуелді екендігі көрсетілген:



    Қай тұжырым дұрыс ЕМЕС:

    A. мысық денесінің температурасы адамдікіне қарағанда жоғары

    B. мысықтың жүні қыста дене температурасын сақтауға көмектеседі

    C. түрпінің (ехидна) дене температурасы үйректұмсықтың (утконос) дене температурасынан жоғары болуы мүмкін емес

    D. кесіртке (ящерица) ұзақ және суық қысы бар аймақтарда тіршілік ете алмайды

    E. адам ағзасы қоршаған ортаға қарамастан тұрақты дене температурасын сақтайды
    Жауап: С


    4-Сұрақ
    Солтүстікамерикалық балқарағай құсы - Йеллоустоун ұлттық паркін (АҚШ) мекендейтін құс. Әр жаз сайын ол шамамен 30 000 жаңғақты жер астына, әртүрлі жерлерге көмеді. Содан кейін қыста, тамақ жоқ кезде, ол жаңғақтарды қар астынан қазып, жейді. Бірақ ол жазда жаңғақ көмген жерлердің 70% ғана еске алады. Ол қыста қанша жаңғақ жейді?

    A. 9000

    B. 30000

    C. 15000

    D. 21000

    E. 70
    Жауап: D
    5-6 сұрақтарда берілген ағзалардан артық біреуін, яғни басқаларға қасиеттері бойынша ең аз ұқсайтын біреуін таңдаңыз.

    5-Сұрақ.
    A. акула B. қасқыр C. медуза D. бактерия E. құрт
    Жауап: D

    6-Сұрақ.
    A. балық B. тотықұс C. қолтырауын D. сегізаяқ E. аю
    Жауап: D

    7-Сұрақ.
    Бұл графикте әртүрлі елдерде Covid-19 вирусын жұқтырғандар санының 2020 жылғы наурыздағы өзгерісі көрсетілген:



    Дұрыс тұжырымды табыңыз:

    A.наурыз айының ортасында инфекция жұқтырғандардың ең көп өсуі Қытайда болды;

    B.наурыздың ең басында Оңтүстік Корея инфекция жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұрды;

    C.наурыздың ортасында АҚШ-та Оңтүстік Кореяға қарағанда инфекция жұқтырғандар көп болды;

    D.Италия наурыз бойы инфекция жұқтырғандардың ең жоғары өсуін көрсетті;

    E.наурыз айының соңында инфекция жұқтырғандардың ең жылдам өсуі Испанияда болды.
    Жауап: В

    8-Сұрақ.
    Басқа қалаға барар алдында анам шие шырыны (сок) мен шие тосабын (варенье) тоңазытқышқа салуды ұмытып кетті: екеуі де ас үйде, үстелдің үстінде ашық қалды.

    Осы екі тағамның қайсысы тез бұзылады және неге?

    A.тосап тезірек бұзылады, өйткені оның қышқылдығы жоғары;

    B.тосапта бактерияға қарсы арнайы заттар бар болғандықтан, шырын тезірек бұзылады;

    C.тосап тез бұзылады, өйткені шырын құрамында бактериялардың көбеюін бәсеңдететін консерванттар бар;

    D.шырын тезірек бұзылады, өйткені тосаптағы қанттардың концентрациясы жоғары (су мөлшері аз),яғни бактериялар гипертониялық ерітіндіге түседі;

    E.тосап тезірек бұзылады, өйткені оның құрамындағы қанттардың концентрациясы жоғары (су мөлшері аз),яғни бактериялар гипертониялық ерітіндіге түседі;
    Жауап: D

    9-Сұрақ
    Бір елді мекенде экологтар бір-біріне жақын орналасқан төрт тоғанды ​​зерттеп, әрқайсысында тұқының (бұл балықтың бір түрі) санын анықтады :

    Тоғанның аты

    Балық саны

    А тоғаны

    40

    B тоғаны

    65

    С тоғаны

    35

    D тоғаны

    55

    Е тоғаны

    75


    Төмендегілердің қайсысы Е тоғанында балықтың ең көп болуына себеп болуы мүмкін ЕМЕС?

    A. Е тоғанында тұқылар жейтін тағам көбірек

    B. Е тоғанына әлдеқайда қолайлы климат әсер етеді

    C. адамдар Е тоғанында сирек балық аулайды

    D. Е тоғанында тұқыларды жейтін жыртқыштар аз немесе мүлдем жоқ

    E. Е тоғаны басқа тоғандарға қарағанда үлкендеу
    Жауап: В

    10-сұрақ. Графикте дененің орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графигі берілген. Дененің бесінші cекундтағы жылдамдығы неге тең?



    А) 10 м/с

    В) 5 м/с

    С) -5 м/с

    D) -10 м/с

    E) 0
    Жауап: С
    11-сұрақ. Әр түрлі материалдан жасалған үш затты біріктіріп, шарик жасалды. Суретте мәліметтер берілген. Егер шариктің жалпы көлемі 50 см3 болса, онда оның массасы неге тең?




