Главная страница
Навигация по странице:

  • Тоқ ішекті тазарту

  • Сарымсақпен клизма жасау.

  • Лимон шырынымен клизма жасау.

  • Түнгі клизма.

  • Зәрмен клизма жасау.

  • дәрісіз емделу. Денсаулы зор байлы


    Скачать 31.92 Kb.
    НазваниеДенсаулы зор байлы
    Дата11.03.2022
    Размер31.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладәрісіз емделу.docx
    ТипДокументы
    #391941

    ДЕНСАУЛЫҚ - ЗОР БАЙЛЫҚ

    Мен дәрігер емеспін. Бірақ денсаулықты жақсартудың жолдары жайлы жазылған алуан кітаптарды оқып, ондағы ең озық тәжірибелерді жинақтадым. П.Брэгг, С.Кнейл, Д.Армстронг, П.Иванов, тағы басқа өмірге құштарлығымен әлемді таң қалдырған адамдардың, сондай-ақ Г.Малаховтың, Ю.Андреевтің, В.Лободиннің, Н.Семенованың, Б.Болотовтың кітаптарындағы құнды пікірлерді іріктедім. Олардың көбісі дәрігер емес, бірақ кезінде қатты ауырып, бастарына ажал бұлты үйірілгенде тәуекелге бел байлау арқылы емделудің ерекше тәсілдеріне барып, жеңіске жеткендер. Ал, бұл тәсілдердің ешқандай құпиясы да қиындығы да жоқ. Оны үй жағдайында кез-келген адам жасай алады.

    Адамдар көп жағдайда өзін меңдеген аурудан емес, сол ауруды емдеу үшін шамадан тыс берілген дәрінің артық дозасына уланып, зардап шегеді екен. Химия араласқан нәрсенің бәрі де у екенін естен шығармаған ләзім. Яғни, кез-келген дәрі-дәрмек, консервіленген тағам, конфет, шұжық, торт, пепси, кола сияқты сусындар ағзаны былғайды. Тамақтанудың қарапайым ережелерін білмеудің салдарынан денемізге қаншалықты у сіңіріп жатқанымызды тіпті де сезінбейміз. Осындайда қазақтың “Ауру - астан” деген ұлағатты сөзін еріксіз

    еске алып, мойындайсың. Дұрыс тамақтанбаудан ағзаңызға жылдар бойына жинақталған тұздар, шлактар қанды улайды, содан да барып түрлі ауру пайда болады.

    Кез-келген кеселден арылудың төте жолы - ағзаны тазарту. Жылдар бойына ағзаға сіңіп, бұғып жатқан удан арылмайынша сізге ешқандай ем қонбайды, ешқандай профессор да, мың долларлық дәріңіз де көмек бере алмайды. Біздің күнделікті ішетін тамағымыздағы барлық улы заттар тоқ ішекте залалсыздандырылатындығын, оның қалдықтары қақ болып жабыса беретіндігін, ақыры соңында әбден тұтығып тоқ ішек өз қызметін дұрыс атқармайтын дәрежеге жететінін, содан да барып улы заттар қанға өтіп, ағзаны бүлдіре бастайтынын біле бермейміз. Немістің бір атақты хирург-дәрігері 280 өлген адамның ағзасын ашып қарағанда олардың 240-ның тоқ ішегі қалың қақпен ластанғанын көрген. Міне, сондықтан да біз ең бірінші кезекте тоқ ішекті тазалауға және оның бұдан кейін қайта ластанбауын қадағалап отыруға тиіспіз. Мұнан соңғы кезекте барлық қанымызды сүзіп, тазартып

    отыратын негізгі мүше бауырды тазалауымыз керек. Одан әрі қарай бүкіл ағзаңыз ешқандай ауруға бой бермей өзінен-өзі жаңару, күш- қуат алу жолына түседі.

    Тоқ ішекті тазарту

    Тазарту жұмыстарына кірісер алдында ағзаны жұмсартып алсаңыз, оның тиімділігі арта түседі. Мұның өзі денеде қатып, жабысып тұрған зиянды заттардың орындарынан қозғалып, жылжуына, сыртқа оңай шығуына мүмкіндік жасайды. Ол үшін құрғақ саунаға, душқа түсуге, ыстық ванна қабылдауға болады. Ашаң адамдардың - ыстық ванна, толықтардың - құрғақ сауна, ал қалған барлық адамдардың буды қабылдағаны дұрыс. Қарт адамдар үшін - ванна, балалар үшін - булы монша тиімді. Бұл процедураны 5 минуттан 25 минутқа дейін қабылдап, соңын міндетті түрде мұздай сумен шайыну (10-20 сек) арқыпы аяқтау керек. Ең бастысы мұндай процедурадан соң сіз бойыңыздың жылып, босаңсығанын сезінуге тиіссіз. Процедураны өз мүмкіндігіңізге қарай күн сайын немесе күнара, барлығы үштен бес ретке дейін қабылдауыңызға болады.

