Главная страница
Навигация по странице:

  • Диагноз Риногенді созылмалы гайморит. М орфологиялық өзгерістеріне қарай - іріңді полипозды гайморит. Этиопатогенезі

  • Клиникасы Гаймориттің созылмалы түрінің клиникалық белгілері

  • Диагноз қою

  • №7 Есеп. 2 сабак. Диагноз Риногенді созылмалы гайморит. Морфологиялы згерістеріне арай іріді полипозды гайморит. Этиопатогенезі


    Скачать 80.22 Kb.
    НазваниеДиагноз Риногенді созылмалы гайморит. Морфологиялы згерістеріне арай іріді полипозды гайморит. Этиопатогенезі
    Дата08.04.2021
    Размер80.22 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№7 Есеп. 2 сабак.docx
    ТипДокументы
    #192470


    Есеп № 7


    Науқас 31 жаста, мұрынның сол жақ бөлігінен қою бөлінділердің шығуына, мұрынмен демалудың қиындауына, басының ауруына әсіресе маңдай аймағының, дене қызуының 37,8С дейін көтерілуіне шағымданады. Өзін 3 жыл бұрын, тұмаудан кейін ұзақ мерзімді мұрынның бітелуі, қою бөлінділердің болуы және бас аурудың болуынан кейін ауырған деп санайды.

    Аурудың соңғы өршуі бір апта бұрын.

    Объективті: мұрынның шырышты қабаты гиперемияланған, инфильтрация. Сол жақ мұрын қалқаншалары гипертрофияланған, ал мұрынның ортаңғы жолында ірің және кишігірім полиптер анықталады. Сол жақ қасүсті аймағын пальпациялау кезінде ауырсыну анықталады. Мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенограммасында маңдай қуысының қараю және сұйықтық деңгейі, сонымен қатар сол жақ гаймор қуысының шырышты қабатының ісінуі анықталады.

    Сіздің диагнозыңыз, науқасты тексеру және емдеу жоспары

    Диагноз

    Риногенді созылмалы гайморит. Морфологиялық өзгерістеріне қарай- іріңді полипозды гайморит.

    Этиопатогенезі

    Аурудың даму патогенезінде 80% вирустық, ал 20% бактериялық табиғатқа келеді. Созылмалы гаймориттің этиологиясында аллергия, сонымен қатар көршілес ағзалардың қабынуы — тіс жегі, отит, тонзиллит,

    экологиялық фактор, спорт түрлерімен тұрақты айналысу үлкен рөл атқарады.

    Жоғары жақ қуысы басқа мұрын маңы қуыстарымен (екі маңдай, екі торлы және бір негізгі) бірге келесі функцияларды орындайды. Бастың Қуысты құрылымдардағы ауа қысымының сыртқы атмосфералық қысымның қарым қатынасына қатысады. Дауыстың дыбысталуын индивидуальді құрайды. Барлық қуыстар кішкентай тесік арқылы мұрын қуысымен байланысады. Егерде осы тесіктер қандайда себептен бітлеліп қалса, қуыстарда вентиляция тежеледі және тазаланады. Қуыста микробтар жиналады, қабыну дамиды.

    Клиникасы

    Гаймориттің созылмалы түрінің клиникалық белгілері:

    • мұрынның тұрақты бітелуі (жиі бір жақты);

    • көз аймағының қайта-қайта сыздап ауруы;

    • созылмалы конъюнктивит;

    • қатты бас ауруы;

    • мұрыннан шырышты немесе іріңді бөлінділер.

    Диагноз қою

    Диагнозды қою үшін клиникалық тексеру мен рентгенологиялық зерттеу жүргізіледі. Сонымен қатар диагнозды қою үшін кт, диафаноскопияны қолданады. Бұл әдіс  кезінде мұрын қойнауларын (ауыз арқылы) арнайы жарықпен көреді. Аурудың созылмалы түрінде диагностикалық пункция жүргізіледі.  

    Емдеу әдісі


    Гаймориттің кез келген түрі анықталған жағдайда ем мұрынның шырышты қабатының ісінуін жоюға бағытталуы керек. Осы мақсатта қан тамырларын кеңейтетін препараттар тағайындалады. 

    Дене қызуының жоғарылауымен жүретін аурудың жедел кезеңінде төсек режимі, дене қызуын түсіретін және ауру сезімін басатын дәрілік заттар тағайындалады.  Гайморит кезінде антибиотиктер микрофлораның сипатын есепке ала отырып ұсынылады.    

    Іріңді гайморитті теспей емдеу антисептиктермен мұрын қуысын жуумен толықтырылады. 

    Егер жоғарыда аталған әдістер әсер бермесе, гаймор қойнауына пункция жасау тағайындалады. Бұл әдіс гаймор қойнауын жиналған шырыш пен іріңнен тазартуға мүмкіндік береді. Бұл процедураға пункция, дренаж және жуу кіреді. 

    Физиотерапиялық әдістер қолданылады (ингальяциялар, диатермия, соллюкс, УВЧ). Іріңді полипозды , полипозды,казиозды,холестеатомды және некротикалық формаларда хитургиялық ем тағайындалады.




    Компьютерлік томографияны сипаттаңыз


    Қорытынды: мұрын қуысы кт бойынша сол жақ мұрын гаймор қуысында сұйықтық және сол жақ мұрын қуысы қабырғасының гиперемиясы. Бір жақты, сол жақтық гайморит.


    написать администратору сайта