ясауитану 1 апта. Дегейлік тапсырмалар
Скачать 16.69 Kb.
|
Деңгейлік тапсырмалар (20 ұпайға дейін): 1- деңгей 1.Дін түсінігі Адам өмірге келгенде оны әке-шешесі, жақындары немесе өмір сүрген ортасы міндетті түрде бір сенім бойынша тәрбиелейді, өcіреді. Ол да өзінен кейінгі ұрпақтарын сол сенім бойынша тәрбиелеп, осылай дін ұрпақтанұрпаққа жалғасады. Тарих бойында дін ауыстыратын қоғамдар да, адамдар да кездеседі, бірақ адам баласы діннен мүлдем қол үзіп кетпейді. Дін дегеніміз - сенім. Осы сенім бойынша өмір сүретін адам ауыр қылмыстар мен күнәлі істерге бармайды. Өйткені дүние жүзіндегі діндердің қайсы бірін алып қарасақ, оның ешбірі жеке адамға, қоғамға зиян беретін жолдарға баруға тыйым салады. Тіпті дін - адамның көңіліндегі, жүрегіндегі көңiл, жүрек кiрлерiнен тазалаудың негізгі құралы. Дiн – “жаза”, “сый”, “үкiм”, “есеп”, “бас ию”, “ғибадат”, “заң” және “жол” т.б. мағыналарға сәйкес келетiн араб тiлiнен енген сөз. Ал дiн ұғымына келер болсақ бүгiнгi күнге дейiн адам баласы бір тоқтамға келмеген. Өйткені жер бетіндегі түрлі сенімдегі дін иелерінің (теолог) өз дініндегі сеніміне байланысты немесе діннің түрлі ғылымдармен тығыз байланысты болғандығынан түрлі ғылым иелері түрліше анықтама беріп келеді және дін жайлы анықтамалардың саны да өте көп. Адам "дене" (тән) мен "рух" (жан) деген екі жаратылыстың бірігуінен тұрады. Егер адам денесіне керек қажеттіліктермен (тағам, сусын, киімкешек, ауа) қамтамасыз етпесе, дененің өмір сүруі тоқтайды. Сондықтан әрбір адам денесін денеге қажет нәрселермен қамтамасыз ету керек екендігін біледі. Ал дін – рух, көңіл азығы. Сондықтан бір адамның толық бір бүтін адам болуы үшін дін керек. Егер адам діннің азамзатқа қажеті жоқ деп түсінсе, өзі де ешбір дінді ұстанбаса, ол адам жарым жан адам іспетті рухани дүниесі кедей, азғындаған адам болып табылады және ол адамнан түрлі қылмыстар мен күнәлі істер күтуге болады. Ал дін болса, адамның кез келген қылмысқа баруына тосқауыл болады, рухына моральдық азық болады. Қазіргі кездегі әлем халықтары түрлі діндерді ұстанады және діндерінің сенімдері, алға қойған мақсаттары әртүрлі. Осыған орай әлем діндерінде бір жүйелі сенім болмағандықтан, жалпылама дінге "адамның бір нәрсені қасиетті күш деп сенуі" деп анықтама беруге болады. Демек, дін дегеніміз - сенім. Себебі діндердегі ғұрыптар, рәсімдер, әмірлер мен тыйымдар осы сенімге бейімделеді. Дін мәдениет, философия, психология, социология т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Тіпті ғылымдардың барлығы діннен шыққан десек те артық етпес. Өйткені ежелгі дәуірлерде ғылым салалары адамзатқа беймәлім болғанда адамдар бір наныммен өмір сүрді. Ал бұл дін болып табылады. Виктор Кузин "барлық нәрсе діннен шыққан" деп осы пікірімізді қуаттайды. 2.Діндердің түрлері 2-деңгей 1.Алғашқы діндер 2.А.Шиммельдің тұжырымы 3- деңгей 1.Монотеизм 2.политеизм Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (30 ұпайға дейін): Тотемизм, анимизм, фетишизм-презентация. Әлемдік діндер, ұлттық діндер, синтоизм, жайнизм-презентация |