    Малахов ағзаны жұмсартудың тағы бір тиімді жолын ұсынады. Ол - таңертең ашқарынға 20 гр тұщыған май қабылдау, сондай-ақ ертеңгілік бүкіл денені маймен сылап-уалау, одан соң жылы сумен (душ) шайып тастау. Бірақ бұл әдіс семіз адамдарға болмайды, олардың жеңіл жүгіріп, денені қозғалыс арқылы жылытқаны жөн.

    Осылайша 3-5 процедура қабылдап, ағзаны жұмсартқаннан кейін тоқ ішекті тазалауға кірісуіңізге болады. Оның ең қарапайым да оңай түрі - клизма жасау. Бұл арқылы адам ағзасындағы аурулардың 80 пайызынан арылуға болатындығы практикада

    дәлелденген.

    Тоқ ішекке клизма жасаудың түрлері көп. Солардың ішіндегі ең қолайлысы сумен және адамның өз зәрімен жасау. Бұл процедура “Уокер клизмасы” деп аталады. Оны жасау үшін кез келген аптекадан оңай тауып алуға болатын Эсмарх ыдысы керек. Қайнатылып, суытылған 2 литр суды осы ыдысқа құясыз да оған бір ас қасық лимон шырынын, немесе алма сіркесуын (уксусын) қосасыз. Егер бұлар табылмаған жағдайда клюква шырынын, марганцовканың әлсіз ерітіндісін, өсімдіктердің тұнбасын (ромашка, чистотел) пайдалануға болады. Олар ішектегі қатып қалған заттарды қозғалысқа келтіріп, қышқыл ортаны қалпына келтіргенімен ішектің шырынды қабығына жайсыз әсер етуі мүмкін. Бұл орайда Малахов тоқ ішектің қабырғасындағы қалың қақты алып түсетін және шырынды қабықты тітіркентпейтін өте қолайлы да пайдалы зат-зәрді пайдалануды ұсынады. Мұны бүгінде ағзасын тазалаумен айналысатындардың бәрі мойындап, осы тәсілді тұрақты пайдалануда. Зәр өз бойыңда пайда болғандықтан ағзаға ешқандай зиян келтірмейді, қайта оны қосымша емдейді де.

    Сонымен, егер суды қолдансаңыз Эсмарх ыдысына 2 литр, ал зәрді қолдансаңыз - 1 литрін құясыз да оны 1,5 метрдей биіктікке ілесіз. Ыдыстың сұйық өткізгішін жауып қойып, резина түтікшенің ұшындағы затты өсімдік майымен немесе вазелинмен майлаңыз да тоқ ішекке ендіріңіз . Бұл кезде шынтақпен еңкейіп, жамбасыңызды иығыңыздан жоғары көтеріп тұруыңыз керек. Сұйықты бірте-бірте жібересіз. Алғашқыда сұйықтың өтуі қиындау болса, кейінірек тоқ ішек тазаланған соң 2 литр сұйықтық 30-40 секунд ішінде оңай құйылып бітетін болады. Сұйықты толық қабылдаған соң шалқалай жатып, жамбасты 1 минуттай жоғары көтеріп ұстау керек. Немесе ішті қолмен уқалай шайқап, яки секіріп дегендей іштегі сұйықтың

    - 9 -

    \

    тереңірек енуіне, ішекті жақсы шаюына жағдай тудыру керек. Одан соң оң жамбаспен 10-15 минут жатып, өзі белгі бергенде дәретханаға шығасыз.Клизманың басқа да түрлері көп. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік.

    Сарымсақпен клизма жасау. Бұл тибеттік тәсіл ішектегі құрттарды жоюға қолданады, әсіресе острицаға қарсы өте тиімді процедура. Ол үшін бір кесек (бір бас емес) сарымсақты 200 мл. суға майдалап араластырасыз да алмұрт тәріздес домалақ резеңке арқылы тік ішекке жібересіз. Бұл процедура анау айтқан жайлы емес, бірақ шыдау керек. Арада бес минуттай өткенде сарымсақ ерітіндісімен бірге құрттар да шығатын болады. Процедура 7 күн қатарынан жасалады. Үзіліс - бір апта. Одан соң егер қажет болса тағы да қайталанады.

