Главная страница
Навигация по странице:

  • Іс-әрекет алгоритмі

  • Дайындаыз залалсыздандырылан бір рет олданылатын 1020 мл шприцті (инені зындыы 4 мм), лотокті, салфеткаларды, мата шариктерін, 70% этил спиртін, ампуладаы дэрілік ерітіндіні,


    Скачать 21.54 Kb.
    НазваниеДайындаыз залалсыздандырылан бір рет олданылатын 1020 мл шприцті (инені зындыы 4 мм), лотокті, салфеткаларды, мата шариктерін, 70% этил спиртін, ампуладаы дэрілік ерітіндіні,
    Дата11.06.2020
    Размер21.54 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла01.06.2020 (2).docx
    ТипДокументы
    #129495

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын 10-20 мл шприцті (иненің ұзындығы 4 мм), лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, 70% этил спиртін, ампуладағы дэрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрілік затты қолдану нұсқаымен және дәрігердің тағайындауымен танысу.

    2. Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

    3. Пациентпен сенімді қарым –қатынас орнату

    4.Пациентке процедураның мақсатын және өтуі туралы дәрілік ерітіндінің енгізілуі туралы ақпарат беру.

    5. Процедураның өткізілуіне келісімін алу.

    6. Керекті күтім заттарын жинау.

    7. Дәрілік препаратты алып, дәрігердің тағайындауымен салыстыру.

    8. Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозаын, енгізу жолын, сыртқы түрін, сақталу мерзімін дауыстап оқыңыз.

    9. Бетперде, көзілдірік киіңіз, колды жууып антисептипен өңдеңіз.

    10. Медициналық қолғапты киіңіз.

    11.Шприцтің бүтіндігін, сақталу мерзімін тексеріңіз және құрастырыңыз. (стандартты қара)

    12. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: (стандартты қара);

    13. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.

    14. Наукастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны)

    орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).

    15. Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне салфетканың

    немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз.

    16. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғарыға бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.

    17. Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұрап, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін).

    18. Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай багыттап уқалаңыз, колдың үшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шүңқыры аймағын ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).

    19.Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз.

    20. Обработайте кожным антисептиком перчатки.

    20.Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

    21.Шынтақтың бүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақта шаригімен екі рет тазалаңыз (мақта шариктерін контейнерге тастаңыз), үшінші мақта шаригін сол қолдың IV жэне V саусақтар арасына салыңыз.

    22. Оң колға шприцті алып: II саусақпен - иненің канюлясынан ұстап V саусақ - шприцтің поршенінде, III, IV, I - саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.

    23.Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз.

    24.Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра үстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір үзындығын көк тамырға енгізіңіз, «қуысқа» түскенін сезгенше.

    25.Поршенді озіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

    26.Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.

    27.Ине көк тамырда екеніне қайтадан козіңізді жеткізіңіз.

    28.Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз. Шприцтің поршенін апармай.(шрицтің түбінде 0,5 қалу керек)

    29.3алалсыздандырылған, тері антисептигіне батырылған үшінші мақта шаригін тесілген жерге басыңыз, инені шығарыңыз.

    30.Тесілген жердің толықтай қаны тоқтағанша тері антисептигіне батырылған мақта шаригімен басып, науқастың шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз.(жабысқақ жабыстырып қоюға болады.)

    31. Шприцті инесімен, (қақпақшасын жаппай) мақта шариктерін ҚЖАК салыңыз.

    32. Қолғапты шешіп ҚЖАК тастаңыз.

    33.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

    34.Пациенттің жағдайын бақылаңыз.

    35. Процедураның өтілгені туралы тіркеу.



    написать администратору сайта