Отзыв Мақсат-1. Диплом жмысы ш блімнен трады бірінші блімде персоналды басару жйесіні теориялы жне дістемелік негіздері арастырылып, екінші блімде Мейрам и ко жшсдегі персоналды басару жйесіне талдау жргізіліп,
Скачать 15.97 Kb.
|
К.Ә. Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университетінің қаржы және есеп кафедрасының студенті Мейрамұлы Мақсаттың кәсіпорнының мысалындағы персоналды басқару жүйесі тақырыбында жазылған дипломдық жұмысқа Пікір Мейрамұлы Мақсаттың тақырыбы бүгінгі күні өте өзекті себебі шағын және орта бизнес және өзінің ұжымы жайлы жазылған. Персоналды басқарудың өзектілігі ұйым ішіндегі өзгерістердің қызметкерлерге және, ең алдымен, басқару қызметкерлеріне қойылатын талаптарды өзгертпестен мүмкін еместігіне байланысты. Бұл өзгерістер мыналармен байланысты болуы керек: инновациялық дағдылар; жанжалдарды шешу дағдылары; ұйымшыл команда құру және топтық жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі. Персоналды басқару саласындағы рөлдер мен міндеттерді анықтаудың тағы бір дәл, бірақ қымбат әдісі-олардың жұмысы мен жұмсалған уақытты бақылау арқылы менеджерлердің тізілімін жасау. Бұл әдіс арнайы дайындалған қадағалау мамандарының болуын және көптеген менеджерлердің қызметін зерттеуді қамтиды; бұл өте үнемді және уақытты қажет етеді. Сондықтан бұл әдіс сирек кездеседі және әдетте жеке функцияларды тексеру және нақтылау үшін қолданылады. Еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқару міндеттерін шешу ұйымдастырушылық құжаттар, ұйымдастырушылық-әдістемелік, ұйымдастырушылық-өкімдік, техникалық, нормативтік, техникалық, қаржы-экономикалық, сондай-ақ анықтамалық материалдар, стандарттарды, қағидаларды, талаптарды, сипаттамаларды, әдістерді және басқа да деректерді белгілейтін нормативтік актілер арқылы регламенттеледі және ресімделеді. Мейрамұлы Мақсат дипломдық жұмысты орындауда өте белсенділік танытты , көптеген ізденістер жасап , талдаулар мен болжамдарды экономикалық жағынан есептеп оны пайдалана білді. Пайдаланылған оқулықтарға дұрыс сілтемелер жасалып, жұмыстағы ғылыми жаңалықтар мен ұсыныстарды ұжымға ұсынып, іске асуына маман ретінде ат салысуға дипломдық жұмыстың иесі дайын, өзінің жеке меншік кәсіпорны. Диплом жұмысы үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде персоналды басқару жүйесінің теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылып, екінші бөлімде Мейрам и КО ЖШС-дегі персоналды басқару жүйесіне талдау жүргізіліп, оның кемшіліктері анықталса, үшінші бөлімде осы кемшіліктерді жою және қызметкерлердің біліктілігін, еңбек әлеуетін дамыту жолы ретінде кәсіпорында ұсыныстар беріліп, оның экономикалық негіздеуі көрініс тапты. Жұмыста сонымен қатар кемшіліктерде бар . Олар әсіресе жұмыс барысында нақты мәліметтерді пайдалануда талдаулар мен болжамдарды жасауда кеткен қателіктер , екінші бөлімде талдаулардың аз болуы , үшінші бөлімде нақты ұсыныстардың аздығы , қорытынды дұрыс жасалмауы және жұмысты безендіруде кездеседі. Мейрамұлы Мақсат дипломдық жұмысы толығымен аяқталған және мемлекеттік аттестатциялық комиссияға қорғауға , сонымен қатар Мейрамұлы Мақсат экономика және менеджмент мамандығының иесі болуға лайық. Ғылыми жетекші Мухаммедов А.У. э. ғ. д. профессор |