    Лимон шырынымен клизма жасау. Бұл да өте тиімді. Су ішекті тазаласа, лимон шырыны оның ішкі жағдайын қалпына түсіреді, ішек қабатындағы қаспақтың болмауын қамтамасыз етеді. Бір немесе екі лимонның шырынын сығып 1 литр суға құйыңыз да клизма жасаңыз.

    Түнгі клизма. Оны ұйықтар алдында жасайды. Бұл іштегі қатқан қалдықтарды тазартуға, ішектің жұмысын жақсартуға жәрдемдеседі. Бұған чистотел

    шөбінің сөлін қоссаңыз тиімділігі арта түседі. Егер үлкен дәретпен бірге қарақоңыр түсті қабыршақтар шықса ішектегі қақтың түскені деп біліңіз.

    Зәрмен клизма жасау. Жоғарыда атап өткеніміздей, 1 литр өз зәріңмен, немесе 10 жасқа дейінгі балалардың зәрімен клизма жасаудың тиімділігі бәрінен де жоғары. Ал, егер зәрді қайнатып пайдаланса, оның тиімділігі бірнеше есеге арта түседі. Ол үшін 2 литр зәрді сырлы ыдысқа құйып, беті ашық күйінде өте жай қайнатады. Зәрдің мөлшері булана-булана 500 граммға жеткенде қайнатуды тоқтатады. Бұл зәрдің төрттен бір бөлігінде қайнатылған түрі болып табылады. Мұны сүзіп, клизма жасауға, уалауға пайдалануға, тіпті ішуге де болады. Ол мұздай жерде бірнеше күн бұзылмай сақталады.

    Зәрмен клизма жасауды алдымен 1 литр мөлшердегі қайнатылмағанымен бастаған жөн. Оның реті мынадай:

    1. ші аптада - күн сайын;

    2. ші аптада - күнара;

    3. ші аптада - 2 күнде бір рет;

    4. ші аптада - 3 күнде бір рет,

    5. ші аптада - аптасына бір рет.

    Одан кейін бір-екі аптада бір рет. Қайнатылған зәрмен клизма жасауға ұқыптырақ қарауға және ыждаһаттылық танытуға тура келеді. Алғашқы күні оның 100 грамымен ғана клизма жасалады. Араға күн салып 200 грамм қайнаған зәрмен жасалады. Осылайша күнара 100 грамм қоса отырып, мөлшерін 500 грамға дейін жеткізеді. Осы мөлшерде бір-екі рет клизма жасап барып, мөлшерін қайтадан күнара кемітіп, бұрынғы 100 грамм мөлшерінде аяқтау керек. Одан соң бір-екі аптада бір рет 100-150 граммнан микроклизма (алмұрт тәрізді резеңке арқылы) жасап тұру керек. Ең тиімді уақыт таңертең екенін де есте

    - 11 -

    \

    сақтаған жөн. Бұл циклды жылына 2-3 рет, көктемгі және күзгі кезеңде, сондай-ақ қыста қаңтар-ақпан айларында жасаған тиімді.

    Зәрдің қайнаған түрімен микроклизма жасау тоқ ішектегі полипті тез жазатындығын Малахов өз басынан өткергенін нақты дәлелдермен айтады.

    Тоқ ішекке клизма жасау арқылы сіз бірінші кезекте улы заттардың қан арқылы ағзаға түсуіне тосқауыл қойып, түрлі аурулардың жолын кесесіз. Енді ағзаңыз сауығу жолына түсті деп қуана берсеңіз болады.

    Ұлы натуропат Поль Брегг ешқандай да клизмасыз- ақ тоқ ішек пен бүкіл ағзаны тазалаудың жолы - аптасына бір рет 24-36 сағат ашығу әдісін ұсынады. Бұл кезеңде ағзаға жабысқан барлық улы зат жайлап қозғалысқа түсіп, сыртқа шығады. Ал, ашығу аяқталған соң шикі капуста мен сәбіз салатын жесеңіз ол ішкі ағзаны тағы да сыпыра тазалап шығады екен.

    Тоқ ішекті тазартқаннан кейін оны сол күйінде сақтай білуді меңгермесеңіз қайтадан бұрынғы қалпына түсуі мүмкін.. Ол оп-оңай: қалаған клизмаңызды 2 аптада бір жасау және дұрыс тамақтану.


    написать администратору сайта