Главная страница

Дидактикалы ойындар мен тапсырмалар аза тілі, 3 4 сынып


Скачать 1.33 Mb.
НазваниеДидактикалы ойындар мен тапсырмалар аза тілі, 3 4 сынып
Дата24.06.2021
Размер1.33 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файла0004d698-6b70746a.doc
ТипДокументы
#220936
страница1 из 2
  1   2


Қалалық білім беру бөлімі

«Дидактикалық ойындар мен тапсырмалар»
Қазақ тілі, 3 - 4 сынып

Ахметова Гулфайруз Ғайноллақызының және Куанышкалиева Арай Сериковнаның

іс-тәжірибесінен

№46 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері

Орал, 2017 жыл

Қалалық эксперттік кеңестің шешімімен басылымға қала педагогтары арасында таратуға ұсынылды.

№ хаттама ------------2017 жыл

Құрастырғандар: Ахметова Г.Г.

№46 жалпы орта білім беретін мектебінің

бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі
Куанышкалиева А.С.

№46 жалпы орта білім беретін мектебінің

екінші санатты бастауыш сынып мұғалімі


Пікір жазғандар:

Рахметова А.Ж. - №46 ЖОББ мектебінің бастауыш сыныптар ісі жөніндегі

директордың орынбасары, жоғары санатты

бастауыш сынып мұғалімі


Ұсынылып отырған 3 – 4 сыныптарға қазақ тілі пәнінен дидактикалық ойындар мен тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар жинағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Дидактикалық ойындар мен тапсырмаларда шығармашылыққа жетелейтін тапсырмалар қолданылған. Бұл оқушылардың ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық қабілетін арттыруға, алған білімдерін жаңа жағдайда қолдана білуге көмегін тигізеді.

Бұл дидактикалық ойындар мен тапсырмалар бастауыш сынып мұғалімдеріне және сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек, қосымша деректер ретінде сабақ үрдісіне қолдану үшін ұсынылады.

Мазмұны


І. Кіріспе 

«Ойын – ойға жетелейді» -------------------------------------------------------------------------------------5
ІІ. Негізгі бөлім 
2.1. Дыбыс және әріп -------------------------------------------------------------------------------------------6
2.2. Сөз құрамы --------------------------------------------------------------------------------------------------9
2.3. Сөз таптары -------------------------------------------------------------------------------------------------12

2.4. Сөйлем -------------------------------------------------------------------------------------------------------17
ІІІ. Қорытынды ------------------------------------------------------------------------------------------------21

Пайдаланған әдебиеттер --------------------------------------------------------------------------------------23

Кіріспе 



Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. Сонымен қатар заман талабына келсек, ұстаз алдында тұрған жүк ауыр десек те болады. Оның қызметін тұтастай адамтану ғылымы деп алсақ, бұл ғылым адамның күрделі де қызықты, шым – шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу шеберлігімен көрінеді. Әрбір мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында және технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдау қажет. Жаңа технология оқушыға тек білім негіздерін беріп қана қоймайды, сонымен қатар оны тұлға ретінде дамытуға бағытталған. Осы жұмыстағы негізгі міндет – бастауыш сыныпта оқушылардың ойын арқылы ойға жетелеу.

Ұстаздың жан – жақтылығы, үнемі ізденіс пен шығармашылық жолындағы талабының болуы шәкірт жүрегіне бірден – бір жол салады. Ондай ұстаздан шығармашыл, құзіретті және жаңа үлгідегі мұғалім күтіледі. Ал жаңаша мұғалім тәжірибенің өзгеруіне, яғни білімнің өзгерісіне талпыныстағы ұстаз. Осы үлгідегі өзгеріске бағытталған ұстаз келбеті менен де табылу керек екенін түсіндім. Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарын арттыруды, ойларының жетілуін, логикалық тапсырмаларды орындай білулерін негізге алдым. Яғни оқушылардың сыни ойлауы мен шығармашылық, танымдық қабілеттерінің дамуы ең алдымен сабақ үрдісіндегі қосымша мәліметтердің қызықты да танымды болуына байланысты. Не? қалай? неліктен? жазамын деген сауалдардың жауабына қазақ тілі пәнінен дидактикалық ойындар мен тапсырмаларды жинақтадық.

