Сауалнама. Климовтың тесті. Дегенмен, тек екі нсаны бірін тадау керек болса, айсысын тадар едііз
Скачать 29.43 Kb.
|
Мектеп бітіруші түлектер арасында ҰБТ бойынша негізгі пәнді таңдағанымен, әлі де қай мамандықты таңдарын білмей жүргені көп болар. Оқушылар мен ата-аналарға көмек ретінде белгілі психофизиолог, психология ғылымдарының докторы Е.А. Климовтың көпке көмегі тиген тәсілін ұсынамыз. Баланың қабілет-қарымы, қызығушылығымен қатар, бұл тәсілге де жүгініп көру артық болмас. Дегенмен, тек екі нұсқаның бірін таңдау керек болса, қайсысын таңдар едіңіз? Сұрақтардың бірін белгілеңіз - «a» немесе «b» «+» белгісімен. Сауалнама мәтіні
1.АДАМ-адам Қандай мамандықтар кіреді? Адамдармен ұдайы қарым-қатынаста болатын, оқыту, үйрету, қызмет көрсету салаларының мамандықтары. Дәрігер, педагог, бала тәрбиешісі, банк қызметкері, сатушы, халыққа қызмет көрсету (ХҚКО) мен жұмыспен қамту және психологиялық, медициналық орталықтарының қызметкерлері, әсемдік салон мамандары (шаштараз, тырнақ әрлеуші, визажист) т.б. Кім таңдағаны дұрыс? Бұл мамандықтарды мінезі ашық, кез келген адаммен тез тіл табыса алатын, коммуникативті қабілеті бар, өзгені тыңдай білетін, әрбір адамның жеке қарымына қарай ұсыныс айта алатын, эмоциональды ұстамды, сабырлы, өзгені мақтай білетін оқушылар таңдаса карьерада өседі. 2. АДАМ-табиғат Қандай мамандықтар кіреді? Ветеринар, биолог, эколог, агроном, технолог, ауыл шаруашылы мамандары т.б. Кім таңдағаны дұрыс? Адамдардан гөрі табиғатты, жан жануарларды жақсы көретін, мейірімді, көпке сырын айта бермейтін, көп ортасында емес, оңаша жүргенде өзін еркін, ыңғайлы сезінетін, әңгімеге шорқақтау оқушылар таңдаса, жетістікке жетеді. Өзгені оқытқан емес, өз бетінше оқып ізденгісі келетін балалар бұл салаларда ғалым дәрежесіне дейін көтеріле алады дейді психолог Е.А. Климов. 3. АДАМ-техника Қандай мамандықтар кіреді? SMM, копирайтер, инженер-конструктор, механик, ұшқыш, жүргізуші, программист т.б. Кім таңдағаны дұрыс? Уақытының көп бөлігін компьютер алдында өткізетін, есепке жүйрік, адамнан гөрі техникалық құралдар мен аппараттардың тілін жақсы түсінетіндер таңдағаны дұрыс. 4. АДАМ-көркем Қандай мамандықтар кіреді? Суретші, әртіс, актер, декоратор, әнші, биші, дизайнер, аспаз т.б. Кім таңдағаны дұрыс? Шығармашылыққа, өнерге жақын, әсемдікке әуес, заттарды басқа қырынан көре білетін позитивті, креативті ойлайтын оқушылар таңдаса да аз уақытта-ақ танымал тұлғаға айналуы мүмкін. 5. АДАМ-белгі Қандай мамандықтар кіреді? Математика, физика пәні мұғалімдері мен оқытушылары, бухгалтер, композитор, архитектор, аудармашы, редактор т.б. Кім таңдағаны дұрыс? Сандар, әріптер, формулалар және ноталардың тілін жылдам түсіне білетін, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған оқушылардың бұл салаларда шығар шыңы биік болады. Сонымен, сіздің мінез-құлқыңызға қай мамандық сай келеді екен? 1.Сауалнама. Сенің кәсіби ой-ниетің Өзіңнің кім екенің, қандай екенің, кім бола алатының, кім болғың келетіні, кім болуы керек екенің және алға қойған мақсаттарыңды қалай іске асыру керек екендігі туралы білгің келсе, келесі сұрақтарға жауап бер: 1. IX сыныпты бітірген соң, не істемексің? а) x cыныпта б) кәсіптік техникалық мектепте (КТМ) в) колледжде ( оқу орнының атауын толық жаз) оқимын г) жұмыс істеймін (мамандығыңның,бөлімше, цех, өнеркәсіптің толық атауын жаз)__________________________________________________ 2. Ата-анаң IX сыныпты бітірген соң не істе деп кеңес беруде? а) X сыныпта б) кәсіптік техникалық мектепте в) колледжде (оқу орнының атауын толық жаз) оқуды ұсынады г)жұмыс істеуді ұсынады (мамандығыңның, бөлімше, цех, өнеркәсіптің толық атауын)._______________________________________________________ 3. Таңдаған мамандығыңның мазмұны, оқу және жұмыс шарттары туралы білесің бе? а) хабарым жоқ б) аз ғана хабардармын в) қажеттің бәрін білемін. 