дебат. ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫ ДЕБАТ. Дебат адал кісі ел бастар, шешен тла сз бастар демекші Мен Ерубай Нурдаулет кімет фракциясыны лидерімін. Бгінгі бізді арарымыз Б. П жмыс орындарындаы адамдарды алмастыратын технологияларды здіксіз дамуына арсы
Скачать 23.28 Kb.
|
ДЕБАТ Адал кісі ел бастар, шешен тұлға сөз бастар демекші Мен Ерубай Нурдаулет Үкімет фракциясының лидерімін. Бүгінгі біздің қарарымыз «Б.П Жұмыс орындарындағы адамдарды алмастыратын технологиялардың үздіксіз дамуына қарсы» Біздің қарарымыздағы кілт сөздерге дефениция бере кетсем: Жұмыс орны – жұмыс істеушінің өндірістік міндеттерін орындауына бейімделген орын. Ал технология дегеніміз- бұл әркімнің күнделікті өмірінен бастап өнеркәсіптік өндірісте, аграрлық секторда және бизнесті дамытуға дейінгі адам қызметінің барлық салаларын дамытуға инновациялық және тиімді шешімдерді енгізу. Біздің қарарға философиямыз: Артур Кларк жазушының сөзі "Кез-келген дамыған технология сиқырдан ерекшеленбейді" Статус ДИО: Қазіргі әлемдегі технологиялар адам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар өмірдің барлық салаларына әсер етеді және орасан зор жеңілдетеді. Мен өз сөзімді тікелей ребатлдан бастағым келеді: Ғылымның дамымауы: Сіздердің айтуларыңызша егерде адамдар технологияны белсенді қолданса, онда ғылым дамымай қалуы мүмкін. Алайда сіздер қателесесіздер. Midjourney немесе Chat openai жасанды интеллекттер қазіргі ғалымдардың өздерін озып түседі. Өйткені олар кез келген сіздің сұрағыңызға жауап беріп, ғылыми тұрғыда не болмаса логикалық тұрғыда көптеген жобаларды зерттей алады. Технологияга тәуелділік: Қазірдін өзінде біздің өміріміз технологиямен өте тығыз екендігін жоққа шығармай-ақ қояйық. Керісінше адамдардың технологияны қолдану арқылы күнделкті жұмыстары жеңілденеді. Алайда технологиялық қауіпсіздіктерді сақтауда маңызды. Адамдардың жұмыссыз қалуы: Болашақта технологиялар даму кезінде, және олардың қарқынды қолдану кезінде сапасыз техникалардың көптеген ақаулары болуы мүмкін. Сол себепті механиктер мен инжинерлер мамандарының маңызы арта түседі. Сомен қатар адамдар ғылымға көбірек назар аударып, олардың сауаты арта түседі. Энергиянын азаюы: Сіздердің айтуларыңызша роботтарды қамтамасыз ететін энергия көзі адамдарға жеткіліксіз болуы мүмкін. Алайда бұл қате тұжырым. Өйткені адамзаттың жаңадан энергия станцияларын ойлап табуы үшін технологияның дамымауы ұстап тұр. Сол себепті технологияның даму барысында жаңа энергия көздері табылады. Мен өз аргументтерімді айтып өтсем. 1. Жұмыс уақытын үнемдеу 2. Экономика дамуы 3. Адам шығынының азаюы. Біріншіден, Жұмыс уақытын үнемдеу. Мысалыға алатын болсақ құрылысшы роботтар. Яғни Hadrian роботы. Хадриан материалды қажетті мөлшерге дейін азайта алады, оны ерітіндімен бекітіп, сағатына 1000 кірпіш қоя алады, бұл кез келген құрылысшының орташа жылдамдығынан 20 есе жылдам. Хадриан жылына 150 ғимарат жылдамдығымен заманауи кірпіш үйлерді салуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда роботтарды құрылыста қолдану енді дамып келеді, бірақ Жапонияда автоматтандырылған механизмдердің жеке класы әзірленуде. Олар биіктікте жұмыс істеу, дәнекерлеу, жүктерді көтеру, төбелер мен қабырғаларға панельдер орнату үшін қолданылады. Факт айта өтсем Япония елі заманауи технологиялардың арқасында ғимараттарды құру жылдамдығынан әлем бойынша 1 орында. Олар 3 сағатта 300 жыл тұратын үй сала алады. Екіншіден, Экономиканың дамуы. АҚШ-тың ірі банктерінде, бағасы 1 миллион долларға дейінгі облигациялармен шағын мәмілелер машина алгоритмдері өңдейді, әйтпесе мұндай сауда шығынға ұшырайды. Әлемнің және Ресей Федерациясының басқа қаржы ұйымдары есептеу машиналарының дамуымен қызметкерлерге деген қажеттілік азаятынын растайды. Яғни технологияның адамға қарағанда есептеу қабілеті әлдеқайда озырақ. Және адам миы машина алгоритмдеріне тең емес. Қазіргі уақытта заманауи техникалар, адамдарға қарағанда тиімді екенін байқаймыз. Мысалы: Қытайдың Донггуан қаласында ұялы телефондар мен басқа да электронды құрылғыларды құрастыратын толық автоматтандырылған зауыт бар. Статистикаларға сүйенсек 1 ұялы телефонды заманауи техникалар кәдімгі адамға қарағанда 3 есе тез жасайтыны белгілі. Үшіншіден, Адам шығынуы азаюы. Қазірдін өзінде қарапайым жұмыстардың өзі адам өміріне өте қауіпті. Мысалы: Құрылысшылар, жүк көліктерінің жүргізушілері және фермерлер. Статистика бойынша жылына 45 жүк көліктің жүргізушілері қайтыс болса, ал фермерлер арасында жылына 105 адам қайтыс болады. Сондықтанда заманауй техникалар адамдардың орнын басып барлық қауіпті өздеріне алады. Сондықтанда жаңадан өздігінен жүретін TESLA жүк көлік технологиясы шығарылған. Ал фермерлер үшін өздігіннен жүретін KOMATSU тракторы ойлап табылуда. Бұл адамдардың өмірін қауіпсіздікте ұстауға көмектеседі. |