Ұсынылып отырған дидактикалық құрал 3 – 4 сыныптың қазақ тілін оқыту бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Берілген тапсырмалар міндетті деңгейдегі көшіру, сызу емес, шығармашылық ізденіске, ойлануға бағытталған өзіндік жұмыстар. Тапсырмалар оқушылардың өз бетімен жұмыстануына, ізденіп орындауына құрастырылған.
Мақсаты:

Ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында өздері күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарына сүйеніп, жан – жақты қырынан түсінуге, жас ерекшеліктеріне лайықты тұрғыда бақылауға жағдай туғызу. Әдістемелік оқу құралы арқылы оқушылардың ақыл-ойын дамытып, ізденіске жаттықтыруға болады. Беріліп отырған қызықты тапсырмалар, қызықты дәйектемелер оқушылардың ойлануына, өмірмен байланыстыра алуына жағдай жасайтындай деңгейді қамтиды.
Міндеттері:

  • оқушылардың білімдерін тереңдете түсу арқылы шығармашылық шеберлікті қалыптастыру;

  • деңгейлік тапсырмалар арқылы логикалық ойлауын дамыту;

  • жұмыс түрлері арқылы олимпиадаларға қатыстыру;

  • ізденімпаздыққа талпындыру.


Өзектілігі:

- Қазақ тілін оқытуда танымдық қызығушылықты, шығармашылықты меңгерту бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

- Бастауыш сыныпта оқытылатын қазақ тілі пәні жалпы оқытудың бастапқы курсы болып есептеледі.
Күтілетін нәтиже:

  1. Қазақ тілі сабақтарында алған білімдерін тереңдетеді, бекітеді.

  2. Өз ойын жүйелі айта білу, сөйлеу қабілеттері артады;

  3. Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.

  4. Танымдық деректермен қаруланып өз ойын еркін жеткізіп, ізденгіш, шығармашыл тұлға қалыптасады.

2.1. Дыбыс және әріп.

Адам сөйлегенде дыбыс шығады. Бұл дыбыстардан сөздер жасалады. Сөздегі дыбыс саны әртүрлі болады.

Мысалы: жер, көк сөздері 3 дыбыстан тұрса, балақай, балапан сөздері 7 дыбыстан құралған.

Сөздің айтылуымен қатар жазылуы да бар. Сондықтан дыбыстар белгілі бір таңбамен белгіленеді. Әр дыбысқа берілген таңба әріп деп аталады. Яғни әріп – дыбыс таңбасы. Әріп пен дыбыстың айырмашылығы бар.

Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Әріптерді жазамыз, көреміз.

Әріптердің қалыптасқан атаулары бар. Оларды есте сақтау үшін әріптер белгілі бір жүйеге келтірілген. Оны әліпби деп атайды.

Қазақ әліпбиінде 40 әріп, 25 таңба, 37 дыбыс бар. Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар.

Тапсырмалар.

1. Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.

А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.

Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек

Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш

А) __________________________________________

Ә) __________________________________________

Б__________________________________________


Дыбысы жоқ болса да,

Алфавитте орны бар.

Оқылмайтын жазса да,

Қай белгі ол табыңдар.

Шешуі _______ ____
2. Өлеңді оқып, әр дыбыстың өз орнын тап.
«А» дегенің –Ана,

«Б» дегенің-бала.

«Б» дегенің –баға,

«Бестен» басқа алма.


Жуан

Жіңішке

Қатаң

Ұяң

Үнді

...................

...............

................

.................

.................


3. У - дыбысының жазылуы

У - әрпі кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбысты білдіреді.

Уыс –дауыссыз, өйткені дауыстының алдында тұр.

Суға -дауысты дыбыс, екі дауыссыздың ортасында тұр.

Тауық -екі дауыстының ортасында келсе, дауыссыз дыбыс.

