философия рк1 ответы. Даналыа штарлы Сократты пайымдауынша Философия
Скачать 21.08 Kb.
|
1. «Философия» ұғымы грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? даналыққа құштарлық 2. Сократтың пайымдауынша «Философия» дегеніміз не? ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету 3. Аристотельдің пайымдауынша «Философия» дегеніміз не? ғылымдардың негізі 4. Аквинский философияны қалай түсінде? барлық ақиқаттың негізі болып табылатын ақиқат (Құдай) туралы ілім 5. Р. Декарт философияға қандай анықтама берді? даналық, адам танып біле алатын заттар мен құбылыстар туралы жан-жақты білім 6. Дүниеге көзқарас типтерінің тарихи тізбегі қандай: миф, дін, философия 7. «Гнесеология» дегеніміз не? философияның таным жөніндегі тармағы 8. Мифтік көзқарастық түрі ретінде негізгі ерекшелігі? Синкретизм 9. Материализм нені қолдайды? дүниенің материалды және рухани бастауларының 10. «Өзіне қаламағанды басқаға да жасама» принципін енгізген философ: Кон-фу-Цзы 11.«Адам –барлық заттардың өлшемі» деген кімнің сөзі? Протагордың 12.«Менің білетінім, мен ештеңе білмейтінім» деп айтқан философ? Сократ 13. Сократтың ойыншпа «дана адам» қандай адам? барлық жағдайда өзін ұстай алатын 14.«Қоғамды философтар басқару керек» деген ойдың авторы? Сократ 15. «Болмыс бар, ал бейболмыс болса тіпті жоқ» кімнің пікірі? Парменид 16. Қандай философ медицина дамуына үлкен үлес қосты? Ибн-Сина 17.«Мейірімді қала тұрғындары» деген трактат жазған философ кім? Әл-Фараби 18. Жаңа Еуропа рационализмінің іргесін қалаушы философ? Бэкон 19. «Ойлаймын, демек өмір сүремін» деген пікір қай философтікі? Декарт 20. «Адам сезімі бізді қателіктерге әкеледі, сондықтан да барлығын да парасат ақыл арқылы тексеру қажет» деген ойшыл кім? Декарт 21. «Философия – ғылым емес, өнер» деп пайымдаған ойшыл? А. Шопенгауер 22. «Парадигма» ұғымын ғылымға енгізген қай ойшыл? Т.Кун 23.«Өркениет» деген ұғым қандай қоғамдық бағыттың ерекше дамығанын бейнелейді? Техника 24. «Ғылыми таным» теориясы бұл: эпистемология 25. «Ғылым философиясы» деген термин алғаш рет ғылыми айналымға енгізген ғалым? Евгений Дюринг 26.Ежелгі Қытай философиясы да «адам» туралы өзіндік ілім қалыптастырған ойшыл? Конфуций 27. «Адам дегеніміз – саяси жануар», - деп тұжырымдаған ойшыл кім? Аристотель 28. «Адам ойыншы, ойнайтын тіршілік иесі» деген идея авторы кім? Хейзенган 29. Абай философиясының ортақ мәселесі адам 30. «Толық адам» қай ойшылдың идеясы? Абай 31. Өмip философиясы қай ғасырда пайда болды? 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың бас кезінде 32.Өмір философиясы қай елдерде пайда болды? Германия мен Францияда 33. Мифологиялық фатализм: – иррационалды, қараңғы тағдыр 34. «Өлімді есіңнен шығарма!»,- деген қай кезең ойшылдары? . Антик дәуіріндегі стоиктер 35. «Адам бол» идеясының авторы: Абай 36. «Этика» термині қандай мағына береді? Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі 37. Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім: аксиология 38. Сократ этикасының мәні: 1. Сократ пікірінше, адамгершілікке, ізгілікке ұмтылыс әрбір адамға тумысынан тән. Ал ол ұмтылыс нағыз ізгілікке айналу үшін бәрін еске түсіру қажет. Еске түскен бойда ол адам ізгілікке ие болады. (Платон кейін өз кезегінде ақиқат білім – адамның жаны тәнімізге енбей, ақиқат болмысты тамашалауға кедергі болатын сезім мүшелеріміз жоқ кезде қабылданған мәліметті еске түсіру, ал шәкіртті оқыту – шәкірттің ес-жадында бар нәрсені жарыққа шығару деп дамытады. Жаңа Заман дәуірінде бұл ой туа берілген идеялар теориясы түрінде жалғастырылды). 