Главная страница
Навигация по странице:

  • 3. Френель дифракциясы, Фраунгофер дифракциясы.

  • 4.Дифракциялық тор мен бір саңылау үшін минимум және максимум шарттарын түсіндіру керек

  • 41 зертханалық жұмыс,Бақылау сұрақтары. Дифракциясы деп аталады. ГюйгенсФренель принципі. Френель зоналарыны дісі


    Скачать 29.22 Kb.
    НазваниеДифракциясы деп аталады. ГюйгенсФренель принципі. Френель зоналарыны дісі
    Дата12.11.2021
    Размер29.22 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла41 зертханалық жұмыс,Бақылау сұрақтары.docx
    ТипДокументы
    #270549

    1.Дифракция дегеніміз не? Дифракцияны бақылау шарттары қандай?

    Ортаның оптикалық біртекті емес аумақтарында жарық толқындарының түзу сызықты таралу бағытынан ауытқу құбылысы жарық дифракциясы деп аталады.

    2. Гюйгенс-Френель принципі. Френель зоналарының әдісі.

    Гюйгенс-Френель принципі толқындық фронт – жорамал көздерден таралатын екінші реттік тума когеренттік толқындардың интерференциясының нәтижесі; тума толқындар таралу бағытында толқындық беттің тек бір жағына қарай таралады.

    Егер ұзын жіңішке саңылауға жазық параллель жарық сәулелері түссе, саңылаудан өткен екінші реттік толқынның фронты орталық бөлігінде жазық болып, шеткі жақтарында қисайып ауытқиды, нәтижесінде жарық мөлдір емес экранның арғы жағына да тарай алады.

    Бұл әдістің мағынасы – толқындық фронтты бақылау нүктесіне көрші зоналардан келетін тума толқындардың фазалары қарама-қарсы болатындай етіп бөлу.

    3. Френель дифракциясы, Фраунгофер дифракциясы.

    Френельдің дифракциясы-кедергіден қысқа қашықтықта байқалатын дифракциялық сурет, интерференциялық кескіндемеге негізгі үлес экранның шекарасын беретін жағдайларға сәйкес.

    Фраунгофер дифракциясы (немесе параллель сәулелердің дифракциясы) жарық көзі мен бақылау нүктесі дифракция туғызатын тосқауылдан шексіз алыстаған кезде байқалады. Дифракциялардың осындай ттүрі әдетте жинағыш линза көмегімен жүзеге асады

    4.Дифракциялық тор мен бір саңылау үшін минимум және максимум шарттарын түсіндіру керек

    Егер дифракциялық торға табиғи ақ жарық түссе, онда экранда дифракциялық спектр байқалады. Дифракциялық тордың максимум шартынан толқын ұзындығын анықтауға болады:


    написать администратору сайта