Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады Термодинамиканың бірінші заңы(бастамасы).

  • 3. Қандай процесті адиабаталық деп атайды

  • 4. Термодинамиканың бірінші заңын әр түрлі изопроцесстер үшін жазыңыз Изахоралық

  • Изобаралық

  • Бақылау сұрақтар Физика. сделано из моих слез. Денені жылу сыйымдылыы, меншікті жылу сыйымдылыы, мольдік жылу сыйымдылыы дегеніміз не


    Скачать 32.9 Kb.
    НазваниеДенені жылу сыйымдылыы, меншікті жылу сыйымдылыы, мольдік жылу сыйымдылыы дегеніміз не
    АнкорБақылау сұрақтар Физика
    Дата05.03.2023
    Размер32.9 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласделано из моих слез.docx
    ТипДокументы
    #970420

    1. Дененің жылу сыйымдылығы, меншікті жылу сыйымдылығы, мольдік жылу сыйымдылығы дегеніміз не? Дененің жылу сыйымдылығы- сол дененің температурасын бір градусқа көтеруге кететін жылу мөлшері



    Заттың меншікті жылу сйымдылығы деп массасы бір килограмм заттың температурасын 1К –ге қыздыруға қажетті жылу мөлшерін айтады:



    Заттың мольдік жылу сыйымдылық деп бір моль заттың температурасын 1К қыздыруға қажетті жылу мөлшерін айтады

    Дененің бір моліндегі жылу сыйымдылығы мольдік жылу сыйымдылық деп атайды.



    2. Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады? Термодинамиканың бірінші заңы(бастамасы).

    Жүйеге берілген жылу оның ішкі энергиясын арттыруға және жүйе тарапынан сыртқы денелерге түсетін күштер, өндіретін жұмысқа жұмсалады.

    Жылу беру кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы жылу мөлшері деп аталады.

    m- дененің массасы, с-оның меншікті жылу сыйымдылығы, dT- дене температурасының өзгерісі.

    3. Қандай процесті адиабаталық деп атайды? Сыртқы ортамен жылу алмасусыз өтетін процесс адиабаталық процесс деп аталады. Адиабаталық процесте жүйе сырттан жылу алмайды және өзі де сыртқы денелерге жылу бермейді. Процесс адиабаталық түрде өту үшін жүйе ешбір жылу өткізбейтін қабырғалармен қоршалған болу керек. Практика жүзінде адиабаталық процесс деп шапшаң өтетін процесстерді айтуға болады.Адиабаталық процессте жұмыс тек жүйенің ішкі энергиясының өзгеруі есебінен ғана істелінуі мүмкін.

    4. Термодинамиканың бірінші заңын әр түрлі изопроцесстер үшін жазыңыз

    Изахоралық процес деп, берілген газдың көлемі (V=const) тұрақты болғанда жүретін процесті айтады. Сонда ешқандай көлем өзгерісі болмайды да (dV=0) газ сыртқы күштерге қарсы жұмыс жасайды . Изобаралық процесс берілген газдың қысымы (P=const) тұрақты болғанда жүреді. Изотермалық процесс температура (T=const) тұрақты болғанда өтеді де, оның теңдеуі Бойль-Мариотт заңы болып табылады

    5. Егер қыздыру тұрақты көлемде (V=const) болған кезде дене сыртқы денелерге қарсы жұмыс жасамайды, сондықтан термодинамиканың бірінші бастамасы бойынша барлық жылу дененің ішкі энергиясын арттыруға жұмсалады. Q=U V=const

    Егер газды қыздыру тұрақты қысымда (P= const) өтетін болса, онда газ ұлғаяды да , сыртқы денелерге оң жұмыс жасайды. Демек, бұл жағдайда газдың температурасын бір градусқа арттыруға тұрақты көлем кезіндегіге қарағанда жылу көбірек керек болады, өйткені жылудың бір бөлігі газдың істейтін жұмысына кетеді. Сондықтан тұрақты қысымдағы (Cp) жылу сыймдылық тұрақтылығы тұрақты (Cv) көлемдегі жылу сыймдылығынан артық болуы керек.

    6. Изотермиялықжәне адиабаталық процесстер үшін дененің жылу сыйымдылығын жазыңыз.

    Адиабаталық процесс кезінде,қоршаған ортамен жылу алмасу болмайды,яғни dQ=0. Бірақ, көлем ,қысым және температура өзгереді dQ =0. Содан шығатыны,адиабаталық процестегі идеал газдың жылу сыйымдылығы C=0/dT=0. Изотермиялық процессте температура тұрақты,яғни dT=0. Көлемнің өзгеруіне байланысты газға біршама жылу беріледі немесе алынады. Сондықтан идеал газдың жылу сыйымдылығы С ∞ шексіздікке ұмтылады.

    7. -

    8.

    Қорытынды:осы жұмыс арқылы Клеман және Дезорма тәсілімен қатынасын анықтауды үйрендім. Дененің жылу сыйымдылығы, меншікті жылу сыйымдылығы, мольдік жылу сыйымдылығы дегендерді анықтадым. Адиабаталық процесс дегеніміз - не деген сұраққа жауап бердім. Пуассон формуласын анықтадым. Термодинамиканың бірінші заңын анықтап, оның формуласы мен анықтамасын жаздым. Сp және Сv арасындағы байланысын жаздым, қайсысы үлкендігін анықтадым. Ішкі энергия және оның неге жүйе күйінің функциясы екенін жаздым. Жылу мөлшері және оның неге процесс функциясы деп аталатын жаздым. Термодинамиканың бірінші заңын әр түрлі изопроцестерге қолдануын жаздым.Ауаны идеал газ деп есептегендегі Сp және Сv мәнін жазып, мәнін таптым.


    написать администратору сайта