2. Жамандық – білімнің таяздығынан, жоқтығынан туындайтын адасушылық. Ізгілік дегеніміз – ізгілік туралы білім. Ізгіліктің не екенін білмей тұрып ізгі болу мүмкін емес. Ізгілік (немесе адамгершілік) – қайырымдылық – ізгілік екендігін біліп істелінгенде ғана ізгілік. Есепсіз, санасыз, білмей жасалатын жақсылық (мысалы, жануарлардағы) – ізгілік емес. 3. Білім – ізгіліктің алғышарты: ешкім де өз еркімен жамандық жасамайды. Ізгіліктің не екенін білмегендіктен немесе зұлымдықты ізгілік деп қабылдап, адасушылықтан. Ал адамдар өз табиғаты бойынша ізгі. 4. Білім – адамгершіліктің маңызды бөлігі ғана емес, адамгершіліктің өзі деп санады Сократ. Ол туралы білімге ие болған сәтте ізгілікке айналатын не нәрсе? Ондай жалпы 3 білім ретінде Сократ жанды жетілдіру мен жанға деген жалпы қамқорлық туралы білімді атайды.Сократтың бұл этикалық интеллектуализмі ілімінен мынадай қорытынды туындайды: 1. білім беру, ақыл-ойды жетілдіру арқылы ізгілікке баулуға болады; 2. білім біреу, демек, ізгілік те біреу (ал сансыз көп ізгілік түрлері – сол білімнің бөлшектері: әділеттілік – басқаларға қалай қарау туралы; жүректілік – неден тартынып, неден қорықпау керектігі туралы). 39. Құндылықтардың жіктелуіндегі әлеуметтікке жататыны: Отбасы 40. Моральдің негізгі қызметі: 41. Еркіндік дегеніміз – ерікті күй. 42. Гегель еркіндікті немен байланыстырады? субъективті рухпен 43. Фейербах еркіндікті немен байланыстырады? адамның өзінің ерекшелігімен 44. Экзистенциалистер еркіндікті немен байланыстырады? адамның өзінің экзистенциясы үшін жеке тұлға ретінде толық жауапкершілігімен 45. «Еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарымқатынастарға және өз болмысына үстемдігі» деген қай ойшылдың пікірі? Ф.Энгельс 46.Ежелгі гректерде «өнер» термині қандай ұғымды білдірді? "poiesis" — адам қолынан шыққан, өндірілген заттар әлемі ретінде табиғи әлем, ежелгі гректерде «білім», «туынды », «сана» ұғымдарын да білдіреді 47. «Әсемдік әлемді құтқарады» деген нақыл сөзді айтқан ойшыл кім? Достоевский 48. «Әлемді тек кана әсемдік арқылы ғана жете түсініп-сезінуге болады» деген пікірді айтқан ойшыл? Шеллинг 49. Шығыс елдеріндегі музыка ғылымының негізін салушылардың бірі Әбу Насыр әл-Фараби 50. «Мәдениет» ұғымының негізгі қырлары: «өркениет» түсінігімен аса тығыз байланысқан. Қазақшалағанда «өркениет» деп қолданылып жүрген «цивилизация» 51.Қоғам дегеніміз не? мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы 52. «Қауым» ұғымының сипаты: Қауым ортақ мүдделер, ортақ құқықтар мен міндеттері біріктірген әрі бірыңғай заңдарға бағынатын адамдардан құралады 53. Халық: қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған адамдар жиынтығы. 54. Ұлт: қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі 55. Мемлекет: белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. 56.«Философия тарихы» термині қай ғасырда ғылыми айналымға енді? 18 57. «Философия тарихы» терминін қай философ ғылыми айналымға енгізді? Вольтер 58.Онтологиялық тарих философиясының қандай қызмет атқарады? Философияның онтологиялық функциясы заң ғылымында, біріншіден, қоғам ұйымының әмбебап сипаттамасын, екіншіден, философиялық заңдар мен категорияларды қолдануда көрінеді. 59. Философияның жеке бағыты ретінде тарих философиясы қай ғасырда толығымен қалыптасты? 20 60. «Тарихтың өзі тұлғалардың шығармашылық қабілетінің нәтижесі» деген пікірді айтқан ойшыл кім |