Главная страница
Навигация по странице:

  • Деректер базасы Бірінші белгісі Екінші белгісі Үшінші белгісі Деректер базасының жіктелуі Бірінші белгісі

  • Екінші белгісі

  • Кестелердегі деректер арасындағы қатынастардың ең кең тараған және жиі қолданылатын “обьект - қасиет” типті қатынас болып табылады, мұнда жолдарда обьект туралы

  • Ким Лена 1985 қыз кәріс қой көзді қара

  • Өріс типтері

  • Даталық типті өрістерінде

  • Үй тапсырмасы

  • 10 сынып слайд деректер базасын құру. Деректер базасы. Деректер базасын басару жйесі


    Скачать 393.31 Kb.
    НазваниеДеректер базасы. Деректер базасын басару жйесі
    Дата17.03.2022
    Размер393.31 Kb.
    Формат файлаpptx
    Имя файла10 сынып слайд деректер базасын құру.pptx
    ТипПрограмма
    #402137

    Деректер базасы.

    Деректер базасын басқару жүйесі


    Деректер базасы – дегеніміз үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін арналған арнайы программалар.

    Қандай да бір тасушыда, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығын деректер базасы деп түсінуге болады.

    Деректер базасы

    Бірінші белгісі

    Екінші белгісі

    Үшінші белгісі

    Деректер базасының жіктелуі

    Бірінші белгісі – сақталынған информацияның сипатына қарай деректер базасы фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді

    Фактографиялық деректер базасы қатаң

    анықталған пішімде ұсынылған, жазылған

    обьектілер туралы қысқаша мәліметтерден тұрады.

    Мысалы, картотекалар.

    Құжаттық деректер базасы әр түрлі типтегі:

    мәтіндік, графикалық, дыбыстық, мультимедиялық

    кең көлемдегі мәліметтерден тұрады.

    Мысалы, архив.

    Екінші белгісі – информацияларды сақтау әдісі бойынша деректер базасы орталықтандырылған және бөлектелінген болып бөлінеді.


    Орталықтандырылған деректер базасында барлық

    мәліметтер бір компьютерде сақталады.

    Бөлектелінген деректер базасы компьютердің

    жергілікті және ауқымды желілерінде қолданылады

    және информацияның әр түрлі бөліктері бөлек компьютерлерде сақталуы мүмкін

    Үшінші белгісі – ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер базасы реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді.


    Реляциялық ДБ деп өзінің құрамды бөліктерінің өзара

    байланысынан құрастырылған деректер базасын атайды.

    Реляциялық деректер базасында қатарлар жазбалар деп, ал бағаналар өрістер деп аталады

    Күрделі реляциялық деректер базасы көптеген

    тіктөртбұрышты кестелерден тұрады.

    мұны кестелік деректер базасы деп атаймыз.

    Кестелік ақпаратпен біз күнделікті өмірде жиі кездесеміз.

    Мысалы, сынып журналы, күнделік, үлгірім табелі және т.б.

    Кестелердегі деректер арасындағы қатынастардың ең кең

    тараған және жиі қолданылатын “обьект - қасиет” типті

    қатынас болып табылады, мұнда жолдарда обьект туралы

    ақпарат, ал бағандарда – обьектінің жеке қасиеттері болады.

    Мысалы, “Сыныптағы оқушылардың тізімі” деректер базасы

    мына кесте түрінде ұсынылады.



    Аты - жөні

    Туған жылы

    Жынысы

    Ұлты

    Көзінің түсі

    Шашының түсі

    1

    Абрамов Саша

    1965

    ер

    орыс

    қой көзді

    каштан

    2

    Шварц Ира

    1986

    қыз

    неміс

    сұр

    ақ сары

    3

    Иванова Алена

    1984

    ер

    орыс

    көк

    ақ сары

    4

    Оразова Сәуле

    1986

    қыз

    қазақ

    қой көзді

    қара

    5

    Ким Лена

    1985

    қыз

    кәріс

    қой көзді

    қара

    6

    Қазыбаев Тимур

    1985

    ер

    қазақ

    қой көзді

    қара

    7

    Уфимцев Сергей

    1984

    ер

    орыс

    жасыл

    каштан

    8

    Сидорова Олеся

    1984

    қыз

    орыс

    көк

    ақ сары

    9

    Астанова Әйгерім

    1984

    қыз

    қазақ

    қой көзді

    қара

    Сыныптағы оқушылардың тізімі

    Өріс типтері

    Реляциялық деректер базасында өрістердің негізгі төрт типі пайдаланылады: сандық, символдық, даталық, логикалық.

    Сандық тип мәндері тек сандар: бүтін, бөлшек, ондық (масса, адам саны, арақашықтық және т.б) болатын өрістерден тұрады. Сандық өрістердің мәндері есептеулерде қоолданылуы мүмкін.

    Символдық типте символдық ақпараты бар өрістер болады, бірақ символдық ақпарат цифрлардан да тұруы мүмкін, мысалы, реттік нөмір, телефон нөмірлері және т.б. сонда бұл өрістерге символдық тип меншіктеуге болады.

    Даталық типті өрістерінде күнтізбе күндері (кк/аа/жжжж орысша дд/мм/гггг) болады.

    Логикалық тип “иә” – “жоқ” немесе “ақиқат” – “жалған” деген екі мәнді қабылдай алатын өрістерден тұрады.

    Үй тапсырмасы:

    12 – Бөлім

    12.1. тақырып.



    написать администратору сайта