У дыбысына біткен қимылды білдіретін сөздерге у дыбыс қосылғанда екі у жазылады. Мысалы: Жуу, қуу, буу
4.Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.

Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс.
Дауысты : __________________________________

Дауыссыз : __________________________________

5.Кестені толтыр.

Д ауысты у Дауыссыз у

Тулақ Уәзір

__________________ _________________

__________________ _________________

__________________ _________________

__________________ _________________


6.Я, ю, ё әріптерінің жазылуы

я=й+а

ю=й+у

ё=й+о

я, ю, ё - әріптердің дауысты дыбыстар. Бұл әріптер жеке тұрып та, дауыссыздармен тіркесіп келіп буын құрайды.

Есік жоғын ұқтық,

Люктен шықтық.

Елка деген-бұрыс,

Шырша деген-дұрыс.

Қ. Мырза Әли.

7.Сөз жұмбақты шеш.







я

Кісінің аты




я




Кісінің аты









я




Шөп










Шөп










я




Жәндік аты







я




Адамның дене мүшесі


8. «Ай» ойыны.

Айдың балаларын сөздерге айналдыр. Сөздерді жаз. Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырату.



9. «Әріптер пирамидасы» Бір әріп арқылы бірнеше сөздерді ойлап табу.


10.«Тиісті әріпті сал» ойыны.

Берілген сөздерге әріптердің дұрыстығын салу.


11.Ойлан тап.
Төмендегі тор көздердегі әріптердің ішінен киіз үйдің жабдықтарының атын оқи аласыздар.

12.Берілген басқы және соңғы дыбыстарды пайдаланып, төмендегі тор көзге лайықты сөз жаз.


к

ө

м

е

К

К










К

К










К

К










К

К










К

К










К

К










К

К










К

К










К

К










К

К










К

к










к

2.2. Сөз құрамы.

Сөз дыбыстардан құралады. Әр сөздің мағынасы болады. Сөз қызметіне қарай үшке бөлінеді. Олар: дыбысталуы бірдей, мағынасы бөлек сөздер (омоним). Мысалы: Ара – жәндік, ара – еңбек құралы.

Айтылуы әртүрлі, мағынасы жуық, мәндес сөздер (синоним). Мысалы: батыр, ержүрек, алыс, қашық.

Мағыналары қарама – қарсы сөздер (антоним). Мысалы: жоғары – төмен, ауыр – жеңіл.

Сөз – заттың, сапаның, қимылдың атауы.

1.«Вагондар тізбегі» ойыны.

Сөздердің түбір мен қосымшаларын ажырата білу.


2. «Балқарағай, омарташы, қанағат, ұсынылатын» сөздеріндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау.

Үлгі:

«Балқарағай» сөзіндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау

(Бал, қарағай, қара, бала, ағай, ара, ай, қар, балға, Арай, қарға, лақ, арал...)
3. Жұрнақтар ойыны.

Қай жұрнақ жүр жайлауда?

Көп шалғынды қойнауда.

(сиыршы, қойшы, жылқышы, сауыншы)

Қай жұрнақ жүр құрылыста?

Қызып алған жұмыста.

(тас қалаушы, сылақшы, сүргілеуі)

Бір жұрнақ бар затқа қосылса,

Оның сапасына, сынына айналады.

(ат-ты, көрік-ті, еп-ті, қоным-ды...)

Шарада.

Бұрыл десем тезірек,

Түбірін тауып алдағы.

Ыс-ты жалға басына,

Пішініңді сал дағы,

Жаңа ұғымды табасың,

Оны біліп аласың. (бет-бұр-ыс)
Бір ақынның атында

Үш буын мен екі сөз.

Үш дауысты тірегі,

Айтшы кімдер біледі? (Тұ-ман-бай)
Етістікке ал деген,

Қоссам өлім жазасын.

Ертегіден, аңыздан,

Оны тауып аласың. (Ал-дар)

4.Тақырыпқа сай, тілдік қорын молайтуға, сөз мағынасын үйрететін ойын түрлері.

Мысалы: Үлгі.