4. Таңдаған мамандағыңның адамға қояр талаптары туралы білесің бе? а) хабарым жоқ б) аз ғана хабардармын в) қажеттің бәрін білемін 5. Таңдаған мамандығыңа қажет болатын жеке қасиеттерінді, қабілеттеріңді икемділіктеріңді қалай дамытасың? а) мүлдем дамытпаймын б)қосымша білім алу арөылы дамытамын в) өз бетімен білім ала отырып дамытамын. 6. Өзіңнің кәсіби ой-ниетіңді іске асыра аламын деп ойлайсың ба? Оған не кедергі бола алады? а) иә, жүзеге асыра аламын б) оқуда қиындықтар бар в) материалдық проблемалар г) отбасылық жайттар д) жоқ, жүзеге асыра алмаймын. 7. Негізгі жоспарыңды іске асыра алмаған жағдайда қолданатын қолсалқы жоспарың бар ма? а) иә б) жоқ 2.Сауалнама .Мамандық туралы хабардылығың Егер де сен мамандық таңдау туралы мамандардың ақыл-кеңесін тыңдағың келсе,келесі тапсырмаларды орында. 1. Әр адамда қайсыбір қызмет түріне деген икемділік бар. Мамандықты таңдау осы икемділіктерге орай жасалу қажет. Сондықтан өз бойыңда басымырақ көрінген дарындылық белгісінің астын сызып белгіле: 1) жақсы жады 2) байқағыштық 3) зеректік 4) қозғалыстағы икемділік 5) сезімтал иіс сезу 6) түстер ажырата білу 7) пайымдылық 8) қонымды ой 9) барлық ғылым түрлеріне деген тұрақты қызығушылық 10) ой жұмысымен айналысудағы жоғары қабілеттілік 11) техникамен әуестенушілік 12) құрастыру, үлгілеу білігі 13) экспериментке деген қызығушылық 14) балаларға деген сүйіспеншілік және олармен бірге болуға ұмтылушылық 15) саяхатқа шығуға құмарлық, көпті көруге деген ынтызарлық,табиғатты жануарларды жақсы көру 16) аспаздыққа деген қызығушылық 17) қарым-қатынастан үнемі қанағаттану сезімін алу. (таңдауыңның астын сыз) 2. Кейбір кәсіпті мамандыққа қарама-қайшы келетін белгілі бір кемшіліктерге байланысты игеру мүмкін емес. Нақтылап айтсақ: 1) аллергия 2) денсаулықтың нашарлығы 3) тез қажу 4) жоғары жүйке сезімталдығы 5) ашуланғыштық 6) қаннан қорқу 7) қызбалық 8) адамдармен қарым-қатынас жасаудан тез қажу 9) ұқыпсыздық пен салақтық 10) төзімділіктің болмауы, өз құрбыларымен, ересектермен қарым-қатынаста жанжалдасу. 11) Нашар жасалған жұмысты қайта орындауға деген ықыластың болмауы (астын сызып көрсет). 3. Егер сенің таңдау құқың шектеулі болса, келесі мамандықтардың қайсысын қалар едің? 1) моторист 2) милиционер 3) құрылысшы 4) күзетші 5) бала күтуші 6) жүргізуші 7) сатушы 8) аспаз 9) бағбан 4) Сен үшін үлгілі боларлықтай адамға тән кәсіби сипат (астын сызып көрсет): 1) өз ісінің білгірі 2) ойға берілу 3) талаптылық 4) өз ісіне бекем болу 5) шығармашылықпен ойлау 6) қарапайым бола білу, адамдармен қарым-қатынаста қол жетімді болу. 7) өзіне және жұмысына талап қоя білу 8) еңбектің жоғары нәтижелігі,сапасы,өзінің сүйікті ісіне толық берілу 9) жағдай мен жағдаятты есепке ала білуі 10) қиындықтарды жеңе білуі 11) өз күшіне деген сенімділік 5. Өзіңнің болашақ мамандығыңа қоятын талаптарыңды сызып көрсет: 1) тым артық физикалық жүктеменің болмауы 2) нақты нәтижелері 3) шығармашылық мүмкіндік 4) қабілетті дамыту мүмкіндігі 5) жоғары жалақы 6) өзіңнің сүйікті ісіңмен айналысу мүмкіндігі 7) қызықты адамдармен қарым-қатынас жасау 8) жоғары қоғамдылық маңыздылық 9) жұмыс мазмұнының сан алуандығы 10) бос уақыт 11) жұмыс уақытын өзіңнің реттеу мүмкіндігің |