Даму ақаулары. Садықова А.302ортод. Деформацияа сер ететіндер
Скачать 19.63 Kb.
|
Бет қаңқасының деформациясы дегеніміз- оның морфофункционалдық элементтер қатынасының және эстетикалық пропорциялардың бұзылуы, осының салдарынан бет пішінінің өзгеруі, көлемі мен бас сүйегі бөліктерінің орналасуының бұзылуы. Деформацияға әсер ететіндер: 1.Остеогенез бен дифференцияланудың, соның ішінде генетикалық түрінің де, туғаннан бұзылуы; 2. Эндогенді және зат алмасуының бұзылуы; 3. Тұқым қуалаған және жүре пайда болған жағдай-факторлар; 4. Өсу аймағының арулары мен жарақаттары; 5. Қаңқаның жекелеген бөлшектерінің өсу не өспей қалуына себепші жағдайлар. 6. Бет қаңқасының жарақаты. Туа біткен ақаулар Беттің туа біткен ақаулары. Бассүйек дамуының бес негізгі даму кезеңдерін ажыратады: 1)ұрық жапырақшасының және бассүйек-бет аймақтарының бастапқы қалыптасуы 2)жүйке түтігінің және жұтқыншақтың ауыздық бөлігінің қалыптасуы 3)клеткалы популяцияның арақатынасы, миграциясы және пайда болуы, әсіресе жүйке білігінің жасушалары және оның туындылары 4)ағза жүйесінің қалыптасуы, фарингеалды доға және біріншілік және екіншілік таңдайдың қалыптасуы 5)тіндердің соңғы дифференциациясы Бет және бассүйегінің нормадан ауытқулары өте ерте кезеңдерінде анықталуы мүмкін. Мысалы, алкогольді синдром эмбрионды дамудың жүйке пластина тіндерінің дұрыс дамымай қалуынан, яғни этанол мөлшерінің тым көп болу әсерінен болады. Көбінесе ауытқулар үшінші кезеңде жүйке білігінің жасушаларының миграциясы кезінде пайда болады. Бет құрылымы жүйке білігінің келткаларының миграциясынан қалыптасады. Талидомидке қызуғышылықта туа біткен ақаудың пайда болуына әкеледі. Сонымен қатар 1980 жылдары пайдаланылған безеуге қарсы изотретиноин препаратының әсерінен де күрделі ақаулар пайда болған. Аталған дефекттердің табиғаты бір болғаны бұл препараттардың жүйке білігінің клетка миграциясына әсері болғандығы. Жүйке білігінің миграциясының төмендеуі жақ-бетттің дизостозына (Тричер-Коллинза синдромы) алып келеді. Бұл туа пайда болған синдромда жоғарғы және төменгі жақтың толық дамымауы байқалады. Үшкіл нерв түйінінде клеткалардың мөлшерден тыс өлуінен, жүйке білігінің өндіруші жасушаларына екінішілік әсер етеді. Беттің бүйір және астыңғы аймағына баратын ұзын миграционды жолды жүйке білігінің жасушалары көбінесе қауіпте. Бұл ортаңғы сызықтағы деффекттер, саңылаулар қалыптасады. Бір жақты ассиметрия байқалады, бірақ екі жақта да синдром болады. гемифициалды микросомия біржақты ассиметриялы проблема, беттң жарты аймағына тіннің жетпе қалуы. Әдетте құлақ және төменгі жақ деформациясы, сонымен қатар жұмсақ тіндер деформациясы немесе жоқ болуы байқалады. Соңғы зерттеулер нәтижесінде бұл дефект жүйке білігінің жасушаларының ерте жоғалту әсерінен. Жиі кездесетін тау пайда болған ақаудың бірі еріннің, таңдайдың немесе беттің басқа құрылымдарының саңылаулары. Жырықтар дамудың төртініші кезеңінде пайда болады. Ерін жырық эмбриондық дамудың 6-аптасында мұрындық және бүйірлік өсінділердің жеткілікті бірікпеуінен болады. Қоян жырықты дефекті бар балалардың 60%-да таңдай жырық болады. Төменгі және жоғарғы жақ өсінділерінің жеткіліксіз бірігуінен