«Өсімдік» сөзге байланысты, сонымен байланысқа түсетін сөздер.

Кәрі емен, селдір селеу, бұйра тал, шашақты қарағай, желекті сасыр, сұлу қайың, қайыспас емен, топтанған тобылғы, боз қараған, бұйра көкпек, иісті жусан, шашылған ши, мөлдіреген долана.
І топ Бала ..........................................................................................
ІІ топ Құс ..........................................................................................

5. Ұ, ү дыбыстарына мысал келтір.

Мысалы: Ұядан, үйге, ұмытшақ, үйірсек.
* Мына сөздердің жазылуын есіңде сақта!

Тәрбиелейді, дағдысынша, баулиды, көгілдірі, баулудағы.
6.«Сәйкес сөзді тап» ойыны.

Берілген сөздерге сызық арқылы нақты жауабын сызу.



7.Антонимін тауып жаз.





К

Е

Ң






















А

Р

А

З






















Ж

А

Қ

С

Ы






















Ж

А

Й

П

А

Қ






















Е

Л

Г

Е

З

Е

К






















8.Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жаз.

Жылы ____________ Биік___________________

Ақ ________________ Үлкен__________________

Жуан _____________ Ойық__________________

9.Метаграмма
1.Ұ-дан бастасаң, темір түйген шебермін,

З-ны қоссаң, білім саған беремін. (...)

2. Әсем жермен, ұлы дүбір думанмын,

Қ-ны қоссаң пешке керек құралмын. (...)

3. Бұйырсаңыз, етістік боп кетеді,

С-ны қоссаң, айқасатын алаңда ол өтеді. (...)
10.«Өз үйіңді тап» ойыны.

Дұрыс жазылған сөздерді киіз үйге орналастыру.



2.3. Сөз таптары.

Мағынасына қарай бірнеше сөз табына бөлінеді. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар. Заттың атын білдіріп, Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрағына жауап беретін сөз табын зат есім дейміз.

Кім? деген сұраққа жауап беретін сөздер: адамның аты – жөні, мамандық атаулары, атақ, дәрежеге қатысты сөздер, туыстық атаулар.

Не? деген сұраққа жауап беретін сөздер: аңдар, жануарлар, құстар, заттар мен құбылыстар.

Зат есім екіге бөлінеді: жалқы есім және жалпы есім.

Кісінің аты – жөні, жер – су аттары, жан – жануарларға қойылатын атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есім бас әріппен жазылады.

Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейді. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.

Заттың қимылын, іс – әрекетін білдіріп, не істеді? қайтті? не қылды? деген сұраққа жауап беретін сөз табын етістік дейміз.

Етістіктер құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді.

Бір ғана сөзден тұратын етістікті дара етістік дейміз.

Екі немесе үш сөзден құралған етістікті күрделі етістік дейміз.

Заттың сынын, түсін, сапасын, көлемін білдіріп, қандай? қай? сұрағына жауап жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша? неше? нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейміз.

1.«Есіңе сақта!»Белгілі уақыт ішінде қандай зат есіңде суретін сал,атын жаз.


2.Ребусты шешу.




3.«Артық затты сыз». Суретте көрсетілген заттың артығын сызып,сөздерге дыбыстық талдау жасау.


4. Дидактикалық ойын

Мақсаты: Зат есім туралы түсініктерін кеңейте отырып, балалардың сенсорлық қабілетін (сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу) дамыту.
Ойын шарты: Оқушының көзі байланады. Қорапшаның ішінен түйме, бор, бет орамал, алма, ермексаз, сақина т. б заттарды оқушылар кезек-кезек көзі байланып тұрған оқушыға ұстатады. Оқушы баланы да, затты да дұрыс таба білу керек.
5. «Сөз тіркесін тап» ойыны. Мақсаты: етістік табу. Оларды сызық арқылы қос.

Ә кем оқушы

Анам балабақшада

Ағам құрылысшы

Қарындасым дәрігер

Інім студент

Әпкем тігінші
6.Суретке қарап, әңгіме құрап, сөйлемдегі зат есімдердің астын сыз.