    А) 80 г

    В) 100 г

    С) 120 г

    D) 130 г

    E) 150 г
    Жауап: С



    12-сұрақ. Суретте көрсетілген дененің массасын табыңыз. Дененің тығыздығы 3000 кг/м3
    А) 360 г

    В) 480 г

    С) 420 г

    D) 540 г

    E) 640 г
    Жауап: B


    13-сұрақ. Суреттегі екі ұшынан ашық және біркелкі көлденең ауданы бар ыдыста үш сұйықтық көрсетілген. Тығыздығы ρ1 =1,8 г/см3 болатын бірінші сұйықтықтың биіктігі h1 = 10 см-ге тең, тығыздығы ρ2 = 9 г/см3 болатын екінші сұйықтықтың биіктігіндегі айырмашылық h2 = 8 см-ге тең. Үшінші сұйықтықтың биіктігі h3 = 18 см болса, оның тығыздығын табыңыз. 
    А) 5 г/см3

    B) 6 г/см3

    C) 7 г/см3

    D) 4 г/см3

    E) Дұрыс жауап жоқ
    Жауап: А
    14-сұрақ. Архимед күші ауадағы денелерге де әсер етеді. Егер ауа тығыздығы 1,5 кг/м3, шардың көлемі 300 м3 болса, шарға әсер ететін Архимед күшін табыңыз?
    А) 45 Н

    B) 450 Н

    C) 45 кН

    D) 4,5 кН

    E) Дұрыс жауап жоқ
    Жауап: D
    (15-17). Ғалымдар мақалада парафиннің температурасының уақытқа тәуелділігін зерттеген. Зерттеу нәтижесіне қарап, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

    15-сұрақ. График бойынша парафиннің балқу температурасы неге тең?
    А) 28 °C

    B) 40 °C

    C) 48 °C

    D) 61 °C

    E) 55 °C
    Жауап: С
    16-сұрақ. График бойынша парафиннің қайнау температурасы неге тең?

    А) 28 °C

    B) 40 °C

    C) 48 °C

    D) 61 °C

    E) 55 °C
    Жауап: D
    17-сұрақ. Егер 4 кг парафин қуаты 500 Вт жылытқышпен қыздырылған болса, парафиннің балқу жылуы неге тең?
    А) 200 кДж/кг

    B) 400 кДж/кг

    C) 300 кДж/кг

    D) 150 кДж/кг

    E) 250 кДж/кг
    Жауап: E
    18-сұрақ. Арнұр қыста әр таң сайын су әкелу үшін далаға шығады. Ол үйден шыққан кезде пластмасс ыдысы кішірейетінін, ал қақпақты ашқанда оның қалпына келетінің байқады. Қақпақты ашқанда ыдысының қалпына келуіне не себеп болады?
    А) Температураның артуы

    B) Қысымнын төмендеуі

    C) Ауаның ішке енуі

    D) Арнұр өзі жөңдейді

    E) Себебі белгісіз
    Жауап: С
    19-сұрақ. Ядролық заряд анықталатың бөлшек(тер)?
    А) Нейтрондар

    B) Электрондар

    C) Протондар және электрондар

    D) Протондар

    E) Молярлық массамен
    Жауап: С
    20-сұрақ. Мельхиор қорытпасы мыс пен никельден тұрады (мыстың массалық үлесі 70%). Бұл қорытпадағы мыстың мольдік үлесі (% -бен) қанша? Атомдық массалар: мыс-64, никель-59.
    А) 68,3%

    B) 45,01%

    C) 50,12%

    D) 32,87%

    E) 12,16%
    Жауап: А
    21-сұрақ. Құрамында 30,43% азот және 69,57% оттегі бар қосылыстың молекулалық формуласын анықтаңыз. Бұл заттың сутегі тығыздығы 46 құрайды (N: 14 г/моль; O: 16 г/моль)

    А) N2O

    B) NO

    C) NO2

    D) N2O4

    E) N2O5
    Жауап: D
    22-сұрақ. Натрий сульфатының 18°С-та ерігіштігі 168,3 г/л болса, 18°С-қа қаныққан 100 г натрий сульфатының ерітіндісін дайындау үшін қандай тұз массасын және қанша су алу керек?
    A) 8,2 г тұз және 91,8 г су

    B) 25,6 г тұз және 74,4 г су

    С) 31,9 г тұз және 68,1 г су

    D) дұрыс жауап жоқ

    Е) 14,4 г тұз және 85,6 г су
    Жауап: E
    23-сұрақ. Массалық үлесі 32% және тығыздығы 1,2 г/мл азот қышқылы ерітіндісінің қандай көлемін (HNO3 ММ: 63 г/моль) концентрациясы 0,5 моль/л 1 литр қышқыл ерітіндісін дайындау үшін алу керек?
    А) 65 мл

    B) 70 мл

    C) 82 мл

    D) 98 мл

    E) 106 мл
    Жауап: С
    24-сұрақ. Элементтердің периодтық жүйесінде элементтер белгілі бір заңдылыққа ие болатынын білеміз. Элементтердің атомдық радиустары солдан оңға қарай қалай өзгереді?
    А) Төмендейді

    B) Жоғарылайды

    C) Өзгермейді

    D) Кездейсоқ

    E) Дұрыс жауап жоқ
    Жауап: А
    25-сұрақ. 4 г сутегі 48 г оттегімен әрекеттескенде неше грамм су түзіледі? (H:1 г/моль; O: 16 г/моль)
    А) 18 г

    B) 27 г

    C) 36 г

    D) 44 г

    E) 9 г
    Жауап: C


    написать администратору сайта