бетте қисық саңылаудың пайда болуына әкеледі. Қазіргі кезде анасының темекі щегуі баласында қоян жырықтың дамуына бірден бір себеп. Синостоз синдромы бассүйектік және сүйектік тігістердің ерте бірігіп кетуі. Кроузон синдромы- осы топтағыларда жиі кездеседі. Беттің ортаңғы аймағының, көздің дамымай қалуы. Жоғарғы жақтың жоғарғы және артқы тігістерінің бірігуінен дамиды. Ерте бірікпелер көбінесе бассүйекте жиі таралған. Көздің шығыңқы болып көрінуі көзұяшығының дамымау әсерінен болады. Ерте жаста хирургиялық араласудың көмегімен тігістерді ажырату қажет. Жоғарғы жақ сүйегі дамымаған балаларды ортодонтиялық емдеу әдістері әр түрлі жас кезеңдері бойынша. Ортодонтиялық ем хейлопластиканы жеңілдетеді. Ортодонтиялық емді уақытылы жүргізбейтін болса, яғни жасы 3 айдан жоғары болатын болса, жақаралық сүйек алға жылжуынан, хейлопластика жасау қиындайды. Таңдай пластиккасының жас көрсеткіштеріне әртүрлі ортодонтиялық көзқарастар бар. Қай жаста жасалу қажеттігін таңдай жырығына байланысты. Жұмсақ және қатты таңдай жырығында велопластика, біржақты немесе екіжақты жырық және альвеола, ерін жырығы болатын болса, екі рет операция(Швекендик бойынша+ортодонтиялық ем) жасалады. Бірінші этап-велоплатика, 10-14айында, баланың салмағы 10-12 кг болған кезде жасалады. Екінші этап-5-6 жаста қалған дефекттерді жабу. Ерін пластикасынан соң, тыртық тартылатын болса, қимылдату қиындығы,кіреберіс ауыз қуысы жоқ болса коррекциялаушы пластикалық операция жасалады.онытұрақты бірінші моляр шықпай тұрып жасайды(5-6жас). Бұл кезде жақ активті өседі және ортодонтиялық аппарат қолдану мүмкіндігі пайда болады. егер коррекциялаушы операцияны уақытылы жасамаған ағдайда, тыныс алу және жұтыну қиындығы, ал бұл жоғарғы жақтың өсуін тоқтатады. Жас ұлғайған сайын айқын тістем аномалиясына және бет деформациясына алып келеді. Ортодонтиялық емге қосымша хирургиялық, ортопедиялық, оториноларингологиялық, логопедттік ем жүргізіледі. Деформацияны дұрыстаған соң, ретенционды аппараттарды және протезді тұраұты тіс пайда болғанға дейін немесе өмірінің соңына дейін пайдалану қажет. Адамның туа біткен ақауларының пренатальды диагнозы. Пренатальды диагностика (ПД) Эмбриональдық дамудың алғаш сатысында жүргізілетін ұрықтың саулығын анықтауда қолданылатын әр түрлі әдістер. Пренатальды диагностика нәрестеде туа пайда болған және тұқым қуалайтын патологияларды анықтауға мүмкіндік береді. Ультрадыбыстық зерттеу қауіпсіз метод және жүктілік кезінде кем дегенде 3 рет жасалу қажет. 10-14 апта, 22-24 апта, 32-34 апта. Егер көрсетілген уақытта қаралмаса патологияны анықтау қиын болады. бірінші УДЗ кезінде патологияны көре алмау мүмкіндіктері бар, сондықтан УДЗ-дан басқа қосымша зерртеулер жасалады. УДЗ көмегімен баладағы бет-жақ аномалияларын анықтауға болады. Туа пайда болған деформацияларды емдеу Бұл бұзылыстар, краниостеноздар бас қаңқасы мен бет қаңқасының диастоздарын емдеудің негізгі қағидалары беттің ортаңғы аймағының гипоплазиясын емдеуге негізделген. Жоғарғы прогнатияны қалыпқа келтіру. Жоғарғы прогнатия терең тістесумен бірігіп келгенде (1968) Н. Коле 1-ші премолярларды екі жағынан жұлып, таңдайдың ортаңғы сызығымен медиальды тілік жасап, ұяшық өсіндінің алдыңғы бөлігіне остеотомия жүргізген. Қатты таңдайды 2 см-ге дейін бордың көмегімен тесіп, кесіп алып тастаған-резекциялаған. Сүйек фрагменті жоғары және артқа жылжып, шырыппы қабатқа тігіс салып, тістерге құрсау салу арқылы бекіткен. Г.