____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

7.Сәйкестендіру тесті
1. Кім? 1.Сәкен, Ертіс, Байшұбар

2. Кімдер? 2. домбыра, гүл

3. Не? 3. оқушы , ана

4. Нелер? 4. әндер, құстар

5. Жалқы есім түрі 5. оқушылар, аналар

6.Жалпы есім түрі: 6. Қобыз, ән, құс

8.Өлеңнен зат есімдерді теріп жазып, мағынасын аш.

Мәз болады болысың



Мәз болады болысың,

Арқаға ұлық қаққанға.

Шілтірейтіп орыстың,

Шенді шекпен жапқанға.
Үйі мәз боп, қой сойды,

Сүйіншіге шапқанға.

Әуре қылды, салды ойран,

Үйдегі тыныш жатқанға.
Еш нәрсе емес жұбанар,

Ақыл көзбен баққанға.

Жас баладай қуанар,

Бір дәмдіні татқанға.
Үлгі:

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы


Өлеңнен таңдап алынған сөз

Түсініктеме

Болыс

Ел басқаратын адам. Өз қарамағындағы бүкіл халықтың қамын жейді. Оларға көмектеседі...





















9.Қайсысы зат есім, қайсысы етістік?
Жақын қалды көмбе,

Бұл жерге оны көмбе!

10.Сәйкестендіру тесті

1. Қандай? 1. таза

2. Қай? 2. ақылды

3. Негізгі сын есім: 3. қара

4. Туынды сын есім: 4. ойлы


11.Өлеңді оқып, сан есімдердің астын сыз.
Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпте де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

2. Өлеңді қара сөзге айналдыр.

12.Сәйкестендіру тесті
1. Қанша? Неше? 1. жиырма сегіз

2. Нешінші? 2. екеу, жетеу.

3. Нешеу ? 3. жеті, он бір.

4. Дара сан есім: 4. он, алты.

5. Күрделі сан есім: 5. бесінші, алтыншы.

6. Есептік: 6. бірінші, оныншы

7. Реттік: 7. бір, екі, үш
13.Сан есімге байланысты мақал-мәтел жаз.

1 ____________________________________________

2 ____________________________________________

3 ____________________________________________


14.Лексикалық ойын.

Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады.
Білімді............... жығады, білекті............... жығады.

............ауыз сөздің тобықтай түйіні.
15.Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.
1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға. 2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан. 3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді. 4.Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа. 5.Олар, алмады, жұмыртқаны.

Етістіктерді тап. Олардың түбірін, қосымшасын тауып, мағыналық түріне ажырат. Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.


16.Өлеңнен адамның қимыл –қозғалысын бейнелейтін сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіруге тырыс.
Күлембай

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап,

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап,

Сияз бар десе жүрегім


Орнықпайды суылдап...

Сыртқыларға сыр бермей,

Құр күлемін жымыңдап...

Жай жүргенде бір күні,
Үлгі:

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы


Өлеңнен таңдап алынған етістік сөз

Түсініктеме

Орнықпайды суылдап.


Суылдау сөзін көбіне шөптерге пайдаланады. Шөптердің салмағы болмағандықтан олар жел соқса да қасынан қатты жүгіріп өтсең де қозғалып кетеді. Бірақ бұл арадағы суыл адамның қорқақтығын айтып тұр.

















17.Он дара етістік жазыңдар. Біріншісі-бір, екіншісі-екі, үшіншісі-үш т.с.с оныншысы он әріптен, барлығы да «Е» әрпінен басталатын әр формадағы етістік болсын.


Ек
































































































































































































18.Мақалдарды түсініп оқып, болымсыз етістіктерді тап.
Өсер жастың алдын кеспе,

Өсер ағаштың басын кеспе.
19.Шақпақ санына қарай әр түрлі буынды сөзді тауып, төмендегі баспалдақты толтыр. Әр буында екі ғана дыбыстың болуын ескер.


ЕК




АЙ

НА


























































































  1   2


написать администратору сайта