зт. 1- сынып шапшаң оқу-1. Дауыстап оу дадыларын тексеруге арналан мтіндермен ле шуматары
Скачать 62.79 Kb.
|
Дауыстап оқу дағдыларын тексеруге арналған мәтіндермен өлең шумақтары 1-сынып Оқу дағдыларын тексеру А-та, ол қо-ра. Ас-қар, ат қа-ра. Ат-қа қо-ра сал. А-сан, сан са-на. (12 сөз) Те-ре-зе аш. Мен мақ-та те-рем. Ол е-мен е-мес, тал. Қа-мар, шаш та-за-ла. (12 сөз) А-та, а-нау ма-та са-ры. Мы-нау ма-та қа-ра. Ақ ма-та-ны қа-ра, ма-та-ны ал. Са-ры ма-та-ны ал-ма. (15 сөз) БАСЫ НЕГЕ ҮЛКЕН? Ма-ма-сы Тал-ғат-тан: А-рыс-тан-ның ба-сы не-лік-тен үл-кен? – деп сұ-ра-ды. Тор-дан шы-ғып кет-пе-уі ү-шін, - де-ді Тал-ғат мү-дір-мес-тен. ( 15 сөз) ШОРТАН Ер-кін мен Се-рік көл-ден кел-ді. Көл-де ба-лық мол. О-лар ба-лық ау-ла-ды. Се-рік қар-мақ сал-ды. Қар-мақ-қа шор-тан і-лін-ді. Шор-тан ту-ла-ды, (19 сөз) Қара лақ. Ала алаша. Ала ат. Аласа қора.Қос қанат. Қара нар. Қара тал. Қол шана. Сақа ат. Қара шаш. (20 сөз) ҚЫС Қыс басталд. Өзен қатты. Ораз аққала соқты. Зәкен мен Абзал Оразға көмек берді. Аққала тез бітті. Балалар сырға-нақ тебетін болды. (20 сөз) ЕСЕН МЕН ЕСЕТ Есен онда. Есет он екіде. Ол екеуі де кеме істеді. Кемелерін суға салды. Кемелері суда қалқыды. Оған екеуі де қуанды. ( 20 сөз) ЖИДЕК Балалар мектеп бағынан жидек жинады. Биыл жидек мол шығыпты. Шие мен қарақат тұнып тұр. Балалар жидекті көп жинады. (18 сөз) КӨМЕК Үзіліс болды. Кітапханашы кітапханасына жаңа кітаптар әкелді. - Балалар, кітап тасуға көмектесіңдер, - деді кітапханашы. Біз кітап тасуға көмектестік. Кітапхана үлкен, кең, жарық. Кітапханада кітап көп. Қоңырау соғылды. Біз сыныпқа кірдік. - Рахмет, балалар, - деді Гүлнәр Омарқызы. (34 сөз) ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ Орман аңдары да қысқа дайындалады. Ақ тиін ағаш қуысына саңырауқұлақ тасиды. Түрлі жемістерді жинап, кептіреді де, қыста жейтін азығын дайындайды. Кірпі сұр тышқан да солай. (25 сөз) СУЫР Суыр – сүйкімді аң. Оның басы жалпақтау, тұмсығы доғал болады. Суырдың түсі сарғыш немесе сарғыштау сұр болып келеді. Суыр әр алуан балауса шөптермен қоректенеді. Оларды терісі мен майы үшін аулайды. Суырдың майы ем ретінде қолданылады. «Ол кім? Бұл не?» кітабынан (34 сөз) ТАСБАҚА МЕН БҮРКІТ Тасбақа бүркітке өзінің ұшқысы келетінін айтты. Бүркіт оған ұша алмайтындығын түсіндіріп, ол жайлы ойламауға кеңес берсе де, тасбақа одан әрі жалынып, аспанға алып ұшуын өтінеді. Бүркіт оны тырнағына іліп, жоғары ұшып барып, босатып жібереді. Тасбақа тастардың үстіне түсіп, быт-шыт болады. Л. Толстой ( 41 сөз) ИНЕЛІК ПЕН ҚҰМЫРСҚАЛАР Күзде құмырсқалардың жинаған бидайлары су болып қалады. Олар оны кептіреді. Аш инелік құмырсқалардан тамақ сұрайды Құмырсқалар одан: «Жазда неге азық жинамадың?»-деп сұрайды. Сонда инелік былай депті: «Қол тимеді, ән шыцрқаумен болдым». Құмырсқалар таң қалып: « Жазда ән шырқасаң, қыста би биле»,-деп жауап береді. (44 сөз) ШАЛ МЕН БАЛАЛАР Бір жарлы шал есегіне мініп жол жүріп келе жатса, есегінің бақырған даусын естіп, бір топ бала алдынан жүгіріп шығады. Олар шалды ажуа, мазақ еткілері келіп: Ата, сіз неге есегіңізді өлең айтуға үйреттіңіз, - дейді. Сонда шал балаларға: Есегім өлең айтпайды. Сендердей жақсы жолдасын көрген соң, қуанғанынан бақырады, - депті. (47 сөз) |