Н.Семенченко (1962) ашық тістесуді қалыпқа келтіру үшін фронтальды бөлікте остеотомия әдісін қолданады. Жоғарғы бесінші тістер жұлынып, шырышты қабықта вестибуляр және таңдай жағынан тілік жасалып қиындысы сүйектен сыдырылып алынады, нәтижесінде алдыңғы фрагментте сүйек бөлігі толық жалаңаштанады. Жұлынған тістер аумағында ұяшық өсіндіні циркулярлы арамен кеседі. Тік кесілген кесіндіден жазық және 90°-пен алмұрт тәрізді ойықтың төменгі қырына дейін остеотомия жүргізіледі. Сүйек фрагменті фронтальды тістермен бірге артқа жылжытылады, ал шырышты қабатқа тігіс салынады. Тістерге құрсау салу арқылы бекітеді-фиксацияланады. Бұл әдістің теріс жағы сүйекті толық сыдырғанда шырышты қабықтың трофикасы бұзылады. Отадан кейін асқынып, некрозға ұшырауы мүмкін. Жоғарғы ретрогнатия иемесе микрогнатияны қалыпқа келтіру. Жоғарғы ретрогнатия туа пайда болған жарақаттан кейін жоғарғы ерін мен таңдай жырығына ота жасаған соң болуы мүмкін. Бұзылыс түріне және шығуына байланысты беттің ортаңғы аймағында ішке еніп тұрғандай болады, кейде көзасты бет-сүйек аймағы осылайша көрінеді. Жоғарғы ретрогнатияда оның даму дәрежесіне байланысты әртүрлі хирургиялық әдістер қолданылады. Жоғарғы микрогнатияны қалпына келтіру үшін жасалатын ота әдісін 5 топқа бөледі. 1. Горизонтальды (төменгі және жоғарғы) остеотомия, сүйек трансплантаттарын қолдану немесе қолданбай-ақ жүргізеді. Остеотомиядан кейін деструкциялық әдіс. 2. Жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісінің фронтальды бөлігінің остеотомиясы. 3. Жоғарғы жақтың фрагменттің остеотомиясы, компакт остеотомиясымен, ортопедиялық еммен бірге. 4. Назомаксилярлы комплекс аймақтағы пирамидальды остеотомия. 5. Ортодонтиялық еммен компактостеотомия. Төменгі прогнатияны қалпына келтіру. Төменгі жақтың ұяшық өсіндісіндегі оталар. Американдық хирург I. Hylliren 1848 жылы тістесу ауытқуының біріккен түрі-формасы бар науқастың төменгі ұяшық өсіндісінің фронтальды аймағына екіжақты сына тәрізді кесіп алған-резекция жасаған. Ота премолярларды симметриялы жұлумен жалғасқан. Мұндай ота алдыңғы тіс қатарының тістесуінің болмауы кезінде ғана жүзеге асырылады. Кейін 1928 жылы Е. Е. Бабицкий бұл отаны жаңартып жүргізген, бірақ кең түрде қолданыла қоймады Ашық тістесуді емдеу. Отасыз-консервативті (ортодонтиялық), хирургиялық және аралас әдістер науқастың жасына, сипатына, дәрежесіне, деформацияның айқындылығына байланысты. Бала кезде емделмеген немесе дұрыс ем алмаған ересек адамдарды емдеуге қолданылатын хирургиялық әдістерді нақтырақ қарастырайық. Хирургиялық көмек ашық тістесудің 2-3 дәрежесіне қолданылады. Ашық тістесудің әртүрлі деформациялармен бірігіп келуін емдеудің көптеген әдістері қазіргі уақытта белгілі. Бұл оталарды былайша топтастыруға болады. 1. Төменгі жақтың бұрышы мен денесіне жүргізілетін оталар. 2. Төменгі жақтың бұтағы мен аймағындағы оталар. 3. Жоғарғы жақтағы оталар. |