Главная страница

ФИЛОСОФИЯ. Филос СРСП7. Дін философиясы К. Амстронгты Иудаизм, христианды пен исламдаы 4000 жылды ізденіс дайтану баяны


Скачать 17.1 Kb.
НазваниеДін философиясы К. Амстронгты Иудаизм, христианды пен исламдаы 4000 жылды ізденіс дайтану баяны
АнкорФИЛОСОФИЯ
Дата11.04.2021
Размер17.1 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаФилос СРСП7.docx
ТипДокументы
#193636

Бектұрғанова Жұлдыз БИО 19-3 студенті

Философия пәнінен ОБӨЖ №7

 Дін философиясы 

К.Амстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» еңбегін талдау

Эссе

Бастапқы кезде адамдар барлық нәрсенің Алғашқы Себебі және көк пен жердің Иесі – Құдайды жаратты. Ол кезде Оның бейнесі де, ғибадатханасы да, абыздары да болмады. Адам әлі табынуды білмеді. Құдай оларға тым биікте көрінді. Уақыт өте келе Ол адамдардың жадынан өшті де, адамдар Оған деген мұқтаждықты сезінбейтін болды. Кейін Ол мүлде жоғалды дегендер де болды...

Бұл теория Вильгельм Шмидт әкейдің 1912 жылы жарық көрген «Құдай идеясының пайда болуы» (The Origin of the Idea of God) атты еңбегінде баяндалған. Оның пайымынша, көпқұдайлықтан бұрын қарапайым монотеизм болған: бағзы заманда адамдар әлемді жаратқан және өздерінің іс-әрекетін реттеп отырған жалғыз Ұлы Құдайдың бар екенін мойындаған. Мұндай Ұлы Құдайға сенім (кейде оны Аспан Құдайы деп атаған, өйткені Оған бәрінен жоғары тұру керек болды) қазіргі кезде де көптеген африкалық тайпалардың діни жоралғыларына тән сипат. Олар Құдайға жалбарынады және Оның барлық әлемді бақылап отырғанына, қылмыстарды жазалайтынына күмән келтірмейді. Екінші жағынан қарасақ, бұл Құдай олардың күнделікті өмірлерінде көрінбейді; Оның культі де, бейнесі де жоқ. Африкалықтардың көзқарасынша, Оны сипаттау мүмкін емес және Оны ешбір дүниелік нәрсемен кірлетпеу керек. Антропологтердің байыптауынша, бұл Құдайдың алыстағаны және жоғарылағаны сонша – оның орнын біртіндеп төменгі рухтар мен қолжетімді құдайлар басады. Бұл Шмидтің теориясына сай келеді, яғни Ұлы Құдай ерте кездерде-ақ пұтқа табынушылардың пантеондарындағы сауықкеш құдайлармен ауыстырылған. Бірақ алғашқы кезде тек Бір Құдай болғаны хақ делінеді, яғни монотеизмді өмірдің сыры мен сипатын түсіндіруге тырысқан адамдардың алғашқы талпынысы деген дұрыс. 
Қазіргі таңда діннің қажетсіз болып көріну себептерінің бірі өзімізді көзге көрінбейтін әлемнің қоршауында сезінбейтінімізде болып отыр. Ғылыми мәдениет бізді, ең алдымен, физикалық, заттай әлемге назар аударуға үйретті. Мұндай дүниеге деген көзқарас аз пайда әкелген жоқ, бірақ салдарларының бірі ретінде, біз «руханилық» немесе «қасиеттілік» сезімдерін жоғалттық, әйтпесе бұлар ежелден күні бүгінге дейін дәстүрлі мәдениеттердегі  өмірдің барлық салаларының негізін құрап, адамның дүниені қабылдауының маңызды құрамдас бөлігіне айналған. Оңтүстік теңіз аралдарында бұл жұмбақ қуатты мана деп атайды; басқалар оны бір нәрсе, рух деп сезінеді; кейде оны радиация немесе электр қуаты сияқты көрінбейтін энергия ретінде қабылдайды. Адамдар оны тайпа көсемінің бойында, тастарда, аңдар мен шөптерде жасырулы тұр деп сенген. Қасиетті ормандарда римдіктер рухтар, numina барын сезген; арабтар қоршаған ортада жындар барын білген. Әрине, адам осы ақиқатпен жанасуды және оны қалай болғанда да пайдасына жаратуды қалаған, сонымен бірге қарапайым қызығушылық та із қалдырған болу керек. Адамдар осы көрінбейтін күштерге жеке қасиеттер дарытқан: олар желге, күнге, теңіз бен жұлдыздарға сәйкес келетін құдайларды ойлап тапты және оларды адамға ұқсас етті. Осылайша, адамдар көрінбейтін әлеммен және қоршаған ортамен туыстық сезімін орнатты.

Ғылыми деректер мен «жербетілік» көзқарасқа ықылас білдіргеніне қара­мастан, Аристотель дін мен мифологияның табиғатын және маңызын жіті түсінген. Ол қандай да болсын діни құпияларға бойлаған адамдардың фактілерді зерттемей, «белгілі бір сезімдерге бөленіп, белгілі бір рухани халді бастарынан кешірулері керек екенін» айтқан.

Адамдар бостық пен жалғыздыққа шыдай алмайды. Жаңа мән жарату арқылы бостықты толтырады. Фундаментализмнің пұттары Құдайдың орнын басатындай мықты  емес. Жиырма бірінші ғасыр үшін жалынды сенім жасай алсақ, бәлкім, кейбір дәрістер мен ескертпелер үшін Құдайдың тарихын ой елегінен тағы бір мәрте өткізуіміз қажет.


написать администратору сайта